Сәрсенбі, 19 Қараша 2025 15:55

Консервіленген өнімдерді қолданудағы сақтық шаралары

Үй жағдайында дайындалған консервілер әсіресе саңырауқұлақ, көкөністер, сирек жағдайда жемістер ботулизммен сырқаттанудың себебі болуы мүмкін. Консервілеу кезінде көкөністерде ботулиннің қоздырғыштарымен зақымдалған топырақтың ұсақ қалдықтары қалуы мүмкін. Біраз уақыт өткен сон тығыздалып, герметикалық жабылған құтыда улы токсин бөліне бастайды. Бұндай консервілерді жеу 100 пайыз ботулизммен улануға әкеп соқтырады.

Консервіленген салаттың құрамындағы компоненттер неғұрлым көп болса, ол салаттың қауіптілігі де арта түседі. Консервілеу кезінде қолданылатын тұз да, сірке суы да токсиннің бөлінуіне кедергі бола алмайды.

Ботулизммен зақымдану сәті сырқаттың басталуына дейін 2-4 сағаттан 2-3 тәулік, немесе 2 аптаға созылуы мүмкін. Өйткені науқас адамда ботулизмнің ерекше симптомдарының болмауы да мүмкін. Науқас адамда кәдімгі тамақтан уланғанда болатын іш ауруы, іш өту, құсу белгілері пайда болады. Бұл жағдайда қандай өнімнен болды деген күдік туады. Егер де сіз алдыңғы күнгі консерві (үйде дайындалған), тұздалған (қақталған) балық немесе қыртыс май жесеңіз онда дереу «Жедел жәрдем» шақыртып, дәрігерге қаралу қажет, сонымен қатар қандай тағамдарды тұтынғанынызды нақты жеткізу қажет.

Іш ауруынан кейін көз нервісі жүйесінің зақымдануы басталады, яғни адамның көзі қитарланып, бұлдырайды, қабағы түсіп, көзі көрмей қалуы мүмкін.

Ботулизм симптомдары байқалған жағдайда, дереу медициналық ұйымға алғашқы көмекке жүгіну қажет!

Ботулизмнің ең басты емі- ботулотоксинге қарсы поливалентті сары суды енгізу. Поливалентті сары су ботулотоксин түрі (А,В,Е) анықталғанша ғана қолданылады. Анықталғаннан кейін типіне сәйкес сары су енгізіледі. Осыған қарамастан, ем қабылдау ерте басталып, өкпеге жасанды демалу аппараты қосылғанымен, ботулизм жағдайының өлім-жітіммен аяқталуы 2-3% құрайды. Себебі ботулотоксинге қарсы сарысу ауру адамның қанындағы токсинді жойғанымен, орталық нерв жүйесіндегі «у»-ға күші жетпейді.

Ботулизмнің алдын алу қиын емес, тек ботулизмнің алдын-алу іс шараларының талаптарын қатаң түрде орындау қажет.

Ең алдымен консервілеуге дайындалған көкөністерді, жеміс-жидектерді тазалап жуып, сосын жоғары температурада (120° төмен емес) қысымда стерилизация жүргізу қажет.

Герметикалық жабылатын құтыларда етті, саңырауқұлақтарды және топырақтың ұсақ қалдықтары оңайшылықпен кетпейтін (сәбіз, қызылша) көкөністерді консервілемеңіз.

Үй жағдайында дайындалған консервілерді қолдан, жабайы сауда орындарынан, белгісіз тұлғалардан, әр түрлі жарнамалық сайттардан алмаңыз!

Консервіленген банкаларыныз пішінін немесе түр әлпетін өзгертсе, міндетті түрде бұндай консервілерді қоланбаған жөн.

Дұрыс дайындалмаған үй жағдайында консервіленген тағамдар денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіретінін естен шығармаңыздар!

 

Еңбекшіқазақ аудандық                                               

                                                                                      СЭББ басшысының орынбасары

 Д.Бақберген

Оқылды 220 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет