Жексенбі, 09 Мамыр 2021 20:55

Мың алғыс саған, майдангер!

Солтанбай Жарықбасов

Солтанбай Жарықбасов 1925 жылы 17 ақпанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алға ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтарында Ташкенттегі мергендер курсында оқып, сәуір айында әскерге аттанады. Забайкалье майданындағы 25-қызыл тулы механикаландырылған бригаданың құрамында 1-батальоны, 1-ротасының пулемет бөлімшесінің командирі болған. Жапондықтарға қарсы соғысқа қатысқан. 1950 жылдың сәуірінде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Алға ауылына оралып, колхоздың есеп комиссиясының төрағасы қызметін 1951 жылдың тамызына дейін атқарады.

1951 жылы Түрген педагогикалық училищесін, 1969 жылы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай бітірген. 1951 жылдың қыркүйегінен 1956 жылға дейін Алексеевка және Ключи орталау мектептерінде мұғалім болып істеп, 1956 жылдан Алға бастауыш мектебінің меңгеруішісі, оқу ісінің меңгерушісі, 1971 жылдан 1985 жылға, яғни зейнеткерлікке шыққанға дейін, мектеп басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 1992 жылдан бері Бәйтерек ауылдық округі ақсақалдар алқа-сының төрағасы болып, еліне еңбегін арнаудан жалыққан емес. Солтанбай атамыз бұл күнде аудан тұрғындарының алдында беделі жоғары,  Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, «Nur Otan» партиясының мүшесі. 1 дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойлық, мерекелік медальдарымен марапатталған ақсақал сегіз баласынан немере, немерелерінен шөбере сүйіп отыр. Өзінің үлкен әулетіне 2014 жылы Алматы облысы бойынша «Мерейлі отбасы» атағы берілді. Өмір жолы өнеге мен парасатқа толы қариямыз өзінің кіндік қаны тамған Алға ауылында ауылдастарының ақылшысы  болып ғұмыр кешуде.

Николай Савраев

Савраев Николай Григорьевич родился 6 сентября 1925 года в селе Сарыкамыш Ужанихинского района Новосибирской области.

До призыва в армию работал бригадиром поливной бригады колхоза «Коминтерн» Каргатского района Новосибирской области.  В 1943 году был призван в армию. Обучался в школе младших командиров (по охране особо важных объектов промышленности), в составе 22-го полка и 32-й дивизии воевал на Западной Украине, в Белоруссии, в 1944-1949 годах участвовал в борьбе с бандеровцами. Младший сержант. В 1944 году был контужен. В 1949 году демобилизован. С 1949 года по 1957 год работал заведующим МТФ, учетчиком полеводческой бригады колхоза «Ярославский», с  1957 до 1985 года, то есть до выхода на пенсию, работал водителем-механиком совхоза «Иссык» Енбекшиказахского района. Был членом КПСС.

Награжден орденом Отечественной войны, медалями «За Отвагу», «Маршал Жуков», «Ветеран труда» и  юбилейными медалями «20 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «40 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «60 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл». Проживает в селе Болек Болекского сельского округа.

Жылқыбай Тәжіқұлов

Тәжіқұлов Жылқыбай 1923 жылғы 10 қарашада Өзбекстанның Бұхара облысының Тамды ауданында дүниеге келген. Жастай жетім қалғандықтан 1933 жылдан Беруни ауданындағы «Естемес» балалар үйінде тәрбиеленген.

Беруни ауданында мал дәрігері мамандығы бойынша жұмыс істеп жүргенінде 1941 жылы әскерге шақырылады. Сол мезгілде Саратов облысының Пугачев қаласында кіші командир курсын бітіріп, соғысқа аттанады. Ерлігімен көзге түскен Ж.Тәжіқұлов 100-ші жеке атқыштар бригадасында батальон командирі болып, қол бастаған. Калинин қаласы мен Украина жерін азат етуге қатысқан атамыз қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметовамен бір полкте болып, жаумен шайқасқан. 1944 жылы оқ ұшқындары тигендіктен екі көзі көрмей, оң қолы тартылып жаралануына байланысты еліне оралып, ауыл шаруашылығында мал дәрігері болып 1967 жылға дейін қызмет атқарады. 1967-1989 жылдары аралығында зейнеткерлікке шыққанға дейін май заводында қойма меңгерушісі болып жұмыс істеген. «Красная звезда», 1 дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен,  «За отвагу», «За боевые заслуги» және 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған мерекелік медальдармен марапатталған. 7 бала, немере, шөбере сүйіп отырған қариямыз 2011 жылдың қараша айында отбасымен тарихи отаны Қазақстанға көшіп келіп, Алмалы ауылында тұрып жатыр.

 

Мұзапар Шәріпов

Мұзапар атамыз Ұлы Отан соғысына дейін Ташкенсаз ауылындағы «Қызыл-Шарық» колхозында жұмыс істеген. 1942 жылғы сәуір айында әскер қатарына шақырылып, Украина аумағында 365-жеке атқыштар дивизиясында, 1943-1944 жылдар аралығында 191-атқыштар дивизиясында автоматшы, пулеметші, нысанашы болып шайқастарға қатысқан. 1945 жылдың маусым айында Манчжурияға аттанады.

Армия қатарынан 1949 жылы елге оралып, 1952 жылға дейін аудандық жол құрылысында, 1954 жылға дейін аудандық құрылыс мекемесінде құрылысшы болады. 1954 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін «Социализм» совхозында ауыл шаруашылығының түрлі салаларында еңбек етеді. Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Маршал Жуков» медалімен және 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған мерейтойлардың мерекелік медальдарымен марапатталған. Еңбекшіқазақ ауданының Ташкенсаз ауылдық округінің Ташкенсаз ауылында тұратын қартымыздың 8 баласы, немере, шөберелері бар.

Оқылды 901 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет