Жексенбі, 06 Тамыз 2017 11:43

«Жолдар – тіршілік тамыры»

Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Бейбіт Құлжамбайұлы Искаков:

«Көшің көрнекті болсын десең, көлігің күтімді болсын» дейді қазақ. Иә, жылқы, түйе мінсең – көлік болған заман артта қалып, дамыған мемлекет салтанат құрған сәттен-ақ сол көліктің сан түрі қолданысқа берілді. Бұрында төрт түліктің күтіміне мән берген қазаққа бүгінде көлік-пен қатар, жолдардың да жағдайы көңіл аударатын мәселе болып отыр. Көлік қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында аудандық әкімдікке барып, көлік саласына байланысты оңды жаңалықтарды біліп қайттық. Көкейде жүрген сұрақтарымызға жолаушы кө-лігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейбіт Құлжамбайұлы Искаков жауап берді.

Құрметті Бейбіт Құлжам-байұлы, ауданымыздағы көлік жолдарының бүгінгі жағдайы қалай?

Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2127 шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдар – 234 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 689 шақырым, ал аудандық маңызы бар жолдар 852, ішкі шаруашылық жолдар 352 шақырымды құрайды. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану және елдімекендерде асфальтталған жолдардың үлесін арттыру үшін жыл сайын ағымды жөндеумен қатар Есік қаласы мен ауылдарда 1-2 көшеден асфальт төсеу жұмыстары қолға алынуда. Осылайша, жыл сайын ауданда 40-50 шақырым жолға жаңа асфальт салынуда. Өткен жылы тек аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламалары шеңберінде 1 млрд. 23 млн теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржыға Есік қаласы мен 42 елдімекеннің 175 көшесі жөнделіп, асфальтталды. Көшелерге жаңа салынған асфальт қабатының ұзындығы 55 шақырымды құрады. Аудандық маңызы бар 852 шақырым жолдардың 512 шақырымы асфальтталған, қанағаттанарлық деңгейде, 176 шақырымына құм-тас төселінген, ал қалған 164 шақырымы топырақ жолдарды құрайды.

Биыл қанша жолға ағым-ды жөндеу мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді?

Қаракемер ауылының 27 көшесін күрделі жөндеу жұмыста-рына алғашқы 200 млн теңге бөлінді. Жалпы құны 800 млн теңге, ұзындығы 15,1 шақырымды құрайды. Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұтып алған жергілікті мердігер мекеме «ДСУ-13» АҚ-ы жұмыстарды жуық арада бастамақ. Көп жылдан бері шешімін таппай жүрген Малыбай ауылдық округіндегі Көктерек бөлімшесіне апаратын 3 шақырым жолды күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) дайындалып, бастапқы 50 млн теңге қаражаты бөлінді. Жалпы құны 181,2 млн теңгені ұтып алған жоғарыда атап өткен мекеме жұмыстарды жүргізуде. Оған қоса, 11 ауылдық елдімекеннің көшелерін ағымды жөндеп, асфальттауға 100 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүзеге асырылуда. Саяжай аумағында салынып жатқан жаңа мектепке кірме жол мен оқушылардың қауіпсіздігі үшін жаяу жүргіншілер жолағын салу үшін 18 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ Алға, Жаңашаруа, Шелек ауылдарындағы жаңа салынып жатқан мектептерге де кірме жолдарды жасауға 37,8 млн теңге қарастырылды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы облыстық маңызы бар 689 шақырым жолдың 275 шақырымы күрделі, 200 шақырымы орташа жөндеуді қа-жет етеді. Бүгінде Қорам ауылына кіреберіс 5 шақырым жолға орташа жөндеуге ЖСҚ дайындалуда. Есік-Бөлек-Аймен 9,2 шақырым жолына орташа жөндеуге, Есік қаласынан 10 шақырым, Төле би, Түрген ауылынан түскендегі 3 көпірге күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлік үстінде. Ағымдағы жылы 1,5 млрд. теңгеден аса қаражатқа өтінім берілді. Осыған сәйкес жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылады деп күтілуде.

Есік-Қырбалтабай-Же-тіген тас жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді ме?

Өткен жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға және жөндеу жұмыстарына 150 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға 59,8 шақырым жол ағымды жөндеуден өтті. Сонымен қатар көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан Есік-Қырбалтабай-Жетіген тас жолының 26-37 шақырымы аралығына (Қырбалтабай ауылынан Ақжал ауылына қарай) күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы 11 шақырым жолды күрделі жөндеуге 758 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталып, жол пайдалануға берілді.

Саяжайдағы мектеп маңындағы жолдан қауіпсіз өту үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?

Есік қаласының іргесіндегі саяжайлар маңынан салынып жатқан 600 орындық мектеп пайдалануға берілуіне орай оқушылардың жолдан қауіпсіз өтуі үшін жер үсті өткелінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындауға 8,5 млн теңге қаржы бөлініп, қазір жобалаушы мекеме анықтауға конкурс жариялады.

Жолаушы тасымалдайтын көліктер жайлы не айтасыз?

Есік қаласының маңында орналасқан ауылдарда жолаушы көліктерімен «Ақжол агротранс» ЖШС жұмыс жүргізуде. №2 маршрут Есік қаласының жоғарғы бөлігіне, №5 маршрут Көктөбе, Қызылжар, Алмалы ауылдарына, Талдыбұлақ ауылына дейін баратын №7 маршрут жолаушылар тасымалдауда. Жол ақысы – 50 теңге. Жаңа оқу жылы басталысымен шағын автобустар, маршруттар санын көбейтуді қолға алмақпыз. Біраз жылдан бері қызмет көрсетпей келе жатқан Алматы-Қойшыбек-Алға маршруты тұрғындар сұранысы бойынша жуық арада жолға шығады деп күтілуде.

Мектепалды даярлық бойынша жол белгілерінің жағдайы қандай?

Ауданымызда 120-дан аса білім беру мекемелері бар. Мекеме жанындағы жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, аралап, талдау жасадық. Жол белгілерінің қажеттілігін анықтадық. Биылғы жылы жолақтарды, жол белгіле-рін жаңартуға бюджеттен 3 млн теңге бөлінді. Алдағы жоспар – 2000 шаршы метр жолақ жасау, 200 жол белгілерін жаңарту. Жөндеу жұмыстары тамыз айының 15-іне дейін аяқталады.

Жұмыстарыңыз сәтті болғай! Сұхбатыңызға рахмет!

 

Қамажай ЕРКЕБАЕВА.

Оқылды 2632 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет