Сұлулығымен тамсандырған, ақындардың жырына арқау болып, талайларға ән салдырған киелі Жетісуды сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Табиғаттың барлық сұлулығын өз бойына жинап алған Жетісудың өзен-көлдері, тау-тастары мен жазық даласы сан мыңдаған тарихтан сыр шертеді.Облыста 7 ірі өзеннен бөлек, ыстық шөлдалалар, мыңдаған шағын және үлкен сарқырамалар, көлдер мен өзендерді, ормандар мен Алатаудың қарлы шыңдарын кездестіруге болады.Жетісу өңірі Сиверс алмасының отаны болып есептелінеді.Бұл өлкенің көркем табиғаты туристердің көз жанарын жаулайтыны анық. Осы себепті Жетісу өлкесі саяхатшылардың аялдайтын мекені болуға әбден лайықты. Туристерді…