Бейсенбі, 13 Маусым 2024 15:37

Ізгі іс абырой әкеледі

Ауырған адамды емдеп, сырқатынан айықтыру – расында, нағыз бақыт, ерен еңбек. Ақ халатты абзал жандардың қоғам үшін үлкен маңызға ие екенін ескере бермейтініміз де өтірік емес. Бірер жыл бұрын коронавирус кеселі бүкіл әлемнің есін алғанда, өз өмірлерін қатерге тіккен дәрігерлердің қадіріне жеткендей болдық. Маусымның үшінші жексенбісі – елімізде медицина қызметкерлерінің мерекесі. Осы орайда біз елге адал қызмет көрсетіп, алғысқа кенеліп жүрген Қызылжар ауылдық дәрігерлік амбулаториясының тыныс-тіршілігімен таныстық.

Аталған мекеменің меңгерушісі Индира Балтабаева ұжымының жұмысына тоқталды.

– Біздің дәрігерлік амбулаториямыз кезінде 4 ауылдың орталық емханасы болған. Ғимаратымызға келетін болсақ, 1988 жылы құрылысы басталып, 1990 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда күрделі жөндеуден өтіп, 2023 жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа берілді. Ұжымымызда 2 дәрігер, 8 медбике, 2 кіші медбике бар. Барлығы да өздеріне жүктелген міндетті жауапкершілікпен, жоғары деңгейде орындауда, – деген Индира Жұмабекқызы мекеменің қайнаған жұмысымен таныстырды.

Индира Жұмабекқызының айтуынша, аталған амбулаторияның кабинеттері түгел жабдықталған, дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ, соңғы үлгідегі ЭКГ аппаратының да көп көмегі тиюде. Емханада күніне 35-40 науқасқа көмек көрсетіледі. Медициналық сақтандыру жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Сақтандырылмаған жандардың саны азайып келеді. Бүгінгі таңда 3240 адам тіркеуде тұр.

Біздің Қызылжар ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барудағы сапарымызға себепкер болған Алия Қыстаубаева, Майгүл Миниясова есімді зейнеткерлер болатын. Медицина қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында бүгінгі таңда ауылдарындағы амбулаторияның басшысына, ұжымына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын арнағысы келген екен.

– Біз зейнеткер жандар, дәрігерлердің көмегіне жиі жүгінетініміз жасырын емес. Талай дәрігердің алдынан өткеніміз де белгілі. Сондықтан ауылымыздағы қазіргі амбулаторияның сырқаттанған жандарға көрсететін қызметін жоғары бағалаймыз. Ем-шарасынан бөлек жылы жүзбен қарап, мейіріммен сөйлеп, ем іздеп келген жандармен жақсы байланыс орнатады. Ауылымыздағы ақ халатты абзал жандардан көріп жатқан мейірімділік бізді жай жатқызбай, кәсіби мерекелерінің қарсаңында редакцияларыңыз арқылы алғыс білдіріп, шынайы ниетпен құттықтағымыз келді. Бұл жеке біздің ғана емес бүкіл ауыл тұрғындарының пейілі, – деген апаларымыз Қызылжар ауылдық дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлеріне ізгі тілегін білдірді.

Р.НАРХАНОВ.

Оқылды 4975 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 03, 2026

Адвокатура мәртебесінің…

Адвокатураның мәртебесін Конституцияда бекіту – формалды қадам емес, қорғау институтының…
Ақп 03, 2026

Билікті Президенттің қолына…

Жаңартылған Конституция билік тармақтарының теңгерімін күшейтуге бағытталған.…
Ақп 03, 2026

Кіріспеден «бостандық» сөзін алып…

Кіріспедегі формулировканың өзгеруі азаматтық бостандықтардың шектелуін білдірмейді.…
Ақп 03, 2026

Конституцияны өзгерту – Президент…

Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер нақты бір тұлғаға емес, бүкіл саяси жүйеге…
Ақп 03, 2026

Ар-намыс пен қадір-қасиет нормасы…

Бұл тұжырым журналистік зерттеулерге тыйым салу емес, сөз бостандығы мен жеке…
Ақп 03, 2026

Шетелдіктерге жер сатуға тыйымның…

Конституцияда шетелдіктерге жер сатуға тікелей тыйымның көрсетілмеуі жерге бақылау…
Ақп 03, 2026

Қарулы күшті бірінші болып қолданбау…

Конституция жобасында бұл тұжырымның жеке көрсетілмеуі Қазақстанның бейбіт саясаттан бас…
Ақп 03, 2026

Орыс тілінің мәртебесін сақтау қазақ…

Конституцияның жаңа редакциясында қазақ тілі жалғыз мемлекеттік тіл ретінде нақты және…
Ақп 03, 2026

Жариялау арналары барлық азаматтарды…

Конституция жобасының ресми басылымдар мен Конституциялық соттың сайтында жариялануы –…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет