«Ас атасы – нан» дейміз де, сол «атамызды» көліктің артына өңгеріп алып, шаңға «шомылдырып» әкеліп, дүкен сөрелеріне төңкере саламыз. Бірінің үстіне бірі топырлап құлап жатқан нандардың шеті кертіліп, шекесі шертіліп, аянышты күйде қаз-қатар тізіліп, «кім мені алар екен?» деп есікке телміріп тұратыны жасырын емес бүгінде. Ең қасиетті дәм болып есептелгенімен, қадірі жоқтың қасы... Түскі үзіліске үйге қарай кетіп бара жатып, алдымдағы көліктің кесірінен біраз аялдадым. Өзі тарлау жол еді, екі көлік сыйысу үшін біраз еңбектену керек-тін. Дүкеннің алды. Көлік жүргізушісі…