Бейсенбі, 26 Қараша 2015 16:12

Жаңа федерация жұмысы қарқынды

Жайдарман жаңалық! Ауданымызда баскетбол мен волейболды дамыту қолға алынды. Бұл турасында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков мәлімдеді. Оның айтуынша, былтырдан бері ауданымызда Спорт ойындары федерациясы құрылған. Оның мақсаты да осы: кенжелеп қалған спорт түрі баскетбол мен волейболдың «тамырына қан жүгірту».

 

Федерацияның төрағасы Артем Троянның айтуынша, баскетбол ойындарын өткізу былтырдан басталған. Алғашында төрт команда қатысты. Оның үшеуі ауданымыздан Қаракемер, Есік және «Жастар» (Есік) құрамалары. Төртіншісі Алматы қаласының командасы. «Алматы құрамасын шақырудағы мақсатымыз – шебер ойын үлгісін үйрену. Тәжірибе алмасу»  – дейді федерация төрағасы. Биылғы жылы баскетболдан бағын сынауға 9 команда тіркелген. Уақыт өткен сайын тәжірибе жинап келеді дейді Ерболат Сарабекұлы.

– Аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлының қолдауымен бүгінде спорт саласы ерекше қарқында дамып келеді. Оған жоғарыда көрсетілген спорт түрлерінің жандануы, жасаруы дәлел. Шыны керек, бір жылдың өзінде оң нәтижеге қол жеткізіп келеміз. Мәселен, былтыр Қаракемер құрамасы дұрыс ойын үлгісін көрсете алмаған еді. Ал биыл оң өзгеріс байқадық. Сол секілді Бәйтерек, «Ирбис», «Сұңқар» (Есік) құрамалары жақсы ойын үлгілерін көрсетуде.

Сәйкесінше, баскетболдан мектеп оқушылары арасында турнирдің түндігі биыл ғана түріліпті. Федерация төрағасының айтуынша, қазір аудан аумағынан 14 команда өз бақтарын сынауда.

Ал волейбол ойындары биыл алғаш басталды. Қазірге оған 12 команда тіркелген. Ойын шарты да кәдуілгі футбол чемпионаттары секілді. Айналым бойынша өтеді. Ойындардың ережесі мен тәртібі sportdom.kz сайтында толық жарияланып отырады. Кез келген жанкүйерлер осы сайтқа кіру арқылы толық ақпаратты білуге болады.

Айтып өтейік, аталмыш федерация одан да өзге 40 жасөспірімге футбол ойынының қыр-сырын меңгертуде. Кәсіби ала доп майталмандарын шақыртып, шеберлік сағаттарын да өткізеді екен.

Жасөспірімдерді спортқа баулуда ерекше көзге түсіп отырған федерация-дан Ерболат Сарабеков та мол үміт күтеді. Ол турасында:

– Федерацияның басқан қадамы нық. Мұндай қарқынмен жұмыс жүргізетін болсақ, волейбол мен баскетбол ауданымызда жоғарғы қарқынмен дамиды деген үміттемін. Қазір облыста Талғар, Қарасай аудандары мен Қапшағай қаласы құрамалары бұл спорт түрлерінің майталмандары. Бір-екі жыл ішінде осы кіл мықтыларды жеңетіндей үздік құрама құру – негізгі мақсат. Бұған жетуде Спорт ойындары федерациясының бізге берері көп. Сондықтан өз тарапымыздан да федерацияға барынша қолдау көрсетуге әзірміз, – деп ағынан жарылды. Ендеше, біз де сәттілік тейік.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 2406 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…
Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет