Дүйсенбі, 11 Қаңтар 2021 16:50

Екінші жартыжылдықта 211 мектеп дәстүрлі түрде оқытады

Оқу жылының екінші жарты жылдығы қалай өтеді? Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай штаттық режимде білім алуға кедергі келтірмей ма? деген сауалдарға « Jetisy Media» ақпараттық алаңында жауап берілді.

Баршаға мәлім, 2020-2021 оқу жылы онлайн форматта басталды. Ата-ана, оқушы, ұстаз  атты үштік одақтың бірлігі мен шыдамдылығын тексерген кезеңнің екінші тоқсанында бірте-бірте штаттық режимге ауысу процессі жүзеге асты. Нәтижесінде 190 мектепте білім алатын 15 742 оқушы білім ошағының қабырғасында оқуын жалғастырды. Аймақтағы ахуалдың оңтайлануына байланысты үшінші тоқсанда тағы 21 білім ордасы дәстүрлі түрде оқуға кіріседі деп жоспарланған. Осылайша,  барлығы 211 мектепте 17 667 білімгер штаттық режимде оқитын болады.

Естеріңізге саламыз, ІІ тоқсанда ата-аналардың өтініші бойынша 4076 кезекші сынып ұйымдастырылған еді, ал ІІІ тоқсанда5, 9, 11 сынып оқушылары үшін де кезекші сыныптар ашылмақ.

«ІІІ тоқсаннан бастап 9 ,11 сынып оқушыларын аралас форматта оқыту, яғни аталған сыныптарда пәндердің 70 %-ін дәстүрлі түрде және 30 %-інқашықтықтан оқыту жоспарланды»,- деп хабарлады Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Маманқызы.

Бітіруші сыныптарда 3431 топ құрылып, 46 623 бала білім алса, 549 мектепте оқушылардың 72,6 % қашықтықтан оқуды жалғасытрады. Сонымен қатар, бала саны  300-ге дейінгі 171 мектептегі 31326  оқушыны дәстүрлі форматта оқыту жоспарланып отыр.

Айта кетейік, облыстағы 57 колледжде 28 274 студент  қашықтықтан оқып жатыр. Білімгер санының 90-200 аралығында болуына орай 10 колледж штаттық режимде жұмыс жасауға ауысып отыр.

Штаттық режимде оқытатын мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң түрде сақталмақ. Оқудың дәстүрлі түрге ауысуы қауіптің беті сейілді деген сөз емес. Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Сәкенұлының айтуынша, оқушылар арасында індет жұқтырғандардың саны 279-ға жеткен. Талдықорған қалалық бас дәрігерінің шешіміне сәйкес, эпидемиологиялық ахуалға байланысты Талдықорған қаласының мектептері мен гимназияларында онлайн оқу тағы 10 күнге ұзартылды. Яғни, Талдықорған қаласының кезекші және бітіруші сынып оқушылары үшін дәстүрлі форматта оқыту 21 қаңтардан басталады.

 

 

 

 

Оқылды 1197 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет