Сәрсенбі, 19 Қараша 2025 16:03

Үлкендердің жолы – өнеге нышаны

Ардагерлерді ардақтау, ұрпақ парызын сақтау – бәрімізге ортақ міндет болып табылады. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Қарттарға құрмет көрсету халқымыздың берік ұстанған қағидаты. Олар ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, қоғамның берекесі мен тұтастығын сақтауға үлес қосады». Шынында да, «Қарты бар үйдің, қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Ардагерлеріміздің өмірлік тәжірибесі мен өнегесі – ел ертеңін нұрландыратын шамшырақ екені анық. Осы орайда жуырда аудандық әкімдіктің үлкен залында аудандық ардагерлер ұйымының мәжіліс отырысы өтті. Аталған жиынға «Ардагерлер ұйымы» Алматы облыстық филиалының төрағасы Ерболат Сапарұлы, «Ардагерлер ұйымы» Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ильяс Сейітбекұлы, Есік қаласы мен ауылдық округ әкімдері және орынбасарлары, ақсақалдар алқасының төрағалары мен аналар кеңесінің төрайымдары, «Алатау жастарының» мүшелері қатысты. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сарабекұлы жүргізді.

Жиында ұйымның 2024-2025 жылдарда атқарылған істері жөніндегі есеп  тыңдалып, сондай-ақ «Алатау Ардагері» газетіне жазылу мәселесі айтылды.

Бұл басқосу – ардагерлер қауымының ел игілігі жолындағы еңбегін дәріптеп, олардың өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа үлгі етуге бағытталды. Алғашқы сөзді алған «Ардагерлер ұйымы» Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы  Тілеулес Ұзақов 2024–2025 жылдары атқарылған жұмыстар жөнінде кең көлемді есептік баяндама жасады. Баяндамада ұйым құрылымы, ардагерлердің жалпы саны, әлеуметтік қолдау шаралары, мәдени-рухани бағыттағы жұмыстар мен алдағы жоспарлар толық қамтылды.

Тілеулес Ұзақовтың мәліметіне сүйенсек, 2025 жылғы мәлімет бойынша ауданда 1 аудандық және 26 бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс істейді, жалпы мүшелер саны – 3500 адам. Сонымен қатар, 1 ҰОС ардагері, 471 тыл еңбеккері, 33 150 зейнеткер, 247 ауған, тәжік, Қарабақ, Ангола соғысы ардагерлері, 67 Чернобыль апатына қатысқандар, 115 ГСВГ әскери құрамында қызмет еткендер бар.

Есеп барысында «Белсенді ұзақ өмір» орталықтарының жұмысы кеңінен баяндалды. «Қазіргі таңда аудан бойынша 2 орталық жұмыс істейді. Онда 350 адам тіркелген, орталықта 26 түрлі қызмет көрсетіледі. Биылғы жылы орталықтарда 10 120 қызмет ұсынылған. Аталған орталық зейнет жасындағы адамдардың сенімді серігіне айналған. Сонымен қатар жыл барысында халықаралық форумдар мен облыстық конференциялар өтті. 2025 жылдың 10 айында 164 ардагерге 6 850 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді, 150 зейнеткер медициналық тексеруден өтті, Қарттар күні, Жеңіс күні, Наурыз мерекелерінде 2 900 ардагерге азық-түлік себеті таратылды.  Қайтыс болған 17 ардагердің отбасына материалдық жәрдем берілді.

«Ардагерлер ұйымы жастармен жұмысты да кеңінен жүргізуде. 62 мектепте өткен кездесулерге 4 960 оқушы қатысты. Жеңістің 80 жылдығына орай 100-ден астам мәдени-патриоттық шара өткізілді. Шелек, Ават, Рахат, Түрген ауылдық округтеріндегі үздік тәжірибелер мен ардагерлердің үлгілі еңбегі де аталып өтті», – деді аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы. Сондай-ақ, ардагерлерге арналған шахмат, бильярд, балық аулау сынды спорттық сайыстардың да тұрақты түрде ұйымдастырылатынын тілге тиек етті. Ардагерлер ұйымының қоғамдағы атқарып жатқан маңызды рөліне тоқталды.

Жиын барысында Шелек ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбілбек Айтақынов, Есік қаласы ардагерлер ұйымының мүшесі Шаяхмет Құсайынов, «Асыл ана» ұйымының мүшесі Гүлжан Умекова, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Қымбат Әділқызы өз баяндамаларын оқып, түйіткілді мәселелер мен келелі ойларын ортаға салды.

Қорытынды сөзді алған «Ардагерлер ұйымы» Алматы облыстық филиалының төрағасы Ерболат Тұрымбетов аудандық ұйымның жұмысына оң бағасын берді. Көпшілікті шынайы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасауға, өнегелі өмір жолы бар ардагерлерді кеңінен танытуға, бірлесіп ел ісіне етене араласуға шақырды. Жиын соңында Шаяхмет Құсайынов, Айтжан Қашағанов, Ерғали Байбөриев «Алматы облысының құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Елге елеулі еңбегін арнаудан жаңылмаған бірқатар ардагерлерге аудан әкімі Талғат Байеділовтің алғыс хаты табысталды.

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 14 рет

Кескіндер галлереясы

Соңғы жаңалықтар

Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…
Қар 24, 2025

Мемлекеттік бақылау және қадағалау…

Мемлекеттік бақылау және қадағалау — қоғамдағы қауіпсіздік, сапа, құқықтық тәртіп және…
Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Құқықтық сауат – қылмысқа тосқауыл

Елімізде 16-17 жастағы жасөспірімдер арасында қылмыс өршіп барады. Ресми статистикаға…
Қар 19, 2025

Ащысайлықтар – жеңімпаз

Спорт сүйер қауымның басын біріктіріп, саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған…
Қар 19, 2025

Халықтың…

Қазіргі таңда халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету…
Қар 19, 2025

Электронды темекінің жасөспірімдер…

Электрондық темекі (вейп) қазіргі уақытта, әсіресе жасөспірімдер арасында үлкен…
Қар 19, 2025

Консервіленген өнімдерді қолданудағы…

Үй жағдайында дайындалған консервілер әсіресе саңырауқұлақ, көкөністер, сирек жағдайда…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет