Бұл күн – қазақ халқының мейірімділігі мен жомарттығын еске алатын күн. Бүгінде Жаңашар ауылдық округінде 3 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды. Ешкімнің қабағы қату емес, себебі олардың көңілдері тату. Осыны айтқан этномәдени бірлестік өкілдері қазақ халқына жүрекжарды ақ тілектерін білдірді. Бағдарлама барысында өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, жұртшылықты бір серпілтті. Гүлшат ЛАВЬЯЕВА, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы.
Ашылу салтанатында мектеп директоры Айгүл Мукаева балалар мен мектеп ұжымын көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мерекемен құттықтады. Шара барысында бастауыш сыныптарда өткен ашық сабақтарда тәрбие тағылымы толық қамтылды. Жүректерге жылу сыйлап, ізгілікке шақыратын бұл күнде биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушылары «Елбасына мың алғыс!» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. А.ОСПАНОВА, бастауыш бірлестік жетекшісі.
Ата-ана, ұстаз, оқушы болып бөлініп, бір-біріне алғысын жеткізді. «Алғыс айту» ағашына стикер арқылы тілектерін жазды. Пештегі тамақтың төгілмей қайнап пісуі тіреп тұрған ошақтың үш аяғы мен оттың жануына байланысты болса, мектепте сапалы білім, саналы тәрбие берілуі – ата-ана, ұстаз және оқушының бір-бірімен қатынасы мен тіл табысуында. Осыны мысал етіп жеткізген мектеп директоры барлықтарын мерекемен құттықтады. Г.СӘРСЕНҚЫЗЫ, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Шараға оқушылар жауапкер-шілікпен дайындалып, шынайы ниеттерімен ең бірінші өмір сый-лаған Жаратушыға, Отанына, өмірге, еліне, жеріне, ұстаздары-на, бір-біріне алғыстарын жеткі-зіп, жақсы тілектерін білдірді. Түрлі ұлттарда алғыс айту күні қалай аталып, қай кезде мерекеленетініне тоқталып өтті. Оқушылар өзге ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, әндері мен билерін нақышына келтіре орындады. Шара соңында түрлі ұлт өкілдері Қазақ еліне өз тілдерінде алғыстарын білдіріп, тілектестіктерін айтты. Мереке соңы ән мен әуезге толы әдеби-сазды кешке ұласты. Н.ЖЫЛГЕЛДИЕВА, О.Жандосов атындағы орта мектеп.
Салтанатты ашылуында мектеп директоры М.Мажиков тағылымды ой айтып, мерекемен құттықтады. Концерт барысында «Керімай» тобы қазақ, өзбек және үнді халқының биін билеп, көрермендерді таңқалдырды. Көпшілікке «Қазақ еліне рахмет!» атты видеоролик көрсетілді. 5-сынып оқушылары өздері жасаған «Алғысым шексіз» поштасына келіп түскен хаттарды оқып берді. Тоғжан Шоманова ауыл тұрғындары арасында видеорепортаж жасап, халықтың ой-пікірі мен тілектері тыңдалды. «Жасасын, жүрегі бауырмал Қазақ елі!» – деп ұран-даған мектеп оқушылары өлең шумақтарын оқып, әндер айтты. А.САБАНШИЕВА, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 09:27

Тағылымы мол мереке

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөз сөйлеген Елбасы, Ассамблея төрағасы Н.Ә.Назарбаев: «...Барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді» – деп, мерекелік датаны ұсынған еді. Содан бері үшінші жыл қатарынан аталып отырған мерекенің мәні арта түсті. Сталиндік режимнің құрбаны болған ұлттар қазақ халқына алғысын жеткізіп, бір-біріне ризашылықтарын білдіреді. Тағылымы мол мейрам ауданымызда да аталып өтті. Қайназар ауылындағы мәдениет үйіндегі шараға этно-мәдени орталық өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты. Жиылған көпшілікті алғашқы болып…

Соңғы жаңалықтар

Там 14, 2025

Шағаман батырдың балалық шағы

Бисимилләһир-рахманир-рахим! Асы жайлауының сұлулығына тамсана, таңдана тамашалаған бала…
Там 14, 2025

Ер еңбегімен еленеді

Адал жолмен табыс табу – адамның беделін көтереді, абыройын асқақтатады. Ондай адам өз…
Там 14, 2025

Ислам ізгілікке үндейді

Қазіргі қоғамда рухани құндылықтардың орны ерекше. Адамзат дамуының барлық кезеңінде дін…
Там 14, 2025

Дистанция длиною в жизнь

Почетный деятель спорта РК, отличник народного просвещения, Почетный гражданин района:…
Там 14, 2025

Талабымен танылған талантты…

Талантты адам қай салада, қай істе де алда. Әрекетінде берекет, нәтиже бар. Жастайынан…
Там 14, 2025

Состоялось техническое совещание…

В Астану для участия в I чемпионате мира по қазақ күресі среди военнослужащих,…
Там 14, 2025

Кто представит Казахстан на…

В Астане в легкоатлетическом комплексе Qazaqstan открылся I чемпионат мира по қазақ…
Там 14, 2025

Астанада әскерилер арасында тұңғыш…

Елордада тұңғыш рет әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM Әлем чемпионаты…
Там 14, 2025

Жаңа оқу жылына дайындық:…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет