Күйбең тіршілікте бала-шағаның қамы үшін еңбек ете жүріп барлық нәрсеге қол жеткізу мүмкін емес қазіргі уақытта. Әсіресе, нарықтық заманда баспаналы болу оңайға соқпайтыны анық. Осы орайда, Мемлекет басшысы «7-20-25» бағдарламасын қабылдап, қазақстандықтардың жаңа үй сатып алуына жеңілдік жасап берді. Алайда, Масақ ауылының тұрғыны Руслан Қарақойшиев мемлекеттік бағдарламасыз-ақ баспанаға ие болып, қоныс тойын тойлады жақында. Адал еңбек еткен жұмысшысына облыстық мәслихат депутаты, «Баттал» шаруа қожалығының басшысы Қуат Сұлтанғазиев Масақ ауылынан үй сатып алып берді.
«Нұр Отан» партиясының «Наурыз челлендж» акциясы аясында үйлі болған отбасының қоныс тойына аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов арнайы барып, құттықтады. Қонақтарды ақ дастархан жайып күтіп алған отанасы Нұржан Оспанбаева депутат Қуат Елеусізұлына ризашылығын білдірді:
– Бүгінгі таңда біз секілді қарапайым жұмысшылар үшін үй сатып алу оңай емес. Осы күнге дейін ата-енемнің үйінде тұрып келдік. Екі қызым сол жерден мектепке баратын, ал кіші ұлым әкесінің жанында фермада жүретін. Жолдасымның еңбегін елеген Қуат Елеусізұлына алғысымыз шексіз. Ол кісінің арқасында бөлек отау тігіп, ұлымыз алғаш рет балабақша табалдырығын аттады. Үйіміз кең әрі жылы. Бөлмелері әр отбасы мүшесіне артығымен жетеді – дейді.
Үй иелерін құттықтаған қонақтар ақ тілектерін жеткізіп, жылы лебіздерін білдірді. Қанға сіңген асыл қасиеттерді бойына жиып, өзгелерге үлгі бола білген Қуат Сұлтанғазиевке алғыстарын жеткізді.
– Менің ата-анам мал шаруашылығы-мен айналысқан. Ата жолын қуып, осыдан бес жыл бұрын «Баттал» қожалығына жұмысқа орналастым. Қазір сонда жалпы шаруашылықтың меңгерушісі болып еңбек етемін. Бүгінде басшылардың барлығы қызметкерлеріне қолдау білдіріп, баспана алып бере бермейді. Баспана былай тұрсыншы, кейбіреуінің көңілінен шығып, жұмыс орныңды сақтап қалу үшін барыңды саласың. Аллаға шүкір, бала-шағамның несібесі болар, адал да қайырымды басшыға кез болдым. 5 жылдық еңбегімді елеп, үй алып берді. Күрмеуі қиын мәселеміз шешілді, ендігі кезекте алаңсыз жұмысымды жалғастырамын – дейді қуаныш иесі.
«Баттал» шаруа қожалығында 5 жыл бойы жұмыс істейтін Русланға басшысы үй сатып алып беруге ниет білдірген. Ал баспана таңдауын Русланның еншісіне қалдырған. Осылайша ұзақ уақыт үй іздеген Руслан өзінің туып-өскен ауылы Масаққа келіп тоқтаған. Кеңес дәуірінде қосарланып салынған үй 7 бөлмелі. Жарық тартылған, ауыз су үйдің ішінде. Ауласы айтарлықтай кең, оның үстіне мектеп пен балабақшаға жақын орналасқан. Бағасы да көңілге қонымды, 4,7 млн теңге.
Руслан мен Нұржанның шаңырағынан дәм татып, құттықтаған қонақтар жұмыс барысымен танысу мақсатында «Баттал» шаруа қожалығына ат басын бұрды. 1997 жылы негізі қаланып, ірі қараны бордақылаумен айналысатын қожалықта «Қазақтың ақбас сиырын» қоса алғанда 400-ге жуық мал бар. Мұнда 12 адам адам еңбек етеді, 10 адам маусымдық жұмыспен қамтылған. Шаруа қожалығының басшысы Русланға ғана емес, қожалықтағы барлық жұмысшыларға өзінің жақынындай қарап, әрдайым көмек қолын созып жүреді. Ауылдағы қайырымдылық шараларына да үнемі атсалысып, жаңа жылда, жаңа оқу жылында балаларға қуаныш сыйлайды. Сондай-ақ, жақында Шелек ауылында өтетін бокстан республикалық чемпионаттың демеушісі.
– Бәріміз ұл-қыз тәрбиелеп, солардың болашағы үшін еңбек етіп жүрген соң, осындағы адамдарды да түсінемін. Сондықтан, қолдан келгенше көмектесіп отырамын. Болашақта қожалықтың ауқымын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отырмыз. Сәйкесінше, қайырымдылық шаралары да жүйелі жалғасын табады – дейді облыстық мәслихат депутаты Қуат Сұлтанғазиев.
Сардарбек НҰРАДИН.
Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді», – деген болатын. Өлкеміздің мақтанышы «Алтын адамның» мекені, тарих қойнауына сапар шектірер киелі орын Есік археологиялық-өлкетану музейі 25 жылдығын тойлады жуырда. Айтулы датаны атап өтуге қалалық әкімдік, «Алтын адам» әжелер ансамблі мен Қаракемер мәдениет үйінің өнерпаздары және қала тұрғындары қатысты.
Алғашқы болып құттықтау сөз алған музей директоры Нарима Тойжанова:
– Музей – қоғам мүшелеріне, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін мәдени және рухани мекеме болғандықтан, бүгінгі тәуелсіз еліміздің жастарының ұлттық сана-сезімінің өршіл болып қалыптасуына және оларды Отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін атқарар рөлі өте зор. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деген болатын. Сол сияқты өткенімізді білмей, келешекті болжай алмаймыз. Сондықтан мәдени орындар мен музейлерді жиі аралап, рухани дүниетанымымызды байы-тып жүрейік, – дей келе, облыс бойынша музейлер арасында 2 орын алғандығын мақтанышпен хабарлады. Мәдениетті өркен-детудегі белсенділігі мен ұлы тұлғалардың өмірін, шығарма-шылығын дәріптеп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға қосқан зор үлесі үшін қастерлі орын қызметкерлері Бота Ибраимова М.Тынышбаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Индира Қожағұлова мен Дыбыскүл Ахметбайқызы еліміздің мәдени саласы тұжырымдамасын жүзеге асыруға және дамуына атсалысқаны үшін құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, музейдің ашылуына септігін тигізіп, жолдасының ізін жалғап, отын өшірмей, тарихи мұраларға көзінің қарашығындай қарап, зейнет жасы келсе де 10 жыл аянбай қызмет атқарған Дыбыскүл Ахметбайқызын бейнетінің қызығын көрсін деп демалысқа зор қошеметпен шығарып салды. Келген қонақтар тәтті тілегі мен жылы лебізін білдіріп, сый-сыяпатын, камзолын кигізіп, иығына жаулығын жапты. Кеш соңы рухани мекеннің әр іс-шарасынан қалмай, өнерлерін паш етіп жүретін «Қаракемер» мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекқызы мен өнерпаздарының ән-күйімен жалғасын тапты.
Жансая ЫСҚАҚ
Бұл күнде жасымыз жарты ғасырдан асып, алдымыз келін түсіріп, қыз ұзатып немерелі болып, ата-апа атанған достарымды кездестіргенде бала күнгі бал қылықтарым еске түседі. Біздің ауылда алдымыздағы аға буындардың үлгісі болар 6,7 класқа келгенде, жастары қатар құрдастар он шақты, тіпті одан да көп балалар бірігіп, достық құратын дәстүрге айналған үрдіс бар еді. Шамасы 1982 жылдың көктем айы болса керек, 7 сыныпта оқимыз. Үзіліс кезі болатын, кластас достармен мектеп ауласында жүргенмін. кенет «В» сыныбында оқитын аласа бойлы өзі бұзықтау Мақсат Мұсабеков келіп амандасты да, – кешке сағат 7-де «Диірменнің» артына кел, жолығатын шаруа бар, өзің ғана – деді. Келсем, 10-15-тей әр кластан өзім қатарлы жігіттер жиналыпты. Ортада сөйлеп тұрған орта бойлы, тығыршықтай денелі жігіттің әңгімесін естуге алға ұмтылдым. Айтылып жатқан сөзінің түйіні. Бәріміз құрдаспыз, ауылдаспыз, бірігіп дос болсақ дегенді айтты. Ортаға «А» класында оқитын біздің көшеде тұратын Серік Боқаев бастаған Аманжол Ибрагимов, Бекмұханбет Көркембаев, Ұлан Қайыпов т.б «Б» класының оқушылары Жұлдыз Тұяқов, Айболат Қабылбеков, Нұржан Малаев, Еркін Топашов сияқты азаматтарының сөзін қоштап, «В» класынан Бауыржан Мырзабеков, Әкімғазы Шорабаев, Мақсат Мусабеков, Ергелді Өмірәлиев, Бағдат Қабылбеков, Нұрлан Түтімбаев секілді азаматтар бірігіп дос болып бір-бірімізге адал әрі жанашыр болайық деп мәнді де мағыналы сөздерін айтты.
Дегенмен, жалпы біздің Абай атындағы орта мектебі бойынша төрт сынып бар, әрбірінде 10,15-тей ұл бала, бірақ «Г» класынан менен басқа ер бала жоқ болғасын, елдің соңында құрдастардың кәделі сөздерін қолдайтынымды, өкінішке қарай, менен басқа да жігіттерді қоссаңдар болмай ма деген едім, Мақсат Мусабеков елден бұрын әзілдей сөйлеп, сенен басқа класыңда «атаман» жоқ, қаласаң бізбен дос бол деп кесіп айтты. Сол күннен бастап қысқаша «РАМАНС» деп ат қойып, бәріміз адал да ажырамас дос болдық.
Менің жаңағы тығыршықтай денелі жігіт дегенім «Б» класында оқитын, мектепте түрлі спорттық жарыстарға қатысып, белдескенді жығатын, күрескер, белсенді әрі беделді оқушылардың қатарындағы Бақберген Ұспанбеков еді, яғни сол күннен бастап, Бақбергенмен жақын дос болдым.
Бақберген Жұмақанұлы 1985 жылы 10 сыныпты жоғары деңгейде бітіріп, әскер қатарынан кейін 1989 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің құқықтану факультетіне оқуға түсіп, үздік тәмамдады. Өзіне сенімді еңбегінің, адал, ақжарқын азаматтықтың арқасында 22 жылдан аса Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласында прокурордың аға көмекшісі, кіші әділет кеңесшісі болып қызмет атқарды.Өмір ағысымен, табиғат заңдылығына сүйене отырып, Бәкең өзімен қатарлас оқыған Қасен қызы Шырынмен қосылып отбасын құрды. Шырын ханым да жоғары білімді Алматы Сәулет-Құрылыс институтын тәмамдаған. Бақбергенмен Шырын өмірдің түрлі қыспақтарына мойымай, бір-біріне деген шынайы махаббаттың арқасында 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді.
Бақберген мырза асқан сабырлық-пен ойланып сөйлейтін, баяғының билері сияқты тура әрі әділ шешім шығаруға тырысатын. Мемлекеттік қызметте жүргенде алдына келген істің тек әділ шешімін шығаруға, түрлі бұрмалауға және ағайын-туыс, таныс-тамыр дегендерді ысырып қойып, заман талабына сай жемқорлық дегенді маңына жолатпаған нағыз адал азамат екендігін қызмет барысында дәлелдеді. Сол үшін Бақберген ауданның, облыстың әкімдігінің арнайы мақтау қағаздарымен марапатталған. Ата-бабалардың «НЕГІЗІ ЖАРЫҒАН, ТЕКТІНІҢ ТҰҚЫМЫ» деген мағыналы да киелі сөзді осы ардақты досым Бақбергенге арнасам артық болмас. Әкесі Жұмақан ақсақал да ел-жұртына сыйлы, ауыл ақсақалдарының ардақтысы, зергер, ағаштан түйін түйген шебер болған деп ауылдастары да ауыз толтырып айтады. Демек, «Әкеге қарап ұл өсер» деген сөзді осы Бақберген досым да дәлелдеді.
Қызмет бабына сүйеніп шіренбей, қайта қарапайымдылықпен дүйім жұртқа танымал болған Бақберген ағымдағы жылы ердің жасы елуге толып отыр. Балғын балалық шақты еске ала отырып, барлық достар атынан ардақты досымыз Бақбергенді еңселі елуің құтты болсын, отбасы бала-шағаң аман болып, халқыңа қалаулы азамат ретінде биіктерге өрлей бергін деген тілек айтып, мына шағын шумақты арнаймын.
Талпынып көшіне еріп замананың,
Бақытыңды барыңмен бағаладың.
Еңселі елу жасқа келген кезде,
Шаршамай жасыл бақты аралағын.
Ойлар толып тағатсыз санаңа мың,
Жайқалсын жасыл желек жаңа бағың.
Көрер күнің алдыңда ұзақ болып,
Аман болсын отбасы, балаларың!
Серік Көшкімбаев,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің аға оқытушысы, «Микробиолог».
Күннің бетін бұлт көлегейлеп, ай жүзуін тоқтатпайынша тіршілік тынысы жалғасатыны ақиқат. Әлбетте, арсыз адам, зарлы заман болса да... Әйткенмен, пасық пиғылдардың да жіңішкеріп, үзілетін кезеңі келеді. Айналаңдағы айуандықтарды көргенде, сезгенде осындай ойға іштей сенім артып, өз-өзімді алдаусыратып қоятыным бар. Арын сатқан тексіз қыздарымызды ұлт болып тезге сала алмай әлекпіз, бағытын батыстан іздеген жастарымыздың сәбилерін қоқыстан іздеп біз жүрміз. Алдымыздағы көлік терезесі ашылса, шақалақ шыр ете ме деп алаңбыз. Сәбиін саудалаған ананы жазаға тартпай, шетел асқан ұлт ертеңінің тағдырына алаңдаймыз. Ересегін қойып, баласына шапқан кер заманның кері қылықтарын көргенде жаныңды қоярға жер таппайсың. «Педофил» деп үріккенімізбен, қарғыс атқандардың жазасын лайықты бере алмай келеміз. Осындай былыққа батқанымызды көреміз, білеміз, сеземіз, қай жерден қателік кетті деп сан соғамыз. Шарасыздықтан жазасын Жаратқанның қарауына қалдыратын сәттеріміз де жетерлік.
Бүгінде елімізде кей ақпарат көздерінің мәліметінше 10 мыңнан астам жезөкше бар екен. Бұл Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан келген транзитті жезөкшелерді қоспағанда. Тіпті, қалың қазақтың ордасы шырайлы Шымкентте бір түнде 2000-ға жуық ,арын сатқандар көше кезеді екен. Бұл көрсеткіш жылдан жылға көбеюде. Бұдан 10-15 жыл бұрын Қазақстандағы «түнгі көбелектер» тек Алматы қаласының Саин мен Сейфуллин көшесінде ғана топталып тұратын-ды. Ол кезде теріс кәсіппен айналысқан қыздар қысылып-қымтырылып, ашық жерде тұруға ұялатын. Қазір ше, кез-келген бұрышта, тіпті, халық көп жүретін жерлерде қызметін еркін ұсынады. 500-ге жуық жезөкше «қызметтерін» заңдастырып беруін сұрап Елбасына ашық хат жолдағаннан кейін не айтасыз? Онда «Бізге қарай тас лақтыра беретін дәурен өтті. Клиенттеріміздің жағдайы жақсы емес» деп мұң шаққан. Кейіннен құқықтарының қорғалмай отырғандығын ашық айтыпты. Заңгерлеріміз Қылмыстық кодексте жезөкшелердің іс-әрекетін жауапқа тартуға байланысты бап қарастырылмағанын айтып дабыл қағуда. Тек жеңгетайлық жасағаны үшін 271 бапта қылмыстық жауапкершілік көрсетілген. Ал «түнгі көбелектер» бұл ісі үшін әкімшілік айыппұл алады. Оның да мөлшері тым төмен көрінеді. Тіпті, астаналық 25 жастағы аяғы ауыр келіншек те ғаламторға бір түндік қызметін ұсынып, жарнама бергені жұрттың жағасын ұстатты.
Бұл аз десеңіз, елімізде «жеңіл жүрісті жігіттеріміздің» «қызметі» ерекше дамып келеді. Тіпті, ақшаға сатылатын еркектер туралы арнайы сайттар бар. Оған тіркелгендер қатары жетіп-артылады, былайша айтқанда бәсекелестік қызып тұр.
«Онда жүктелген суреттерде көбінің бет-жүзі емес, бұл мамандықтағы ең маңыздысы – дене, жыныс мүшелерінің бейнесі. Кәрім есімді суреті сайтта тұрған жігіт 24 жаста. Орал өңірінің тумасы. Бірде курстастарымен түнгі клубта отырғанда бір жігітпен танысқанын айтады. Әңгімелесе келе ол үлкен тәтелерді «ләззәтқа батыратынын» айтып, қаласаң арнайы сайтқа тіркейін, көп ақша табасың деп ұсыныс жасапты. Ол кезде бас тартса да, бір қажеті болар деп телефонын алып қалған. Бірнеше күннен соң сайтқа тіркеліп, содан қоңыраулар түсе бастаған. Көбіне 30 бен 50 жас аралығындағы әйелдер хабарласатынын айтады Кәрім» – деп жазады 365 info.kz порталы...
Жоғарыда келтіргенімдей, шетел асқан сәбилер тағдыры шынымен тамұқ. Соңғы 15 жылда 9 мыңға жуық еліміздің ертеңі әлемнің түпкір-түпкіріне сатылған. Естеріңізде болса, АҚШ елінің есі дұрыс деп танылған екі азаматы айуандыққа барып, Қазақстаннан асырап алған балаларымен ұзақ жылдар бойы жыныстық қатынасқа түсіп келген. Сорақылығы сол, бума-бума қағаз жинап, жылдар бойы кезегін күткен қазақстандықтар шетте қалып, кезекте тұрмаған шетел азаматтары 457 баланы заңсыз сатып алған. Заң бойынша шетел асқан сәбилердің жағдайы турасында тиісті органдарға есеп беріп отыруы тиіс асырап алушы тарап. Алайда, 2005 жылдан бері 673 тұлымшағы желбіреген ұл-қыздарымыздың тағдыры жұмбақ күйінде қалып отыр. Бұған енді не деп налимыз?
Әңгімеміздің әліппесінде айтқанымыз-дай-ақ адамның адамға жаны ашымаған, итше ырылдасып, достыққа емес қастыққа ұмтылатын дәуірдің дәл ортасында тұрмыз. «Бала – бауыр етіміз» дейміз. Адамтектес хайуандардың тырнағына жазықсыз ілігіп, тағдыры тәлкекке түскен сол бейкүнә балаларға біз шын араша түсіп жүрміз бе осы?
Елді дүрліктiрген жасөспірімдер арасындағы суицид былай тұрсын, апта сайын айтылатын педофилияға қатысты ақпарға құлақ етіміз үйреніп қалды. Бұрын бұл терминнің не екенін ешкім білмейтін. Қазір педофильдің кім екенін екінің бірі жатқа соғады.
Қазіргі қоғамда ай сайын жантүршігерлік жаңа ақпарат. Анығырақ болу үшін айтайық, орталық ақпарат құралдарында жыл басынан бері Ақтауда – 2, Ақтөбеде – 3, Көкшетауда – 2, Түркістанда – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 2, Қарағандыда – 1, Қызылордада – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 4, Таразда – 1, Павлодарда – 1, Семейде – 1 сорақы оқиға орын алды деп жарыса жазып жатыр. Педофильдердің көпшілігі 8-10 жастағы қыздарға зорлық көрсеткен. Араларында 3-4 жасар бүлдіршіннің өмірін бүлдіргендер де бар. Арсыздар сәбилерді тәтті-мәтті әперіп немесе «әке-шешең шақырып жатыр» деп алдап әкеткен. Ел көзінен тысқары жерге апарып, арам ойын іске асырған. Арамниеттiлердiң көпшілігі қылығын, дұрысы қылмысын мас күйінде жасағаны белгілі болып отыр. Сондай-ақ, жауыздар бүлдіршіндерді мектептен шыққан кезінен бастап аңдып, адам аяғы саябырлаған жерде бас салғаны анықталды. Кейбірі қыздардан құмарын қандырған соң, босатып жіберсе, енді бірі «басқаларға айтып қояр» деп сескеніп, азаптап өлтірген. Тағы бір анықталғаны жәбірленгендердің көбісі өздерінің өгей әкелерінен зорлық көрген. Мысалы, Көкшетауда қанішер өгей әке 3 жасар сәбиді зорлаған. ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, айуан қызды анасынан ұрлап әкетіп, 1000 доллар тауып беруін бұйырған. Ақшаны тапқанға дейін, сәбиді өз пәтерінде қамап ұстаған. Артынша араққа сылқия тойып алып, бүлдіршінді екі күн бойы зорлағаны анықталды. Сол сияқты Шығыс Қазақстан облысының Зырянов қаласында 41 жастағы жауыз өзінің 6-сыныпта оқитын өгей қызын 3 жыл бойы зорлап келгені белгілі болды. Айуан қызын болған оқиғаны біреуге жеткізер болса, өлтіретінін айтып қорқытыпты. Бұл тек дәлелденгені ғана. Ал қорқыныштан ішқұса боп жүрген жасөспірімдеріміздің тағдыры айтуға ауыр.
Бесіктен белі шықпаған бүлдіршіннің өміріне қиянат жасағандарды жазалау мәселесі қандай? Бұл мәселе осыдан біраз уақыт бұрын Парламентте көтерілген. Ол кезде халық қалаулыларының азғантай бөлігі жауыздарды түгелімен жою керек десе, қалғандары оларды заң шеңберінен шықпай, жұмсақ жазалауды ұсынды. Заң дегеннен шығады, бізде, бізден былайғы бірқанша елде тұп-тура педофильге қатысты заң жоқ. Сылбырлықтың болатыны сондықтан. Қатаң жазалау болмағасын, айуандар бастапқы әдетін қайталап жатқаны. Біздегі заң педофильдерді «кәмелетке жетпеген балаларды азғырып, жыныстық зорлау жасады» деген айыппен ғана жазалай алады. Анығырақ айтқанда, заңдағы Парламент қабылдаған соңғы түзетуге сай 14 жасқа толмағандарға жыныстық зәбір көрсеткендерге 15-тен 20 жыл аралығында бас бостандығынан айыру көзделген. Ал кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартқандар 5-тен 10 жылға дейін арқалайды.
Психологтар педофильді түрме «түзейді» дегенге сенбейді. Психолог Жанна Сыпатайқызы: «Абақтыға отырып келгенмен, олар бастапқы әдетінен айыға алмай, бұл тірлікке қайта барады. Тіпті кей жағдайда түрмеде «тәртіпті» болғандарды мерзімінен бұрын босатып жібереді. Сондықтан, оларды түрмеге емес, жындыханаға жабу керек», – деген пікірде. Ал психотерапевт Ғалия Құдиярова болса: «Мұны ауру деп анық айта алмайсыз. Өйткені олар қылмысқа барғандарын біледі, жазаның да жеңіл екеніне еттері үйренген. Оларды мүлдем қоғамнан құрту керек. Мұндай адамдарды емдеу мүмкін емес», – дейді.
Бұрынғылар: «Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кесер» деген екен. Бұл заңға да, тәрбиеге де тиесілі сөз. Бірінші, адам кейпіндегі айуандарды жазалау күшеюі тиіс.
Екінші, ана тілінің нәрін, ата-бабасының әуезді әнін санасына сіңіріп, бесік тербеген аналарымыз азайғаны ащы да болса ақиқат. Өсе келе ертегімен елітіп, мақал-мәтел арқылы жақсыға үйретіп, жаманнан жерітіп отырған ата-әжелеріміз де жоқтың қасы. Сөз төркіні сол, ұлттық тәрбиеден алыстап, тамырымыздан ажырап барамыз. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының көксегені де осы: тарихи тамырымыздан көктеу. Себебі, тегінен ажыраған ұлт, өзге тамырдан нәр іздейді. Осы ретте әрбір тұлға, әр ата-ана ұлттық тәрбиені жас буынның санасына сіңіруде еңбек ету керек. Әлбетте, бабалар ұлағаты – ақпараттық майдан заманында жас буынға шамшырақ. Сіз ұлыңызды намыс-ты, қызыңызды қылықты етіп тәрбиелеу арқылы ел ертеңіне зор пайда әкелесіз. Себебі, үздік отыз елдің қатарына қанша кірсек те, тамырынан ажыраған елдің ертеңі жоқ екенін ұмытпағанымыз абзал.
Мөңке би жырлаған кер заманның кері енді келгендей. «Аттың жүйрігі кетіп шабаны қалар, адамның жақсысы кетіп жаманы қалар, ақылы жоқ санасыздың заманы болар» деген болжамды сөзі құдды бүгінгінің бейнесін айқын айшықтағандай. Көмекей әулие аталып кеткен кешегі Бұқар жырау да болашақты бағамдауы еріксіз таңданыс тудырып, таңдай қақтырады. «Келешек қасқырдай жауыз, түлкіниеттілер қаптаған заман болады» деп болжаған екен. Ештен кеш жақсы, ағайын. Еліміздің ертеңіне шын алаңдаушылық білдірсек, әр істі өзімізден бастайық. Тәрбиені түзейік, тоқпақ жалды торпаңды ерттеп мініп, арғымақтың тұяғы жеткен жерге иелік еткен баһадүр бабалар ұрпағы екенімізді ұмытпайық. Алтынға бергісіз асыл сөздерін, күн сөнгенше сөнбейтін даңғыл жолдарын ұлықтайық.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
Өмірін өлеңмен өріп, шығарма-шылығын журналистикамен шыңдаған, қалтарысы мен бұлтарысы көп тағдыр жолында шалынбай, құласа да қайта тұрып алға ұмтылған қайсар жан Шаяхмет Құсайынұлының шығармашылығына 50 жыл толған мерейтойына куә болдық жуырда. Халықаралық Жазушылар, Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Журналистер одақтарының мүше-сі, ауданның «Құрметті азаматы», «Құрметті туындыгері», 2010 жылғы республикалық «Қазақстан» телеарнасының «Таңғы шық» мүшәйрасының бас жүлдегері, «Хабар» АК-нің «Білім және Мәдениет» телеарнасының 2015 жылғы «Наурыз жыр» мүшәйрасының лауреаты Шаяхмет ағаның кеші Есік қаласындағы археологиялық-өлкетану мұражайында, сол қастерлі мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті.
Алғашқы құттықтау сөзімен ортаға шыққан халықаралық «Қазақстан Заман» газетінің редакторы, жазушы, журналист, мәдениет қайраткері Ертай Айғалиұлы шығармашылық кеш иесінің қандай журналист, ақын, жазушы екенін айта келе адамдық қасиеттерін, өмірге құштарлығын бәрінен жоғары қойды. Сонымен қатар, атаулы күнде Шаяхмет Құсайынұлына Қазақстан Журналистер одағының атынан «Қазақстанның құрметті жур-налисі» медалін тақты кеудесіне жарқыратып. «Алғашқы кітабын маған беріп еді», – деп естеліктерімен бөліскен аудандық әйелдер одағының төрайымы Роза Исатаева бүгінде Шаяхмет Құсайынұлының қандай биік белестерді бағындырғанын тілге тиек етті. Кештің өтуіне негізгі себеп болған – Алматы облысының әкімі А.Баталовтың қолдауымен жарық көрген Шаяхмет Құсайынұлының «Ғасыр үні» кітабының тұсаукесер рәсімі жасалып, қонақтарға сиясы кеппеген кітаптары сыйға тартылды.
«Ән өнеріндегі ұстаздарым бір төбе болса, өлеңге деген қызығушылы-ғымды оятқан Шаяхмет ағам ұстазым ретінде өзі бір төбе», – деген Арайлым Мамырбекова ақын ағасына арнауын айтып, сөзіне жазылған әндерден шырқады қасиетті қара домбырамен. Рахат №1 орта мектебінің оқушылары ақын Шаяхмет Құсайынұлының шығармашылығынан өлеңдер оқып, ән салып, би билеп қонақтардың қошеметіне бөленді. Өз ауданының сегіз қырлы, бір сырлы азаматын қолдап келген қонақтардың бәрі де жылы лебіздері мен ақ тілектерін арнап, ақынның көңілін асқақтатып жіберді. Бұдан сәл кейінірек аудан әкімі Бинәлі Ысқақ журналист жазушы, ақын Шаяхмет Құсайынұлына Алғыс хат тапсырып, шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектестік білдірді.
Алмагүл НҰҒМАН.
Бағыңызды сынаңыз!!!
Лоторея ойнаңыз
Ұтыстан ұтыс қоймаңыз!
«Еңбекшіқазақ» газетіне 2019 жылға толық жазылу түбіртегінің (квитанция) реттік санына лоторея ойнатылады. Ұтыста тұрмысқа қажетті бұйымдар.
Лоторея қорытындысы жаңа жылдан кейін жарияланып, ұтыстар тапсырылады.
Толық ақпаратты: 4-19-31 телефонынан біле аласыздар. Шелек өңірі бойынша : 8 708 347 56 00
Испытайте счастье !!!
Участвуйте в лоторее, разыгрываемой на номер квитанции о подписке на газету «Еңбекшіқазақ». В розыгрыше участвует квитанции о подписке на полный 2019 год.
Лоторея будет разыграна после нового года и опубликуются ее итоги.
Справки по номеру телефона в Есике: 4-19-31.
По Шелекскому региону : 8 708 347 56 00
21 ноября 2018 года на официальном сайте Нурсултана Назарбаева опубликована еще одна статья Лидера нации «Семь граней Великой степи», направленная на развитие духовного мира и процветания казахской истории. В Связи с этим в Алматинской области прошел круглый стол с лидерами общественного мнения, ученными и представителями СМИ.
«В своей статье «Семь граней Великой степи» Лидер нации разъяснил народу, что история нашего народа ничем не уступает истории других стран. Действительно, есть множество фактов, которые доказывают, что у наших предков была неразрывная связь с передовыми технологическими новациями своего времени. К примеру, «звериный стиль», который является одной из высочайших вершин в мировом искусстве. А также то, что Казахстан – это родина яблок и тюльпанов. Ведь это научно уже доказано. В наших краях растет прародительница всех яблонь Земли- яблоня Сиверса. Этим должны гордиться все граждане великой степи. Молодому поколению необходимо прививать знания своих предков, истории и происхождения», - поделился научный сотрудник научно-образовательного центра «Рухани жаңғыру» Жетысуского государственного университета имени И.Жансугурова, доктор философских наук, профессор Аманжол Касабек .
Необходимо отметить, статья Главы государства направлена на воспитание патриотизма и любви к Родине, сохранение исторического наследия, традиций, языка.
Как подчеркнул Олимпийский чемпион Жаксылык Ушкемпиров, в новой статье, Президент поднял очень актуальный и стратегический вопрос для развития и светлого будущего нашей страны.
«Я с огромным воодушевлением воспринял статью Елбасы. Наша задача - донести суть данного документа, пробудить в сердцах нашей молодежи патриотизм, любовь и стремление честно служить народу», - рассказал он.
К слову, «Семь граней Великой степи» является продолжением программной статьи «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания», которая нашла широкий отклик в Казахстанском обществе. В связи с этим редактор областной газеты «Жетысу», Амре Арын, который активно принимал участие в реализации «Рухани Жангыру» выразил свое мнение по новой программе. По его мнению, поднятие вопроса происхождения казахского народа и факта, что многое является выходцами из нашей Великой степи, очень актуально.
«С Великой нашей степи распространилась цивилизация во все участки земли. С момента, когда наши предки приручили лошадь, с начала обработки металлов, с появления Великого шелкового пути наши предки были у истоков развития человечества. Даже первый алфавит появился тут. Наш Глава государства смог умело и воодушевляющие донести все факты в своей статье», - с гордостью отметил он.
Необходимо отметить, опубликованные статьи Лидера нации направлены на сплочение, процветание страны. Перед Казахстанцами стоят большие задачи, и долг каждого единым народом достичь их.
Асель Досанова
Талдықорғанда, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың су жаңа «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын іске асыруға бағытталған дөңгелек үстел өтті.
Елбасы «Егемен Қазақстан» газетінің бетіне жария еткен мақаласын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырған. Онда ұлы даланың жеті қырын: «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны», «Аң стилі» деп бөлінген.
Олимпиада чемпионы, Жақсылық Үшкемпіровтің айтуынша, бұл мақала президенттің қазақстандықтардың рухани баюына арналған екінші қадамы.
«Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады». Міне осылай басталатын мақаладан әр қазақтың баласы ерекше шабыт алды деп ойлаймын. Себебі, онда біздің тарих, мәдениет, ата-баба өсиеті ерекше көрініс тапқан. Бұл президенттің халықтың рухани баюына арналған екінші қадамы»,- дейді ол.
Аталған жиынға БАҚ өкілдерімен қоғам белсенділері қатысты. Өз ойын ортаға салған І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қасабек, мемлекетіміз үшін аса өзекті және стратегиялық маңызды тақырып көтерілгені туралы айта кетті.
«Ендігі біздің міндетіміз - осы құжаттың түп-төркінін, мәнін жастарға жеткізу. Және олардың жүрегіндегі қазақилықпен патриотизмді күшейту болып отыр», - дейді профессор.
Жарық көрген жаңа мақаланы жан-жақты талдап үргерген облыстық екі газет «Жетісу» және «Огни Алатау» редокторларыда өз пікірлерімен бөлісе кетті. «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идиговтың ойынша, ұлт көшбасшысының барлық жазған мақалаларымен жолдаулары қазақ елінің өркендеуі үшін жасалған. Осыған сәйкес еліміздің дамығын 30 елдің қатарына кіруі де алыс емес.
- Ұлы даланың ғажайып өркениеттері туралы жазылған мақала барлығымызды қуантты. Өйткені, шын мәнінде біз ұлы дала мұрагерлеріміз. Сондай-ақ, осы даладан әлемнің түкпір –түкпіріне біздің өркениет тараған»,- дейді «Жетісу» газетінің редакторы Әміре Әрін.
Меруерт Махмұтжан
Создание комфортной среды проживания, модернизация социальной среды сельских территорий, реализация потенциала АПК, определенные в Послании Главы государства Нурсултана Назарбаева «Рост благосостояния казахстанцев: повышение доходов и качества жизни», впрямую отвечают задачам развития сельских округов.
Жанашарский сельский округ, в состав которого входят села Жанашар, Космос, Базаргельды и 14 садоводческих обществ, имеет чисто аграрную специфику. Кроме самого значительного агропредприятия АО «АПК «Адал», в котором трудятся 600 человек, экономику округа в основном представляют 166 крестьянских хозяйств. В малом и среднем бизнесе насчитывается 65 действующих субъектов с численностью работающих 250 человек. Наиболее крупные среди них, обеспечивающие занятость и поступление налогов, являются ТОО «МикоФармаДент», ТОО «Олимпийский», ПК «Аксу». Из 7,5 тысяч жителей 3,5 тысячи человек трудоспособного возраста, в том числе 3278 занятых и 1213 самозанятых. Значимые объекты социальной сферы округа: две средние и одна начальная школа, два детсада, дошкольный мини-центр, две СВА и фельдшерско-акушерский пункт, дом культуры. Несмотря на положительные сдвиги последних лет в сельском хозяйстве, развитии инфраструктуры, многие проблемы сельской «глубинки» требуют разрешения: ремонт школ и амбулаторий, реконструкция водоснабжения, межпоселковой трассы, обеспечение занятости. Мы попросили ответить на самые актуальные вопросы акима округа Жана КУРАМЕТОВА.
– Жан Бауыржанович, профилирующая отрасль Жанашарского округа, как и остальных в нашем районе – сельское хозяйство. Насколько активно вкладываются в сельхозпроизводство инвестиции, реализуются инновационные проекты в животноводстве, растениеводстве?
– Специфика местных сельхозугодий такова, что из-за избытка грунтовых вод почти невозможно развитие такой перспективной отрасли, как садоводство. Наши хозяйства выращивают в основном овощи, кормовые культуры, молочное животноводство сосредоточено в частном секторе. Локомотив экономики округа АО «АПК Адал», ввело в эксплуатацию крупнейший в СНГ животноводческий комплекс на 1,5 тысячи дойных коров, молочный завод ежедневно перерабатывает до 150 тонн сырья, изготавливает 32 наименования молочной продукции. Это «якорное» сельхозпредприятие округа, в котором, кроме животноводства и переработки, реализуются инновационные программы сортоиспытания гиброидной кукурузы и сои лучших казахстанских и мировых сортов. АО «АПК «Адал» вошло в научно-производственный кластер кукурузоводства и соеводства, является партнером КазНАУ и других вузов РК, сербского НИИ «Земун поле» по выведению сортов кукурузы и сои с высоким генетическим потенциалом. Отмечу, что АО «АПК «Адал» также выиграло тендер по поставкам поливной воды крестьянским и фермерским хозяйствам округа. Надеюсь, что многолетний вопрос, с поливным водоснабжением, конфликтные ситуации вокруг него будут разрешены.
Хозяйство «Эр догмуш» за счет собственных инвестиций построило животноводческий комплекс, в который входит МТФ на 200 коров, откормплощадка на 250 голов КРС, запланировано приобретение еще около 500 голов КРС молочно-мясного направления, действуют птицеферма, прудовое хозяйство, заложен молодой сад по интенсивным технологиям.
– Согласно «Концепции региональной программы развития АПК Енбекшиказахского района», разработанной под руководством акима района Бинали ЫСКАКА, в животноводстве упор делается на семейные МТФ с поголовьем свыше 50 коров. В каждой МТФ предусматривается создание молокоприемных пунктов. Есть ли в вашем округе такие примеры?
– Наши крестьянские хозяйства создают мини-фермы, поставляя молоко перерабатывающим предприятиям. Среди них КХ Бейбута Теменова, КХ «Мамонов», Д.Матрузиева. КХ «Тогжан» по программе «Кұлан» приобрела лошадей на 10 миллионов 700 тысяч тенге, разводит племенное поголовье.
Сельчане готовы активно участвовать в госпрограммах молочного и мясного животноводства «Сыбаға», «Алтын Асық», «Құлан» внедрять иннвационные технологии, улучшать породный состав скота и его продуктивность.
Наш аграрный сектор имеет хорошие перспективы экспортоориентированного животноводства. Мясо-молочное направление сельхозпроизводства в округе, где выращиваются многолетние травы, кукуруза, соя, наиболее перспективное. Скот имеется почти в каждом подворье, в целом жителями содержится 4,5 тысячи голов КРС, до 300 лошадей, производится и молоко, и мясо. В этой связи роль государственного регулирования АПК крайне важна.
– Насколько динамично в округе развивается малый и средний бизнес?
– Предпринимательство в основном представлено торговлей, общепитом, бытовым сервисом, недавно вошли в строй общественная баня, парикмахерская, аптека, еще один мини-маркет. Но экономика МСБ зависит от индустриально - инновационного развития. Поэтому в округе также намечена реализация ряда проектов по строительству лимонадного, пивного цехов, плодоовощехранилища. Индивидуальный предприниматель А.Низаметдинов Алик планирует построить завод по производству кирпича, инвесторы из Алматы намерены вложить средства в строительство завода минеральной воды на сумму 365 млн. тенге.
– Вечно проблемный вопрос – состояние сельской инфраструктуры. Какие положительные сдвиги уже произошли и какие вопросы нуждаются в разрешении?
–По госпрограмме «Развитие сельских территорий» и «Дорожная карта занятости-2020» проведен текущий ремонт улиц в с.Жанашар и с.Космос, благоустройство территории дома культуры в с.Космос, сделана дорога к детсаду «Көктем», в с.Космос построен скотомогильник. По программе «Ақ бұлақ» реконструирована водонапорная башня в с.Космос. В нижней части селах Жанашар и Космос ликвидированы стихийные свалки, действуют предприятия питьевого водоснабжения ТОО «Ақсу» и по вывозу мусора ИП «Эпос».
Село Жанашар остро нуждается в реконструкции водопровода. Мы подали заявку на включение в программу питьевого водоснабжения «Ак булак». Причина веская. Протяженность водопроводных сетей составляет 25 км, которые были построены и сданы в эксплуатацию в 1976 году. Водопроводные сети на 75 % изношены. В ближайшие годы по программе «Ақ бұлақ» планируется замена водопроводных труб в селах Жанашар и Базаргельды. Также требуется реконструкция водонапорных башен в с.Жанашар. Паводки в 2017 году показали, что для безопасности сел необходимо дополнительное проведение берегоукрепительных работ на р.Кашкан-Талгар. В соответствии с генеральными планами с.Жанашар, с.Космос, с.Базаркельды отведены территории под новые массивы ИЖС.
– Социальная сфера Жанашарского округа меняется в лучшую сторону, на принципе государственно-частного партнерства были открыты детсады в с.Жанашар и с.Космос, за счет государства отремонтирован дом культуры в с.Космос. Что жители округа считают самым необходимым в настоящее время?
– В капитальном ремонте нуждаются средние школы в с.Жанашар и с.Космос, не удовлетворяет материальное состояние начальной школы в с.Базаргельды. Акиматом подана заявка на строительство средней школы в с. Базаркельды, откуда сейчас идет подвоз учеников в средние школы других сел. Также необходимо улучшение условий здравоохранения. В связи с ростом населения и износом зданий, в которых расположены медучреждения округа, подана заявка на строительство амбулаторий в с. Жанашар и с. Космос, ФАПа в с. Базаркельды. Отведена территория под строительство ветеринарного пункта и пункта участковой полиции.
По программе «Балапан» в 2016-17 годах были построены детские сады: предпринимателем Русланом Османовым детсад на 150 мест в с.Жанашар, и в с.Космос семьей Азимбаевых на 35 мест. Это самые необходимые для округа детские учреждения. Однако в округе 877 детей дошкольного возраста, естественный прирост населения в год – 120 человек, а детсады и дошкольные мини-центры посещают около 200 детей, охват дошкольным образованием – 22%.
– Жанашарский округ имеет огромные потенциальные возможности для организации туристического бизнеса, прекрасные возможности развития экотуризма. Насколько широко они используются?
– Предпринимателем Валерием Плахотниковым открыта зона отдыха на озере Октябрьское. В летний период ее посещают тысячи алматинцев и жителей района. Под руководством Алматинского областного и Алматинского городского акиматов здесь проводился международный эко-этно фестиваль, в котором приняли участие около 10 тысяч человек, был организован массовый благотворительный фестиваль «Молодые горы». У туризма есть перспективы. Думаю, в таких заповедных местах, с чистым воздухом и водой, открытие туристических объектов дело времени.
– Ваш округ славится крепкими традициями дружбы, масштабным проведением культурных мероприятий. Опыт жанашарцев в формировании атмосферы добрососедства и и взаимопомощи не раз освещался в местных и республиканских СМИ.
– В доме культуры села Космос, которым руководит Байболат Молдагалиев, в данный момент работают кружки домбры, танца, бокса и дзюдо.
В течение года был проведен ряд мероприятий, в которых активно принимали участие культурные центры округа, такие как турецкий, уйгурский, славянский, которые ведут работу по укреплению межнационального согласия и патриотического воспитания. Общественное объединение «Жанашар» сплотило жителей всех национальностей. Жанашарцы вместе отмечают и Наурыз, и Масленицу, государственные праздники, участвуют в субботниках по саночистке и благоустройству, организуют спортивные и культурные мероприятия, помогают участковым инспекторам полиции следить за общественным порядком. В с. Жанашар с участием ОО «Жанашар» был построен стадион, открыта секция по дзюдо в СШ имени Т.Рыскулова.
По инициативе директора подразделения по сельскому хозяйству АО АПК «Адал» Медетхана Игиликова собрана команда по волейболу среди ветеранов, которая ежемесячно проводит соревнования в доме культуры с. Космос. Команды по футболу и волейболу организовала молодежь. Воспитанники тренера СШ имени Т.Рысқулова по қазақша күрес и дзюдо Леонида Орлова занимают призовые места в республиканских и областных соревнованиях. Среди них есть чемпионы республиканских и международных турниров.
– Эффективно ли работает местное самоуправление?
– Вместе с представителями местного самоуправления мы обсуждаем текущие вопросы по благоустройству, помощи малоимущим, правопорядку, стараемся помогать участковым инспекторам полиции, для которых выделено помещение в ДК с.Космос. Выделен земельный участок под строительство нового опорного пункта полиции со служебным домом в с. Жанашар. Накануне праздничных дней, проходят благотворительные мероприятия и выдаются бесплатные продукты питания, ценные подарки малообеспеченным, одиноким пенсионерам и детям -инвалидам.
За активное участие в мероприятиях и спонсорскую помощь хочу выразить благодарность АО «АПК «Адал», КХ «Эр догмуш», предпринимателям Мамлуду Наниеву, Каре Наниеву, семье Матецких, Б.Жунусову и многим другим сельчанам. Последние годы для казахстанцев были ознаменованы значительным продвижением в экономике, социальной, политической жизни. По мере возможности мы ведем работу в рамках основополагающих стратегий и программ, выдвинутых Президентом и Правительством Казахстана.
Подготовил И.ТУРАНИН.
На снимках: аким округа Жан Кураметов; день поля в АО «АПК «Адал»; общественная баня пользуется спросом; детсад в с.Жанашар.
Баланың өмірге келуі ғажап дүние. Десек те, алдында не күтіп тұрғанын болжау қиын. Кей бала тағдырдың жазмышымен жетім атанса, кейбірі ата-ананың тастап кетуінен тірі жетімге айналады. Бұл – бүгінгі қоғамның ащы шындығы. Өмірдің осы келеңсіз тұстары көрініс тапқан «Жазығым не менің, Ана!» атты драма мюзиклін Рахат №1 орта мектебінің 6-сынып оқушылары көрермен назарына ұсынды.
Дүниеге келген кез-келген сәби алғашқы қадамдарын, сөздерін, іс-әрекетін әкесі мен анасының қолдауымен жасайды. Өкінішке қарай, сәби үшін маңызды осы жетістіктерінің, тіпті олардың өмірде бар-жоғының ата-анасын қызықтырмайтын жағдайлармен де ұшырасып жатамыз. Баласын тағдыр тәлкегіне тастаған жауапсыз ана, санасыз әке, қатігез қоғам, тастанды бала... «Жазығым не менің, Ана?» драма-мюзиклінде қозғалған тақырып ешкімді бей-жәй қалдырмады. Мақсаты да сол – жауапкершілік жүгінің қаншалықты ауыр екенін жеткізе отырып, көрерменге ой салу. Осы тұста қойылымды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботакөз Шәрібек пен ұстаз үмітін ақтаған оқушыларының ерен еңбегін атаған жөн. Көрермен мен мектеп ұжымының сұрауы-мен аталған қойылым мектеп сахнасында бірнеше мәрте қайталанып қойылды. Бүгінгі таңда сахна мәдениеті мен міндетін біршама меңгеріп, тө-селіп қалған оқушылар Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының негізінде «Көзіме бір көрінсең бала ғашық» драма-мюзикліне дайындық үстінде.
Әмина Талқамбаева,
6 «А» сынып оқушысы.
Қайырымдылық – қазақтың қанына сіңген қасиет. Ата-бабаларымыз сауапты да, жауапты амалдың бірі мұқтажға қарайласуды өзіне міндет санап, жесірін жылатпай, жетімін қаңғыртпай, қайтыс болған туысының әйелін әмеңгерлікпен алып, ешкімге кіріптар қылмаған. Сол себепті де қазақ даласында «Жетімдер үйі», «Қарттар үйі» мүлдем болмаған. Заманнан ба, адамнан ба, өкінішке қарай, бұл сабақтастық жалғаспай отыр. Керісінше, ойнап жүріп от басқан көкек аналар мен жауапкершіліксіз әкелердің кесірінен тірі жетімдер саны артуда. Бұл тексіз ұрпақ дүниеге келді деген сөз, ал оның арты ел болашағына қауіп төндірер дерт болары анық. Аталған індетті алдын алып, қамқорлықсыз қалған сәбилерге қорған болуға,отбасы жылуын сыйлап, бала асырап алуға бағыт-бағдар беруді көздеп, жетімдер үйін азайту мақсатында Облыстық білім басқармасының бастамасымен 2016 жылы «Балалар үйінсіз Жетісу» атты жоба туған.
Аталған бағдарлама аясында жақында О.Жандосов атындағы орта мектебінде ұжымның ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты шара өтті. Кеште аудандық білім бөлімінің маманы – Алмагүл Дүйсебекова, жер қатынастар бөлімінің бас маманы – Руслан Қожаев, отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиешісі – Роза Есенова мен патронаттық ана – Любовь Ершова және Қызылжар ауылдық мешітінің имамы – Сұлтанбек Кәрібаев қонақ болды. Жиын барысында Алмагүл Ануарбекқызы жоба мақсатын түсіндіріп, 31 баланы қамқорлығына алған Есеновтер отбасы мен 7 жеткіншекті жеткізіп, мейірім төгіп отырған Любовь Ершованың жанұясын та-ныстырып, көпке үлгі етті. Өз сөзінде:
– Ауданымыз бойынша 342 жетім бала бар. Оның 296-сына қамқоршылық және қорғаншылық белгіленген, 20 бала патронаттық отбасында тәрбиеленсе, 11-і отбасылық үлгідегі балалар үйінде, 4-еуі бала қабылдаушы жанұяда, 11 жеткіншек Шелек ауылындағы мамандандырылған балалар үйінде тәрбиеленуде. Аталған жоба арқасында 20 бала отбасын тауып, ата-ана жылулығын сезінуде. Сіздер де бір жетімге қамқорлық көрсетіп, мейірімділік танытамын деген ниеттеріңіз болса,бізге хабарласып бар мән-жайды сұрасаңыз болады, – деп, әр сәби толыққанды отбасында тәрбиеленуін тілейтіндігін білдірді.
Кеш соңында ауылдағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге мектеп ұжымы мен жеке кәсіпкерлер демеушілігімен сыйлықтар ұсынылды. Мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасын тамашалап, әрі кең жүректі, жомарт жандардың қайырымдылығы мен мейірімділігіне сүйсініп қайттық.
Жансая ЫСҚАҚ.
Дүниежүзілік сарапшы ұйымдардың берген мәліметінше 1 туристік қалада 2 сағатын өткізген 100 мың турист 350 мың АҚШ доллары көлемінде пайда әкеледі екен. Айталық, Малайзия еліне бір жылда тек туристік мақсатта 24 млн адам келеді және бұл елдің осы саладағы табысы 20 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Демек, экономикалық серпіліс сыйлайтын туризмге ауданымыз да қауқарлы. Дархан даласы, мақпал ауасы, көрсе көз тояр көрікті жерлері, өзен-көлдері баршылық. Ал дамуына не кедергі? Бұл ретте, ауданымыздағы туристік және экскурсиялық орталық директоры Мұрат Ақаевты сөзге тартқан едік.
– Құрметті Мұрат Тілепбердіұлы, бүгінде өзіңіз аудандағы балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығын тізгіндеп отырсыз. Орталық аудандағы туризмді дамытуға қаншалықты үлес қосуда?
– Ауданымызда 1967 жылы «Алматы облыстық балалардың туристік-экскурсиялық станциясы» құрылды. Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданының 14-қосымша білім беру педагогы жұмыс істейді мұнда.Аудан мектептерінен қосымша білім беру үйірмелеріне 508 бала тартылған.Ұжымымыз туризмнің 11 бағыты бойынша жұмыс жүргізеді. Атап айтсақ, «Жаяу туризм», «Вело туризм», «Спорттық жартасқа өрмелеу», «Туристік көпсайыс», «Спорттық бағдарлау», «Тарихшы-өлкетанушылар», «Географ өлкетанушылар», «Әдеби өлкетану», «Жас археологтар», «Мектеп мұражайы-ның белсенділері»,«Жас экскурсоводтар». Мұның әрбірі бойынша жас буын өз ауданының, туып-өскен өлкесінің кереметтерін көреді.
– Өскен өлкеміздің кереметтерін көрсету – рухани кемелденуге бас-тайды ғой. Осы ретте өлкемізді танудағы жұмыстарыңызды тарқа-тып берсеңіз...
– «Жалпы жұртыңды,иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын,табиғатын танудан,адамдарын ардақтаудан басталады» – деген Елбасының қағидалы сөзін тілге тиек ете отырып, жоғарыдағы аталып өткен 11 бағыттың ішіндегі «Өлкетану» бағыты бойынша атқарылған жұмыс ауқым-ды. Орталығымыз республика, облыс көлемінде өтетін жарыстар мен байқаулар-ға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүргенін мақтанышпен айтамын. Мысалы, Текелі қаласында өткен «Менің Отаным – Қазақстан» атты туристік-экспедициялық жасақтардың облыстық слетіне қатысып, белсенділік көрсетіп, «Өлкетану блогының практикаға бағдарланған кезеңі» бойынша екінші орынды жеңіп алды. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастырған «Парктер шеруі-2018» республикалық шараға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.«Туған жер» бағдарламасы бойынша жүргізілген «Тарихы терең, табиғаты көркем – туған өлкем!» атты туристік-экологиялық танымдық жорық жобасы бойынша аудан мектептерінің жетім, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайлары төмен және белсенді, дарынды 315 бала қамтылды. Оқушылармен Панфилов ауданындағы сакралды орындарға экскурсия ұйымдастырылды.Жоба мамыр айында «Алабында – Алтын адам туған мекен, Мен әрқашан өзіңді мақтан етем!» – атты фестивальмен қорытындыланып, Ақмола облысы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен республикалық семинар практикумда презентацияланды.Туристік орталықтың педагогы Ж.Бутимбаеваның жетекшілігімен «Туған жер. Алтын ұя – мектебім!» – атты жобасы қолға алынды. Зерттеу нысанына Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылындағы Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп және Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп алынды. Жоба негізінде мектептің тарихы, мектепті әр жылы бітірген еліміздің түпкір-түпкірінде елеулі еңбек етіп жүрген түлектер жайында жазылды. Осы мектептердің патриоттық клубтары зерттелді. Жоба аясында Қ.Орымбетов атындағы орта мектебінде «Туған жерге тағзым» атты мектептің әр жылы бітірген түлектерімен кездесу ұйымдастырылды.Ақши ауылы Бөлек батыр атындағы орта мектебінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қойнауы құт-береке – туған өлкем!» атты республикалық семинар өткізілді. Семинарға ҚР Білім министрлігі жанындағы «Жас патриоттар» Академиясының Президенті Тілдаш Би-туова қатысып, ой бөлісті.
Тағы бір айта кетерлігі, орталықтың қосымша білім беретін педагогтары шығармашыл оқушыларға көмек пен қолдау көрсетуге әзір. «Гүлдене бер, Қазақстан!» атты ІІІ республикалық ту-ристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұ-мыстарының байқауына біздің үйірмеге қатысатын Р.Тоқатаев атындағы мектептің оқушылары «Туған жер» тақырыбындағы ғылыми жобаларын қорғап, 2 және 3 орындарды иеленіп, Қазақ спорт және туризм Академиясының 50% және 25% жеңілдігі бар оқу гранттарын жеңіп алды.
– Өз ауданымыздың кереметтерін көрсетуде, жас буынға патриоттық тәрбие беруде кедергілер бар ма Сіздерге?
– Кедергі деуге келмес, әйткенмен, бірқатар мәселелер көлденеңдеп тұрғаны шындық. Оның ішінде өз ауданымыздың «Іле – Алатау» Ұлттық паркіне қарасты экологиялық пост аумағына өту ақылы болу себебінен, туған өлкеміздің қойнауында танымдық экскурсиялық жорықтар жасап, тау-тасқа өрмелеп практикалық сабақтар өтуге мүмкіндік жоқ. Екіншіден, туризм орталығының материалдық базасы төмен. Үшіншіден, В.Терешкова атындағы орта мектебі спорт залына орнатылған орталықтың баланысында тұрған жартасқа өрмелеу (скаладром) құрылғысын өзіміздің орталық оқушылары үшін пайдаланып оқытуға мүмкіндік жоқ. Себебі, спорт зал үнемі босамайды. Төртіншіден, орталық қалалық жерде болуына байланысты ауылдық мектептерде сабақ беретін біздің орталығымыздың қосымша білім беру педагогтарына ауылдық жердегі еңбекақыға қосылатын 25 пайыздық үстемақы төленбейді.
– Шыны керек, ауданымыз қой-науы кенге, жайлауы төлге толы, табиғаты тамаша өңір. Түргеннің шатқалын, көзмоншағымыз Есік көлі-нің кереметін көруге ынтық жандар жетерлік. Ауданымызда туризм-нің қарыштап дамуына не кедергі Сіздіңше?
– Бұл мәселе республика бойынша күн тәртібінде тұрған түйткіл. Себебі, ішкі және сыртқы туризмді дамыту – экономикалық серпіліс тетігі. Ал ауданымыздағы туризмді дамыту мәселесіне аз-кем тоқталсақ, ең бірінші, жарнама аздығынан. Өйткені, жаманын жасырып, жақсылығын асыратын да – жарнама. Осы ретте ауданымыздың туристік жерлерін әспеттейтін арнайы халықаралық деңгейдегі сайт ашуды жоспарлаған едік. Онда өңіріміздегі ең керемет жерлер, оған қалай бару керек, қанша уақыт алады, қандай жағдайлар жасалған деген секілді толық мәліметтерді қолжетімді қыла алсақ, қаншама туристерді тартуға болады. Бұл өз кезегінде жобасы әзір, тек қаражатқа тіреліп тұрғаны болмаса. Ең маңыздысы, біз мәліметтерді үш тілде жарияласақ деген едік. Қолдау болса, бұл жобаны жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар. Ендігі басты мәселе – инфрақұрылым. Осы мәселелер жолға қойылса, туризмнің қайнар көзіне айналар едік. Ал бұл өз кезегінде ауданымыздың экономикалық өсіміне серпін берері ақиқат. Өйткені, әлемдік эономикада туризмнің маңызды екенін сарапшылар ашық айтсақ. Сөзімді нақтыласам, әлемдік өндірісте әрбір 9-шы адам осы салада жұмыс істейді. Инвестицияның 11 пайыздан астамы тек осы салаға келеді. Туризмнен түсетін табыс мұнай өнімдерін және автомобильді экспорттаудан кейінгі тұрақты түрде 3 орында тұр. Тағы да айта кететін бір жайт үстіміздегі жылы Кербұлақ ауданында Дүниежүзілік – туризм күніне байланысты өткізілген облыстық жарыста біздің туристік орталықтың оқушылары жүлделі бірінші орынды иеленді.
– Уақыт бөліп сұхбат бергеніңізге рахмет!
Әңгімелескен
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
Адамзат тарихында талай алапат апаттар мен қанды қырғындар, әлемді түнекке ораған тауқыметке толы дүрбелеңдер болса да адам баласы әлі күнге аман келеді. Оның басты сыры – адамның ақыл-ойы мен қайсарлығы, даналығы мен қажыр-қайраты ғана емес, кейбір қайырымды жандардың жүрегіндегі мейірімділік дәнегі. «Әлемді мейірімділік құтқарады» дейтін халық даналығы содан қалса керек. Бұл ғаламға мейірімділік, жомарттық, адалдық, тазалық дәнегі себілгеннен бастап, одан өніп шыққан бәйтеректі ешкім де құлата алмай келеді. Ал адамгершілік таныту тек жомарт адамдардың ғана қолындағы игі іс. Рухани байлықтан гөрі материалдық байлықты артық санайтын бүгінгі қоғамда арамызда аз да болса Атымтай жомарттардың кездесіп жататыны көңілге қуаныш, жүрекке жылылық сыйлайтыны жасырын емес. Мейірімділігі жүрегіне, жомарттығы алақанына мекендеген адал жандардың іс-әрекеті өзгеге үлгі боларлық. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында елі үшін еңбек ететін ақжүрек кәсіпкерлерге сенім артып, олардың қолға алған шаруаларына қолдау білдіру көзделген. Соның аясында «Туған жер» кіші бағдарламасы дайындалған болатын. Материалдық байлығын рухани кемелдену жолында халықтың игілігі үшін жұмсау – ізгілік пен кеңдіктің, жомарттық пен тазалықтың белгісі емес пе? Осындай жақсы адамдардың жанымызда жүргенін біле бермейтініміз өкінішті. Сондай ізгі жүректің иесі, талай жақсы істерге демеушілік жасап жүрген ақжарқын азаматтың бірі – Ақат Дүмшебайұлы Боқаншиев. Адалдық пен жомарттықты өмірінің мәні санайтын Ақат ағамызбен сұхбаттасудың да сәті түскен болатын.
– Құрметті Ақат Дүмшебайұлы, ең бірінші оқырманға өзіңіз туралы жан-жақты ақпарат бере кетсеңіз.
– Мен 1959 жылы Қытайдың Шағантоғай деген жерінде дүниеге келіппін. Екі алып елдің ортасындағы сірескен мұз еріп, қазақтардың бері қоныс аударуына кеңшілік жасалған кезең басталған заманда саясаттың осы бір жылымық кезеңін пайдаланған әке-шешем 1961 жылы КСРО жеріне, яғни қазақ жеріне қоныс аударыпты. Балалық шағым Бұрынғы Семей облысы, Мақаншы ауданының Жарбұлақ ауылында өтті. 13 жасқа келгенше осы ауылдың мектебінде білім алдым. Кейіннен әкемнің қайтыс болуына байланысты оның туыстарының демеуімен бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданының Қызылтаң совхозына (бүгінде Ойтоған ауылы деп аталады) көшіп бардық. Бұл 1971 жылы болған жағдай. Осылайша І.Жансүгіровтың жерлесі болдым. Осы ауылда мектепті бітіріп, жұмысқа араластым. Жұмыс дегенде галстук тағып, кастюм киетін жерде емес, кәдімгі қарапайым қойшылықтан бастадым. Ол жұмысты да жаман атқармадым. Арада бір жылдан кейін мен де ел қатарлы жоғары білімге қол жеткізу үшін қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ-дің бейнелеу өнері факультетіне тапсырып, студент атандым. Оқу бітіргеннен кейін Ақсу ауданының бұрынғы Көкжайдақ, қазіргі Қосағаш ауылының мектебінде сызу-сурет мұғалімі ретінде жұмысқа тұрдым. Осында істеген қызметім ел көзіне түсіп, көп өтпей мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кейін мектеп директоры болдым. Бұл кезде жасым жиырма төртте еді. Арада біраз уақыттан соң халықтың ұсынуымен ауылдық кеңестің төрағасы болып тағайындалдым. 3 жыл төраға болып істегеннен кейін аудандағылар мені шақырып алып, аудан орталығында орналасқан Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепке директор етіп тағайындады. Осылайша ауылдан аудан орталығына ауыстым. Ол кезде мұндай қадам үлкен жетістік саналатын. Бұл мектеп 1700 оқушы білім алып, 170 мұғалім қызмет ететін аудандағы үлкен мекеменің бірі-тін.
Осылайша қызметте сатылап өсіп, ауданға таныла бастадым. Бірақ қаншама еңбектеніп, ел көзіне түскеніммен партия мүшесі емес едім. Еткен еңбегім басқалардан кем болмаса да мені партия қатарына өткізбеді. Оған себеп – менің арғы беттен келгендігім болатын.
– Партия қатарында болмасаңыз да, бірталай белесті бағындырған екенсіз. Бірақ осы жылы орныңызды суытып, үйреншікті қызметіңізден кетуіңізге не себеп болды?
– Әлемдегі алып елдердің бірі КСРО-ның керегесі сөгіліп, арада қиын кезең басталып кетті. Осындай қоғамның тынышсызданып, экономиканың теңселген кезінде мұғалімдердің жалақысын берудің өзі мұң. Тек бір жалақыға ғана қарап отырған мұғалімдер үшін бұл жағдай оңай тиген жоқ. Тіптен, қатарынан сегіз айға дейін бір тиын алмаған кездері болды. Ал осындай жағдайда тұрған ұстаздардан оқушыға дұрыс білім беруді талап етудің өзі қиын еді. Ал талап пен тәртіп жоқ жерде қайдан білім болсын. Бұл мектептің білім деңгейінің нашарлауына әкеп соқтыратыны түсінікті. Оған ең бірінші басшы ретінде мен жауап беруім керек. Осыларды ескере келіп, өз арызым бойынша жұмыстан шығуыма тура келді. Өйткені, мені мұғалімдердің жалақысын бере алмасам оларға қалай басшы бола аламын деген ой мазалады. Осылайша мемлекеттік қызметтен босап, қалған уақытымды жеке кәсіпке арнадым.
Менің арғы аталарымнан тартып мал шаруашылығымен айналысып келе жатыр. Өзімнің үлкен ағам Тоғжан Қырманов та осы шаруашылықпен танымал болған кісі. Осы кәсіптің арқасында «Еңбек Қызыл Ту» ордені мен «Октябрь Революциясы» орденінің кавалері атанған. Ағамыз сол кездегі бес жылдық жоспар бойынша әр қойдан 5 киллограмм жүн мен 100 қойдан 150 қозы алып отырған. Әулетіміздің мал шаруашылығы саласында осындай тәжірибесі болған соң мен де мал шаруашылығымен айналысып, бүгінде соның жемісін жеп отырған жағдайым бар.
– Талай жылыңызды бала оқытып, білім нұрын шашатын ұстаздыққа арнадым деп отырсыз. Кейіннен кәсіпкерлікке ауысып, мүлдем басқа саланың адамына айналдыңыз. Бұл сізге ауырлық түсірген жоқ па?
– Мұғалімдіктен қол үзіп, бірден бизнеске келу маған өте қиын болды. Біріншіден, бұған дейін мемлекет қызметінде болып, жеке кәсіппен айналысу туралы тәжірибем болмады. Сонымен бірге тек мемлекеттік меншікті қолдайтын кеңестік кезеңнің тәрбиесін алдық. Екіншіден, ол кезде қазақтар үшін сауда жасау ұят деген көзқарас болды. Бірақ Одақ ыдырап, еліміз нарықтық экономикаға өте бастаған соң бұл көзқарастың мәні жойылды. Жан бағу үшін қазақтар да базарды жағалауына тура келді. Осыдан болар мен Алматыға келгенде мұнда сауда жасайтын қазақтар өте аз болатын. Мен сауда жасаған Көк базарда негізінен орыс, түрік, ұйғыр секілді халықтар болатын әрі базардағы ең жақсы орындар да соларға тиесілі еді. Сондықтан маған солармен қатар сауда жасап, кәсібімді құру бастапқыда қиынға соқты. Керек десеңіз, малшының баласымын әрі өзім де мал бақтым деген құр атағым болмаса малдың жай-күйі, әсіресе еті туралы білетінім шамалы екен. Бұрын тек малды далада айдап бағып, алдағы қарамызды көбейтуді біліппіз. Кейін сойысқа өткізіп, жоғарыдағылардың «әр қойдан мынша ет, мынша жүн алдың» дегеніне мәз болып жүре беріппіз. Ал жас қозының еті қандай, тоқтының еті қандай, тұсақтың еті қандай, әлде кәрі саулықтың еті қандай деп байқап, зерделемеппіз. Мұның қыр-сырын тек базарға келіп, сауда жасағаннан кейін ғана үйренуіме тура келді. Тағы бір айта кетерлігі, бірнеше жыл мұғалім болған соң біреуді алдап-арбау, пайдалану дегенді білмеппіз. Кең даланы мекендеп, табиғатпен үндесе тіршілік еткен қазақ халқы үшін де бұл әдеттер жат еді. Өзім таза қазақы тәрбие алып, сондай ортада өскен соң да бұл қылықтарды көп кездестірмеппін. Бірақ сауда жасап жүріп талай алдандым. Қаланың өмірі, әсіресе базар маңы үшін алдап-арбаудың жиі кездесетінін кейін білдім. Сол кезде өзімнің оқушыларымдай балалар менің сеніміме кіріп, алдауға тырысатын. Оларды бала ғой деп сенім артып талай аузым күйгені бар. «Сауда – сақал сипағанша» десек те мен кәсібімді адал істедім. Өзім алдансам да, басқаға қиянат жасағаным жоқ. Бүгінгі берекелі тірлігім соның арқасы деп ойлаймын. Алматыға отбасыммен қоныс аударған соң ел қатарлы пәтер жағалауыма да тура келді. Әйелім де бастауыш мектептің мұғалімі болатын. Балаларымыз да жас. Талай қиындық көрсек те мойымадық. Өйткені, қиындықсыз келген бақыт пен байлықтың қадірі болмайды. Қадірі болмаған соң баяны да болмайды. Құдайға шүкір, бүгін заман оңалып, жағдайымыз түзелді. Кезінде көрген қиындықтар қазір бейне бір түс секілді.
– Біз сізді тек кәсіпкер ретінде емес, демеуші ретінде де білеміз. Жақында ғана сіздің демеушілігіңізбен Қайназар ауылында үлкен мешіт ашылды. Сізді осы мешітке демеушілік жасауыңызға не әсер етті? Яғни, басқа емес неге мешіт салуға демеушілік жасадыңыз?
– Халықты ұйыстырып, берекесін сақтауда діннің орнын алмастыратын нәрсе жоқ. Мәселен, Рахат ауылы бірнеше ұлттан құралған ауыл болса да, діни сенімі жағынан біртұтас. Яғни, дені мұсылмандар. Ал осы көп құрамнан тұратын халықтың ынтымағын сақтау үшін сол дінді уағыздайтын орын керек қой. Ол орын, әрине, мешіт. Мұнда адамдар тек намаз оқу үшін емес, өздерінің рухани дүниесін байытып, ішкі әлемін қанағаттандыру үшін де келеді. Сол қарекеттің үдесінен шығу үшін ауылдың белді азаматтары жаңа әрі кең де сәулетті мешіт салуға көмектессеңіз деген тілек білдірді. Мен де қарсы болған жоқпын. Тіптен, отбасым да маған демеу болып, ниетіме қолдау білдірді. «У ішсең руыңмен» дегендей ауылдың қамы үшін әрі өзім тұрған мекен болғандықтан бұл іске білек сыбана кірістім. Бұл бастамаға мен ғана емес, бүкіл ауыл болып атсалысты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші жұмыс басталғаннан бастап, оны ұйымдастыру, жүргізу, іске асыру жағында ауыл ақсақалы Бақберген Әшімовтың еңбегі ерекше. Құдайдың үйін салғандықтан шығар, ең қызығы жұмыстың басталғанынан, аяқталғанына дейін ешқандай кедергі кездескен жоқ. Тіптен, құжаттары да тез рәсімделді. Сәулетшіні арнайы Қырғызстаннан алдырдық. Мешіт біткенше өзім басы-қасында болдым. Осылайша 400 адамға арналған мешіт құрылысы бір жарым жылдың көлемінде аяқталып, пайдаланылуға берілді.
– Жомарттық тек мешіт салумен ғана өлшенбейді. Көпір салу, жол жөндеу, жағдайы төмен жандарға қол ұшын созу секілді істер де сауабы мол, игілікті шаруа. Сондықтан айналаңыздағы халыққа мешіт салудан басқа қандай көмек көрсетіп келесіз? Егер бұдан кейін де басқа нәрселерге демеушілік жасауыңызды сұраса не істер едіңіз?
– Діни аңыздарда айтылатын «Мұса мен Харунның» қиссасы бар ғой. Қанша бай болса да, садақа беруге қимай, соңында жерге тірідей жұтылатын сараң бай Харун турасында айтылатын. Құдай байлық берген екен, оның жауапкершілігі де бар. Яғни, өзгеден көмегіңді аямау керек. Өйткені, «байлық – қолдың кірі». Бүгін күлімдеп келеді, ертең сағым секілді қолға ұстатпай кетеді де қалады. Осылайша байлықты қуамын деп өмірдің соңғы мәресіне келгеніңді де байқамай қаласың. Ал өмірдің екі рет берілмейтіні тағы бар. Анадан үзіп, мынадан жұлып жинаған дүниеңді өзіңмен бірге әкете де алмайсың. Сенің бай екенің ертең-ақ ұмытылады. Тек елдің есінде жақсы атың мен істеген ісің ғана қалады. Ал жақсы атыңды қалдыруың үшін сол халықтың көңілінен шыға білуің керек. Қазақта «Жаман бергенін айтады» деген мақал бар. Мен анаған көмектестім, мынаған көмектестім дей алмаймын. Енді сұраған соң айтайын, өзім педагог болған соң мектеп пен оқушыларға көп бүйрегім бұрып тұрады. Бала деген періште ғой. Әрі болашағымыз солардың қолында. Бүгінгі оларға бергеніміз болашаққа құйған инвестициямыз секілді. Сол себепті де жыл сайын жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларды киім-кешек, керек-жарақтармен қамтамасыз етіп тұрамын. Мектепке де талай демеушілік көрсетіп, жөндеу жұмыстарына көмектескенім бар. Деседе мен ананы істедім, мынаны істедім деп мақтанудан аулақпын. Егер халық жағынан көмектес деген игі тілек болса, мен неге бас тартамын. Мен үшін маңыздысы ақша емес, жүректің тазалығы. Ал жүрек таза болу үшін жақсы істерді көп істеп, өзгеге көмектесуді бақыт санау керек.
– Бүгінде мемлекетіміз кәсіпкерлікпен айналысуды мейілінше құптап отыр. Әсіресе жастардың бұл салаға жаппай бет бұруын қолдайды. Ендеше ізіңізді басып келе жатқан жас ұрпаққа кәсіпкер ретінде айтар ақылыңыз бар ма?
– Америкалықтардың «ақылдысың ба, онда неге кедейсің» деген жақсы бір мақалы бар. Енді америкалықтар ежелден капитализмнің жолымен жүріп, еңбек пен байлықтың қадірін жақсы түсінетін халық қой. Ал бізде ше?! Бізде де кезінде мыңды айдаған байлар мен анау Қытай, Орта Азия, Еуропа елдерін кезіп сауда жасаған көпестер де болған. Олар тек байып қана қоймай өз ауылы мен айналасын жұмыспен қамтып, өзгелердің де нәпақа табуына жағдай жасаған. Бірақ Кеңес Одағы орнағаннан кейін сол байлар мен кәсіпкерлердің бар мал-мүлкін тәркілеп, өздерін тұқым-тұқиянымен қосып итжеккенге айдады. Онымен де қоймай «бай деген адамның ең жаманы, залымы әрі халықтың қанын сорған масыл» деген догма қалыптастырды. Өз еңбегімен дүние құрап, кәсібін дөңгелеткен, сол арқылы баю жолына түскен адамдарды құбыжық етіп көрсетті. Бүгінде тәуелсіз ел атанып, нарықтық экономикаға қадам бассақ та, сол бұрынғы көзқарастан әлі толық арылмағанымыз байқалады. «Генерал болуды армандамаған сарбаз, сарбаз емес» деген сөз бар ғой. Сол секілді кез-келген адам бай болуға тырысу керек. Ал бай болу үшін еңбектену керек. Бірақ қанағатты да ұмытып кетпегенің жөн. Байыдым екен деп қолыңда барды өзгеге бұлдаудың зияны болмаса, ешқандай пайдасы да, жақсылығы да жоқ. Құдайға шүкір, бүгінде елімізде тыныштық пен татулық басты орында. Бұл дегеніңіз кәсіппен айналысу үшін таптырмас орай. Мемлекетіміз де кәсіпкерлікпен айналысуға оң қабақ танытып, халықты байытудың бар жағдайын жасап жатыр. Тек сол мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, шаруаңды дөңгелетіп әкетсең болғаны.
– Уақытыңызды бөліп, әңгімелескеніңізге рахмет!
Әңгімелескен
Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.
Кез-келген салада тұтынушыларға қолайлы жағдай жасап, оларға қызмет көрсетудің сапасын арттыру – жауапкершілік пен іскерліктің көрінісі болып табылады. Осындай игі істі қолға алған «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы «Алматытелеком» өңірлік телекоммуникация дирекциясының бас директоры Раздықов Шерхан Пертайұлының бастамасымен, Шелек бөлімшесінің абоненттерге қызмет көрсету және оларды қабылдау бөлмесі бірінші қабатқа ауыстырылып, күрделі жөндеуден өтті. Өткен аптаның аяғында аталмыш бөлімшенің салтанатты ашылуы болды.
Қуанышты шараға «Алматытелеком» өңірлік сату орталығының басшысы Жақсылық Әшен, аудандық желілік техникалық цех басшысы Жандос Саденов, Шелек округі әкімінің орынбасары Мәди Бектасов, ауыл тұрғындары мен ақсақалдар, зейнеткерлер қатысты. Қонақтар мен ақсақалдар абоненттік бөлімнің салтанатты лентасын қиып, ақ жаулықты әжелер шашуларын шашты. Игі іске ақ дастархан басында ақ тілегін жеткізіп, баталарын берді.
– Тұтынушылардың ұсыныстарымен талап-тілегі ешқашан ескерілмей қалмайды. Соның нәтижесін бүгін көріп отырсыздар. Сіздер өтініш жасадыңыздар – біз абонент бөлмесін бірінші қабатқа ауыстырып, жөндеуден өткіздік – деген Жақсылық Әшен әрдайым қолдау көрсетіп отырған жергілікті әкімдікке алғысын жеткізді.
– Бүгінде заман талабына сай біздің өмірімізде телефон мен интернет желісі жоғары маңызға ие. Ал сол қызметті бізге сапалы қызмет көрсетіп отырған «Қазақтелеком» акцинерлік қоғамына алғысымыз шексіз – деп тұтушылардың бірі қызметтеріне ризашылықтарын білдірсе, енді бірі абоненттік бөлімнің ашылуына қуанышты.
– Жасыратыны жоқ, біз секілді қарттар үшін ай сайын екінші қабатқа көтеріліп-түсу оңайға соқпайтын. Мүмкіндігі шек-теулі азаматтарға мүлдем қиын еді. Бүгін, міне, біз секілді зейнеткерлер мен қарттарға жағдай жасалғанына қуанып жатырмыз – деген ауыл ақсақалы батасын берді. Осыған дейін ғимараттың екінші қабатындағы дәліздің шетінде орналасқан абоненттік бөлімге көтерілу егде жастағы тұтынушыларға оңай болған жоқ. Абоненттер ол жерде төлемдерді іске асырып, түрлі қызметтер алатын. Қазір мұның барлығы бірінші қабаттағы орналасқан, жарық әрі жылы, заман талабына сай жабдықталған бөлмеде іске асырылады.
Аудандық сату учаскесінің басшысы Светлана Алтайбаеваның сөзіне сүйенсек, бүгінде ауданымызда «Қазақ-телекомның» 27 мың 800 абоненті бар. Оларға 125 адам қызмет көрсетеді. Оның 17 мыңға жуығы интернет пайдаланушылары. Аталған мекеме кең жолақты интернетпен қатар, телефон және интерактивті телевизия қызметтерін ұсынады. Бір ғана Шелек ауылының өзінде 4550 абонентке қызмет көрсетіледі.
Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ-ға қарасты «Алматытелеком» ӨТД абоненттер арасында ұтыс ұйымдастыруды да дәстүрге айналдырған. Биыл да мекеменің қызметіне қосылушылар арасында облыс көлемінде 20 смартфон ойнатылуда. Нәтижесі жақын арада белгілі болады.
С.НҰРАДИН.