Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылған күніне орай Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында арнайы жиын өтті. Жиын барысында мекеме басшысы Н.Жұрынбаев әріптестерін құттықтап (суретте), алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Кәсіби мерекеге орай ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өркендеуіне әрі аудан бюджетінің өсуіне елеулі үлес қосқаны үшін Н.Қожанов, А.Байшыға-шева, С.Мөнкебаева, А.Тұраров секілді қыз-меткерлер аудан әкімі Б.Ысқақтың атынан гра-мотаға ие болды. Ал халық қазынасын толтырып, ел экономикасын жақсарту жолында еңбек етіп, іскерлік қабілеті мен кәсіби біліктілігін көрсеткен О.Есіркегенова, З.Әбдіқасымова, Г.Газа-мова, Я.Насыров, Ж.Тә-жіқожаева, М.Тоққожаев, А.Биханов секілді…