Бейсенбі, 27 Сәуір 2017 10:40

Адам болсаң, арлы бол

Қазақта «Ауру қалса да, әдет қалмайды» – деп  өмірдің өзінен алған сөз бар. Ол қоғамның қасіретіне айналған, асқынған дерт – сыбайлас жемқорлық. Бұл қоғамдық дерт, әсіресе, нарықтық заманға бет бұрғалы қатты асқынып кетті. Нарықтық қатынаста қалайда, қандай жолмен болсада ақша табу деген түсінік сананы жаулап алғаны ақиқат. Дана халық мұндайда «Аштан өлсең де, тек азғындап абыройыңды төкпе!» – деп бекер айтпаса керек-ті. Өйткені адам әлденеге талпынып, мақсатына ұмтылып өмір кешеді. Ұлы ғұлама Әл-Фараби айтқандай, адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлқына байланысты. Сондықтан да, кеудеңде жан барда, адам атына дақ түсірмей өмір сүргеннің абыройы артады. Ал, мемлекеттік құзырын асыра пайдалану – қалыпты өмірден ауытқу, яғни шіріп, бұзылу. Ондайлардың – өзі алысқа бармайды.

 

Өткен аптада Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша  департаментінің бас мамандары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мобильдік топ мүшелері Сымбат Исрапулова, Дәулет Қалдығожин, Әсем Ескендірова және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бас менеджері Дәулет Тертюбаев аудандық аталмыш топпен біріккен «Парасыз болашаққа бірге» атты акциясын ауданның Шелек өңірінен бастаған семинар-кездесуі болды.

Шелек селолық округі әкімі аппаратының  қызметкерлері мен кіріс, әлеуметтік, зейнетақы төлеу бөлімдері  өкілдерінің басын қосқан жиында облыстық мобильді топтың жетекшісі Сымбат Бақытқызы  қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау шаралары, адамның құқығының бұзылмауы, мәдениетті қызмет көрсету төңірегінде сөз қозғады. Алға қойған қандай мұратың болса да, өз еңбегіңе сеніп, басқаға телмірмеу, керектің  де кемерінен аспау керектігін мысалдармен келтіріп, адалдық абыройдың айнасы екеніне көз жеткізді. Одан кейін аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының Шелектегі өкілдігінде болып, сол жердегі халыққа өздерін таныс-тырып, қазіргі кезде «бармақ басты, көз қыстымен» құжатын жөндететін жағдайлар да орын алатынын, пара алушы да, пара беруші де  бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылатынын, сондықтан көп болып, сыбайлас жемқорлықпен, құқық бұзушылықпен күресу керектігін түсіндірді. Ақылсызды танымағанның өзі – ақымақ, ал танып тұрып ат құйрығын кесе алмаған – одан да өткен ақымақтық. Жемқорлық деген жақсы ат емес, адал адамның жүзі әрқашанда жарқын, келешегі келісті, еңбегі жемісті екенін әр кез есте сақтаған абзал. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға жауап берілді.

Одан кейін мобильді топ «Қазпошта» АҚ Шелек байланыс пошта торабының, аурухана қызметкерлерімен де бас қосып, халыққа адал да, шын ниетімен мәдениетті түрде, жылы қабылдап қызмет көрсетудің кейде сақталмай жататынын, ондай келеңсіздікке жол бермеу керектігі жайлы нақты мысалдармен пікір алмасу жағдайында өтті. Ауыл әкімі Есенғали Есенханов, байланыс пошта басшысы Қайрат Ілебаев, аурухананың  директоры Жақыпжан Желеуов өз ойларын ортаға салып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жүрген ішкі шаралар жайлы баяндады.

Мемлекет басшысы Н.Назар-баев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  халыққа Жолдауында: «Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене араласуына байланыс-ты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқор-лыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс» – деп атап айтылған болатын. Әсіресе, кейінгі ізбасар жастардың мұндай келеңсіздікке төзбеушілігшін тудыру, оларға осы бастан танымдық тәрбие беру аса қажет. Сол себепті де мобильді топ Шелек политехникалық колледждің  студент жастары мен ұжымымен кездесу ауқымды көлемде, өзара пікір алмасу жағдайында өтті. Колледж директоры Қуат Дүйсебаев оқу орнының жағдайымен, жаңалық, жетістіктерімен   таныстырды. Колледж кітапханасының мәжіліс залында көптеген кәсіпті меңгеріп жүрген білімгерлермен кездесіп, Салтанат Бақытқызы сыбайлас жемқорлық туралы  қарапайым тілмен жетеге жеткізе түсіндіріп берсе, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бас менеджері Дәулет Тертюбаев қазіргі жастардың кәсіппен айналысуға, әрі танымал, бәсекеге қабілетті жұмыс жүргізуге барлық жағдай жасалғанын түсіндірді. Аудандық жастар саясаты орталығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты  Айбек  Ілебаев тәуелсіз елдің тегеурінді жастары тәрбиелі де, қоғамның тірегі де болып өсу керектігін өз сөзіне арқау етті. Студентер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Сондай-ақ М.Мәметоав, Р.Розыбақиев, П.Вихрев атындағы мектептің  «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері де бұл келелі кеңеске қатысып, өздерінің атқарып жүрген үлгілі істері жайлы әңгімеледі. Басқосу соңында колледждің өнерлі жастары ақын Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңін жатқа оқып, ән шырқап, би биледі.

Сыбайлас жемқорлық дертінен кейінгі жастар ада болуы керек. Өзін бір ойласа, өзгені екі ойлайтын нағыз азамат болып тәрбиелену – өмір талабы. Демек, жемқорлық деген дертке қарсы жұрт болып жұмылып, көп болып күрессек қана саналылыққа, зайырлылыққа қол жеткіземіз! Олай болса, адам болсаң, арлы бол, ағайын!

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 2974 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Адам болсаң, арлы бол Адам болсаң, арлы бол »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет