Дүйсенбі, 03 Қараша 2025 10:42

Көміртегі тотығымен уланудың алдын алу.

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған байланысты, оны адам жұтқан кезде сезінбеуі.

         Көміртегі тотығымен улану: жиі жағдайда ақаулы газды су жылытқыштарын, қазандықтарды, пештерді және каминдерді пайдаланумен байланысты болады.         

      Көміртегі тотығымен уланудың негізгі себебі әртүрлі отын түрінің: газ, мұнай, көмір мен ағаш отынның толық жанбауынан болады.

       Көміртегі тотығымен уланудың басқа сценарилері бар, оларға:

-газды сыртқа шығаратын құбырлардың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бітеліп қалулар;

-ауасы алмаспайтын немесе дұрыс алмаспайтын жабық ғимараттарда отынның жануы, мысалға: автокөлік қозғалтқышының жабық тұрақта тұрып жұмыс жасауы немесе газ пешін ауасы дұрыс алмаспайтын асханада қолдану;

     -автокөліктің ақауы бар немесе бітеліп қалған түтін шығаратын құбыры, ол улы газдың көлік салонында жиналуына әкеледі;

     -ауасы дұрыс алмаспайтын бөлме ішінде құрамында «дихлорметан» бар тазалағыш  заттар мен бояуларды қолдану да көміртегі тотығымен улануға әкелуі мүмкін.

          Улы газ адамның тыныс алу жолына түскеннен кейін көміртегі тотығы молекулалары қанға еніп, гемоглобин молекулаларымен байланысады, нәтижесінде «карбоксигемоглобин» түзіледі, бұл оттегінің тасымалдануына кедергі келтіреді және оттегінің жетіспеуішілігіне әкеледі.

        Көміртегі тотығымен улану кезінде келесі белгілер пайда болады: жалпы әлсіздік, бас ауруы, самайдың солқылдауы,  құлақтың шыңылдауы, бас айналуы, ауа жетіспеушілігі, ентігу, көру қабілетінің бұзылуы, көз алдындағы қара нүктелердің пайда болуы,  құрғақ жөтел, тыныс алудың жиілеуі.

      Көміртегі тотығымен улану кезінде зардап шеккен адамға тез арада алғашқы медициналық көмек көрсету өте маңызды: адамды тез арада таза ауаға шығарып тыныс алу жолдарын тазарту,  киімін шешіп - жағасын ағыту, тілін жұтып алмас үшін бір бүйірімен жатқызу, тыныс алуын бір қалыпқа келтіру, қол астында болса нашатыр иіскетіп кеудесін ысқылып аяқ-қолын жылыту, осы шараларды атқарумен қатар жедел жәрдем шақырту қажет. Адамның жалпы жағдайы қанағаттанарлық болған күннің өзінде дәрігер қарап –тексеріп, денсаулық жағдайын бағалау қажет, себебі көміртегі тотығы адам ағзасында алғаш кезде белгі бермейтін өзгерістер шақыруы мүмкін, сол себептен уақтылы басталған дұрыс ем көміртегі тотығуымен уландың салдарынан болатын асқынулар мен қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді.        

        Жыл сайын әлемнің әр бұрышында оның ішінде Қазақстанда мыңдаған адам көміртегі тотығымен улану белгілерімен тіркелсе, осындай жағдайдан кейін адамның тірі қалуы сирек.

        Жылыту маусымы басталар алдында ғимаратты жылыту және су жылыту жабдықтарының техникалық жағдайы мен жарамдылығын қарап-тексеру қажет. Түтін шығаратын құбырлар, мұржалар мен от жылыту жабдығы тұрған бөлменің ауасын алмастыратын құрылғылар мен құбырлардың жұмысын  мұқият қадағалауды.  Егер жоғарыда аталған құрылғының жұмысында  ақау байқасаңыз дереу маманды шақырып, оларды жою шараларын қабылдау қажет.

        Көміртегі тотығымен улануды болдырмау үшін, қауіптерді білу және ғимарат ішіндегі көміртегі оксидінің деңгейін анықтайтын құрылғыларды орнату өте маңызды.

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысы М.Азербаев

       

 

Оқылды 323 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет