Сәрсенбі, 16 Желтоқсан 2020 13:34

Желтоқсан – елдік пен ерліктің ескерткіші

Желтоқсан көтерілісінің  бабалар арманы болған ел егемендігіне жол ашқаны ақиқат. Біз ұлт намысы  үшін аһ ұрып, теңдік сұраған жастардың  қатарында болған Ұлболсын Сейітқазевамен  сол бір  өшпес ерліктің  естелігін бөлісіп қайтқан едік.

– Биыл тәуелсіздіктің туын көтерген желтоқсан  көтерілісіне 34 жыл толыпты. Сол  кездегі мұзға жанған  алауды жастар тұтандырғаны анық. Сіз жастардың көкірегіндегі жалынның бұрқ ете түсуіне не себеп  болды деп  ойлайсыз?

– Ол кезде қазақ жастары қақпайды көп көрді. Оқуда үздік, белсенді бола тұра, өздері қалаған мамандыққа  түсе алмады. Өктемшіл Кеңес билігі қазақ жастарын қалаға жолатқысы келмеді. Қалаға келген күннің өзінде де қара жұмысқа жегілді. Сол бір тоталитарлық жүйеден теперіш көрген қазақ жастарының кеудесінде ашу мен ыза қайнап  жатты. Ал 1986 жылы желтоқсанда  Қазақ республикасын ұзақ жылдар өнімді басқарған Дінмұхамед Қонаевтың биліктен кетіп, елдің тыныс-тіршілігінен мүлдем бейхабар адамның  билікке келуі  жастардың үмітін бір жола өшірді. Сөйтіп, көп жылдан бері қазақ жастарының көкірегіне тығылған ыза сел болып ағытылды. Міне, солай жастар алаңға ағылды. Әсіресе, жоғары оқу орындарының  студенттері сол кезде өте белсенділік танытты.  Олардың  дүбіріне  еріп  мен де  алаңға беттедім.

– Желтоқсан көтерілісіне қатысқандардың  көбі сол  алаңдағы алаулы сәттерде азаттық аңсаған бабаларымыздың  аруағы аунап түскендей күй кештік деседі. Сіздің жадыңызда қандай  өшпес  әсерлі көріністер қалды?

– Әрине, ондағы  көкірегімнен кетпейтін көптеген сәт әлі есімде. Алаңға жиналған жастар «Менің Қазақстаным», «Атамекен» сынды әндерді асқақтата шырқады. Жарасымды киінген, жүздері бал-бұл жанған қыз-жігіттердің қақаған суыққа қарамаған  жалынды бейнесі әлі көз алдымда. Олар тек  ұлтының ары мен намысы үшін ту  көтерген, тәлім көрген, тәрбиелі жастар еді. Бірақ кейін биліктегілер сол жастарды «нашақорлар» деп айыптағанға қайран қалам. Иә, оларға қандай жала жабылмады дейсіз. Әрине, мен  саналы түрде қатыстым. Біз ол кезде бұғып қалмай, қайта қазақ қыздарының рухы биік екенін көрсеттік. Ортамызда қарны ашып, тамақ іздеп кеткендер болмаса, тоңған адам болған жоқ. Бәрінің бойындағы қанды намыс қыздырды. Рас, аяғымыз малмандай су болды. Бірақ шыдадық. Арақ ішіп, есірткі қолданған жастар болған жоқ. Арамызда адасып жүргендер болды деп те айта алмаймын. Өйткені олар неге келгенін жақсы түсінді. Сол себептен бір-бірімізді танымасақ та, қолтықтасып  берік шеп құрып тұрдық.17 желтоқсан қас қарая бергенде біз жазалаушы отрядтың соққысына тап болдық.

– Жазалаушы отряд жастарды алаңнан қалай қуды?

– Олардың жастарға  қарумен, итпен лап беретінін күтпеген едік. Басында ештеңе түсінбей абдырап қалдық. Құқық қорғау қызметкерлері ұрып-соғып, суық су шашып, есінен танып қалғанын сүйреп, автокөліктерге тиеп әкетіп жатты. Жастардың  көбі бастарына тиген соққыдан құлап жатты. Менде қашып құтылатын дәрмен жоқ. Ақыры қолға түстім. Сөйтіп,  қазіргі Әуезов ауданының полиция басқармасына қамалып, сонда тергелдім.

– Тергеу кезінде күш қолданылып, зорлықпен мойындауға мәжбүрлеген жоқ па?

– Өрімдей жастар үшін сол кездегі тергеу оңайға соққан жоқ. Олардың көбі тергеу кезінде зорлық көрді. Бізді ол кезде жеке-жеке сұраққа алды. «Сендер Кеңес үкіметінің жауысыңдар. Қанша жалтарсаңдар да, түрменің түбінде шірисіңдер», – деп ақырған тергеушінің сұсты кейпі әлі көз алдымда. Мен бәрібір  теңдік үшін алаңға шықтым деген райдан қайтпадым. Ақыры, қазіргі  Алматыдағы Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 тәулікке қамалдым. Ол кезде жасым небәрі 17 де болатын. Егер кәмелеттік  жасына толғанымда  сотталып та кетер ме едім, кім білсін?.

– Желтоқсан көтерілісінен кейін өміріңізде қандай өзгеріс болды?

– Жастар алаңда теңдік сұрағанымен, ол кезде КСРО-ның темір құрсауы  әлі босамаған еді. 15 тәулік қамақтан кейін Жамбыл облысының  Меркі ауданыдағы аулыма қайттым. Бірақ сол жолы ауыл мені бұрыңғыдай қарсы алған жоқ. Өйткені Алматыдағы алаң жайлы сыбыстар ауылға бізден бұрын жетіпті. Сондықтан ауылдағы көп адам маған қырын қарады. Желтоқсан көтерілісіне қатысқаным үшін ұзақ жылдар колхозда лауазымды қызмет атқарған әкем жұмыстан алынды. Өзім де біраз уақыт оқудан қол үздім. Кейін, әйтеуір, маған жаны ашып, оң  қабақпен қараған жандардың қамқорлығының арқасында   қайтадан оқуға түстім. Желтоқсан – біз үшін қасиетті және қасіретті күн. Өйткені көтеріліске қатысқан талай жастың тағдыры талқандалды. Солдаттардан аяусыз соққы  алған қаншама жас зардап шекті. Қаншама қыз ана атана алмай жүрегін шер меңдетті. Сол үшін бүгінгі жас ұрпақ желтоқсан көтерілісінің ұлт тарихында алтын әріппен жазылатын оқиға екендігін терең сезінсе деймін.

– Тәуелсіздіктің таңымен тыныстап өскен бүгінгі ұрпақ Желтоқсан көтерілісін жүрегімен сезінсе деп отырсыз. Желтоқсан көтерілісінің ардагері ретінде мектептер сізді жүздесуге жиі шақы-ратын шығар ...

– Желтоқсан көтерілісі қазақ еліне тәуелсіздіктің алауын жақты. Елдің еркіндікке деген үмітін оятты. Тіпті кей тарихшылар желтоқсан көтерілісін КСРО-ның шаңырағын шайқалтқан ірі тарихи оқиға деп бағалап жүр. Әрине, бұған талас жоқ. Сондықтан желтоқсан көтерілісі тәуелсіздіктің  бастауы ретінде жас ұрпақтың зердесіне тоқылуы қажет. Қазір желтоқсан көтерілісі еліміздің әр өңірінде түрлі деңгейде насихатталып келеді. Бірақ біздің ауданда айтарлықтай насихатталып жатыр деп айта алмаймын. Мектепдерде де желтоқсан куәгерлерімен кездесу ұйымдастырғанын сирек естимін. Сондықтан жергілікті биліктің идеологияға жауапты бөлімдері осы олқылыққа мән берсе деп ойлаймын. 2021 жылы желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толады. Осы датаға орай  республикалық  «Желтоқсан ақиқаты» бірлестігінің мүшелері  аудан әкіміне ұсыныс хат жолдаған болатын.

– Сонда сіздер  аудан әкімдігіне нақты қандай ұсыныс жасап отырсыздар?

– Келер жылы желтоқсан көтерілісіне 35 жыл, ал ел тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Біздің ауданда жас ұрпақты тәуелсіздікке тағзым еткізетін, ел егемендігін еске салатын бірде-бір ескерткіштің болмағаны бәрімізді қынжылтады. Сондықтан желтоқсаншылар  аудан ортал-ғынынан тәуелсіздіктің  тұғыры іспетті жаңа ескерткіш салуды ұсындық. Әрине,  ескерткіштің бой көтеруін уақыт көрсетер. Мен қашанда елдікпен ерліктің ескерткіші болған желтоқсан көтерілісі көмескіде қалмаса екен деп тілеймін. Қашанда рухы биік елдің аспайтын асуы, алмайтын қамалы жоқ деп білемін.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхаттасқан

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1026 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет