Жұма, 31 Қазан 2025 11:03

Сыбайлас жемқорлық туралы

  Сыбайлас жемқорлық  – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып, заңды бұзу арқылы пара алу немесе беру, туысқандық, тамыр-таныстыққа сүйеніп шешім қабылдау сынды әрекеттер.

       Сыбайлас жемқорлық тек бір адамның қамы емес, бүкіл бір елдің өзекті мәселесі болып тұр. Сыбайлас жемқорлық ірілі-ұсақ болмайды, оның әрбір қадамы елімізге елеулі залал келтіретіні анық.

      Сыбайлас жемқорлық біржақты емес екі жақты қылмыс екенін ұмытпауымыз керек. Яғни берер қолдың алары бар, сондықтан сыбайластықты заңмен ұштастыруымыз маңызды. Әрбір лауазымды қызметші өзінің жеке пайдасына емес, заңдылық пен адалдыққа бағытталуға тиіс екенін есте сақтауы абзал. Ешқандай жеке мүддде қоғам мүддесінен жоғары емес. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейімен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Әр мемлекеттік қызметші өзінің құқықтары мен шектеулерін білсе және оны бұзбаса, жемқорлыққа ұшырамайды.  

      Жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны орасан, біріншіден - ол азаматтардың заң алдындағы теңдігін бұзады, екіншіден - халықтың мемлекеттік құрылымдарға деген сенімін төмендетеді, үшіншіден- экономикалық өсімді тежеп, шетелдік инвестицияның келуіне кедергі келтіреді, төртіншіден - жастардың бойында «бәрін ақша мен таныс тамырлық шешеді» деген теріс түсінік қалыптастырып, еңбекке деген ынтаны жояды.

         Сыбайлас жемқорлық жағдайы – біздің елімізге, оның экономиясына және қоғамға соққы, сол үшін азаматтарымыз бұған жол бермей адал және парасатты болу керек.

       Сыбайлас жемқорлықты көре-біле тұра үндемейтіндердің барлығы осы зұлымдықтың қатысушысына айналады.

        Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтарға тап болған жағдайда, Сіз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 call-орталығына жүгіне аласыз.  Пара алу, беру және парақорлықтағы делдалдық – ол  қылмыс,  ол үшін үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.  Жемқорлықпен күресу – барша азаматтың міндеті. Ол үшін әрбір адам заңға бағынып, адал жолмен әрекет етуі қажет. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттырып, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру маңызды.

       Бүгінгі таңда Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – басты міндеттердің бірі. Бұл бағытта түрлі заңдар қабылданып, онымен күресетін арнайы органдар мен мекемелер жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, осы жұмысқа қоғамды белсенді араластыру мақсатында "Адалдық алаңы", "Саналы ұрпақ" сияқты жобалар да жүзеге асырылып жатыр. Алайда жемқорлықпен күресте тек мемлекет қана емес, әрбір азамат белсенділік танытуы қажет.

     Ата-аналар балаларын адалдыққа баулуы тиіс, мұғалімдер үлгі көрсетіп, оқушыларға әділеттіліктің маңызын түсіндіруі керек.

      Қоғамда пара бермеу, заң бұзбау – әр адамның жауапкершілігі екенін ұғындыру маңызды.  

         Cыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың азаматтық парызымыз. Әр адам өзінен бастап адал болуға, заңды сыйлауға ұмтылса, болашақта әділетті, дамыған қоғам қалыптасатыны сөзсіз. сыбайлас жемқорлық – жеңуге болатын дерт. Ол үшін әркім өзінен бастауы керек: адалдықты ту етіп, әділетті қоғам құруға атсалысайық.

 

Еңбекшіқазақ аудандық  СЭББ басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 469 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет