Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 12:05

Сабырлық – басты қару

Әлемді әуре-сарсаңға салып, күллі жұрттың жүрегін алған пандемиямен күрес – күн тәртібінде күйіп тұр. Әлбетте, мемлекетіміз үшін адам және оның өмірі бірінші орында. Сол себепті, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекетіміз бойынша төтенше жағдай жариялады. Бұндағы мақсат та көпке айқын: коронавирус дертінің кең етек алуына жол бермеу.

Иә, қазір түрлі әлеуметтік желілерде, БАҚ беттерінде коронавируспен күрестің түр-түрін ұсынуда. Әр елдің бұл дертпен әлек болған сәттері де жариялануда. Әйткенмен, қазақ қанында есте жоқ ескі замандардан қалыптасқан қағидат бар. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деп екі ауыз сөзге сыйғызған дала даналарының сөзі қазіргі дертпен күресте ұран болуы тиіс. Еліміз боп «Біз біргеміз!» деп аттандауымыз да тегін емес. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын сәт туды. Осы күнге дейін еліміздің берекесін кім алғысы келмеді, сырттан жау, іштен дау туғызуға әрекет еткендер де сазайын алды. Бәріне емші – уақыт. Хакім Абайдың: «Ауруды жаратқан Алла, ауыртқан Алла емес» деген ұлағатты ойын қаперге алыңызшы осындай қысылтаяң сәтте. Шынында, адамзаттың мазасын алған вирус-пен болған майданның басты қаруы – сабырлық. Біз қазір әр отбасы өз өміріне өзі жауапты болған кезеңде тұрмыз. Бұл ту көтеріп, қол жинап атқа қонатын емес, отбасы, ошақ қасында болатын сәт. Тарихты парақтасақ, қазақ ұлысы оба мен сүзекті, шешекті бастан кешірген ел. Ошағынан ұзап шықпай, отбасын сақтады. Қазір бізге індеттің алдын алатын бірден бір ем осы. «Сабырлы болсаң озарсың, сабырсыз болсаң тозарсың» демей ме дана қазақ. Ендеше, сабырлық сынға түскен майданнан бірге өтейік, жерлестер.

 

Бекет АХМЕТОВ,

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаты.

Оқылды 1380 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет