Заң – алаңсыз өмір сүруіміздің өлшемі. Ол неғұрлым қараша халыққа жақындаған сайын тұрмыс түзеледі, түрлі ішінара кемшіліктер күзеледі. Осы ретте 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақы тағайындау методикасы өзгермек. Бұл турасында аудан әкімдігінің мәжіліс залында кеңейтілген отырыс өтті жақында. Оған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өндірістік қызмет үйлестіру жөніндегі басқарушы директоры Біржан Жүнісов, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Зиядин Агибетов, «ӘТВЕО» департаментінің Алматы облысы бойынша директоры Гүлшат Баешева және аталған департаменттің Еңбекшіқазақ аудандық бөлімшесінің басшысы Жазира Муханбеденова қатысты. Отырысты аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев жүргізді.

Күн шығып, ай жүзуін тоқтатпаса тіршілік те жалғасады. Сол секілді әр сәттегі қилы қимыл-қозғалыстар заңдық тұрғыдан таразыланатыны тағы бар. Айталық, қазіргі уақытта барлық зейнеткерлер еңбек өтіліне қарамастан базалық зейнетақыны төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын яғни, 14466 теңге мөлшерінде алса, 1 шілдеден еткен еңбек, төккен тері сараланатын болады. Яки, егер адам тұрақты жұмыс істесе және зейнетақы қорына 10 жыл аударымдар жүргізсе немесе мүлдем жұмыс жасамаса, онда оған төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайыз мөлшерінде базалық зейнетақы ғана тағайындалады. Ал еңбек өтілі 10 жылдан асса, әр жылына базалық зейнетақы 2 пайызға ұлғаймақ. 20 жыл еңбек өтілімен – күнкөріс деңгейі 74 пайыз, еңбек өтілі 33 жылдан асса, ең жоғарғы зейнетақының иегері атанады. Бұл турасында сала мамандары бүге-шігесіне дейін түсіндіріп өтті.

«Зейнетақыға жиналған қаржы қорын қашан алуға болады?» деген сұраққа:

Зейнетақыға жиналған қорды тек үш жағдайда ғана ала аласыздар: бірінші – азамат шетелге көшер алдында, екінші – қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің алуы-на және үшіншісі – зейнетке шыққанда. Алайда, ол базалық зейнетақысына қосылып ай сайын беріліп отырады» деді Біржан Уәлиұлы. Бұдан да өзге бірқатар жеке сұрақтар қойылып, мамандар оң жауабын берді.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Жақында Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінде әскери саладағы өзара әріптестік аясында АҚШ елшілігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы бас комитетінің ұйымдасыруымен кинолог мамандарды даярлауға арналған оқыту курсының жабылу рәсімі өтті.

Есірткімен күрес бүгінгі күнде актуалды әрі аянбай күш салатын сала. Еліміздің өзге де күштік құрылымдарымен қатар Ұлттық ұланның жауынгерлері бұл қоғамды жауыр еткен жағымсыз құбылыспен қызмет-тік иттер көмегімен күресіп бағуда. Иттерді арнайы есірткі іздеуге үйрету ісі Ұлттық ұланның қолбасшылығымен 2012 жылдан бастап қолға алынды. Бір ғана 2017 жылы кинолог мамандар қызметтік иттердің көмегімен 104 келі есірткі заттарын тәркілеген. Иттің иіс сезгіш қабілетін ешбір құрал алмастыра алмайтындығын айғақтаса керек осы көрсеткіштер. Осы себепті кинолог мамандардың және қызметтік мақсатта пайдаланылатын иттердің бабында болуы да өткір мәселенің бірі.

Сонымен қатар, есірткі мен күрес – шет ел мамандарын тартып, әскери салада әріптестік орната отырып, тәжірибе алмасуға, сөйтіп, күрес алаңының ауқымын кеңейтуге болатын сала. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибені және жаңа технологияны меңгерген маман ел шебіне есірткі жолатпайтыны анық.

Осы себепті, Ұлттық ұланның бас комитеті және АҚШ елшілігі өзара әрпітестік орнатқан. Қазақстандағы АҚШ елшілігінің консулы Майкл Сноуден әскери саладағы әріптестік аясындағы, есірткімен күрес жөніндегі бағдарлама басшысы майор Кристофер Кент, нұсқаушы кинолог мамандар Брюс Гудейл, Скот Зайтнератбасынарнайы 6654 әскери бөліміне бұрған. Оларбір ай бойы таңдаулы ел мамандарымен итті баптау, тәсілдерін өзара пысықтаған.

Жиыннның ашылу салтанатында сөз сөйлеген 6654 әскери бөлімінің командирі полковник Бағдәулет Оспанбеков: «Есірткі – әсіресе, жас буынның, ел келешегінің еркін өсіп-жетілуіне кедергі болатын кесел. Ел шебіне енген сәттен үлкен қасірет арқалай келетіні баршамызға аян. Демек, біз – әскери сала мамандары Отан қорғаушылар ретінде есірткімен оның таралу жолдарымен аяусыз күрес жүргізуміз қажет. Аталған оқыту курсы да өзара әріптестік аясында қызметтік иттер мен кинолог мамандардың біліктілігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осы орайда, қызметтік иттер – бабына сәйкес ешбір құрылғы теңесе алмайтын, есірткімен күресуде алғы шептің жауынгерлері. Оларды барынша бабында ұстау ұландықтарға жүктелген міндет» – деді.

АҚШ мамандары болса алғы сөзді қазақ тілінде бастап: «Ұландық жауынгерлер көздерінде от ойнаған «сен тұр, мен атайын» дейтін алғыр әрі қайсар жандар. Бұған көзіміз әбден жетті. Есірткімен күрес – ортақ майдан. Ұландық жауынгерлер емен өзара тәжірибе алмасу есірткі айналымын бүгінгі таңда еңтиімді күрес құралықызметтік иттер көмегімен бірігіп жеңуге болатындығын айғақтап отыр» – деп, Ұлттық ұланның қолбасшылығына және әскери бөлім командиріне алғыс білдіріп арнайы алғыс хаттарын табысетті.

Осыдан кейін, әскери бөлімнің кинолог мамандары өз өнерлерін ортаға салды. Ит жауынгерлік қызметтің барлық саласына қатысатындығы осы бір көріністен анық аңғарылады. Патруль жасағы бейтаныс күдіктік өлікті тоқтатты. Көліктен түскен жүргізуші не үшін тоқтаттыңыздар? деп жасақ бастығына ашулы кейіппен қарап тұр. Осы сәтте қызметтік иткөлікті айнала тұмсығы мен тінтіп жасырынған есірткіні сезген бойда тыпыршып үре жөнелді. Қылмысы әшкереленген көлік жүргізушісі қаша жөнеліпеді, неміс овчаркасы дереу қуып жетіп құлатып, талай жөнелді. Ол, ол ма?. Көліктің артқы есігінен қаруланған тағы бір қылмыскер қаша жөнеледі. Қашып бара жатып қаруын жасақ мүшесіне көздеп атып үлгереді. Бірақ, жасақ мүшесі жата қалып қарсық имыл жасамақ болған сәтте әлгі неміс овчаркасы қылмыскерді сұлатып салып талап жатады. Әсерлі әрі әдемі көріністер көпшілікті тәнті еткенімен қоймай, кинология қызметінің мәні мен маңызын аша түсті.

Жиын соңында АҚШ мамандары ұландық кинологтарға қызметтік иттерге керекті бұйымдар мен заттар сыйлады. Арнайы оқу бағдарламасын бітіргендігі жөнінде сертификаттармен марапаттады. Ал АҚШ мамандарын Ұлттық ұлан бас комитетінің жауынгерлік қызмет басқармасының басшысы полковник Баатыр Бамбуков марапаттап, қолбасшылықатынан алғысын білдірді.

 

Әділет САРЫБАЙ,

Қаракемеркенті 6654 әскерибөлімің кіші

сержанты.

Бейсенбі, 29 Наурыз 2018 16:31

Бала тағдыры – қоғам тағдыры

Жақында Р.Тоқатаев атындағы орта мектепе аудан әкімі жанынан құрылған кәмелеткетолмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Тәртіпке бағынбай, бұзақылық жасаған жеткіншектер мен жауапсыз ата-ананы тезге салатын жиынға комиссия төрағасы Айбек Бидаев қатысып, 6 мәселе қаралды.


Алдымен дүкеннен ұйымдасқан түрде ақша жымқырған шелектік оқушы-лардың мәселесіне үңілді комиссия мүшелері. Үлкені 2001 кішісі 2005 жылы туылған 4 бала мектеп жанын-дағы дүкеннен «Роллтон» мен сағыз сатып алуға кірген. Сатушы аталған заттарға назар аудара бергенде балалардың біреуі ұсақ тиын толған құтыны алып, қасындағыларға берген. Осылайша, ұрланған 3700 теңгеге жуық ақшаны төртеуі бөлісіп алған. Жасаған қылмыстарына өкінетіндігін айтқан жеткіншектерге комиссия мүшесі, заң және мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы Байғазы Жайлаубаев ұрылардың заң жүзінде қандай жаза арқалайтындығын түсіндірді. Айта кетейік, балалар негізінен ата-әжелерінің қолында тәрбиеленеді. Сондық-тан болар, жиналысқа бірде-біреуінің әкесі не анасы қатысқан жоқ. Жауапсыз ата-аналарға міндеттеріне салғырт қарағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін. Ал оқушылар комиссия шешімімен мектеп пен психологтың бақылауында болады. Осыған ұқсас оқиға Есік қаласында да тіркелген. Бұл жолы Райымбек батыр атындағы орта мектептің оқушысы біреудің ауласына ұрлыққа түсіп, құны 15 мың теңге болатын азық-түлікті қолды қылған. Бүгінде екі тараптың өзара келісімге келуімен іс тоқтатылған. Алайда, мектеп инспекторының айтуын-ша, 16 жастағы жасөспірімнің қатысуымен болып отырған бірінші құқықбұзушылықемес. Бала осыған дейін де есепте тұрған. Ата-анасын жауапқа тартайын десе, анасының құжаттары жоқ.

Сәйкесінше, балаларының да құжаттары дұрыс емес. Осыған орай, комиссия төрағасы құжат мәселесін реттеудікөші-қон полициясына, оқушыны психологтардың қарауына тапсырды.
Әке-шешесінің шашын ағарт-қан 15 жастағы қырбалтабайлық баланың да мәселесі қаралды. Бірнеше күн үйіндеқонбайды, мектепке де бармайтын оқушы өзінен әлдеқайда үлкен 55-60 жастағы адамдармен араласады.

Ұстаздарының айтуынша, бала жаңа оқу жылынан бері 34 күн сабаққа қатыспаған. Алайда, мектепте тәртібі жақсы,балалармен жаға жартыспайды. Ал анасы мектепте көрсетпеген қылығын үйде жасайтынын айтады. Кейде, тіпті,апталап үйге қонбайды. Осыны жеткізген анасы жеткіншекті арнайы мектеп-интернатқа жіберулерін өтінді комиссиямүшелерінен. Баласы да соны қалайтын көрінеді. Жағдайға қаныққан комиссия мүшелері бірауыздан оқушыныарнайы мектеп-интернатқа жі-беру керек деген шешім шы-ғарды. Ал оқушы оған дейін полиция қызметкерлерініңқатаң қадағалауында болады. Ал Бәйтерек ауылынан келген оқушының жағдайы керісінше, балалар үйіне барғысыкеледі. 14 жастағы Саша бұрындары да балалар үйінде тәрбиеленген. Әкесі түрмеден шыққан соң баланы өзқарауына алған. Бірақ, ұстаздарының айтуынша, Саша мектепке үнемі дайындықсыз келеді, киімдері де кір болыпжүреді. Әкесі араққа тойып, шу шығаратын көрінеді. Сондықтан, Саша балалар үйіне қайта баруды жөн көріпті.

Комиссия мүшелері әкесімен де, баласымен де сөйлесіп, әкелік құқығынан айыруды жөн санады. Ал Саша бұрынғыдостарымен қайта қауышатын болады.
Комиссия отырысына өзінің биологиялық әкесімен келген Дарьядан туған анасы бас тартқан. Ал әкесінің әкелігін растайтын құжат жоқ. Қызды балалар үйіне өткізуге анасының құжат жүзінде бас тартпауы кедергі болуда. Анасыбүгінде үшінші күйеуімен Алматы қаласында тұрады. Дарьяның бір әкеден туған сіңілісі де бар. Оның анасы 25 ақпанда қайтыс болған. Бірақ, қайтыс болу жөніндегі құжаттарын ешкім рәсімдемеген. Салдарынан, қызды балалар үйіне өткізу мүмкін болмай отыр. Барар жері жоқ бала бірнеше күннен бері Бәйдібек би ауылындағы емханада жатыр. Осы жағдайға байланысты Айбек Бидаев құзырлы органдарға міндеттер жүктеп, құжат мәселесін тез арада
шешуді тапсырды.

Сардарбек НҰРАДИН.

 

Бейсенбі, 29 Наурыз 2018 16:16

Ақ мол Сапар оң болсын!

 

Аудан орталығындағы Тұманбай Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің алаңында өткен наурызтойға келген-дердің қарасы биыл ерекше көп. Көгорай көктемнің шуағына шомылған қараша халықтың да көңілдері көтеріңкі. Бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін бөлісіп мәз-мейрам. Бастысы, қаһарлы қыстан аман шыққанына, несібелі көктемге жеткеніне шүкіршілік айтты.


Салтанатты шарада алдымен Қыдыр ата батасын берді. Кейіннен аудан басшысы Бинәлі Ысқақ тұрғындарды жыл басымен құттықтады. Өткен жылғы бағындырған белестерді бағамдады, жаңа жыл елімізге тек жақсылығын әкелсін деп ақ тілегін ақтарды.

Тарихи тамырын сонау тереңнен тартқан Ұлысты күн – «Қазақтың қазақ болғанда өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – наурызнама» – деген Мәшһүр Жүсіптің сөзі, бүгінгі ұрпақтың еншісіне бұйырған – бабалар сыйы туралы айтқан айшықты дәлелі сияқты.

Басымызға өз бөркімізді кигелі бері, әлемді көк өгіз мүйізі-мен көтеріп тұрған айдағы, тіршіліктің төл мерекесін асыға күтеміз. Өздеріңіз білетіндей, биылғы жыл, келешекті бағдар-лап, жаңа жақсылықтарға жете-лейтін ұлттық екі жоспардың қабылдануымен басталды.

Біріншісі – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәстүрлі «Төр-тінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын-дағы басымдылықтар болса;

Екіншісі – «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты әр отбасыға баспаналы болуға мүмкіндік беретін, салық жүктемесін азайту арқылы еңбекақының көбеюін қарастыратын, жоғары бі-лім алудың қолжетімділігін жақсартатын, өз кәсібін ашуға бағытталған жолдардың жеңіл-детілуін қамтитын үндеудің жариялануы халқымыздың көңілін сергітіп тастады.

Ел аузында «Теңдес ағайын баспанасымен, дербес халық астанасымен мақтанады» деген сөз бар. Бұл тұста, осы жылдың тағы бір ұсынатын ерекшелігі, Отанымыздың төрінде бой көтерген, бас қала – Астанамыздың 20 жылдық мерейтойы.

Торқалы болған 2017 жыл – Ұлыстың Ұлы күні ауданымызда Алматы облысының екі миллионыншы тұрғынының дүние есігін ашуымен басталып, көгілдір отынның алғашқы оты тұтатылуымен жалғасты.

Сонымен қатар, халық игілігіне әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды – жаңа 4 мектеп, 300 орындық қосалқы ғимарат салынып, аудандағы 10 үш ауы-сымды мектептің санын 1-ге дейін түсіруге мүмкіндік берді, мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің негізінде 12 балабақша қолданысқа беріліп, бүлдіршіндерді балабақшамен қамту деңгейін 95 пайызға жеткізді. Алмалы, Алға ауылдарында іске қосылған дәрігерлік амбулаториялар тұрғындардың сапалы әрі тез ем қабылдау-ларын ұйымдастырды.

Ықылым заманнан бері Нау-рыз ырыс пен ынтымақтың, татулық пен тазалықтың, кісілік пен бірліктің мейрамы. «ХХ ғасырдың Гомері» Жамбыл атамыз айтқандай, «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» – деген сөзінен бастау алып, біріншіден – бірлігіміз бен татулығымыз мәңгі болсын деп, екіншіден – табиғат иіген, көк тас жібіген мейірім шаттыққа ұлассын, барша жұрт ырыздыққа кенелсін деп, үшіншіден – ағайынның құшағы айқара қабысып, ренішті жандар қайта табыссын деп тілеймін, – деді.

Шыны керек 5 мың жылдан астам тарихы бар осынау ежелгі мейрамның жыл санап тынысы ашылып келеді. 14 наурыз – көрісу күнінен бері еліміздің түпкір-түпкірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Ал жыл басын қарсы алуда ата-бабамыздың өзіндік салт-дәстүрі бар-тын. Ол турасында алаңда немерелерін ертіп жүрген аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Исатаева былай деп баяндап берді:

Жаңа жыл жақсы өту үшін оны дұрыс қарсы алу керектігіне ата-бабамыз сенген болатын. Негізінде наурызға дәстүрлі дайындық мейрамға дейін бір апта бұрын басталады. Осы уақытта көктемді жақсы көңіл-күймен қарсы алу үшін біз тек үй-жайларымызды ғана емес, сондай-ақ ойларымызды да ретке келтіреміз. Ата-бабаларымыз мерекелік аптаны қалай өткізді және бүгінде қандай дәстүрді қолға алуымызға болады? Яғни, 13 наурыз – үйге көктемнің нышаны ретінде қызғалдақтар немесе раушан гүлдер енгізіледі.

14 наурыз – табиғаттың жандану күні, 15 наурыз – тазару күні. Ал тойлаудың төртінші күні молшылық күні деп аталады. Яғни дәл сол күні түрлі тағамдар әзірленеді. Бесінші күні – тілек тілеу делінген. Алтыншы күн – қайта жаңару. Жетінші күні – шаттық күні. Одан кейін үйлесімдік күні басталады. Сенім бойынша осы күні үйлерді Қыдыр ата аралайды. Міне осынау қастерлі мерекені бүгін орталықта көппен бірге қарсы алудамыз. Барша аудан тұрғындарын осынау жыл басымен құттықтаймын. Әр күн жаңа жыл жолындағы кезекті баспалдақ. Сондықтан жаңа күн әр шаңыраққа тек жақсылығын әкелсін, – деді.

Айтқанындай-ақ бір апта бұрын басталып, әсем безендірілген орталық алаң сахнасы бұл күні ерекше құлпырды. Эстрада жұлдыздары мен аудан өнерпаздарының біріккен бағдарламалары жиылғандарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Әр еңбек ұжымдары тіккен оннан астам ақшаңқай үйлерде көже таратылып, ақ дастархан жайылды. Көпшілік дәм татып, әуезді ән,әдемі би ырғағымен бір-бірімен жарқын көрісіп жатты...

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

 

«Наурыз» сөзі иран тілінің «ноу» – «жаңа», «руз» – «күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген.Ал қазақ тілінде «наурыз» сөзі біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, наурыз айы, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады.

Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халақтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері орын алған. Бұл мейрамды гректер «Патрих», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», татарлар «Нардуган», армяндар «Новасарди» деп түрліше атаған.Көне деректер бізге Әбу Райхан Бируни, Ибн Балхи, Омар Хайям еңбектері арқылы жетіп отыр.Ал ежелгі түркілер болса, ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал-мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге – жамбы атып жарысады. Егер кімде-кім бірінші болып, жамбыны атып түсірсе, сол адам бір күн елге патша болып, билеуге ерік беріледі. Нау-рыз жырында:

Құл құтылар құрықтан

Күң құтылар сырықтан, – деп жырланғандай, осы күні ертедегі гректердің патшасы да алтын тағынан түсіп, қол астындағы өзіне ұнаған құлына бір күн ел басқартқызған.

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында, 1920 жылы жас Кеңес үкіметі Наурызды халыққа қайта тарту етті. Мәселен, 1925 жылы 22 март күні «Еңбекші қазақ» газеті бұқара халықты Нуарыз мейрамымен құттықтап, өзінің бірінші бетіне ірі әріптермен:

«Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын, бұл Нау-рыз!» – деп жазды. Осылайша Қазақстанда тойланып келген Ұлыс күні асыра сілтеушіліктің салдарынан 1926 жылы күрт тоқтатылды. Одан кейінгі жылдарда Наурыз мерекесінің бағы ашылды деп айта қою қиын. Ол бірде «діни мейрам», бірде «ескіліктің сарқыншағы» деген жаламен қуғынға ұшырады. Халық жадында еміс-еміс сақталған Наурыз Қазақстанның кейбір өңірлерінде ошақ басында тойланып келсе, кейбір аймақтарда мүлде ұмытылған. Бір халыққа тиесілі ұлттық мереке ғана емес, жалпыхалықтық интернационалдық мейрам Наурыздың жаңғырып, халқымен қауышуына қайта құру уақыты, демократия мен жариялылық салтанаты ғана мүмкіндік алып берді. Қоғамдық пікірге көңіл қойған үкімет орындарының тікелей басшылығымен 1988 жылғы көктемде Алматы қаласы мен астаналық облыстың кейбір аудандарында 62 жылдан соң тұңғыш рет Наурыз тойы тойланды. Құдайға шүкір, содан бері ежелгі Күн мейрамы – Жыл басы тойын жалпыхалық болып қарсы ала бастадық. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде» 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.

Сондай-ақ, Наурыз күнінің бір ерекшелігі – бұл күн көрісуден басталады. Ұлыс күнінде сәлем-десудің қалыптасқан дәстүрі бар. Адамдар бір-бірімен кездескенде:

Жасың құтты болсын!

Өмір жасың ұзақ болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт-түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін! – деп құттықтап, ер адамдар қос қолдасып, төс соқтырса, әйелдер құшақтасады. Ерлер мен әйелдер кездессе, құшақ айқастырады.

Наурыз мерекесінің адамды еңбекке ынталандыратын қасиеті де бар. Наурыз күні таңертең ертемен ерлер қолдарына күрек, кетпен, ал қыз келіншектер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» – деп қаумаласқан жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Бір тал кессең, он тал ек» – деген қариялар бұлақ басына тал тігеді. Ал әйелдер ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді.

Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған? Қызыр түні Жаңа жыл табалдырық аттап, үйге енгенде, «жалғыз шала сәуле болмас» – деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, бәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады.

Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша наурыздың 21-і түні даланы Қызыр аралайды екен.Сол себепті осы түн «Қызыр түні» деп аталады. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6-да себезгілеп атқан кезде біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа-тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды наурыздың 22-сі күні таңғы сағат 3-те қарсы алады. Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, «ұйқыашар» деп аталатын ерекше дәм дайындайды. Ал жігіттер мен бозбалалар болса қыздардың қолақысының қарымтасына айна, тарақ, иіссу-дан тұратын «селт еткізер», «дір еткізер» сыйлықтарын ұсынады.

Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті. Ол күні қар не жаңбыр жауса, «нұр жауды», «туар жыл жақсы жыл болады» деп қуанған. Наурыз айында жауған қар басқа қарларға қарағанда ерекше аппақ, үлпілдек болады да, «ақша қар» аталады. Осыған орай тілімізде мінезі балдай, сұлу қызға айтылатын «Наурыздың ақша қарындай» деген теңеу бар. Ұлыс күні туған сәбилерге Наурызбай, Наурызбек, Мейрам, Мейрамгүл, Кіріс сынды аттар қойылып, оларға бір жас қосылады.

Ұлыс күні жеті түрлі заттан – соғымнан қалған сүр, қойдың басы, сүт, езілген құрт, бидай (тары, күріш), пияз және сәбізден қазан толы көпкөже (наурыз көже) пісіріледі. Наурыз көженің қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тамағымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жас тағамымен (сүт,ақ) қауышудың мәнісін білдіреді. Ал наурыз көжені тоя ішу «жыл бойына тоқшылық болсын» деген ұғымға саяды.

Әдетте, Наурыз күні адамдар бақай есеп, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ұжданы алдында арылуы керек. «Ұлыс күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «Жақсылыққа жақсылық – жай адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер жігіттің ісі», «Тас атқанға – ас ат» секілді нақылдарды өзек етіп, ту көтерген билер, ақсақалдар ат құйрығын кесісіп, араға жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарханнан дәм таттырып, табыстырған, осылайша ел бірлігін күшейткен.

Үйелменін тентіретіп жіберген-дерді қайта қосып, жалғыз-жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау қылған. «Сүйекке дақ, елге таңба болмасын» деп кембағал, мүгедектерді жақын-туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Қазыналы осындай салт-дәстүрімізді бүгінгі күнде жастар арасында кең насихаттап, психологиялық ақыл-кеңеспен ұштастыра білсек, еш артықшылығы болмас еді.

Жексенбі, 11 Наурыз 2018 15:32

Халқы сыйлаған Әділбай еді...

Бір айдай ғана уақыт хабарсыз қалдым Әдекеңнен – соңғы рет сөйлескенде: – Астанаға жүргелі жатырмын дәрігерлік тексеруге – деді солғын дауыс- пен. Білмеппін, тосыннан келген науқастың Әділбай Айнабекұлының өмірін қиғалы келгенін...

 

Іле ауданынан Еңбекшіқазаққа келгенде сол кездегі газеттің шығармашылық ұжымына әкеліп таныстырған ауаткомның төраға орынбасары Әділбай Талқамбаев еді. Отыз жылға жуық уақыт өтіпті. Қызметтес болдық. Әдекең өз орнында – бірде атқарушы, бірде өкілетті орган қызметінде. Соңғы жиырма жыл бойы мәслихат хатшысы- басшысы ретінде. Мен үш мәрте аудандық мәслихаттың, екі шақырылым облыстық мәслихат депутаты болып сайланғандықтан көп уақыт бірге жүріп, бірге көрдім Ә.Талқамбаевтың қызметін. Елінде беделді Әдекең, облыс көлемінде де көзге ерекше түсіп жүруші еді. Мәслихат хатшыларының бейресми жетекшісі – серкесі болды. Елдегі болып жататын жиындар, той-томалақ пен көңіл кірбіңінсіз болмайтын қайғылы жағдайлардың ба- рысында да Әдекең жүретін. Бір жолы аудан басшылары бірі демалыста, бірі іс-сапарда, ал Әдекең де жол жүріп кеткенде билік тұтқасында жалғыз қалған әкім орынбаса- ры мені жіберді Шелек ауылына – сыйлы ардагерді соңғы сапарына шығарып салуға әкімдік атынан қатысып, бір ауыз көңіл сөзін айтуға. Ел риза – мені де көпшілік таниды ғой. Бірақ бірнеше азаматтар «Әділбай қайда?» – деген сұрақты қайыра қойып жатты. – Әділбай Айнабекұлы қайда? Әдекеңмен ақылда- сайық, Ә.Талқамбаев жүргізсін жиынды – деген сөздер бүгінгі биліктегі азаматтардың аузынан жиі шығушы еді. Елін сыйлаған, елі сыйлаған Әділбай Айнабекұлына өзінің туып-өскен Өрнегінен бұйырды топырағы. Жаның жәннатта болсын, Әдеке. Артыңда қалған ұрпағыңа ұзақ ғұмыр берсін Алла.

 

Хайролла АХМЕТЖАНОВ.

 

 

Жұма, 16 Наурыз 2018 15:10

Табиғаты бөлек тұмаш аға

ТАБИҒАТ АНА БУСАНЫП, БӘЙШЕШЕК БҮР ЖАРЫП, КӨКТЕМ КЕЛГЕН СӘТТЕ ҚАЛЫҢ ҚАЗАҒЫ «ТҰМАШ АҒА» ДЕП ЕРКЕЛЕТКЕН АҚЫН ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ ТЕ ӨМІР ЕСІГІН АШҚАН. КЛАССИК АҚЫН АТАНҒАН ТҰМАШ АҒАМЫЗДЫҢ ҚАЗАҚ ПОЗЗИЯСЫНДА АЛАР ОРНЫ ТЫМ ЕРЕКШЕ. ОЛ БІР СҰХБАТЫНДА «КӨҢІЛІМНЕН ӨЛЕҢНІҢ ОТЫ ӨШКЕН КҮНІ ЖЕР БЕТІНДЕ ЖҮРЕ ҚОЙМАСПЫН. ӨЛЕҢНЕН ӨЗ ОРНЫМДЫ ТАПТЫМ.» – ДЕГЕН ЕКЕН. ХАЛҚЫНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ ӨЛЕҢ АРҚЫЛЫ ЖОЛ ТАПҚАН ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ 2011 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДА ӨМІРДЕН ӨТТІ. КӨЗІ ТІРІ БОЛҒАНДА АҚЫН БИЫЛ 20 НАУРЫЗДА 83 ЖАСҚА ТОЛАР ЕДІ

Ақын жастайынан қозы бағып, жетімдіктің тауқыметін көп тартқан күндерін жырға қосуға бейім болған. Бұған дәлел іздесек ақынның «Өзім жайлы сыр», «Топырағың торқа болсын, анашым», «Әкем әлі тірі жүрген сияқты» сынды өлеңдерінің мазмұнына ден қойсақ болағаны. Зор тебіреніс пен сағыныштан туған жырлардан адамгершілік пен мейірімнің асқар шыңын, тағдыр тартысына мойынсынбаған қайсар жандардың сұлбаларын көре аламыз.

Халқының зор ықыласына бөленген лирик ақын кішкене ғана детальдан үлкен философиялық ой туғыза білген. Қай ақынды алып қарасақ та махаббатқа жаны құмар жанды көреміз. Сондай лирик ақындардың сабында Тұмаш ағамыздың көш ілгері тұрғаны баршамызға мәлім. Ол шындықтың ауылын алысқа апармай, алдымен өз сезімдерін, өз махаббат сырларын жүрек үніне бағындырып, қағаз бетіне түсіре білген. Тұманбай ағамыз махаббат тақырыбын құзар шыңына жеткізіп тұрып жырлап, махаббат лирикасына өз қолтаңбасы мен бояуын қалдырған ақын.

Сыршыл ақын тек өлеңмен шектеліп қалмай, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов пен Әсет Бейсеуов сынды талантты сазгерлермен бірге әуезді әндердің өмірге келуіне септігін тигізген. Бірде қазақ вальс королі Шәмші Тұмаш ағаға келіп қыз баланың атынан өлең жазып беруін өтінеді. Ақын қыз баланың ішкі сезімдерін жеткізуге қиналғанымен, біраз уақыт өтпей әннің сөзін Асанәлі Әшімов ауылына кеткенде сағынып жүрген жұбайы Майраның атынан жазып береді. Осылайша, Тұманбай Молдағалиев пен Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары үйлесім тауып, «Қыз сағынышы» атты алғашқы туынды жарық көреді. Арадан біраз уақыт өткеннен кейін Шәмші ағамыз Тұманбай Молдағалиевтің жұмыс орнына арнайы табан тіреп: «Өзіңді тосып жүрмін. Дүниеге бір ән келді. Бұл әннің сөздерін тек қана сен жазуың керек. Бұл ән би алаңында айтылатын ойнақы ән болады» деп осы әнге сөз жазып беруін сұрайды. Қашанда жаны адамгершіліктен алыс кетпеген Тұмаш ағамыз аға өтінішін аяқ асты етпей, өлең жазуға кірісіп кетеді. Дайын болған мәтінді сазгерге ұсынғанда, Шәмші атамыз: «Басқа біреуге беріп қоясың» деп мәтін жазылған қағазды лезде қалтасына салып алып, жол жүреді. Бірер күннен кейін Ришат Абдуллиннің орындауындағы «Бақыт құшағында» атты ән дүниеге келеді.

Күндердің күнінде ақын сазгер Нұрғиса Тілендиевтің сырқаттанып жатқанын естіп, қолына көңіл шәйін алып, жағдайын білуге барады. Сонда Тұмаш аға Нұрғиса Тілендиевтен: «Қай жерің ауырып жатыр?» деп сұрағанда, ол «жүрегім» деп тіл қатқан екен. Сол мезетте ақын:

«Қайран менің жүрегім,

жас жүрегім,

Көктем едің, бір кезде

тасқын едің.

Жастық дәурен, жалтақтап

қарайлайсың,

Сені ойлап ұйқым да қашты менің», – деп жалғастырып әкетеді. Тұманбай Молдағалиев-тың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» атты әнінің шығу тарихы осылай болған екен. Осы ән жарыққа шыққаннан кейін Нұрғиса Тілендиев Тұмаш ағаға «Мен сенің өлеңдеріңе алда әлі талай ән жазатын боламын. Бірақ та, дәл осындай ән қайта шықпайды. Мені ақтық сапарыма осы әнмен шығарып салыңдар,» – деген өтінішін білдіріпті. Бертін келе ақын Сейдолла Бәйтерековпен «Жан досым», Әсет Бейсеуовпен бірлесіп «Шақырады көктем» сынды әуезді әндерді дүниеге әкеледі. Осындай әні мен сөзі астасқан әндерден кейін Тұманбай Молдағалиевті қазақ поэзиясына ғана емес, қазақ музыкасына да өшпес ізін қалдырған ақын деп есептейміз. Бар ғұмырын өлеңмен өрген сыршыл ақын ел жадында жаңғырып қала бермек.

 

Зина ЕРЛЕНОВА.

Повышение национального стандарта жизни невозможно без активных мер по ликвидации социальных заболеваний, среди которых «ведущее место» занимает туберкулез. За последние 10 лет заболеваемость туберкулезом в Казахстане снизилась в 2,4 раза, а в сравнении с 2001 годом в 3 раза. Ежегодный темп снижения заболеваемости в РК один из самых высоких в мире и составляет 10 процентов в год. Смертность в сравнении с 2001 годом упала в 7,2 раза и составила 3 случая на 100 тысяч населения. Комплексный план по борьбе с туберкулезом на 2014-2020 годы предусматривает дальнейшее улучшение профилактических и лечебных мероприятий, а также усиление информационной работы в бизнес-структурах и среди населения.

В рамках реализации Комплексного плана в Енбекшиказахском районе Алматинским региональным противотуберкулезным диспансером проведена акция «Туберкулез не угрожает вашему бизнесу». Заместитель главного врача диспансера Карлыгаш Молдабекова, координатор диспансера по клинике Гулистан Сералиева, заместитель директора областного центра по СПИДу Самал Кожалимова, заместитель директора ЦРБ Дидар Айтжанов, фтизиатр района Нина Пыцкая провели в ЦРБ «круглый стол», на котором присутствовали руководитель РОЗСП Калдыгуль Айсина, руководитель районного отдела предпринимательства Нурбулат Сергали и главный специалист отдела Динара Ускембаева, начальник отдела миграционной службы РУВД Еркин Тюлебаев, инспектор миграционного отдела Бекзат Биржан, главный специалист районного отдела внутренней политики Думан Мырзакожа, предприниматели, медработники, представители общественных структур.

Можно ли принимать на работу больных туберкулезом и насколько это скажется на эффективности работы предприятия и доходности бизнеса; какие гарантии предоставляет государство работодателю, у которого в штате есть работники, страдающие туберкулезом; утверждение законом психо-социальной поддержки и защиты от дискриминации таких людей; усиление миграционного контроля за иностранцами, приезжающими на заработки в Казахстан – данные вопросы были основными темами «круглого стола».

Как рассказали заместитель главврача Карлыгаш Молдабекова и координатор областного регионального противотуберкулезного диспансера Гулистан Сералиева, в соответствии с Кодексом РК «О здоровье народа и системе здравоохранения» диагностика и лечение туберкулеза входят в гарантированный объем бесплатной медицинской помощи. Миграционные службы обязаны прежде всего направлять мигрантов на обследование у фтизиатра и затем уже ставить на учет. Для выявления заболевания используются методы экспресс-диагностики, а применение новых противотуберкулезных препаратов позволяет вести лечение пациентов, не выделяющих бактерии, в амбулаторных условиях по месту жительства, без отрыва от работы и учебы. Предприниматели не несут никаких расходов на наем и обучение персонала в случае заболевания работника туберкулезом, современные схемы лечения позволяют заболевшим полностью сохранять трудоспособность и в короткие сроки достигать полного выздоровления. Из местного бюджета больным обязаны выделять социальную помощь в виде пособий, продуктовых пакетов, оплаты за проезд и т.п.

Районный фтизиатр Нина Пыцкая осветила состояние борьбы с туберкулезом в нашем районе. С 2008 года заболеваемость снизилась в 2,4 раза, с 96,1 случаев на 100 тысяч населения до 38,9, смертность снизилась в 7 раз. Все амбулаторные больные принимают лекарства под контролем специально подготовленного медработника, организована доставка лекарств пациентам на дом, внедряются краткосрочные схемы лечения и новые препараты пятой группы. Из местного бюджета в 2017 году 128 больным туберкулезом оказана соцпомощь в сумме 5798,3 тыс. тенге, тогда как в 2016 году 114 больным – в сумме 5163,7 тыс. тенге.

Задача медиков, социальных служб – вовлечь гражданское общество и НПО в противотуберкулезную кампанию, повысить информированность населения о социальных заболеваниях, защитить больных от стигмы и дискриминации.

В ходе акции центральной районной больницей и региональным областным противотуберкулезным диспансером было организовано массовое бесплатное флюорографическое обследование, в районе рынков работали передвижные флюорографические установки. Также все желающие могли проверить артериальное давление, уровень сахара в крови, пройти экспресс-диагностику на ВИЧ. Медики также вели анкетирование, показ видеороликов, распространяли информационные буклеты.

 

И.ТУРАНИН.


1 марта 2018 года в уютном зале средней школы имени М.Ломоносова в селе Тургень на праздничный концерт, организованный акиматом Тургенского округа, домом культуры с. Тургень и коллективом средней школы имени Ломоносова, собрались предприниматели, представители турецкого энокультурного центра села, учителя-ветераны, сотрудники Тургенского филиала Иле-Алатаусского государственного национального природного парка, члены православной общины Тургенского храма, школьники и жители с.Тургень. Трогательные кадры из фильмов и концертные номера создали душевную атмосферу, а выступления в честь Дня благодарности акима округа Боты Елеусизовой, эколога-просветителя Тургенского филиала Иле-Алатауского ГНПП Марины Аксултановой, представителя Свято-Михайловского храма Татьяны Кислициной тронули сердца всех присутствующих. Благодарственными письмами акима Тургенского округа были награждены 28 человек, которые постоянно участвуют в проведении благотворительных акций и других общественных мероприятий.

 

А.СУПАНЕВА,

ведущий специалист аппарата акима

Тургенского сельского округа.

 

Алғыс айту, сыйластық, ризашылық сынды құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған шара барысында мектеп дәлізінде «Алғыс айту – парызым» атты қабырға газеттері ілініп, оқушылар мектеп ұстаздарына, сыныптастарына тілек айтып, алғыстарын білдірді. Балаларға алғыс айту – ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулықты бекіте түсетіндігі түсіндірілді. Сынып жетекшілер «1 наурыз – Алғыс айту күні» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. 7-8 сыныптар аралығында флешмоб ұйымдастырылды.

 

Дариға ЖАНАБИЛОВА,

кітапханашы.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 02, 2024

️Жастар АЭС мәселесі бойынша…

Шелек медициналық колледж студенттерімен кездесу өтті. Кездесудің басты тақырыбы –…
Қаз 02, 2024

БҮГІН АЭС ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ…

Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, ұстаздар АЭС құрылысына қатысты пікірлері…
Қаз 02, 2024

️ Халықтық штаб Қаражота ауылының…

Нарынқол ауылының мектебінде өткен кездесуде Халықтық штаб өкілдері АЭС салудың…
Қаз 02, 2024

Референдум – это шанс для каждого…

Недавно я говорил с приятелем, который настаивал, что участие в референдумах – это пустая…
Қаз 02, 2024

Халықтық штаб өкілдері Келес…

Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және…
Қаз 02, 2024

АЭС салудағы ең маңызды мәселе –…

Аудандық штаб өкілдері АЭС салудың өзектілігін және де бұл мәселеде әрбір азаматтың…
Қаз 02, 2024

Опыт Китая в атомной энергетике:…

В преддверии референдума по строительству атомной электростанции в Казахстане вопрос…
Қаз 02, 2024

Экономический референдум:…

Уже на этой неделе состоится первый экономический референдум. Важно отметить, что данный…
Қаз 02, 2024

Атомная энергетика: Чем опыт Венгрии…

Председатель правления венгерской АЭС "Пакш" Гергей Якли рассказал, что Венгрия довольна…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет