Жұма, 02 Қараша 2018 09:45

ЭКСПОдан кейінгі өмір немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығы деген не?

Бүкіл әлем көз тіккен EXPO – 2017 халықаралық көрмесіне арнайы салынған алаң мен зәулім ғимараттардың қазіргі хал-ахуалы туралы сұрақ кімге болмасын келгені рас. Қазір ол нысандар бос тұр ма? Әлде бір пайдаға асып жатыр ма деп ойланып жүргендер де баршылық. Жоқ, ол нысандар бос тұрған жоқ. Бүгінгі күні Елбасының Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» Ұлт жоспарында жүктеген тапсырмасымен 2018 жылдың қаңтарынан бастап Орталық Азия аумағында, ТМД кеңістігінде, жалпы Еуразиядағы алғашқы ірі жоба –  «Астана» халықаралық қаржы орталығы»(АХҚО) құрылды.

Бұл идея 2004 жылы елімізде қаржы орталығын құру туралы алғаш бастама көтерілгеннен туындаған. Сол бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіле бастаған. Себебі, мемлекетіміз сол кездің өзінде-ақ қаржылық хабқа айнала алатын қабілетін көрсеткен. Арнайы агенттік те құрылып, Үкімет пен Ұлттық банктің назары осы шараға мейлінше бағытталды. Басымдықты Алматы өңірлік қаржы орталығын дамыту жоспарына берді. Дегенмен, 2008-2010 жылдары белең алған әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан экономикамыздың әлсіреуінен оған мүмкіндік болмады. Саяси нақты шешімнің болмауының кесірінен тәуелсіз сот, ағылшын құқығы секілді ойлар жүзеге асырылмады. Бүгінгі халықаралық қаржы орталығы мен сол кездегі өңірлік қаржы орталығының арасы жер мен көктей. Бұл – бір-бірінен бөлек стратегия, мүлде өзгеше бизнес-жоба. 2015 жылдың желтоқсан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарихи бастама – «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы Конституциялық заңға қол қойды.

Мақсаты – инвестициялық климатты оңтайландырып, елге шет елдік қаржы құралдарын тарту. Жекешелендіру аясында «Самұрық-Қазына» иелік ететін отандық бірқатар ірі компанияларды тікелей және IPO мен SPO аясында халықаралық қор нарығына шығаруды көздейді.

АХҚО-ның негізгі міндеттері қаржылық қызметте инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына тікелей шетел инвестицияларын тартуға көмектесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету.

Орталықтың аумағында және оның қатысушыларына тек «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы Конституциялық заңның және оның органдары актілерінің нормалары ғана қолданылады деп жоспарланған. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіліп, қаржы орталығының ресми тілі ағылшын тілі болып белгіленді. Орталық органдарының актілері Англия және Уэльс құқығының қағидаттары мен нормаларына және әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына, бірінші кезекте Дубай халықаралық қаржы орталығының нормативтік құжаттарына негізделеді. Бұдан бөлек, «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында Орталықты  басқару жөніндегі кеңес, орталық қатысушыларының қызметін бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, яғни Ұлттық банктің ведомствосы,қызметті реттеу жөніндегі комитет, орталық әкімшілік, сот жұмыс істейді. ҰБ Төрағасының орынбасары АХҚО мен исламдық қаржыландыру жүйесі қатар дамитынын айтады. «Бұл біздің ерекшелігіміз болады. Исламдық қаржыландыру туралы заңнама осыдан біраз жыл бұрын қабылданып, қазір бір ислам банкі елімізде жұмыс істеп тұр. Біз ТМД кеңістігіндегі дәстүрлі классикалық банктер мен исламдық банк жүйесі қатар қолданылатын жалғыз мемлекетпіз. Қазір Қазақстанда исламдық банкке қатысты барлық жағдайлар жасалған», – дейді Қ. Қожахметов.

Қорытындылай келе, мамандар Орталықтың қызметі Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің нақты өсуіне септігін тигізетінін болжайды. Мәселен, Үкімет пен Ұлттық банк болжамы бойынша қаржы орталығының еліміздің экономикасына қосатын үлесі 2025 жылға дейін 40 млрд долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл бағыттағы жұмысты қолдаудың заңдық негізі қаланды. Ендігі міндет – жұмыстың сапалы атқарылуында.

Баспаға әзірлеген

Жансая ЫСҚАҚ.

 

Оқылды 2141 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…
Қаз 23, 2025

Диспенсерге арналған пластик…

Қазіргі таңда кеңселер мен ұйымдарда, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда диспенсерге арналған…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет