Сәрсенбі, 19 Қараша 2025 16:20

Құқықтық сауат – қылмысқа тосқауыл

Елімізде 16-17 жастағы жасөспірімдер арасында қылмыс өршіп барады. Ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстан 2025 жылы соңғы алты жылда ең жоғарғы көрсеткішке жеткен. 2025 жылы 1703 жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға көп.

Жақында Шелек политехникалық колледжінің акт залында «Жастар және заң» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға Шелек полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Шоң Ынтымақ, Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасының прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Дәурен Умбеталиев, ювеналды полиция тобының инспекторы Әсел Таукенова, Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Жаннұр Ибраимова, ата-аналар комитеті, әкелер кеңесі, колледж әкімшілігі, оқытушылар мен студенттер  қатысты.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандар мен жастардың құқықтары және міндеттері, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері, тәртіп бұзушылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары, интернет пен әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік ережелері туралы прокурор, кіші әділет кеңесшісі Дәурен Умбеталиев, Шелек полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Шоң Шораұлы және ювеланды полиция тобының инспекторы Әсел Таукенқызы әңгімелеп, өзекті мәселелер сөз болды.

Жасөспірімдер арасында ең көп тіркелген қылмыс – ұрлық, бұзақылық, денсаулыққа әдейі жеңіл зақым келтіру, соққы беру мен тонау істері жиілеген. Мысалға, Шелек ауылындағы мектептер мен колледждерде бұзақылық жасап, ересек адамдарға дене залалын тигізген оқиға тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды.

Мұндай түрлі қылмыстың өсуін  құқық қорғау органдарының мамандары әлеуметтік ортадағы қиындықтармен, жастар арасындағы тәртіп мәселелерімен байланыстырды. Сол себепті жастар арасында қылмыстың алдын алу шараларына құқық қорғау органдары мен қоғам тарапынан назар аударылда. Соның бірі – осы дөңгелек үстінде болған кездесу.

Кездесуде жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заң саласының мамандарынан нақты жауаптар мен пайдалы кеңестер алды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік және ақпараттық мәні зор болды.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Оқылды 114 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет