Сәрсенбі, 16 Желтоқсан 2020 12:25

«Тәуелсіздікке тарту»: Талдықорғанда 120 коттедж елге үлестірілді

Облыс орталығында тағы да қоныс той. Тәуелсіздік күні қарсаңында 120 үйдің кілті үлестірілді. Қарашаның қуанышымен бөлісуге Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ляззат Тұрлашев пен қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов арнайы келді.
Коттедж қалашығының бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша жалпы ауданы 56,6 мың шаршы метр, құны 8,5 млрд.теңге болатын 620 жеке тұрғын үй құрылысы қарастырылған. Бүгінгі күнге дейін аумағы 19,5 мың шаршы метрді құрайтын 228 коттеджге бұқара тұрақтанды. Мұнымен өңір халқын баспанамен қамту ісі толастап қалмады. Еліміздің басты мерекесіне орай, ауданы 12,3 мың шаршы метр болатын 120 үй қолданысқа берілді. Аталған нысанды салуға 887,0 млн.теңге қаржы жұмсалған. Ел игілігіне берілген бұл үйлер 12 бөлікке бөлінген, әр бөлімде 4 үй жапсарласа салынған. Бұл өңір басшылығының тұрғындарға деген қамқорлығы.
«Құрметті Талдықорғандықтар, қымбатты қонақтар, ұлы мерекеміз тәуілсіздік мейрамы құтты болсын. Елбасының бастамасымен, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен іске асырылған «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы халық баспаналы болып жатыр. Бұл соның нәтижесі. Екі жылда облыста көп өзгеріс болып, тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Екі жыл алды салынған үйлердің ауданы 79 мың шаршы метр болса, биыл ол көрсеткіш 131 мыңға жетіп отыр. Келер жылы 211 мың шаршы метрден асады деген мақсатымыз бар. Үйлеріңіз жанға толсын, қуаныштарыңыз ұзағынан болсын»,- деді құттықтау сөзінде Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ляззат Тұрлашев.
Жаңа қонысқа табиғи газ кіргізілген. Сондай-ақ, су құбыры орнатылып, кәріз жүйесі тартылған. Көпшілікке пайдалануға берілген баспананың құрылысын «Техноснаб 2002» ЖШС жүргізген. Дәл осы күні құтты шаңырағына қол жеткізгендердің қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар мен оларға қараушы азаматтар, медицина қызметкерлері, зейнеткерлер мен тұрғын үй құрлыс жинақ банкнің салымшылары және толық емес отбасылар да бар.
Ұлық мейрамның қарсаңында жаңа үйге қоныстанушылардың бірі ақ халатты абзал жан, Елдос Смайылов.
« Мен облыстық онкологиялық диспансерінде қызмет етемін. Мамандығым дәрігер-хирург. Семей қаласынан жұмыс бабымен наурыз айларында ауысып келдім. Бүгін біз үшін өте ерекше күн. Тәуелсіздік күніне орай үйлі болып жатырмын. Пандемия өршіп тұрған сәтте күн-түн демей жұмыс жасадық. Сол кездегі еңбек ақталды деген осы шығар. Осындай жағдай жасап отырған Елбасына, Президентімізге, Облыс басшысы Амандық Ғаббасұлына мың алғыс. Еңбегімізді елеп шаңғырағымыздың кілтін табыстап жатыр. Өзімнің 4 балам бар. Соны ескеріп мемлекет тарапынан тегін үй беріп отыр. Біздің ұжымнан 5 адамға коттедж қалашығында тұру бұйырыпты, солардың бірі өзім болғаныма қуаныштымын»,-дейді дәрігер-хирург Елдос Ершатұлы.
Алматы облысында мемлекеттің арқасында үйге қолы жеткендер тек жан кешті мамандық иелері ғана емес, толық емес отбасының өкілдері де бар. Өңір өркендесін десе елдің жағдайы жақсаруы тиіс деген ұстанымды назарға алған Жетісу жерінің басшылығы мұндай азаматшаларды да өз қамқорлықтарына алып келеді.
Бұл қатардан қала тұрғыны Шолпан Мұхамеджанованы да көруге болады.
« Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн. Көптен күткен кезегім келді. Жалғыз басты анамын. Көзімнің ағы мен қарасы болған қызымды өзім жеткіздім. Қанша қиындық болса да жақсылықтан күдерімді үзбедім. Бүгін сол үмітім ақталды. Елінің ертеңі мен жай-күйін ойлаған мемлекетімізге рахмет»,-деді өз сөзінде.

Алдағы уақытта да жаңа қоныстың кілті табысталады. Мәселен, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына жалпы ауданы 12,2 мың шаршы метр 133 үйді пайдалануға беру жоспарланған. Негізінде биылғы жылы аумағы 24,8 мың шаршы метр болатын 253 коттедждің құрылысы жүргізілуде.
2021 жылы көлемі 12,6 мың шаршы метр 139 коттеджді пайдалануға беру көзделген, оның ішінде:
-бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 9,0 мың ш. м. 96 коттедж үй;
- жеке инвестициялар есебінен 3,6 мың шаршы метр 43 коттедж өз иесін табады деп күтілуде.

Оқылды 937 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет