Egemen Qazaqstan газетінде Түркі Академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлінің «Абайға абай болайық, ағайын» атты мақаласы жарияланды. Толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз. Құндылықтарынан айырылған қоғамның құбыласынан жаңылған жұртқа айналатыны белгілі. Қырық құбылған мына заманда қаймана қазақ та асыл қазынасын – рухани құндылықтарын жоғалтып жатқандай көрінеді. Сертке сенген, сөзге тоқтаған халық едік, сенімге селкеу түсті. Кез келген жайтқа күдікпен қарап, күмән келтіреміз. Сөздің астарына үңілмей, ақиқатына жүгінбей, айтары жоқ болса да, айқайы бардың айтағына ереміз. «Коронавирус жоқ, пандемия…