Дүйсенбі, 03 Қараша 2025 10:25

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып табылады. Себебі оны дайындау ыңғайлы және тез, онда жануарлар ақуызы, минералдар, калий, кальций, фосфор және дәрумендер бар, сонымен қатар энергетикалық құндылығы жоғары.

Бүгінгі таңда дүкен сөрелеріндегі сатылымдағы құс етінің түрі өте үлкен. Егер сіз осындай еттің белсенді тұтынушысы болсаңыз, қауіпсіз және сапалы өнімді таңдауға көмектесетін мәліметтерді білгеніңіз маңызды.

Құс еті өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар «Құс еті мен оны қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың ЕАЭО ТР 051/2021 техникалық регламентінде айқындалған. Осы регламентке сәйкес жануарлардан алынатын қайта өңделмеген өнім ветеринариялық-санитариялық сараптамадан, қайта өңделген өнім декларациялаудан, ал балалар тағамына арналған құс етінен жасалған өнім мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

Құс еті өндіріс процесінде әртүрлі өңдеу әдістеріне ұшырайды,  қайта еріту кезінде бұлшықет тіндері серпімділігін жоғалтады, ал егер өнім ұзақ уақыт сақталса, ол өзінің жағымды дәмі мен хош иісінен айырылады. Бұл процестерді теңестіру мақсатында кейбір өндірушілер еттің салмағын көбейту үшін құстың бұлшықет тініне тұз ерітіндісін, фосфат ерітіндісін немесе жай суды енгізуі мүмкін. Осы ретте, техникалық регламенттің талаптарына сәйкес, құс етіндегі ылғал 4%-дан аспауы керек - ерігеннен кейін құс еті тиісінше жеңіл болуы керек. Егер мұндай мұздатылған қаптамада мұз (қар) немесе тіпті мұздатылған қан бөліктері болса - өнім ең алдымен, еріту арқылы қайтадан мұздатуға ұшырағандығын білдіреді.

Дүкен сөрелерінен құс етінен жасалған өнімдерді таңдау барысында, тағы да қандай талаптарға назар аудару керек?

  • Құс етін таңдау барысында тек ұйымдастырылған сауда орындарынан, яғни дүкендер мен базарлардан сатып алғаныңыз дұрыс.
  • Қаптамасына назар аударыңыз, зауыттық орамы бүлінбеген болуы және қайта қапталмауы керек. Тамақ өнімдерімен жанасуға арналмаған, ашылған, бүтіндігі (герметикалығы) бұзылған, бүлінген, ластанған қаптамадағы, сұйықтықтың іздері, т.б. ақаулары бар болса- бұл өнімнің сапасыз екендігін көрсетеді.
  • Егер өнім көзге жақсы көрінсе, бұл оның «дәмді және пайдалы тағам» екенін білдірмейді. Басқа критерийлерге, яғни өнімнің сыртқы түрі, иісі,  тығыздығы мен түсіне назар аударыңыз.
  • Таңбалауына назар аударыңыз, таңбалауда міндетті түрде: өндірушінің атауы және оның мекен-жайы, өнімнің түрі, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары (температуралық режим) көрсетілуі тиіс;
  • Егер сіз салқындатылған құс етін сатып алғыңыз келсе, оны полимерлі пакеттерге немесе полимерлі науаларға оралуы керек екенін есте ұстағаныңыз жөн. Өнімде жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары көрсетілген, өндіруші туралы мәліметтер, тағамдық және энергетикалық құндылығы, сондай-ақ техникалық регламентте көзделген басқа да ақпарат бар затбелгі болуы тиіс.
  • Егер өнім сапасына күмәніңіз болған жағдайда сатушыдан қауіпсіздігін растайтын құжаттарын көрсетуді талап етуге құқылысыз.

Рұқсат етілмеген, жабайы сауда орындардан азық-түлікті сатып алмаңыз! Азық-түлік таңдау кезінде қарапайым ережелерді ұстаныңыз, бұл сіздің денсаулығыңызды және туыстарыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға көмектеседі!

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ басшысы М.Азербаев

 

 

Оқылды 343 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет