Сейсенбі, 14 Қыркүйек 2021 15:52

«БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ»

 

Білім күні мерекесі – патриоттық және идеологиялық маңызы бар, жаңа оқу жылындағы бірінші тәрбиелік іс-шара. Бұл атаулы күн АбыханЖексембеков атындағы орта мектпте де өз дәрежесінде аталып өтті.

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Осы қуанышпен бірге «Кел, балалар, оқылық» деп, қазақ балаларының сауатын ашқан, ғұмырын халық ағарту ісіне, мектеп ашып, кітап бастырып, бала оқытуға арнаған ұлт педагогі, қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері – Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл толады. Талантты ақын, терең ойшыл, қайраткер Ыбырай Алтынсаринді қазақ ұлттық педагогикасының іргесін қалаушы деп айтуға толық негіз бар.

Биылғы оқу жылында мектебіміздің табалдырығын 43 бүлдіршін алғаш аттады.

Жаңа оқу жылындағы алғашқы тәрбиелік іс-шарасы «Кел, балалар, оқылық» атты 1 сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын және 2-11 сыныптар үшін  «Тәуелсіздік жетістіктері» атты  тәрбие сағаттары өтті. Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» пәнінің қайтарылуы.1 сынып оқушыларының алғашқы кітабы «Әліппе» оқулығы  салтанатты рәсімінде табысталды.

2021 жылдың 1 маусымы мен 31 тамыз аралығында жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы биыл «Балаларға қамқорлық» ұранымен өтуде. Осы акция аясында балалардың жарқын мерекесінде мектебіміздің тұрақты демеушілері «Трансавиа»әуе компаниясы ЖШС-ның өкілдері «Не берсең де, балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрін жалғастырып, 15 оқушыға мектеп сөмкесі мен мектепке қажетті кеңсе тауарларын табыстап, балалардың көңілін көтерді.

Тұрақты демеушілерімізге алғысымызды білдіре отырып, жанашыр азаматтарды акцияға белсене қатысып, сауапты іске себепкер болуға шақырамыз.

 

А.Ахметова,

А.Жексембеков атындағы

орта мектептің

педагог-ұйымдастырушысы

 

 

 

Оқылды 1597 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тәрбиеші — бала жанының бағбаны Денсаулық – зор байлық »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет