Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстан COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны қашан сатып алатынын айтты. "Коронавирусқа қарсы вакцина барлық халықаралық сертификаттаудан өткенде ғана сатып алынады. Сарапшылардың сөзіне сенсек, әлемдегі үздік зертханалар вакцина дайындаудың үшінші кезеңінде. Алда әлі төртінші кезең бар. Бұл кезеңге ешкім жете қоймады. Осы төртінші кезеңнен соң ғана халықаралық сертификаттаудан өту басталады. Оның қай елде және қандай зертханада өтетіні әзірге белгісіз", - деді Бағдат Қожахметов. Сондай-ақ ол Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу бойынша өзге елдермен уағдаластығы…
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальден» коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм парақшасында жарияланды. Ағымдағы жылдың 24 маусымында министрліктің бұйрығымен аталған госпиталь провизорлық стационар ретінде қайта бейінделген болатын. Содан бері Covid-19 белгілерінің бар жоғын анықтап, індетке шалдыққан науқастарға толыққанды ем жасап келді. Госпитальге 7 аптаның ішінде ковид жұқтырды деген күдікпен 730 науқас келіп түсті. Солардың арасында 335 адамнан вирус анықталып басқа стационарларға ауыстырылды. Қалған науқастардың барлығы аурудан…
Алматы облысында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жаңа басшысы болып Ерғали Сыдыманов тағайындалды. Ол бұған дейін Маңғыстау облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы қызметін атқарған. Ерғали Жақсыбекұлы 1970 жылдың 7 сәуірінде Қарағанды облысы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1996 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын, 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін дәрігер-гигиенист, эпидемиолог және заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған. 2020 жылы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетін бітіріп, Денсаулық сақтау магистрі…
Алматы облысында Сенат депутатын сайлауда Сұлтан Дүйсембинов 92 пайыз дауыс жинады. Ол облыстық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы облысында Сенат сайлауына облыстық және қалалық мәслихаттардан 287 депутат қатысып, дауыс берді. Бұл 17 аудан 3 қала бойынша халық қалауылар санының 92 пайызы. Дауыс беру барлық санитарлық талаптарға сай, ара қашықтықты сақтау, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізе отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл өңірден жалпы 9 кандидат тіркеліп, 7 үміткер әртүрлі себеппен додадан шығып қалды. Сайлауға екі үміткер қатысты. Олардың бірі…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге COVID-19 індетіне қарсы әлемдегі ең бірінші вакцинаның тіркелуіне орай құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. "Бұл оқиға Ресей ғылымының жоғары әлеуеті мен беделін нақтылай түсті. Сондай-ақ Ресейдің осы жаһандық қауіп-қатерге қарсы күрестегі жетекші рөл атқаратынын көрсетті. Әлемде қалыптасқан осынау қиын-қыстау кезеңде Қазақстанға үнемі қолдау көрсетіп, оның ішінде, гуманитарлық көмек беріп және еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына үлкен үлес қосқан дәрігерлер жібергеніңіз үшін Сізге ризашылық білдіреміз", – деп жазды Қазақстан…
Осы демалыс күндері Алматы облысының су айдындарында құтқару бөлімшелері полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп, 64 рейд пен патрульдеу жүргізді. Бұл туралы "Jetisy media" ақпараттық алаңындағы брифинг барысында Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары Асқар Тойшыбеков хабарлады. "Суға шомылу маусымы кезеңінде облыстың төтенше жағдайлар департаменті тұрақты негізде полиграфиялық шараларды өткізіп отырды. Су айдындарындағы қауіпсіздік тақырыбы бойынша түрлі бейнесюжеттерді көпшілік назарына ұсыну арқылы қауіптің алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері патрульдеу, рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады. Тек осы демалыс күндері…

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет