Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2020 12:16

Келісіп пішкен тон келте болмас

Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қабылданған өзін-өзі басқару жүйесі бүгінде елді мекендердің көркейіп, дамуы жолында ерекше рөл атқаруда. Билік пен халық арасына алтын көпір салған жүйе ауданымыздағы ең ірі ауылдық округ – Шелектің әлеуетін арттыруға үлкен жол ашты.

Заңға сәйкес, округімізде жергілікті қауымдастық құрылып, мүшелері ауыл тұрғындары арасынан сайланды. Әртүрлі сала өкілдерінен құралған қауымдастық мүшелері округтің мәселелерін шешуде белсене атсалысуда. Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты алдағы уақытта атқарылар жұмыстар бойынша жиын өткізіп, қауымдастықпен кеңеседі. Былтырғы жылдан үнемделген 35 млн 998 мың теңге қауымдастықтың келісімімен ауылдағы санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізуге, көшелерді жарықтандыруға, әкімдікті керек-жарақтармен жабдықтауға, округті абаттандыру мен жарықтандыруға бөлінді.

Осы күнге дейін қауымдастық отырысында округтегі өзекті мәселелер көтеріліп, бірқатар мәселелер оң шешімін тапты. Биыл шелектегі тарихи-өлкетану мұражайы ағымдағы жөндеу-ден өткізілуде. 1902 жылы іргетасы қаланған мәдениет ордасы бай көпестің үйі болған. Кейіннен, мектеп ғимараты, білім бөлімі, интернат болған нысан 1985 жылы 5 мамырда Шелек тарихи-өлкетану мұражайына берілген. Содан бері тұрғындардың, әсіресе, жастардың рухани азық алатын ордасына айналған мекемені жөндеу қауымдастық жиынында көтерілген еді. Бүгінде Шелек өңірінің тарихынан сыр шертіп тұрған нысанның құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Одан бөлек, қаншама жас мамандарды қанаттандырып, кәсіптік білім беріп жүрген Шелек политехникалық колледжінің ғимараты ескірген. Бұл мәселе де ауылымызға жаны ашитын азаматтарды бейжай қалдырмады. Аудан әкімдігінің қолдауымен осы жылы бюджеттен 1 млрд 194 млн теңге қаржы бөлінді күрделі жөндеу жұмыстарына. Тендер арқылы 947 млн теңгені ұтып алған мердігер «ПСК» градцентр» ЖШС құрылысты бастап та кетті. Қазіргі кезде сейсмикалық күшейтуге сараптама қорытындысын алып, жұмыс қарқынды жүргізілуде. Құрылыс алаңында 70 адам жұмыс істеуде.

Осы күнге дейін Шелек округі ғана емес, осы өңірдің тұрғындарының арманына айналған Шелек ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын. Ендігі, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша аурухананың қосалқы шаруа-шылық ғимаратын жөндеу мен абаттандыру жұмыстарына бөлінген 156 млн теңге қарастырылып, мердігер «Сантехмонтаж» ЖШС  бүгінгі күні жұмысты аяқтауға жақын.

Оқушылардың қауіпсіздігі мен оларға қолайлы жағдай туғызу қауымдастық отырысының күн тәртібінен тыс қалған емес. Аталған бағдарлама аясында қазіргі уақытта Т.Кенжебаев атындағы және А.Розыбакиев атындағы орта мектептердің ішінен дәретханалар салынуда. «Су КВП» ЖШС-і Шелек ауылының Абай көшесіне 15 млн теңгеге түн мезгіліндегі жарықтандыру шамдарын бағаналарымен орнатып, электр желілерін тарту жұмыстарын жүргізуде.

Шелек ауылының 6 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына бөлінген 25 млн теңге игерілді. Бұл бағытта Торғайбаз ауылында да жұмыстар атқарылуда. Жөндеу барысында ауыл тұрғындарының сын-пікірлері ескеріліп, округ әкімі, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысымен кездесу ұйымдастырылды. Мердігер компания жөндеу барысында жіберген олқылықтардың орнын толтыруға міндеттелді.  Осы бағытта Май ауылына да 35 млн теңге бөлінген. Мердігер «Даракомпании» ЖШС жолдағы құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы да округіміздің көркеюіне жол ашуда. Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Нұрпейісова, Дружба көшелері және бұрындары жөндеу көрмеген 11 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 934 млн теңге бөлінді. «Алатау АИС» ЖШС тендерді 825 млн теңгемен ұтып, құрылыс жоспар бойынша жалғасуда. Осы бағдарлама аясында Х.Бижанов атындағы орта мектепке 517 млн теңге бөлініп,  «Многопрофильная компания Достар» ЖШС мердігер атанды. Бүгінгі таңда нысанда 84 адам жұмыс жасап, құрылыстың 80 пайыздан астамы орындалды.

Аталған жұмыстардың барлығы бір жылдың көлемінде округ аумағында атқарылып жатыр. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды». Шешімін тапқан бұл мәселелердің барлығы да қауымдастық отырыстарында көтеріліп, ұсынылған болатын. «Келісіп пішкен тон келте болмас» – демекші, тұрғындармен бірлесе атқарылған жұмыстар оң нәтижесін беруде.

 

М.БЕКТАСОВ,

Шелек ауылдық округі

әкімінің м.а.

Оқылды 993 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Когулов Аскар Турсбекович 1983 жылы 26 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында Бижанов…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен, Сарсембеков Нұрбек Жұматайұлы 1 қыркүйек 1977 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы,…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен, Мухадиев Құдайберген Әкімханұлы 1982 жылы 21 тамыз күні дүниеге келгенмін. 2000-2004…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Сөгеті ауылдық округінің тұрғындары. Мен Дулатов Арман Бакытович, 1971 жылы 14…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Байтилеуов Айдын Сарсенбаевич, 1992 жылы 27 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы, Есік…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет