Мен Садибеков Нуртас Ыхласович, 1991 жылы 27 қарашада Еңбекшіқазақ ауданы Тауқаратұрық ауылында дүниеге келдім.
2010 жылы Таусүгір орта мектебін бітіріп, сол жылы Т.Рысқұлов аатындағы Қазақ экономикалық университетіне оқуға түсіп, 2014 жылы «Стандартизация, метрология және сертификация» мамандығын алдым.
Еңбек жолымды 2015 жылы Шелек ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман қызметінен бастадым. 2021 жылдың 31 желтоқсанынан аталған мекемеде бас маман қызметін атқарудамын.

Құрметті Көктөбе ауылдық округінің тұрғындары! Сіздердің қарауларыңызға ауылдық округтің әкіміне кандидат ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын. Менің бағдарламам тұрғындардың өмірі мен әл-ауқатының деңгейін арттыруға, ауылдық округтің тұрақтылығы мен өркендеуіне әкеледі деп сенемін.
Менің сайлау алды бағдарламамның негізгі бағыттары:
– Мемлекет басшысының назарында жүрген жұмысшы мамандардың қоғамдағы дәрежесін арттыру және оларға қолдау көрсетуді жүйелі жалғастыру.
– Ақпараттық технологияның шарықтау шегіне жеткен заманда барлық салада, әсересе ауыл шаруашылығында инновациялық технологияның пайдалануына жол ашу, осы бағытта шаруаларға қолдау көрсету.
– Азаматтардың әл-ауқатын, әлеуметтік, мәдени салалардың және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Көктөбе ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, сындарлы және жемісті ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
– Ауылдың жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметі, жергілікті бюджеттің қаржылық қаражаттарын шығынының басымдылығы туралы мәселелерді қоса ауылдық округтің ең өзекті мәселелерін белгілеу мен шешуге тұрғындарды тарту.
– Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, ауылдық округ тұрғындарының санасында «Құқық бұзушыларға нөлдік төзімділік» принципін дағдылау.
– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамытуға жағдай жасау, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен олардың жұмыспен қамтылуы үшін қолайлы жағдайларды жасау.
– Ауыл шаруашылығы құрылымдары қызметінің негізгі түрі егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру.
– Шаруа субъектілерінің өнімдерін шығару мен қайта өңдеуін арттыруға мүмкіндік беретін инвестициялық жобаларды іске асыру.
– Жастар мен ересек халықтың мәдени сауығын ұйымдастыру, спорт пен саламатты өмір салтын дамыту;
– Жастардың жұмыспен қамтылуы мен орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру.
Менің сайлау алды бағдарламамды Сіздермен бірге жүзеге асыру, ауылымызды ең үздік болмаса да, үздіктердің қатарына көшіруге мүмкіндік береді деп санаймын. Бүгін оған қол жеткізу үшін мемлекет Бізге барлық қажетті жағдайлар мен ресурстарды ұсынып отыр.



