Сәрсенбі, 15 Сәуір 2020 12:18

Індетпен күрес – баршамызға міндет

Індетпен күрес – баршамызға міндет mezet.kz

Елімізде коронавирус індеті таралғалы жағдайды бақылауға алу мақсатында елді мекендерді аралап жүрген ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров осы аптада ауданымызда болды. Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ, облыстың бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов, аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы бастаған жұмыс тобы алдымен карантинге жабылған саяжайдағы ахуалды бақылады.

Вирус ошағы анықталған жер толықтай полиция қызметкерлерімен қоршауға алынған. Көліктердің өтіп кетуіне шектеу қойылу үшін айналасына ор қазылған. Саяжай ішінде бірнеше патрульдік көлік жұмыс жасайды. Дезинфекция жүргізіліп, тұрғындарға карантин кезіндегі іс-әрекеттер түсіндірілуде. Карантинге жабылғалы саяжайға 2 жергілікті тұрғын кіргізіліп, бірде-бір адам сыртқа шығарылмаған. Тіпті, аудандық аурухана қызметкерлері да блок бекеттен бері өткізілмейді. Негізгі блок бекеттің кіре-берісіне карантин аймағының картасы жасалған. Әкімдік қызметкерлері көшедегі жағдайды дрон (квадрокоптер) арқылы бақылайды.

– Карантин аумағында дүкендер жұмыс істеп тұр. Бұрындары дәріхана болмаған бұл жерде екі дәріхана ашылды. Газ баллоны мен көмір тасушылар да жұмылдырылған. Мұндағы тұрғындар банкоматтың жоғын айтып шағымдануда. Бұл мәселенің де шешімін қарастырдық. Жақын арада блок бекеттің жанына бір банкомат орнатылады – деген аудан басшысы жағдайдың толықтай бақылауда екендігін жеткізді. Өз кезегінде Камалжан Талғатұлы вирус ошағын анықтап, шұғыл шара қабылдаған аудан басшыларына оң бағасын берді.

Төрт саяжай тұрғындарының жайымен танысқан вице-министр аудан әкімдігінде селекторлық жиын өткізіп, облыстағы аудан, қала әкімдері мен бас дәрігерлеріне қатаң тәртіпті сақтау керектігін ескертті.

– Мен министрдің орынбасары болсам да блок бекеттерде тексереді. Бұл – карантин кезіндегі барлығымызға ортақ заң. Ал бүгінгі барған кейбір ауданда жағдай өте алаңдатарлық. Тұрғындар көшеде медициналық маскасыз бір-бірімен жақын қарым-қатынаста. Қауіпсіздік ережелерін мүлдем сақтамайды. Көшедегі көліктің көптігі соншалық, кептелісте тұруға тура келді. Демек, бұл аудандардың жұртшылығы жағдайдың біз ойлағаннан да күрделі екендігін сезінбей жүр – деген Камалжан Надыров карантин ережелерін қатаң сақтауды тапсырды. Өзінің әріптестеріне де ескерту жасады вице-министр.

– Қорғаныс құралдарын әлі күнге қалай қолдану керектігін білмейтін ақ халаттылар бар. Бас дәрігерге ескертсе, үйретеміз деумен шектеледі. Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы 1 айдан асты. «Үйреніп жатырмыз» деген бос сөзбен шектелуді тоқтатып, нақты іске кірісуіміз керек. Өздеріңіз білесіздер жауапсыздықтың салдарынан Алматыда бүтін бір аурухана карантинге жабылды. Ал мемлекетімізде коронавирус жұқтырған әрбір төртінші адам медицина қызметкері. Ертең денсаулық сақтау мекемелерін шетінен карантинге жапсақ не болады? Банк немесе базар жабылса күн көруге болады. Індет жайлаған заманда емханасыз дертті жеңуге мүмкіндік жоқ – деген Камалжан Талғатұлы ел сенімін ақтау жолында талмай күн-түні тер төгіп жүрген медицина мен полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, қорғаныс құралдарын уақтылы жеткізіліп тұруын тапсырды облыс әкімінің орынбасарына.

Селекторлық жиын барысында кейбір өңірлерде ысырапшылық болып жатқандығы айтылды. Вице-министрдің сөзінше, асфальтты дезинфекциялық ерітінділермен жуудың мүлдем қажеті жоқ. Асфальт арқылы коронавирус жұқтыру үшін адам ол жерді қолымен ұстап немесе тілімен жалауы тиіс. Сондықтан, көшелерде шаң көтерілмес үшін жай су шашып өтудің өзі жеткілікті. Ал үнемделген дезинфекциялық заттармен банк бөлімшесі, подъезд, аялдама, дүкен, дәріхана сынды адам көп жиналатын қоғамдық орындардың айналасын залалсыздандыру қажет. Сонымен қатар, медициналық маскалар мен дәрігерлердің қорғаныс киімдеріне бүкіл әлем бойынша тапшылық туындап отырғандығын айтқан Камалжан Талғатұлы тігін цехтарын іске қосып, бірнеше рет қолданылатын қорғаныс заттарын тігуді тапсырды.

Сөз соңында үстемақы мен сыйақы өз өмірін бәйгеге тігіп, өзгенің өмірі үшін күресіп жүрген барлық медицина қызметкерлеріне берілетіндігін жеткізіп, аудан әкімдігіне бақылауды тапсырды. Індетпен күресте жұдырықтай жұмылуға шақырды.

– Бүгінгі таңда әлемдегі жағдайдың қаншалықты күрделі екендігін азаматтарға түсіндіруіміз керек. Жауапсыздықтың салдарынан қаншама адамның өміріне қауіп төнеді. Бір ғана мысал, кешегі Қызылорда облысындағы жағдай. Саусақпен санарлық қана науқас тіркелген облыс бір күннің ішінде еселеп өсіп, "алдыңғы" қатардан бір-ақ шықты. Сондықтан, жақын арада экспресс-тесттер арқылы тұрғындарды жаппай тексеру керек. Дертті жұқтырғандарды анықтаудан қорықпаңыздар. Керісінше, қарқынды жұмыс жасап, індеттің бетін қайтаруға тырысайық – деді вице-министр.

Түрген ауылының жоғарғы жағында, тау бөктерінде орналасқан «Денсаулық» шипажайында ауысымнан шыққан дәрігерлер мен медицина қызметкерлері демалуда. Әріптестерімен кездесуге арнайы барған Камалжан Талғатұлы ақ халаттыларға алғысын білдірді:

– Қазіргі уақыттағы көзге көрінбейтін жаумен күресте алдыңғы шепте ерлік көрсетіп жүрген сіздердің еңбектерінің ұшан-теңіз. Сіздер – бүгінгі күннің батырларысыздар. Осы қарқыннан таймай, вирусты жеңуге, халқымыздың саулығы үшін күресуге бар күштеріңізді салыңыздар. Еңбектеріңіз еленбей қалмайды – деген Камалжан Надыров шипажайды аралап көрді.

Бүгінде 50 медицина қызметкерлері жатқан сауықтыру орталығында барлық жағдай қарастырылған. Фитнес залы, жабық бассейн, емдеу орталығы. Ақ халаттылар бос уақытында таза ауамен тыныстап, денсаулықтарын қалыпқа келтіреді.

Жұмыс сапарының соңы Есік қаласында орналасқан аудандық  көпсалалы ауруханасында жалғасты. Мекеменің бас дәрігері Жамиля Абеуованың айтуынша, бүгінде поликлиника жабылған. Дәрігерлер үйден жұмыс жасауда. Ал қабылдау бөлімі мен фильтр қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Коронавирус індетін жұқтырған науқастар бөлек ғимаратта орналасқан инфекция бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы дәрігерлердің қатаң бақылауында.

Денсаулық сақтау мекемесін аралап, жұмыс барысымен танысқан арнайы топ оң бағасын берді. Әсіресе, дәрігерлерге жасалған жағдай, қабылдау бөлімі мен фильтр талапқа сай жасақталған.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 1183 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…
Маус 26, 2025

Ақпарат айдынында

28 маусым күні елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді.…
Маус 26, 2025

Көз көрген

1992 жылы Тәуелсіздігімізге жыл толды. Өзіміздің Ата заңымыз, Ел басымыз, Мемлекеттік…
Маус 26, 2025

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі…

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен…
Маус 26, 2025

МВД: Пранки не повод нарушать закон

Министерство внутренних дел обратилось к "пранкерам", передает Polisia.kz. - Уважаемые…
Маус 26, 2025

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, -…
Маус 25, 2025

Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың…

Алматы облысында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарының…
Маус 24, 2025

Алматы облысы әкімінің өкімімен…

Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Нархоз университетін…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет