Дүйсенбі, 02 Қыркүйек 2019 10:14

Келешекке – кемел біліммен

Кешегі Шортанбай айтқан «Зар заман, зар заман, зарлап өткен бір заман» келмеске кетті. Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, баһадүр бабаларымыз бағындырды жер мен көкті, ерлігіне әлем бас иіп, атан түйе шөкті. Бұл өткеннің өрнегі. Ендігі заман білімнің бәсекесі. Ақылы жеткенге қолы, көзі шалғанға жолы түссін десеңіз, сананы сілку ләзім...

Хош, сонымен «Келешекке – кемел біліммен» тақырыбында өткен биылғы  дәстүрлі тамыз кеңесі    цифрлы технологиялардың тоғысқан орнына айналған іспетті. Аудандық мәдениет үйіне кіре-берістен ұзын-сонар заманауи үлгідегі көрме қойылған. Әрбірі өз алдына бір материал боларлық дүниені таныстырды аудан әкімі Бинәлі Ысқаққа. Бәр-бәрі небәрі бір жылда жеткен жетістіктер. ІТ технологиялар арқылы қол жеткізілген роботтардың өзі түрлі тәсілдерді көрсетіп жатыр көпшілікке. Көресің, мектеп оқушыларының осындай тың дүниелерге түрен салғанына риза боласың. Мұның бәрі тәуелсіздіктің тартуы, Елбасы жүргізген сарабдал саясаттың көрінісі. Сонымен аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев көрмелерді толық аралады. Педагогтар қауымы осындай мүмкіндіктер туғызып отырған аудан басшысына алғыстарын да жаудырып жатты. Не керек, «Білім саласы бір жылдың ішінде біраз биікке көтеріліпті. Осындай заманауи технологияларды ойлап тауып жатқан жастарды үздіксіз қолдау керек. Оларға барлық жағдай жасау – мына біздің мойнымызда» деп оң көзқарас білдірді Бинәлі Әбдіқапасұлы.

Елордада өткен дәстүрлі тамыз конференциясына Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуының өзі ұлағат иелерінің мәртебесін еселеп арттырғаны ақиқат. Онда Президент алда атқарылар жұмыстарды бағамдап берді. Сол секілді тамыз конференциясында алғаш мінберге көтерілген аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова өткенді таразылап, болашаққа жоба-жоспарды жүйелеп жеткізді.

Тәрбие бастауы – балабақша. Бұл тұрғыда ауданда мектепке дейінгі тәрбиемен 99,1               пайыз бүлдіршіндер қамтылған. Демек, 100 балабақшаның 72-сі мемлекеттік-жекеменшік әріп-тестік жетістігі. Әйткенмен, онда да біраз түйткілдер тұрғандығын ашық айтты бөлім басшысы: – Бұл балабақшалардың дені Есік қа-ласында және қала маңайындағы ауылдық жерлерде ашылуда. Әлеуметтік жағдайларға байланысты балабақша ашу ісіндегі дисбалансжұмыспен қамту және миграцияға байланысты сақталмай отыр. Әлеуметтік жағдайларды шешу мақсатында барлық балабақшаларға көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары үшін ата-ана жарнасын жергілікті бюджет есебінен төлеу құжаттар дайындалуда. Сонымен қатар,жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында  стандарттық білім беру деңгейі ақсап тұр десем артық айтқандық болмас. Кейбір балабақшаларда бала аман, қарны тоқ болса деген тоқмейілсу баршылық. Кейде жекеменшік балабақша ашу – сапалы білім мен тәрбие  көзі ме, әлде бизнес көзі ме? деген ой туады. Сондықтан жекеменшік балабақша меңгерушілерінен «жауырдан жаба тоқуды» қойып, баланың қалыптасуына негіз болатын оқыту мен тәрбиеге басты назар аударуларын талап етемін.

Көрмеде көрсетілгендей, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру де толық автоматтандырылған. Осы арқылы ата-ана өтініштерін электронды жолдау арқылы оның жолдамасын өзі алуға құқылы. Бұдан өзге ерекше қамқорлықты қажет ететін бүлдіршіндер үшін де инклюзивті білім беру топтары ашылуда.

Бәтес Аманова білім бөлімінің бір жылдық жұмыс нәтижесімен таныстыруда

Жаңа оқу жылының басты жаңалықтарының бірі – 10 сынып оқушылары жаңа типтік оқу бағдарламасымен тәлім алады. Сол секілді 12 жылдық білім беру бойынша 5-5-2 модуліне көшу де басталды. Яғни, 0-5 бастауыш, 6-10 орта білім және 11-12 сыныптар профильдік білім беру. Демек, соңғы екі жылда түлектер арнайы кәсіптік білім алып шығуға дағдыланады. Осыған сәйкес балалар енді 6 сыныптан білім алуға міндетті.

Жаңа оқу жылының тағы бір жаңалығы – «Жеңіл портфель» жобасының іске асуы. Енді оқушылар кітаптарын мектеп қабырғасында қалдырып, үйде электронды кітап нұсқасымен тапсырма орындауға құқылы. Әлбетте, бұл ата-ананың қалауымен жүзеге асады. «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері», «Графика және дизайн», «Алғашқы әскери технологиялық дайындық» пәндерінің енгізілуі де осы оқу жылының жаңалығы.

Оқу – аса күрделі құбылыс. Ол үшін тынбай іздену, тыңғылықты үйрену қажет. Бұл ретте барлық үміт – Ұстаз мойнындағы міндетте. Осындай міндет межесінен көрінген білім ордалары да айшықтап аталды:

– Бәсекеге қабілетті, заман көшінен қалмайтын Рахат №1, Шелек №1, И.Шор-манов атындағы, Абылай хан атындағы, Әл-Фараби атындағы,  Т.Қабылов атын-дағы, Көктөбе, Бөлек батыр атындағы, В.Терешкова атындағы, Қ.Орынбетов атын-дағы, Д.Қонаев атындағы, Т.Рысқұлов атындағы, Х.Бижа-нов атындағы орта мектептері мен «Байтерек», «Айжан», «Айгөлек», «Келешек», «Үміт», «Болашақ-2007», «Алтын-ай» балабақшаларының ұстаздары шеберліктерін шыңдап, түрлі облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарды иеленуде.

Мұғалімдердің шығармашылық деңгейін көтеретін байқаулардан әр жыл сайын қатысып жүлделі орындарды иелену  көрсеткіші артуда.

Облыстық білім басқарма-сының тарапынан өтетін «Жыл-дың үздік ауыл мектебі-2019» байқауына қатысқан Шелек №1 орта мектебінің ұжымы І орын, облыстық «Жылдың үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауында Шелек №1 орта мектебінің мұғалімі ІІ орын, «Жылдың үздік балабақшасы» байқауында «Бәйтерек» балабақшасы 1- орын иеленді.

Осындай ұстаздардан тәлім-тәрбие алған оқушыларымыз да  өз білімдерін, қабілеттерін облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобаларда сынға салып, жетістіктерге қол жеткізуде. Атап айтар болсам, ғылым негіздері бойынша пән олимпиадасында – 50 оқушымыз, облыстық  «Дарын» ғылыми жобасынан – 20 оқушымыз, облыстық «Зерде» шығармашылық байқауынан 7 оқушы жүлделі, республикалық олимпиададан 0 – 6, халықаралық олимпиададан 2 оқушымыз жүлделі  орынға ие болды, – деді Бәтес Маратқызы.

Білім сапасы да көңіл қуантарлық. Үлгерім – 100 пайыз, сапа – 64,7 пайыз.. өткен жылмен салыстырғанда (63,2 пайыз) 1,5 пайызға өскен. Биылғы жылы  1711 түлек орта мектепті бітірді.  Оның 106-сы «Алтын  белгі», 111-і «Үздік  аттестат»  иегерлері. Түлектеріміздің 52 пайызы жоғарғы, арнаулы орта оқу орындарына грантқа түскен.

Әйткенмен бұ-ған да сын көзбен қараған Бәтес Аманова: – Алайда, сапа емес, санды қуып кеткен жоқпыз ба деген сауал көкейіңде тұрады. Қойған бағаларымыз қан-шалықты шынайы? Біз балалары-мыздың білім мен дағдысын ұштау арқылы білікті-ліктерін дамыту барысында шынайылықты естен шығар-мағанымыз абзал. Оқушылардың үлге-рімі – білім беру жүйесі жұмысының басты көрсеткіші.  Мектептегі  оқушылардың функционалдық сауаттылығының көрсеткіші 9 сынып оқушыларымен өткізілетін оқу жетістіктерін сырттай бағалау рәсіміне 9 мектеп қатысты.ОЖСБ қорытындысы бойынша орта буындағы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің дәлірек айтсам, функционалдық сауаттылық көрсет-кіштің төмендігі байқалады. Бұл дегеніміз – оқу жүйесінің тиімсіз ұйымдастырылуы, негізгі пәндердің сапасыз берілуінен болып отыр. Осы орайда  білім мекеме басшыларына мектепішілік бақылау мен басшылықты ұйым-дастырудың формасын өзгерту қажеттігін талап етемін. Сонымен қатар білім бөлімі тарапынанда білім мекемелерінде жүргізілетін бақылау тәсілдері өзгертіліп, тексеру әдістемелік көмек көрсетумен ұштастырып жүргі-зілетін болады, – деп ашып айтты. Жарыссөзге шыққандар істелген істің нәижесін көріп, марқайды. Ұсыныс-пікірлерін ортаға тілектерін жаудырды.

Б.ЫСҚАҚ жас мамандармен

Қазіргі таңда аудан бойынша білім саласына қарастырылған бюджет тағы да үш млрд теңгеге артып, 16 млрд теңгеге жеткен. Сәйкесінше,  бес жыл ішінде 9 жаңа мектеп, 2 балабақша, екі мектепке қосымша 300 орындық жапсаржайлар салынып, 12 білім ордасы күрделі жөндеуден өткен. Осынау ауқымды жұмыстарға жұмсалған қаржы көлемі 15 млрд теңге. Осы жылдың өзінде А.Байтұрсынов атындағы орта мектебіне 499 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде.  Ж.Қайыпов атындағы, И.Шорма-нов атындағы, Екпінді, Төле би атындағы, Сарыбұлақ, Ақтоған, Қайрат, Казатком, Өрнек, Базаргелді мектептерінің бүгінгі таңда хәлі мүшкіл. Аталған оқу ошақтарына жаңа ғимарат салу жұмыстары 2020-2021 жылдары жүзеге асады деген жоспар бар. Осы турасында кеңінен әңгімелеген аудан басшысы:

Қазақстан Республикасы  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында шағын жи-нақты мектептерді дамыту проблемасы басым бағыттардың бірі болып белгіленіп, ерекше көңіл бөлінген.  Ауданымызда 9 шағын жинақталған мектеп бар. Бұл мектептерде кадр тапшылығы өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан аудандық білім бөліміне  «Мобильді мұғалім» жобасын тәжірибеге енгізуді ұсынамын.

Білім саласын сапалы  материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету – білім саласын өркендетудің маңызды факторының бірі.

Аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасы мемлекет қолдауының  арқасында жылдан-жылға  нығаюда.

Оқушылар туындысы

Биылғы жылы осы мақсатқа 274 млн 869 мың млн теңге бөлініп, ел игілігіне жаратылды. Мектебі жоқ 9 елді мекеннен оқушылар тасымалдап оқытылады. 84 мектептің 65-де (77,3%) ыстық тамақ ұйымдастырылған. Барлық мектептерде әлеуметтік қорғал-маған және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар 100% тегін ыстық тамақпен қамтылған. Асханасы жоқ 9 мектепте буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған. Осы жылы 3179 көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың 1-4 сынып балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 71 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жаһандық білім кеңістігіне кіру үшін маңызды тағы бір шара – цифрлық сандық жүйеге ену. Бұл бағытта да атқарған шараларымыз баршылық. Bilimland.kz сандық ресурсы 13 (16%) мектепке қолжетімді.

Кең жолақты интернетке 84 (100%) мектеп, «Күнделік» жүйесіне 80 (96%) мектеп қосылған.

«Мектепке электронды жазылу» жобасына ауданымыздағы 84 мектеп қосылды. Бұл шараға да қомақты қаржы бөлініп, игерілді.

Бүгінгі күні ауданымызда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға 41 арнайы маман (логопед, дефектолог) түзету сабақтарын жүргізуде. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивтік біліммен қамту балабақшаларда – 4, мектептерде – 41 пайыз.Біз алдағы уақытта  арнайы мамандар штатын бөлу арқылы инклюзивтік біліммен қамту көрсеткішін арттыру және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жан-жақты қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыратын боламыз.

Елбасы ұсынған «Ел үміті» атты екінші бастамасы жас таланттар мен көшбасшыларды қолдауға, оның ішінде  кіші қалалар мен ауыл балаларының әлеуетін ашуға арналып отыр. Қазіргі уақытта осы екі бастаманы жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Залдан көрініс

Осыған орай, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі басшысы (Б.М.Амановаға), аудандық аурухананың бас дәрігері (Ж.Әбеуоваға), экономика және бюджеттік жоспарлау бөлім басшысы (Б.Мушаеваға), жастар ресурстык орталығының жетекшісі (А.Ілебаевқа) Елбасы ұсынған «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырамын.

Екінші,біз бірлесе күресіп, жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіру бағытында аянбай еңбек етуіміз керек. Білім, ішкі саясат, жастар, полиция басқармасы, Есік қаласы және ауылдық округ әкімдеріне               жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, суицидке бару-дың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді талап етемін, – деді.

Конференция қорытынды-сында аудан, облыс әкімдерінің Алғыс хат, Құрмет грамоталары, білім басқармасы мен аталмыш бөлім дипломдары таныстырылды. Айшықты айтарымыз, В.Терешкова атындағы мектеп директоры Әлия Жарықбасова «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгіні» кеудесіне тақса, Рахат №1 орта мектеп директоры Бибігүл Букаева «Қазақстанның білім беру ісінің үздігі» атанды.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Бейсенбі, 29 Тамыз 2019 15:15

Цифрлы болашаққа жасалған қадам

Ғылыми жаңалық пен технологияны өндіріспен байланыс-тыруды тапсырған Тұңғыш Президентіміз индустриалды-инновациялық дамуды көздеген еді. Кәсіпкерлік, өндіріс пен ауылшаруашылығы саласына инновацияны енгізу үшін алдымен білікті мамандар, заман талабына сай ІТ технология бойынша білім алған жастар қажет. «Тәрбиені тал бесіктен» бастау керектігін ескерген ел үкіметі орта мектептерде тегін ІТ сыныптары мен робототехника кабинеттерін ашып, болашақтың мамандарын мектептен бастап даярлауға кірісті.

«Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D принтинг онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты – деген еді Елбасы Жолдауында. Расында, дамыған елдегідей біздегі барлық салаларды толықтай цифрландырып, көлеңкелі экономиканы түбегейлі жою үшін сол саланы жетік меңгерген маман әзірлеуіміз қажет. Осы орайда, «Nur Otan» партиясының бастамасымен Қазақстанның түпкір-түпкірінде ІТ сыныптары ашылып, балаларға заман талабына сай білім беру қолға алынған болатын. Аталған жақсылықтар ауданымызды да айналып өтпеді. 2018 жылы облыстық мәслихат депутаты Жангелді Осанның демеушілігімен №1 Шелек орта мектебінде ІТ және робототехника сыныбы ашылып, шелектік оқушылардың төбесі көкке жеткен еді. Жалпы құны 5,5 млн теңге болатын ІТ сыныбында балалардың ақыл-ойын дамытуға арналған түрлі құрастырғыш роботтар мен компьютерлер орналасқан. Қазіргі кезде оқушылар қарапайым үлгідегі роботтарды құрастыруды, роботтарды басқару бағдарламасын және 3D принтинг құрылғысы арқылы макеттерді құрастырып, құжаттарды цифрландыру жұмысын үйренген. «Робототехника негіздері» атты  авторлық бағдарлама бойынша 5-6 сыныптар арасында таңдау сабақтары жүргізіледі. Балаларға білікті де білімді мамандар сабақ беріп, талаптарын шыңдауда. Оқытушылары Эльмира Уркумбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген облыстық «Үздік қосымша білім беру педагогы-2018» байқауына қатысып алғыс хатпен марапатталған. Сонымен қатар, облыстық «Үздік информатика пәнінің мұғалімі» сырттай байқауында «Робототехника» таңдау сабағынан панорамалық сабақ көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Саяжай маңындаңы №1 Рахат орта мектебіндегі заманауи үлгіде жабдықталған ІТ және робототехника сыныбы биылғы жылдың наурыз айында ашылды. Бұл сыныпты жабдықтап, арнайы компьютерлік бағдарламаларды орнату үшін бюджеттен 9,5 млн теңге   жұмсалған.

Мектептегі робототехника үйірмесін информатика пәні мұғалімдері Нұрлан Изимбетов пен Еркінай Исаханова жүргізеді. Қазіргі таңда аталған үйірмеге 60 оқушы қатысады. Болашақта олардың санын 2 есеге арттыру көзделуде.

Бүгінгі күні оқушылар түр-лі жобаларды жоспарлап, оны дамытуды, роботтарды құрастыруды, «ARDUINO», «Stem» ойын комплексін әзірлеуді, 3D объектлерін модельдеуді, Anime Studio бағдарламаларымен жұмыс жасауды меңгерген. Нәтижесінде,  5,6 сынып  оқушылары Сарбиназ Жарылқасын,  Дәулет Махамбетияр, Малика Болат, Әлібек Омарғазы 3D қаламмен жұмыс жасау, 3D модельдеу бойынша өздерінің алғашқы жобалық жұмыстарын «Балапан» республикалық телеарнасының «Ай балапан» бағдарламасында қорғаған. Аталған үйірмедегі  оқушылар қарапайым үлгідегі роботтарды,  роботтарды басқару бағдарламасын меңгеріп, 3D принтинг құрылғысы арқылы макеттер құрастырып, құжаттарды цифрландыру жұмысымен айналысуда.

Келер күндердің көкжиегін тек білім, жарқын жаңалық қана нұрландыра  алмақ. Сондай жаңалықтардың бірі, «Алғашқы әскери және техно-логиялық дайындық» пәніне «Әскери роботты техника негіздері» бөлімінің енгізілуі. Пәннің базалық мазмұнында IT-технологияны пайдалану қарастырылған. Білім  алушылар роботтарға арналған тапсырмалар,  роботтардың атқара алатын қызметтері, жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерді бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету бағдарламаларын толық  меңгеретін болады.

Ауданымыздағы білім беру ісіне енгізілген инновациялық жаңалықтар бүгінде оқушылар-дың білімін арттырып,     заманауи технологияларды меңгеруге септігін тигізуде. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының берген мәліметіне сүйенсек, жағымды жаңалықтар мұнымен толастаған жоқ. Жыл соңына дейін тағы  екі ІТ және робототехника сыныбын ашу жоспарланып отыр. Ол үшін бюджеттен 19 млн теңге бөлінген. Жыл соңына дейін 2 мектептің оқушылары заман талабына сай жасақталған ІТ сыныбына кірмек.

Сәт сайын ақпараттық технология жетіліп, цифрлық жүйе қарыштап дамыған сайын бұл саладағы бәсекелестік те арта түспек. Ал, жақын келешекте ІТ мамандардың көмегінсіз бірде-бір жұмыстың тындырылмасы сөзсіз.  Ашылғанына жылдың көлемі болса да, жас робототехник мамандардың жетістіктері жетерлік. Бірі робот құрастырса, енді бірі түрлі анимациялық бағдарламалармен жұмыс жасайды, 3D қаламмен суреттер салады. Демек, болашаққа салған инвестиция сенімді ақтап, цифрлы келешектің іргетасы қалануда.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Сейсенбі, 27 Тамыз 2019 11:11

Жарнама тәртібін білесіз бе?

Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңның 21-бабы, «Жарнама» туралы Заңның 6-бабына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпарат тілін реттеу – аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басты назарында болып отыр.

Заңның негізгі мақсаты – жөнсіз жарнамаға жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізу. Жарнама мазмұнының бір тілден екінші тілге аудармасында оның негізгі мағынасын бұрмаланбауын және тілдік талаптарды сақтау әр кәсіпкердің парызы екендігін назарларына салу болып табылады.

Қазіргі  уақытта  қайда қарамасаң да, қызылды-жасылды сыртқы жарнамаларға көз сүрінеді. Әсіресе, көпшілік жиі жүретін базарлардың, сауда орындарының маңындағы көрінген жерде заң талаптарын сақтамай ілінген жарнамаларды жиі кездестіруге болады.

"Сұлулық салонының сәнін мемлекеттік тілдегі нұсқасы келтірмей қала ма?" - деп сауал қояды аудандық мәдениет және тілдер бөлімінің бас маманы Ақмарал Қанапина.

Жарнама дегеніміз – жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге ықпал ететін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын жәнеорналастырылатын ақпарат.

Біріншіден, жарнама дәйекті әрі түсінікті болуы тиіс. Екіншіден, жарнама мемлекеттік және орыс тілдеріндетаратылады. Ал оның мазмұны бір тілден екінші тілге аударылғанда негізгі мағынасынан ауытқымауы тиіс.

Алайда, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының талаптары қаламыздағы, ауылдық округтердегі орталық көшелерде орналасқан қоғамдық тамақтану және сауда орындары мен жарнамалық нысандарда сақталмай отырғандығы байқалуда.

Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аталған тақырып бойынша жоспарға сәйкес жыл бойында жұмыс жасап келеді.

Сондай-ақ, қалалық және ауылдық округтерде орналасқан мемлекеттік мекемелер мен сауда орталықтарын аралау жұмыстарына мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ономастика саласына жауапты маманы Ақмарал Қанапина «Еңбекшіқазақ» газетінің тілшілеріменсауда орындарының иелері мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заң талаптарын түсіндіружұмыстарын жүргізді.

Атқарылған жұмыстың нәтижесіне мысал келтірер болсақ, түсіндірме жұмысы Есік қаласы, Бәйтерек, Ават, Балтабай, Бәйдібек би ауылдық округтерінде жүргізілді. 160 нысантексеріліп, 72 қате анықталды. Анықталған қателердің кейбірі дереу түзетілді. 

Атап айтсақ, Есік қаласының орталық көшесінде орналасқан сауда орталығының  Мясоет атауы бойынша нысан иесіне заң талаптары негізінде түсіндірме жұмысы жүргізіліп, алынып тасталды.

Сауатсыз жазылған жарнама алынып тасталған сәттен.

Сондай - ақ, «Алма сауда үйі» деген сөзде «уйі» деп жазылып кеткен, сауда үйіне қарама қарсы «Мы открылись! Хоз.товары оптом и в розницу», «Школьная одежда», «Элитная разливная парфюмерия», «Платина: мужские, женские аксессуары, широкий ассортимент, бижутерия, браслеты, сережки» деп тұрса, өрт сөндіру пунктінің қарама-қарсысында «Центр по подготовке к ЕНТ» деп бақырайтып жазып қойса, дәл қасында «Репетиторский центр для учащихся всех возрастов на основе системы развивающего обучения подготовка поступления в вузы» деп жазылып тұр. Бұл ғана емес, Халыққа қызмет көрсететін мекеменің қарсы алдында «Агенство по недвижимости», «Все виды страхования» деп тағы жазылып тұр.

"Халыққа қызмет көрсету орталығы" атауы қысқарған түрде "Халыққа қызмет қөрсету орталығы" болып жазылған.

Балтабай ауылдық округі, Бәйдібек би ауылдық округтеріндегі орталық жол бойында орналасқан жарнама тілдеріндегі заң бұзушылықтар да кездеседі. Атап айтса, Бәйдібек би ауылындағы күре жолдан Түрген ауылына бұрылар тұста «СТО точная компьютерная ТЖО», «Аргонная сварка» деп іліп қойған.

Бұдан бөлек, Есік қаласы бойынша көлік жөндеу, дүкен атауларында дақателер түзетіліп, жұмыстар атқарылды әлі де жүргізіліп жатыр. Бәйтерек ауылдық округі бойынша1 қате, Балтабай ауылдық округі бойынша 7 қате, Бәйдібек би ауылдық округі бойынша5 қате түзетілді.

Жыл сайын «Ең үздік жарнама ілуші»номенациясы бойынша мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен марапаттау рәсімі өткізіліп отырылады. Мысалы,2018 жылы «Солнечный» сауда үйінің, «Астана» сауда үйінің және «Техноплас» пластикалық өнімдер сататын құрылыс дүкенінің директорлары марапатталды.

Ресми тілді білмейтін азаматтар қоқыс тастай беруі керек пе сонда?

Тілдік сауаттылықты сақтау мақсатында түсіндіру жұмысынан бөлек, жеке кәсіп иелеріне мәтіннің сауатты жазылуы бойынша арнайы парақшалар да таратылды. Жеке кәсіп нысан иелері жарнама мәтінін сауатты жазу мақсатында мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне келіп,кеңес алып отырады.

Қорыта айтқанда, жарнама беру – жауапты іс. Оған немқұрайды қарауға болмайды. Сондықтан да жарнама мәселесіне мемлекеттік және атқарушы органдар тарапынан бекерден-бекер жете назар аударылып отырған жоқ. Олай болса, жарнаманы жанға жайлы етіп, бояуы көзге қанық, түсінікті насихат құралына айналдыру сала мамандарының ғана емес, жарнама берушілердің де парызы болуы тиіс. Жалт еткен жарнама өзінің дизайнымен, көркемдік ерекшелігімен ғана емес, мағыналы мәтінімен де халықты еліктіре алуы қажет.

Жарнама – көпшілікті тәрбиелейтін тәрбие құралы деп қарағанда ғана тілдің туын асқақтата аламыз.

 

Салтанат БЕСПАЕВА

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту 

бөлімінің басшысы

Жұма, 23 Тамыз 2019 09:45

Орақтұмсық сиреп барады

Орақтұмсық – сирек кездесетін Қазақстанның қызыл кітабына енген құстардың бірі. Орталық Тянь-Шань тауының биік жерлерінде мекен етеді. Іле Алатауы Алматы мемлекеттік табиғи қорығында өте аз ғана мөлшерде кездеседі, тіпті, болашақта жойылу қауіпі бар. Орақтұмсықтың тағы да мекен ететін жері Есік көлі маңындағы Есік өзенінің жағалауындағы тік жартасты шатқалдары. Бұл өте нәзік құс. Азаю себебінің негізгі факторы – қазіргі  экологияның әсері. Атмосфераның жылдан-жылға ластануы, шудың көбею салдары. Орақтұмсық тыныштықты жақсы көретін құс, ұя салып жұмыртқа басатын жері тік жартастың қауіп тудырмайтын жасырын жерінде болады. Негізгі қорегі су маңайындағы ұсақ жәндіктер және ылғалды жерде өсетін шөптесін өсімдіктер. Осы құстардың сақталуы үшін оған барынша жағдай жасау – біздің бүгінгі мақсатымыз. Ол үшін мүмкіндігінше тыныштықты қамтамасыз ету маңызды.

Қанат Мустафаев,

Алматы мемлекеттік-табиғи қорығының Есік бөлімшесінің инспекторы.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген нақылдың астарында терең мән жатыр. Бүгінде еңбек етемін, нәпақа табамын деген адамға жұмыстың түрі көп. Былайша айтқанда, екі қолға бір күрек табылады. Бұрынғыдай «Қолыңда бір жапырақ қағазың болмаса, еш жерге ілінбейсің» дейтіндей уайым жоқ. Әрине, ол өмірлік жолдаманың орны бөлек. Дегенмен, еңбек етемін деген адамға табыстың сан жолы бар. Мемлекеттік қолдау бағдарламалары қаншама. Тынымсыз тірлік істесе болғаны. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында еңбек адамның еңсесін көтеретіндігі жөнінде аталы сөздер айтып, әркімнің еңбек етуіне жағдай жасау мәселесі тиянақталып, Үкіметке осы міндетті орындау үшін 20 тапсырма бергені белгілі. Елбасының тапсырмасын орындау барысында өмірге келген «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасының халық үшін берер жақсылығы өлшеусіз. Еңбек адамына мұндай жағдай әлемді қаржылық дағдарыс шарпып тұрған сәтте ешбір елде жасалынған емес. Бұл жөнінде талай биік мінбелерден аузы дуалы азаматтар және шетел сарапшылары сан мәрте айтты. Еңбек адамына жасалынған осыншалықты қамқорлықты пайдалана білу өте  маңызды. Ел болашағының бағытын түзеген кешенді бағдарламалық тапсырмалар топтамасы халықтың әл-ауқаты мен сапалық деңгейін көтеретініне сенім мол.

Терлеп тапқан табысқа еш нәрсе жетпейтіні анық. Дана халқымыз «Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті» деп бекер айтпаған ғой. Ерінбей еңбек етемін деген адамға табыс көзі де, мүмкіндік те жетерлік. Тек алған бетінен таймай, жалқаулықтан бойын аулақ ұстап, кедергілерге қарамай, тынбай тіршілік қылса болғаны. Олай деуге әлемдік жаңалықтар мен брендтер дәлел. Мәселен, Microsoft-ты құрушы Билл Гейтс алғашында Traf-O-Data атты компания құрады. Алайда ол банкротқа ұшырап, беделіне де нұқсан келеді. Сонда да Билл сәтсіздікке мойымай, достарымен жұмысын жалғастырып, нәтижесінде аты әлемге әйгілі компания жұмыс жасауда.

