Жұма, 30 Қаңтар 2026 16:03

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың рухани байлығы

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар басындағы мүмкіндікті пайдаланып қазақ тілді беделді басылымдарға «Ана тілі», «Түркістан» тағы да басқа газеттерге, еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанды» айтпағанда, сұхбаттар, ел дамуының басты бағыттары туралы ойларымен бөлісіп отыруды дәстүрге айналдырғанын көріп, біліп, оқып та отырмыз. Бірақ осы бастаманы іліп әкетіп, қолдай жөнелетін жергілікті жердегі құзыретті қызметтерді айтпағанда, кәдімгі орта-жоғары білімді азаматтарымыз да қыңқ етпейтінін қайтерсіз. «Газет-журнал, кітап оқисыз ба?» деген сұрақ қойсаңыз, төс қалтасынан айфон-«жайфонын» ба, басқа гаджетін бе, алдыңызға тартқанда, қарадай қарның ашады-ау. Өзіміздің қазекеміздің артықшылығымыз жетіп-артылады – өнерде болсын, техникада болсын, әлеуметте алда жүретіндігіміз болса да. Сонау өткен ғасырларда бодандыққа түскен еліміздің халқы отарлаушы мемлекеттің тілінсіз аттап баса алмайтын болды.Сондықтан бұл тілді игеру пайдалану барысында ана тілімізді, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерімізді жоғалта бастадық. Ішімдіктің уына масайып, темекінің көк түтініне көгеріп-сазара құштарлану әдетін әлі де қоя алмай  келеміз. Ал  интернеттің ақпараттық кеңістігі мен жылдам хабар алу мүмкіндігімен  қатар жалғанды жалпағынан басып, «Fake» болмаса өтірікпен арбап аңқаулардың, аңғалдардың қалтасына түсіп жатқан алаяқтарды қайда қоярсың?! 

Ғылым мен техниканың бүгінгі өнімін пайдалана біле отырып ғасырлар сынынан өткен баспа өнімдерін ұмытпаған ел ғана өркениет көшінен қалмай өркендей алатынын ұмытпаған жөн. Сондықтан да Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтайда кітапхана ісін дамытуға ерекше назар аударғаны қуантады. Ал бүгінгі Ұлттық баспасөз күнін Алаш көсемдерінің күшімен  ашылып, қазақ оқырманына қызмет еткен «Қазақ» газетінің алғашқы саны шыққан күніне байланыстырып  тағайындауында үлкен мән жатқанын ескеру керек. Ұлттық баспасөз күні дегенде мемлекетіміздің қолданыстағы тілі қазақ тілі болып, өз орнына орнығып келе жатқаны ақиқат.

Елімізді өзінің Отаны санайтын көптеген этностар да мемлекеттік тілім – қазақ тілі деп мойындайды. Олай болса неге қазақ тілді басылымдардың  таралымы тар?

Әртүрлі себептер бар, соның негізсізінің бірі қалтафонның қауырт хабарлары деп атадық. Екіншіден, қазақ тілді баспасөзді жаздырып алып оқуға кейбір азаматтарымыздың ен-жарлығы емес пе екен деген ой келеді.

Баспасөзге жазылу науқаны бастала салысымен аудан аумағында өткізіліп жатқан жиындарға шақырылып та, шақырусыз да (журналистік статусымды пайдаланып) қатысуға тырысып, 95 жылдық тарихы бар «Еңбекшіқазақ» газетіне оқырман тарту мақсатымен Ават округіндегі жиынға «Ұйғыр авази» «Азия бүгін» газеттері басшыларымен бірге қатыстым. Осы жиында ой бөліскен оқырмандармен қатар Ават ауылымен бірге округтерден келген жігіт басылары жоғарыда аталған екі басылымға жазылу барысындағы жетістіктер мен келеңсіздіктерді жетер жеріне жеткізе айтқаны есімде  қалды. Әсіресе пошта қызметіне қатты сындар айтылды.

Ал ұйғыр тілді басылымдарға жазылу қортындысы қазақ тілді газеттер таралымынан оқ бойы озық тұр. Неге? Иә, тұтастай алғанда ана тілімізде шығатын барлық газеттер тиражы төмен екені шындық. Бір кездерде он екі, он үш мың таралыммен шығатын «Еңбекшіқазақ» әупірімдеп үш мыңнан асқандай болды. Кейбір округтер көлемінде саусақпен санарлықтай ғана «Еңбекшіқазақ» газетіне жазылғаны 2026 жылғы баспасөзге жазылу қортындысы  көрсетті. Бір-ақ мысал келтірейін, аудандық «Еңбекшіқазақ» газеті мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу құқығын тендерлік бәсекемен ұтып алғаннан кейін, ауданымыздың басқару, өкілетті органдарының ресми шешім, қарарларын  басқа да әлеуметтік  мәдени,  экономикалық құжаттарын жариялайды. Сонымен қатар округтер басшылықтары да тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді пайдалану тәртібін  жариялап отыруға міндетті. Егер бәзбір округтегі оқырмандар биыл сегіз ғана болса, немесе 2024 жылы Бәйдібек би округінде бір-ақ дана аудан газеті болса, ол қызмет көрсету тәртібін тұрғындар қалай білмек?

Мен өзімізді енжармыз ау деп негізсіз сынамадым. Ұйғыр ағайындардың өз «авазын» қалай жаздыратынын көзіммен көріп жүрмін. Ал биылғы «Баспасөз-2026» науқанының  басында, яғни 2025 жылдың соңында ауданымыздың  Шелек өңірі округтерін аудандық ішкі саясат бөлімінің бекітіп берген кестесімен аралап, ауыл азаматтарымен белсенді ақсақалдармен бірге жүріп газет оқырмандарымен кездесулер өткізу  мүмкіндігін іске асырдым.

Осы жиындарға келген оқырмандар пікірі негізінен заманауи  ақпарат тарату құралдарымен – планшет, смартфондармен қатар ел өмірінің талай аумалы-төкпелі белестерінде абырой биігінен көріне білген дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралы – газет басылымдары өз маңызын жоғалтпағаны тұрғысында болды.

Жиындар барысында пошта қызметі газетке жаздыруды және оқырманға жеткізу қызметінің ақысын бірнеше есе күрт көтеріп жібергені жайлы оқырманды хабардар етіп, осы өзгеріс жазылу бағасының да көтерілуіне әкеліп соққаны жарияланған болатын. Қазақ тіліндегі басылымдар ішіндегі аудан газетінің жазылу бағасы ең төмені болса да кейбір жазылушылардың  жылдық жазылу құнын қымбатсынғаны да бар. Бірақ жиынға қатысушылардың басым бөлігі: «Япырмай, мерейтой, сүндет той, үйлену тойларына  шақыру алған тойшыл қауым сыйға деген кемі он мың , мықтылары  одан да көп қаражатты тауып тойдан қалмайды-ау. Ал газетке жазылу «тойы» жылына бір-ақ рет келеді емес пе?» деген әзілден гөрі шындығы мол уәждерін де  айтқан болатын.

Ел Президентінің ұсынысымен кәсіби, мемлекеттік мерекелер тізіміне енген «Ұлттық баспасөз күні» халқымыздың рухани байлығына жататын газет-журналдар ақпарат тарату, тарихымызды тасқа басып қалдыру ісінде орасан зор қызмет атқаратынын  естен шығармағанымыз абзал.

Х.АХМЕТЖАНОВ.

 

 

Оқылды 48 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « АБАЙ – дана, Абай – дара қазақта

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…
Қаң 28, 2026

Халық кеңесі және азаматтық қоғам

Халық кеңесінің құрылуы жаңа консультативтік орган ретінде халық мүддесін қорғайтын заң…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет