Сәрсенбі, 16 Желтоқсан 2020 13:47

Қазақстанның 30 байрағы орнатылды

Алматы облысы " Менің туым. Менің Отаным!» атты республикалық челенжді қолдап, Талдықорған қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне Қазақстанның жалауын орналастырды.
Шектеу шаралары мен мәдени-көпшілік іс – шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, жетісулықтар осы айтулы күннің - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының маңыздылығын ерекше атап өтуге бел буды.
Үй тұрғындарының айтуынша, бұл челлендж азаматтардың, әсіресе өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін күшейтуге ықпал ете алады.
"Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, Мемлекеттік рәміздер-бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті бейнесін білдіреді. Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, біз бұл күннің маңыздылығын ұмытпауымыз керек", - дейді 16 қабатты тұрғын үйде тұратын Гүлназ Ермұратова.
Сонымен қатар, қала тұрғындары да күнтізбедегі ең маңызды күнді мерекелеу үшін жүзеге асырылған шығармашылық істі бағалады.
«Мен осы ықшам ауданның тұрғынымен. Мойын созып қарағанда көк туымыз көзіме оттай басылды. Өте әдемі көрінеді. Біз әрқашан Тәуелсіздік күні мен мемлекеттік рәміздерге ерекше мән беруге тиіспіз деп санаймын. Ал мұндай челендждер Тәуелсіздіктің қастерлі үғым екенін түсінуге көмектеседі", - дейді қала тұрғыны Аяужан Болат.


Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Менің туым. Менің Отаным!" челенджі бүкіл республика бойынша басталды. Әлеуметтік маңызы барнысандарда және тұрғын үйлердің балкондарында мемлекеттік рәмізді ілуге рұқсат етіледі. Бұл акцияны қазақстандықтар оң қабылдады, олар әлеуметтік желілерде арнайы жабалармен, фото және бейне материалдармен бөлісіп, #Моифлагмояродина, #МеніңтуымМеніңелім #ЦветМоейРодины #Нашобщийпредник хэштегтері астында Қазақстан Туымен байланысты оқиғаларды жариялайды

Оқылды 1180 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет