Ақпараттық технологиялар қолға алынбаған ескі замандарда шығыс пен батысты байланыстырып, алысты жақын еткен пошта қызметі әлі күнге өзінің өзектілігін жойған емес. Қаншама ғасыр бойы адамзат игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан пошта қазіргі уақытта заман ағымына қарай ығысып, тұтынушылар үшін барлық жағдай жасауда. Дүниежүзілік пош-та күні қарсаңында аудандық пошта байланыс торабының басшысы Диас Қосыбаевпен сұхбат жасап, пошта қызметінің жаңалықтарымен бөлісіп, өзекті мәселелерді көтерген болатынбыз. – Құрметті Диас Талғатұлы, күннен-күнге поштаның көрсететін қызметтері ұлғайып келеді. Әсіресе, қаржылық операциялар көптеп жасалады. Осы…