Мен, Бектеген Сәбит Төреханұлы, 1983 жылы 16 қазанда дүниеге келдім. 2000 жылы Тескенсу ауылындағы Жамбыл орта мектебін тәмамдап, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне түстім. 2004 жылы жоғарғы оқу орнын аяқтап, еңбек жолымды 2004 жылы Шиелі ауданы №46 орта мектебінде сызу пәнінің мұғалімі болып бастадым. 2005 жылы Алматы қаласындағы ҚР орталық мемлекеттік музейінің көркемдеуші дизайнері болып жұмысқа орналастым. 2008-2009 жылдары білім саласына қатысты баспа «Педагогика – Пресс» ЖШС-нің көркемдеуші-дизайнері болып еңбек еттім. 2013 жылға дейін «Президент және Халық» газетінде техникалық редактор болып қызмет еттім.
2014 жылы Тескенсу ауылдық округінің әкімі аппаратына жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы болып жұмысқа орналастым. 2015 жылы аталған округ әкімдігіне жетекші маман, 2018 жылы бас маман қызметіне тағайындалдым. 2025 жылдың 25 маусымынан Тескенсу ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып келемін.

Құрметті Көктөбе ауылдық округінің тұрғындары!
Мен 12 жыл мемлекеттік қызметте, оның ішінде ауылдық округті дамыту бағытында еңбек етіп келемін. Менің бағдарламамның барлық тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға, және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
– Округте әлеуметтік, білім, денсаулық сақтау, мәдени салаларының және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Көктөбе ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, заң нормаларына сәйкес, үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз ету.
– Округтің жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметімен округ өміріне маңызды мәселелерін белгілеу мен шешуге жергілікті қоғамдастықты тарту.
– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдайларды жасау.
– Ауыл шаруашылығы құрылымдарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру.
– Тұрғындарды жұмыспен қамтуға, бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалары қызметінің тиімділігін арттыру, оларға азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін көптеп тарта отырып, бизнестің қоғамға адал қызмет етуіне жағдай жасау.
– Жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асуын қамтамасыз ету. Жастардың жұмысқа қамтылуы мен орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру.
– Көпбалалы аналармен аз қамтылған отбасыларға мүмкіндігінше әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету.
– Ауылдық округтің саниятариялық тазалығын, абаттандыру мен көгалдандыруын, ауылдардың ішкі автомобиль жолдарын уақытылы әрі сапалы жөндеуді, оларды тиісті жағдайда ұстауды, ауылдық округтің ауылдарын көше жарықтандырумен қамтылуын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруды қамтамасыз ету.
– Халықтың мәдени шараларға көптеп қатысуын қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін мәдени шараларды ұйымдастыру, тұрғындар және жастар арасында бұқаралық спорт пен саламатты өмір салтын дамыту.
– Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, ауылдық округте құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыстар жүргізу, округ тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыру.
Құрметті сайлаушылар, бұл – менің Көктөбе ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде ұсынып отырған сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары. Сіздермен бірлесе округ өміріне маңызды мәселерді шешудегі жүзеге асыратын жұмыстарға мүмкіндік беретініне сенімім мол.



