Артына өшпес мұрасын қалдырып, халқының мұң-мұқтажын шығармашылығына арқау еткен дара тұлға Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады келер жылы. Айтулы күнді ұлықтау мақсатында ақынның бір өлеңін жатқа оқып, 9 жасар Елордалық Ләйлім атты қыз бастап, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қостаған, бүкіл Қазақстандықтар, тіпті, шетелдіктер де жалғастырған, қазіргі тілмен айтқанда, челендж ретінде тарады. Сондай іс-шараның бір көрінісі Бөлек ауылындағы М.Горький орта мектебінде ұжымның ұйымдастыруымен конференция өтті. Шараға аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, аудандық кітапхананың директоры Гүлнәр Жандосова, аудандық мәдениет және…