Сәрсенбі, 28 Маусым 2023 16:42

Ақпарат майданының майталмандары

Марқұм жазушы Шерхан Мұртаза айтпақшы, «Жегені – жантақ, арқалағаны – алтын» журналистер халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханиятынан, қоғамның бүгінгі тынысынан хабар тарататын қалам иелері кәсіби мерекесін атап өтіп, мәре-сәре болатын күн де келді. «Жүргенге жөргем ілінеді» дейді дана халық.  Журналистер де – жолаушы. Өйткені, олар үнемі жол үстінде өткізеді бар өмірін. Олардың жүрген жерінен көрген-білген деректер ілінеді «қоржынына».

Журналист – қоғамдағы жақсылықты жар сала жаңғыртатын, жамандықты жер-жебіріне жеткізетін қаламгер, ақпаратқа толы майданның жауынгері. Жүрген жеріндегі жақсылық пен жамандықты қоғамға айна қатесіз жеткізетін тұлға. Журналист – билік пен халық арасындағы дәнекер. Дәрігер адам жанын арашаласа, журналист адам тағдырын арашалайды. Журналист – халықтың қызметшісі, жоғын толтыруға, барын бағалауға атсалысады.

Қазіргі таңда жалған ақпараттар легі жаңбырдан соң қаулаған саңырауқұлақтай кеңінен тараған заманда журналистер ақпараттың ақ-қарасын ажыратып, халыққа шынайы ақпаратты жеткізумен еленеді. Сол үшін олар бармаған жер, баспаған тау қалмай, дәлелді деректер жинауға, үнемі ізденісте жүреді. Міне, осындай құмырсқаның тірлігіндей тепеңдеп жүруі, бәрі-бәрі – ел игілігі үшін.

Қазақ баспасөзі ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысы аралығында қалыптасса, аудандық «Еңбекшіқазақ» газеті 1930 жылдың шілде айынан бастап жарық көре бастады. Яғни, бір ғасырға жуық аудан айнасына айналып, халыққа оның тыныс-тіршілігін жеткізіп, қуанышымен бөлісіп, кемшілігі болса, Шерхан Мұртазаша айтқанда, «ұлып айтпай, тіліп айтып», мінді сынап, түзеуге атсалысып келеді. «Еңбекшіқазақ» газетінде қаншама білгір журналистер еңбек етіп, қаншама бас редакторлар басқарып келді. Бәрін тізіп жатпасақ та, қазіргі бас редактор болып көп жылдан бері қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан Хайролла Қасымұлы Ахметжановты айтсақ та жеткілікті. Қаламы қарымды небір журналистер ауданның тыныс-тіршілігінде отымен кіріп, күлімен шығып, халық үшін аянбай қызмет етті. Олардың соңғылары қазір бейнетінің зейнетін көріп отырған Күләш Мадьярова, марқұм Мұрат Нақатаев, Баянды Закиров, тағы басқа да көптеген қаламгерлерді мысалға келтіруге болады.

«Жас келсе – іске» демекші, тағы да Шер ағаның ащы шындықты ашына айтқан «бір кем дүние» жазбасында: «Журналист – это қаранар, но мизерный гонарар» екеніне қарамай, асқан жауапкершіліпен уақытпен санаспай, атқаратын қиын жұмысынан қашпай, журналистика саласын таңдап, «Еңбекшіқазақта» еңбек етіп, еленіп жүрген Сардарбек Нұрадин, Игорь Туранин, Ерзат Асыл, Перизат Әбділ-Әшім, көрші Талғар ауданының жаршысы болып жүрген Перизат Нұрқаева, тағы басқалары редакцияның қара қазанын қайнатып жүрген қарымды қаламгерлер. Сондай-ақ, газеттің күйбең тірлігінен қашпай, компьютерде теруші, беттеуші Майя Акирбаева мен Индира Тоқмұрзаева, есеп-қисаптың маманы Раушан Тасыбаеваларды да атап өткен орынды. Бас редактордың ұстаздығынан тәлім алған көптеген журналистер қазір еліміздің түпкір-түпкірінде еңбек етіп жүр.

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, қоғамға газет те сондай қажет.

Журналист – қарапайым һәм нартұлға,

Дайын олар нардың жүгін артуға.

«Жегені – жантақ, артқаны – алтын», ол – рас,

Еңбегін елеп  журналист лайық айтуға.

Гүл шырынынан бал жинаған арадай, тынымсыз тіршіліктен қашпайтын құмырсқадай ақпарат майданында иықтаса, қатар шайқасып жүрген жауынгер әріптестердің төл мерекесі құтты болсын! Қаламымыздан қасиет кетпесін, қалқанымыздан қасірет өтпесін, шабытымыздың шыңына ұшқан құс жетпесін, еңбегіміз еленіп, құрметке бөленіп, жемісі мол ағаштай көктесін!

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 8322 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет