Наурыз айының 22-сі шығыс халықтары үшін күн мен түннің теңесіп, адамның аузы аққа, төрт түліктің аузы көкке тиген ұлан-асыр мереке. Қыстың қақаған суығын артқа тастап, көктемнің жылы шуағында шомылып, наурыз көжені сүйсіне ішетін кез. Алайда, коронавирус ауруының тарауына байланысты бүгінгі таңда карантин жарияланып, көпшілік болып кез-келген мерекені тойлауға үкімет тарапынан қатаң түрде тыйым салынды. Бүгінде 157 елге тараған індет ел шебіне де енген. Осыған орай ауданымыздың «Ахыска» этно-мәдени орталығы, түбіміз бір түрік ұлтының ақсақалдары наурызға мерекелік лебіз білдіріп және сын…