Сәрсенбі, 23 Желтоқсан 2020 12:24

Алматы облысында I республикалық Press Summit өтті

Форумға еліміздің Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан баспасөз хатшылары,журналистер қатысты. Олардың Жетісу жеріне келудегі мақсаты тәжірибе алмасу,сондай-ақ, Алматы облысындағы тарихи-мәдени нысандармен танысу. Басқосу Жамбыл, Қарасай, Талғар, Ұйғыр аудандарында өтті. БАҚ өкілдері іскерлік байланысты,қалыптастыру, аудиториямен жұмыс тақырыптарын талқылады. Жетісу жеріне келген меймандарды облыс әкімінің орынбасары Рустам Али қарсы алды.
Өз сөзінде «Бұл саммит ішкі туризмді таныстыру ғана емес, әріптестік байланысты нығайту. Ақпарат алмасуда жаңа механизмдер, алгоритмдерді бөлісу. Мұнымен қоса, өңірде Елбасы, Мемлекет басшысы бастамаларының жүзеге асу барысын таныстыру» деп қосты ол.
Press Summit кезінде меймандар Шамалған ауылындағы «Атамекен» музейі, Райымбек ауылдық округіндегі «Батыр бабалар», Үшқоңыр спорт кешені мен Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайына барды. Мұнымен қоса, "Ой-Қарағай" демалыс кешені мен Тексан зауытын, Шонжыдағы ыстық су нысанын көрді. Бағдарламада еркін пікір алмасу қарастырылған. Бұл ретте БАҚ өкілдері өз білім,біліктерімен бөлісіп әріптестік байланыс орнатты. Сөз алғандар презентация арқылы өз жұмыстарын баяндап, ақпарат таратудағы тәсілдерімен бөлісті.
- «Бұл басқосу біз үшін таптырмас тәжірбие алаңы болды. Үш күн ішінде біз тасын түртсең тарихы көрінетін Жетісу жерінің киелі орындарымен таныстық. Жамбыл бабамыздың еліне, жеріне бардық. Тамаша бәрі ұнады. Осындай Press Summit керек—ақ. Өңірлерден келген әріптестерімнен көп нәрсе үйрендім», деп әсерімен бөлісті Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Қалымбайұлы.


Айта кетейік, "Jetisý media" КММ жанындағы аудандармен жұмыс жөніндегі бөлім ашылғаннан кейін халықты дұрыс жаңалықтармен уақтылы ақпараттандыру саласында үлкен жұмыс жүргізілді. Облыс аудан мен қала әкімдерінің баспасөз хатшылары бір жыл ішінде 20 000-нан астам тікелей эфир өткізді, сондай-ақ әлеуметтік желілерде 25 000 жарияланым жарияланды. Халықпен жұмыс та шетте қалмайды, сондықтан тұрғындар тарапынан 40 000 - нан астам сұрақ қойылды, осының барлығына баспасөз хатшылары уақытылы жауап беріп отырды.
«Бізде өздеріңізге белгілі, осыдан үш жыл бұрын аудан-қала әкімдерінде баспасөз хатшылары жұмысын бастаған болатын. Қазіргі таңда олар билік пен бұқара арасына алтын көпір орнатты. Жергілікті жерлердегі қандайда бір мәселе, жаңалықтар болса алғашқы болып жариялап немесе әкімдікке жеткізіп шешу жолдарын қарастырып жатады. Бұл шараның да негізгі мақсаты сол. Облыстағы баспасөз хатшылары мен түрлі өңірдегі әріптестердің бірлесе жұмыс атқару. Соған дәнекер болу», - деді "Jetisý media" КММ бөлім басшысы Айман Асыл.

Оқылды 849 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…
Қырқ 09, 2025

Бизнес форум с участием Алматинской…

Бизнес-форум с участием Алматинской области в МосквеИнвестиции, цифровые технологии и…
Қырқ 09, 2025

Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция…

Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты…
Қырқ 09, 2025

Президент: Қазақстан міндетті түрде…

Президент: «Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы керек» «Қазақстан – әлем…
Қырқ 09, 2025

Мемлекет басшысы: "Әлемде жаңа…

Мемлекет басшысы: «Әлемде жаңа геосаяси тәртіп орныға бастады» «Қазір дүние жүзі жаңа…
Қырқ 09, 2025

Мемлекеттік қызметшілердің…

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі – еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінің…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Когулов Аскар Турсбекович 1983 жылы 26 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында Бижанов…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет