Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге COVID-19 індетіне қарсы әлемдегі ең бірінші вакцинаның тіркелуіне орай құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. "Бұл оқиға Ресей ғылымының жоғары әлеуеті мен беделін нақтылай түсті. Сондай-ақ Ресейдің осы жаһандық қауіп-қатерге қарсы күрестегі жетекші рөл атқаратынын көрсетті. Әлемде қалыптасқан осынау қиын-қыстау кезеңде Қазақстанға үнемі қолдау көрсетіп, оның ішінде, гуманитарлық көмек беріп және еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына үлкен үлес қосқан дәрігерлер жібергеніңіз үшін Сізге ризашылық білдіреміз", – деп жазды Қазақстан…
Осы демалыс күндері Алматы облысының су айдындарында құтқару бөлімшелері полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп, 64 рейд пен патрульдеу жүргізді. Бұл туралы "Jetisy media" ақпараттық алаңындағы брифинг барысында Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары Асқар Тойшыбеков хабарлады. "Суға шомылу маусымы кезеңінде облыстың төтенше жағдайлар департаменті тұрақты негізде полиграфиялық шараларды өткізіп отырды. Су айдындарындағы қауіпсіздік тақырыбы бойынша түрлі бейнесюжеттерді көпшілік назарына ұсыну арқылы қауіптің алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері патрульдеу, рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады. Тек осы демалыс күндері…
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.Министрлік мәлім еткендей, кездесуде карантиннің жеңілдеуі жағдайында діни ғимараттардың жұмыс істеу мәселелері талқыланды. Бас мүфти мешіттер ашылған жағдайда діни ғимараттағы қызмет санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізілетінін мәлімдеді. Өз кезегінде вице-министр ҚМДБ-ның мешіттерде коронавирустық індет таралуының алдын алу бойынша бірыңғай іс-қимыл тәртібін әзірлеудің орындылығын жеткізді."М.Әзілханов мемлекет пен діни бірлестіктердің, әсіресе пандемия сияқты жаһандық сын-қатерлер жағдайында одан әрі ынтымақтастығы қажеттігін атап өтті. Вице-министр ҚМДБ…
Медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары туралы өтініштер тәулік бойы қабылданады. Азаматтардың барлық өтініштері өңделіп, тіркеу нөмірін көрсетумен өтініштер тізіміне енгізіледі. Одан әрі, қажет болған жағдайда өтініштер белгіленген уақытында шешім қабылдау үшін сараптамаға жіберіледі. Содан кейін өтініш берушінің қосымшасындағы аккаунтына жауап беріледі. ⠀ Qoldau-24/7 әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мобильді қосымшасын Android смартфондарына арналған PlayMarket және Apple смартфондарына арналған AppStore арқылы жүктеуге болады. Айта кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры тұрақты негізде мониторинг жүргізеді халықтан келіп түсетін өтініштердің, апта сайын қарастырылады, топ мәселелер…
Егер сіз қандай да бір жағдайға байланысты бала асырап ала алмасаңыз, онда баланы патронаттық тәрбиелеуге алып көріңіз. Ал, біз баланы патронаттық тәрбиелеуге алу және оны асырап-бағуға ақшалай қаражат тағайындауды онлайн рәсімдеу жолын рет-ретімен түсіндіре кетейік. Алдымен:- Egov.kz порталына кіріңіз;- Порталдың қызметтер тізіміндегі «Отбасы» бөлімінен «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» қызметін табыңыз;- Қызметті онлайн сұратыңыз;- Бірінші қадамда сұратылған мәліметтерді толық толтырып шығыңыз; ☝️Егер сіз некеде болсаңыз, жұбайыңыздың ЖСН нөмірін көрсетуіңіз…
Елімізде 5 аптаға созылған күшейтілген карантин шаралары өз жемісін бере бастады. Қазіргі уақытта республика бойынша коронавирустың беті қайтып, індеттен сауығып шыққандардың саны артта түсуде. COVID-19 өршіп тұрған кезде шұғыл арада жасақталған стационарлардың кейбірі босап, бірқатар өңірлерде осы уақытқа дейін өзге науқастарды қабылдамаған емханалар мен ауруханалар бұрынғы жұмыстарына біртіндеп қайта орала бастады. Бірақ, еркінсуге әлі де ерте. Себебі күн сайын жер-жерде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға қатысты деректер тіркеліп жатыр. Бүгін Қазақстан Үкіметінің онлайн режимде өткен отырысында еліміздегі эпидемиологиялық ахуал қаралып, аталған…

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет