Сәрсенбі, 19 Қараша 2025 15:49

Гендік модифицирленген өнімдердің пайдасы мен зияны

Гендік модифицирленген өнімдер (әрі қарай - ГМӨ) – биотехнология әдістері арқылы геномына басқа организмнің гендері енгізілген өсімдіктер мен жануарлар. Мұндай өнімдердің негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру, зиянкестер мен ауруларға төзімділікті күшейту,  сонымен қатар тағамдық сапаны жақсарту болып табылады.

ГМӨ-нің пайдасы ең алдымен ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі саласында байқалады. Генетикалық инженерияның көмегімен құрғақшылыққа, тұзды топыраққа, зиянкестер мен вирустарға төзімді дақылдар шығарылды. Мысалы, Bt-мақта және Bt-жүгері зиянкес жәндіктердің әсеріне төзімділігімен ерекшеленеді, бұл пестицидтерді аз қолдануға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде қоршаған ортаға химиялық заттардың түсуі азайып, экологиялық жүктеме төмендейді. Сонымен қатар гендік модификация тағамның қоректік құндылығын арттыруға бағытталады. Мысалы, «алтын күріш» құрамындағы бета-каротин мөлшері дәрумен тапшылығын болдырмауға ықпал етеді. Кейбір ГМӨ-дің сақтау мерзімін ұзартуға және тасымалдау кезіндегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл азық-түлік тапшылығы мәселесін шешуге және әлем халқын арзан әрі қолжетімді тағаммен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Бұдан бөлек, гендік модифициялық технологиялар медицина саласында да қолданылуда. Гендік модификация әдісі арқылы инсулин, вакциналар, ферменттер және басқа да маңызды биологиялық препараттар өндіріледі. Мұндай өнімдер ауруларды емдеу мен алдын алуда ерекше маңызға ие.

Дегенмен, ГМӨ-нің зияны мен қауіптілігі жөнінде қоғамда пікірталас аз емес. Бірқатар зерттеушілер гендік өзгерістер адам ағзасына ұзақ мерзімді әсерін толық зерттелмеген деп есептейді. Кейбір ғалымдар мұндай өнімдерді тұтыну аллергиялық реакциялар тудыруы немесе иммундық жүйеге әсер етуі мүмкін деп ескертеді.

 Сонымен қатар генетикалық ластану қаупі бар: гендік модифицияланған дақылдардың тозаңы жабайы немесе дәстүрлі сорттармен айқасқанда, олардың генетикалық құрамына өзгеріс енгізуі ықтимал. Бұл биологиялық әртүрліліктің төмендеуіне және экожүйенің табиғи тепе-теңдігінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Экономикалық тұрғыдан да белгілі бір тәуекелдер бар. Көптеген гендік модифиция тұқымдары патенттелген, сондықтан фермерлер оларды жыл сайын биотехнологиялық компаниялардан сатып алуға мәжбүр болады. Бұл шағын шаруашылықтардың қаржылық тәуелділігін арттырады және агроөнеркәсіптік нарықта ірі корпорациялардың үстемдігін күшейтеді.

 

Қоғамдық сана тұрғысынан алғанда, гендік модифицияланған өнімдерге деген сенім деңгейі әлі де төмен. Кейбір тұтынушылар табиғи өнімдерді артық көреді және «био» не «органикалық» таңбасы бар тағамдарды сатып алуға бейім. Осыған байланысты көптеген елдерде ГМӨ-лерді таңбалау міндеттелген. Бұл шара тұтынушының таңдау құқығын қамтамасыз етеді және ашықтықты арттырады.

Жалпы алғанда, гендік модифицирленген өнімдер қазіргі заманғы ғылым мен технологияның жетістігі болып табылады. Олардың әлеуетті пайдасы зор болғанымен, биологиялық, этикалық және әлеуметтік салдарын ескеру қажет. ГМӨ қолдану саласында ғылыми бақылау, қауіпсіздік стандарттары мен экологиялық мониторинг тұрақты түрде жүргізілген жағдайда ғана бұл технология адамзат игілігіне қызмет ете алады.

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысының орынбасары Д.Бақберген

 

Оқылды 185 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет