Бейсенбі, 05 Ақпан 2026 09:40

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ауылдық округі əкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан үміткер Саменов Берік Даулеткелдіұлының 2026-2030 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

     Мен,   Саменов Берік Даулеткелдіұлы 1979 жылы 16 қазан күні дүниеге келгенмін.

     1998-2002 жылдары Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің «Экономист» мамандығы бойынша білім алдым.     

     2008-2009 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек селолық округі әкімінің аппаратының бас маманы-салық жөніндегі инспекторы; 2009-2012 жылдар аралығында Еңбекшіқазақ ауданының экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы; 2012-2022 жылдар аралығында Көктөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымдарын атқардым. 2022 жылдың 14 наурызынан бастап, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келемін.

Мен, Көктөбе ауылдық округінің ауылдық округі халқының тұрмыс-тіршілігін жақсы білемін, округтің өзекті мәселелерімен жақсы таныспын. Ауылдық округі әкімінің лауазымын атқарған уақытта, ауылдың қоғамдық-саяси ахуалын жақсартуға, экономикалық әлеуетін арттыруға жұмыс жүргіздім. Соңғы төрт жылда округімізде нақты өзгерістер орын алды.   2022 жылы Қызылжар ауылының дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы Қызылжар ауылының ауыз су жүйелеріне құрылыс және қайта құру жұмыстары жүргізілді, бүгінгі күні ауылға ауыз суды қосу мәселесі шешілуде. Сонымен қатар, Көктөбе ауылына жеке инвесторлар тартылып, газдандыру жұмыстары басталды.  2024 жылы Көктөбе оуылдық округінің әкімдік ғимараты салынып, қолданысқа берілді. 2025 жылы Төле би ауылында 450 орындық  және  «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша Алмалы ауылында 5,3 млрд. теңгеге 600 оқушыға арналған мектеп қолданысқа берілді.

Округ халқының ауылшаруашылық малдарын жаю үшін, жалпы ортақ пайдалану нысаналы мақсатымен 1072 га. жерге мемлекеттік актілері дайындалып, әкімішілік меншігіне өтті. Бүгінгі күнге округтегі барлығы 42 көшенің 24 көшесінде 888 жарықшам орнатылып, 34 көшесіне асфальт төселді. 

Ауылдарды электр энергиясымен қамту мәселесінде 2025 жылы, Қызылжар ауылы Т. Бокин көшесіне қуаттылығы 250 кв трансформаторлық қондырғы орнатылды.

Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында Төле би және Көктөбе ауылдарында  шағын футбол алаңдары, Қызылжар және Алмалы ауылдарында балалар алаңы салынды.

Алмалы ауылына баратын облыстық маңызы бар 3,8 км құрайтын тас жолы орташа жөндеуден өтті.

Ауыл шаруашылығы дақылдарына су үнемдеу технологияларын (тамшылатып суару) көлемі 212 га. енгізілді.

2022-2025 жылдар аралығында 770 млн. тенге инвестиция тартылып 8 нысан ашылып,  100-ге жуық адам жұмыспен қамтып отыр.

Төле би ауылының тау бөктерінде «Қыран» құсбегілік-аңшылық дәстүр орталығы жұмыс істейді. Жұмысшылар саны -10 адам. Қонақ жайлылығы – 150 адамға жуық.

Мені Көктөбе ауылдық округі əкімі етіп сайласаңыздар,

алдағы 4 жылда:

Көктөбе ауылдық округінің әкімі болып сайлансам, осы уақытқа дейінгі атқарған жұмысымның жалғасы ретінде округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан ары жаңа деңгейге көтеруге өзімнің бар күш-жігерімді  саламын.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы:

  • Көшелерді жарықтандыру;
  • Төле би және Көктөбе ауылдарын таза ауыз сумен қамту;
  • Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу;
  • Ескірген электр желілерін кезең-кезеңмен жаңарту, электр энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз ету;
  • Балаларға арналған ойын және шағын футбол алаңдарын салу; 

Әлеуметтік – экономикалық саласы

  • Стратегиялық бағыттарды құру арқылы округтің әлеуметтік жағдайын арттыру;
  • Халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін инвесторларды тарту;
  • Қызылжар, Алмалы, Төле би ауылдарын газдандыру бойынша инвесторларды тартуға ықпал ету.

         Сіздердің қолдауларыңызды алып, сайланған жағдайда, жоғарыда баяндалған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырамын!

 Құрметпен, Саменов Берик Даулеткелдыевич!

 

 

 

Оқылды 32 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 05, 2026

Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау…

Бұл норма сөз бостандығын шектеуге емес, жеке адамның құқықтарын қорғауға бағытталған.…
Ақп 05, 2026

Шетелдіктерге жер сатуға тыйымның…

Конституцияда шетелдіктерге жер сатуға тікелей тыйымның болмауы жерге бақылау әлсірейді…
Ақп 05, 2026

Қарулы күшті бірінші болып қолданбау…

Аталған қағидаттың Конституция мәтінінде жеке норма ретінде көрсетілмеуі Қазақстанның…
Ақп 05, 2026

Орыс тілінің мәртебесі қазақ тілін…

Конституцияның жаңа редакциясында қазақ тілі жалғыз мемлекеттік тіл ретінде нақты әрі…
Ақп 05, 2026

Жариялау арналары барлық азаматтарды…

Конституция жобасының ресми басылымдар мен уәкілетті органдардың сайттарында жариялануы…
Ақп 05, 2026

Үшінші Конституция оның құндылығын…

Конституцияны жаңарту немесе қайта қабылдау оның құндылығын әлсіретпейді. Керісінше, бұл…
Ақп 05, 2026

Конституцияны жедел және жабық…

Конституцияның жаңа редакциясын әзірлеу процесі қысқа мерзімде және жабық жағдайда өтті…
Ақп 05, 2026

Қазақстан халықаралық…

Жаңа Конституция жобасында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттардан немесе…
Ақп 05, 2026

Мемлекеттік тілді меңгеру туралы…

Мемлекеттік тілді меңгеру үшін жағдай жасау міндетінің Конституцияның жаңа редакциясында…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет