Еліміздегі үздіксіз білім беруді дамытуда ата-ананың педагогикалық мәдениеттілігін арттыру өте маңызды. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде ата-ананы мектептің қоғамдық, салауаттылық, руханилық, тәрбиелік үрдісіне тарту, мектеппен байланысын дамыту – мектеп ұжымының күн тәртібіндегі негізгі мәселесі. Осы орайда елімізде қыркүйек айында «Отбасы – бақыт мекені» айлығы өте орынды ұйымдастырылып келеді. Т.Кенжебаев атындағы орта мектептің мектепалды даярлық тобынан бастап, 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Ұстаз – мектептің жүрегі, ата-ана – мектептің тірегі, ал бала – оның жайқалған бәйтерегі» атты ауқымды байқау-шара өткізілді. «Ата-ананың өз өнері»…