Ауданымыздың үш мектебіне батыр бабамыздың, алаш ардақтысының, еңбек ерінің есімдері берілді Қазақтың ұлан өлкесі сынға түскен сонау бір сұрқай шақтарда басын бұғауға бермей, Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасындағы азаттық үшін арпалысқан оғландар есімі ұрпақ жадынан сөнбейді. Соның бірі – ХVІІІ ғасырда ғұмыр кешкен жоңғар басқыншылығына қарсы Хангелді, Наурызбай сияқты батырлармен бірге азаттық жолында күрескен – Бөлек батыр. Бүгінде Аңырақай аталып кеткен Далатау жазығында болған қалмақтардың бас батыры Аңырақайды тізе бүктірген баһадүр бабамыздың есімін енді жас ұрпақ мәңгі атап…