Жексенбі, 10 Қаңтар 2021 14:42

Алматы облысының белсенділері өз таңдауын жасады

Ағымдағы жыл ел үшін айтулы сәттен бастау алуда. Биліктің мінберінен төбе көрсететін саңлақтарды айқындау басталды. Сөз, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау туралы болып отыр. Мұндай маңызды сәтте Алматы облысының белсенді азаматтары да қалыс қалмақ емес. Соның бірі Алматы облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Елдар Сапаров.
«Сайлауға қатысу тек ақ жағалыларға ғана тән нәрсе емес. Бұл тұтас ұлттың мойнына артылған жауапкершілік. Болашақ бағытыңды айқындайтын уақыт. Сондықтан да, бұл біз бен сіздің азаматтық парызымыз. Ел жастарының арасында патриоттық сезімді нығайтатын бірден-бір құрал десек артық айтқандық емес. Бүгінгі сайлауға ҚР азаматы ретінде қатысып отырмын. Менің сайлау учаскесіне келіп өз таңдауымды жасауым, ортақ кемел келешекке бастар жолдың бірі боларына сенімдімін»,-дейді Елдар Сапаров.
Бұл күні, лайықты көшбасшыны анықтау үшін, дауыс бергендердің бірі, Бейбіт Мұсаев. «Мен қазақпын» мега жобасының жеңімпазы, дәстүрлі әнші отан алдындағы парызымды өтедім дейді.
«Кімге дауыс беретінімді әлдеқашан шешіп қойған едім. Қасиетті жеріміз бен оның иесі –елдің болашағы үшін таңдау жасадым. Жерлестерімді бүгінгі сайлауға қатысуға шақырамын. Өйткені, біздің балаларымыздың, жақындарымыздың және жалпы еліміздің болашағы сіздердің дауыстарыңызға байланысты. Енжарлық танытпайық»,-деп өз ойын білдірді.
Айта кетейік, елдің ертеңіне тамшыдай болса үлесін қосу үшін жергілікті кәсіпкер Елдос Баялышбаев, 2008 жылғы олимпиада ойындарының жүлдегері, қазіргі облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Амандық Баталовта өз таңдауын жасағанын атап өткен жөн.
Айта кетейік, Алматы облысында 1053 сайлау учаскесі бар. Биылғы сайлауға 5 саяси партиядан, 312 кандидат дауысқа түсуде.

Оқылды 1069 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет