Жұма, 25 Қыркүйек 2020 15:13

Шоқпаров Дәулет Дәркембайұлының Nur Otan партиясының праймериз науқанына ұсынған бағдарламасы

 

Мен киелі  Жетісу жерінде 1975 жылғы 30 қыркүйекте дүниеге келдім. 1994 жылы Абай атындағы Мемлекеттік университетін  «көркем-сурет графика» мамандығы бойынша тәмамдадым.

2000 жылдан бастап облысымыздың мәдениет саласында жемісті еңбек етіп келемін. 2007 жылдан бастап, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылында «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейін» құрып, басқарып келемін. Қазақтың ұлттық қолөнерін тек Қазақстанға ғана емес, шетелдерге насихаттап,  республика атынан Халықаралық көрмелерге қатысып, аудан, облыс атынан жылжымалы көрмесін жасақтап,  мәдени іс-шараларда белсенділік танытамын. Төл өнерімізді паш ету арқылы, туризм саласын одан әрі дамытқым келеді.

Алматы  облысында да шешімін күткен мәселелер жетіп-артылады. Сондықтан алғаш рет өткелі отырған праймеризге қатысып, түйткілді мәселелердің шешілуіне жол ашқым келеді.

Бүгінгідей күрделі  кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы түсінемін.

Алматы облысында мынадай өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға жұмыс атқаратын боламын:

  1. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы облыс тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға күш салу.
  2. Шағын және орта бизнесті дамыту облыс экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда қолөнер саласымен айналысып, өзінің кәсібін аша алмай отырған шеберлерге қолдау көрсету.
  3. Жастар – мемлекеттің болашағы. Nur otan партиясы мен оның «JasOtan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетеді. 2025 жылға қарай біздің міндетіміз – жұмыспен қамтуды жолға қою, жастарды ауылдық жерлерге тарту және бекіту, олардың шығармашылық тұрғыдан әлеуетін дамыту.

Жастарды қолөнер саласына тарту мақсатында қолөнер мектебі мен қосымша білім беру орталықтарын құру.

Жергілікті жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту;

– «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша  жас жанұялар мен әлсіз отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету; – Денсаулық сақтау мен білім берудің үздік әлемдік стандарттарына қол жеткізу; Ауылдық мәдениет, клуб ұйымдарына жастарға арналып үйірмелер ашу.

Қолөнері – халқымыздың мәдениетінің айнасы. Ал мәдениет халқымыздың материалдық және рухани қазынасы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өркениеттің дамуы мен өсуі бастау алар түп тамыры. Яғни, әр халықтың өзге халықтардан ерекшелігі осы мәдениеті арқылы көрініс табады.

Мәдениетіміздің көркем бейнесінің бір бөлігі еліміздегі музейлер экспозициясынан орын алған. Қазақ ұлты туралы дерек беретін өнер ордалары еліміздің түпкір-түпкірінде баршылық. Жастарымыздың ата-баба дәстүрін ұмытпай, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуі олардың ұлттық тәрбие алуынан бастау алады. Жастарымызға ұлттық тәрбие беру көзі өнер ордалары  еншісінде.

  1. Музейлер мен кітапханалар жұмысын жандандыру; Ауылда мәдениет үйлерін ашу; Өлкеміздің бай тарихы мен мәдениетін насихаттау мақсатында көрнекті орындар бойынша өлкетану экспедицияларын өткізу; Этномәдени және діни бірлестіктердің бірлікті, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту жөніндегі қызметін қолдау; Тарихи-мәдени мұраны сақтау және өнер салаларын дамыту.
  2. Бұқаралық спорт үшін жағдай жасау. Партия алдағы бес жылдағы өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты спортпен жаппай айналысуға тартуға бағыттайды. Ол үшін ауыл, аудан, облыс бойынша спорт кешендерін тұрғызу, Бұқаралық спортты насихаттау мақсатында турнирлер өткізу.

Сондықтан мен жерлестерімді алдағы сайлауға бір кісідей белсене қатысып, елімізді дамытудың көш басында келе жатқан Nur otan партиясына, осы саяси партия  ұсынған кандидаттарымызға дауыс беруге шақырамын.

 

Оқылды 1077 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет