Дүйсенбі, 03 Қараша 2025 10:47

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық шаралары

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру.    Қоздырғышы спора түзбейтін, грамм оң «Listeria monocytoqenes»  бактериалары.

     Жұқпаның жабайы табиғаттағы көзі кеміргіштер мен сүтқоректі жануарлар саналса,  үй жағдайында ит, мысықтар мен ауылшаруашылық малдар (шошқа, ұсақ және  ірі мүйізді мал, жылқы, үй құстары - қаз, үйрек, тауық, үндік, кептерлер мен экзотикалық құстар  -тотықұс) аурудың көзі болуы мүмкін.  

      Листериоз қоздырғышы ауру жануардың ағзасынан қоршаған ортаға зәрі, нәжісі, танау, көз сұйықтықтары мен ауру малдан алынған сүт арқылы бөлінеді.  Жануарлар арасындағы ауру таратушы  болып, буынаяқты қан сорғыш кене, бит және бүрге  саналады.

      Ауру қоздырғыш бактериалар қоршаған орта әсерлеріне өте төзімді болып келеді, ал тоңазытқыш температурасында  (-4 -6С0 ) көбеюге де қабілетті.  Жоғары температура мен зарарсыздандырғыш заттардың әсерінен бірден тіршілігін жояды. Листериоз қоздырғышы  ұзақ (бірнеше жылға дейін)  уақытқа дейін топырақта, су, жем-шөпте сақталады. Қоршаған ортада және тағам өнімдерінде (сүт, ет, май, көкөністерде т.б.) көбею қасиетіне де ие.

      Жұқпаның инкубациялық кезеңі  орташа есеппен 2 - 4 аптаға созылып, кейін  бірден дене қызуының көтерілуі мен жалпы уыттанудың белгілері пайда болады, жүрек айну, құсу, және іш өтуі, бас ауруы, ұйқысыздық, бұлшық еттегі ауру сезімі мен тітіркеншектік пайда болады. Науқастың бауыры, жүрек пен буындары мен терінің зақымдалуы мүмкін.

    Листериоз - қоздырғышы  адамның  жүйке –жүйесін (менингит), жұтқыншақ арты лимфа безін (ангина) зақымдайтын, жүкті  әйелдерде түсік тастауды шақыратын, жаңа туған нәрестелерде менингит түрінде өтеді.

      Ауылшаруашылық мал өсіріп, көбейтумен айналысатын шаруа қожалық субьектілердің қызметкерлері, оның ішінде уақытша жұмысқа тартылған адамдар жеке бас гигиенасы және қорғаныш (халат, резеңке қолғап, жеңқап, алжапқыш пен арнайы аяқ киімдер) құралдарысыз жұмысқа жіберілмеуі тиіс. Сол сияқты, төл науқаны алды және науқан аяқталған соң, адам мен жануарларға ортақ жұқпалы ауруларға (бруцеллез, листериоз) зертханалық тексеруден өтуі керек. Жүкті әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларды мал күтіміне (мал төлдету, қырқу, қора тазалау т.б.) жіберілмеуі қажет. Үй жануарларына күтім жасау кезінде жеке бас тазалығын сақтау (қолды сабындап, мұқият жуу т.б.).

      Листериоз жұқтырған науқастың  үй ошағындағы  адамдар мен жұқпаның көзі болуы мүмкін деген үй жануарлары: ит, мысықтар мен ауылшаруашылық малдар листериоз жұқпасына зертханалық тәсілмен тексерілуге жатады.

      Ауласында ауылшаруашылық мал мен үй жануарларын ұстайтын  тұрғындардың назарына: ауылшаруашылық малдан алынған өнімдерді тағамға тек мұқият термиялық өңдеуден кейін қана пайдалануды.         

     Иелігіңіздегі жануарларда қандай да бір жұқпалы ауруларға, оның ішінде листериозға тән белгілер: іш тастау, өлі туу,  жануарлардың белгісіз себептермен жаппай қырылуы байқалса  дереу ветеринарлық қызметкерге хабарлау қажет.

     Өзіңіз бен отбасы мүшелері тұрғылықты жеріңіз бойынша емдеу алдын алу мекемесіне қаралып, тексеруден өтуге кеңес береміз.

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысының орынбасары

 Д.Бақберген

Оқылды 308 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет