Бүгінде қызметтің ауыр не жеңіліне қарамастан, әйелдер қауымы еркектермен қатар әр салада еңбек етіп жүр. Нәзік жандылар білім, медицина, сауда-саттық саласымен бірге қарулы күштер қатарында да қызмет етуде. Өзге салалар түсінікті ғой, ал әскери сала әйел заты үшін қиындық туғызбай ма? Темірдей тәртіп, бұлжытпай орындалуы тиіс бұйрық, қатал басшы және тағы да басқа қиыншылықтар әйел үшін, әрине, қиын. Әйелдер мерекесіне орай Қаракемер кенті Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөліміне арнайы бардық. Ондағы ерлермен қатар әскери қызмет қиындығын мойымай көтеріп…