Жақында аудандық кітап-ханада ауданымыз-дың ардагер-лері мен мектеп оқушылары арасында кездесу өтті. Жастарға ардагер ата-әжелердің өнегелі әңгімелерін, ақыл-кеңестерін тың-датып, өскелең ұрпақты кітап оқуға шақыру, ұлттық тәрбие беру мақсатында өткізілген кездесуге ардагер ұстаздар – Жұмахан Бұқаев, Алтын Найманбаева, Күлімкөз Шаяхметова, Хадиша Ережепова, ауданымыздың құрметті азаматы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әділбай Талқанбаев, «Еңбекшіқазақ ауданының әйелдері одағы» қоғамдық қорының төрайымы Роза Исатаева, танымал ақын Шаяхмет Құсайынұлы қатысты. Кездесуді ашқан Күлия Саурықова жиналғандарға қонақ-тарды таныстырып, алғашқы сөз кезегін ұзақ жылдар білім беру саласында басшылық қызметтер…