Теодор Гейзель көптеген адамдарға балаларға арналған кітапшалардың авторы Доктор Сьюз деген атпен таныс. Ол өзінің алғашқы еңбегін жарияламақ болғанда 27 рет баспа бас тартқан. Бір күні Нью-Йоркте балалар айдарының редакторы болып жұмыс істейтін танысын кездестіреді. Досының шығармасын оқып, оларды жариялайды. Көрерменнің көңілінен шыққан шығармалар нәтижесінде Теодор Гейзельдің аты танымал болады. «КФС» деп аталатын тауық қанаттарынан жасалған тағамды қазіргі таңдай сүйсініп жемейтін адам кемде-кем шығар. Kentucky Fried Chicken жылдам тамақтану мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Гарланд Дэвид Сандерс өз идеясын бірнеше мейрамханаларға ұсынған. Әйткенмен, бас тарту алғаннан кейін өзіне мейрамхана ашуды қолға алып, тынбай еңбек етудің нәтижесінде әлемдік бренд қалыптастырды. Ұқсас оқиға қазіргі таңдағы ең тартымды мультипликация өндіретін «Уолт Дисней» компаниясының негізін қалаушысын талапсыз, идеясыз деп жұмыстан қуған, Микки Маус мультфильміндегі тышқанның түрі ұнамайды деп студиялар еңбегін жоққа шығарады. Алайда аянбай еңбек етіп, өз ойын жүзеге асырған. Бүгінгі күні студия әлемдік деңгейде көш бастаушы компания.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та, қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етіп, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін қазақстандықтарды жұмыспен қамту туралы міндет қойды.  Тұрақты түрде жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлікті дамытуға, және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған бағдарламалар шеңберінде біршама жұмыс орындары ашылды.

Сондай-ақ, соңғы жылдарда мемлекет «Жастар тәжірибесіне» көбірек көңіл бөлуде. Бұл жоба бойынша жас мамандар оқу бітіре салып, өз саласы бойынша қызметтік тәжірибе жинақтауға зор мүмкіндік алады әрі мемлекет тарапынан арнайы қаржыландырылады. Биыл «Жастар жылы» болғандықтан жас мамандарға, студенттердің әл-ауқатына тіптен назар артты. Жуырда ғана ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова студент жастар еріктілікпен, яғни, қайырымдылықпен айналыса отырып, оқу ақысын төлеуге мүмкіндік алатындығын мәлімдеді. Бұл дегеніміз жастарды тәжірибемен қамти отырып, өзіне әрі қоғамға пайдасы тиер азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған жоба болмақ.

Елбасының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы аясында кәсіпкерлікті дамыту бағытында да елімізде түрлі бағдарламалар мен үкіметтік қолдау жүзеге асуда. Н.Назарбаевтың Үндеуінде азаматтардың жеке ісін бастауына қадам жасаудың маңыздылығы назарға алынып, шағын бизнес иелерін қаржыландырып қана қоймай, ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлікті жетілдіру шараларын нақтылады. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамтудың бірден бір жолы. Ауыл шаруашылығына бөлінетін несие көлемінің артуы – ауыл тұрғындарына деген ерекше қамқорлықты көрсетеді. Кәсіп ашқысы келіп, алайда жолын білмей, қыр-сырын үйренгісі келетін азаматтар үшін «Бастау Бизнес» жобасы сынды оқыту бағдарламалары жүзеге асуда. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өңірлердегі тұрғындардың қаржылық сауаттылықтарын арттырып, жаңа бизнес көздерін ашу, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы «Бастау Бизнес» жобасы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды қолдайды. Еліміздің түпкір-түпкірінде мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесін көріп, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар қаншама

Жансая ЫСҚАҚ.

Сейсенбі, 13 Тамыз 2019 16:29

Сауатсыз жарнамаларға жол жоқ!

Mezet.kz желілік басылымына 30 мамыр 2019 жылы Х.Ахметжановтың "Етті кім жемейді, бірақ сөзді бүлдірмейік" атты сыни 

мақаласынан соң шала қазақша, дүмбілез орысша жарнама алынып тасталған сәт.

 

Видео-фотоматериал Есік қаласы әкімдігінің мұрағатынан

Сейсенбі, 13 Тамыз 2019 10:18

Адамды адам еткен - адамгершілік

Адам баласының эволюциялық даму барысы жайлы бүгінде сан түрлі пікір бар. Соның ішінде ғылымда, әсіресе, дарвинистік көзқарас мықтап орныққан. Бұл көзқарас бойынша адам маймылдан жаратылған-мыс. Деседе бұл жүйе адам баласының анатомиялық және материалдық мәдениет тұрғысынан дамуын түсіндіріп берсе де, адам табиғатындағы сан түрлі қатпарларына көз жүгіртуге келмейтін күрделі психологиялық ерекшеліктеріне тісі батпай жатады. Иә, адам ғажайып құбылыс. Басқа әлем бір төбе болса, адамның өзі бір төбе. Ұлы ойшыл Сократтан басталып «Өзіңді өзің таны» ұранымен жалғасқан адамтану ғылымының бүгінгі ғылым мен техниканың алға шыққан дәуірінде шеті де ойылған жоқ. Өйткені адамды тану барша ғаламды танудан да маңызды әрі басты мәселе. Адамды зерттейтін сан тарfудан тұратын ғылым салалары айналып келгенде бір сұраққа тірелетіні бар. Яғни, «Адамды адам еткен не нәрсе?» деген жалғыз сұрақ талай ғұламаның бар күш-жігерін сарқа жұмсап, күн-түн демей бастарын қатырғанына қарт тарих куә. Ендеше, бізде бұл сұраққа өз әліміз жеткенше жауап беріп көрейік.

Мұндайда «Адамды адам еткен – еңбек» деп қараған Маркстың атақты сөзі ойға оралады. Келісеміз, әрине. Адам жалқау болғанда бүгінгі күйіне ешқашан жете алмас еді. Сонау терімшілік пен аңшылықты кәсіп еткен қарапайым өмір сүру формаларынан бастап, кейінгі өндірістің дами бастаған революциялық кезеңге дейінгі аралықта адамның қаншама төгілген тері мен қолының табы жатқаны баршаға мәлім. Одан кейінгі адам қолынан шыққан әлемнің жеті кереметі де осы тынымсыз еңбектің нәтижесі болатын. Дегенмен адамның даму процесін тек еңбекпен байланыстыру тым жадағай болып көрінеді. Өйткені, адамнан басқа айналамызда жүрген сан түрлі тіршілік иелерінің еңбек етуі адамнан асып түспесе кем түспейтіні айдан анық. Тіптен оларды бұл жағынан өзімізге ұстаз тұтатынымыз бар. Бірақ сол тіршілік иелерінің тынымсыз еңбегінің нәтижесі қайда деген сұрақ туындайды рас. Ғылыми болжам бойынша адамның жаратылуы басқа жануарлармен салыстырғанда тым қысқа. Ал сол бізден әлдеқайда бұрын пайда болған тіршілік иелерінің қаншама тынымсыз еңбек етсе де адам секілді өркениетті қоғам құра алмауы неліктен?! Демек адамның еңбектене білуден басқа ерекше бір қабілеті болғаны ғой. Иә, ол қабілет адамның ақылы болатын.

Ақыл адамның басты қаруы. Егер адам ақылды болмағанда өзінен физикалық қуаты әлдеқайда күшті әрі қоршаған ортаға бейімделгіш басқа тіршілік иелері тарапынан жойылып кетуі де мүмкін болатын. Адам ақылдың арқасында ойлана білетіні, ал ойдың арқасында кереметтер жарата алатыны ақиқат. Оның сыртында адам баласының ізденгіштік және шығармашылық қасиеттері де көп кәдеге жарады. Дегенмен адамды адам еткен әрі барша әлемнен өзгешелеп тұрған осы ақылының пайдасымен қатар зияны да бар болатын. Өйткені Абай атамыз айтқандай адамның ақылы жақсылықпен қатар жамандыққа да жол ашатын. Сондықтанда әл-Фараби атамыз «Адамға бірінші білім емес тәрбие беру керек, өйткені тәрбиесіз білім әлемді бұзады» деп бекер айтпаса керек. Кешегі әлемді түнекке орап, қанға бөктірген Гитлер мен Сталин секілді тирандарды білімсіз немесе ақылсыз деп айта алмаймыз. Бірақ сол білім мен ақылдарының нәтижесі аттарының тарихта қара таңбамен жазылуына әкелген жоқ па?! Адамның ақылы мен ойының, ізденгіштігі мен талабының, таланты мен өнертабысының көрінісі болып табылатын әрі талай жетістікке жетуіне мүмкіндік берген техникалар мен озық компъютерлерінің бүгінде теріс ықпалын жасыра алмаймыз. Демек, бұдан  адамның өркениетті қоғам құруына ақылдан басқа тағы бір нәрсенің ықпалы болғанын түсінеміз.

Бұл адамзат қоғамын мейірімділік пен ізгілікке бастайтын қасиетті жол болатын. Ол жол адам қанағатын жоғатқанда ұятын оятатын, мейірімділігін жоғалтқанда жауыздығын тізгіндейтін, жүрегі түнекке тұншыққанда, түнектен шығарып нұрға толтыратын, парызын ұмытқанда қарызын есіне түсіретін, пенденің хайуани инстингін тежеп періштеге жақындататын адамның адамдық бет-бейнесі мен даналық көрсеткіші – адамгершілік жолы еді. Егер кез-келген қоғамда адамгершілік заңы салтанат құрмағанда ол қоғам азғындап, түбі құрып тынатын. Сондықтан адамгершілік адамның ақылын жүрекке билетіп, оны гуманистік қоғамға апаратын. Ал гуманизмді жолбасшы еткен қоғам сан мың жыл өтседе татулығын жоғалтпай, бейбітшілік пен тұрақтылықтың бесігінде тербелетін.

 

 

Адамгершілік – тәрбие жемісі

 

Адамды адам болуына еңбек пен ақылы ғана емес, адамгершілік қасиеті де  көп әсер еткенін сөз еттік. Енді адам адамгершілік қасиетті қалай иеленетіні туралы сөз қозғайық.  Абай атамыздың он жетінші қара сөзінде Ғылымның Ақыл мен Қайратты Жүрекке бағынуға үндегені туралы айтылатыны бар. Егер жүрек дененің патшасы болса, адамгершілік мінездің патшасы. Демек адамгершілік те жүрекке ұялап, жүректен туындайды. Ал жүректің таза, рухтың биік болуы адамның алған тәрбиесімен байланысты. Адамның жүрегіндегі адамгершілік қасиет ешқашан білімділігінің көрнісі бола алмақ емес. Академиялық білімі болса да адамгершілік жұғыны жоқ пенделерді көргенде осындай ойға қалатынымыз жасырын емес. Керісінше оқу оқымаса да адамгершілігі биік адамдарды көргенде әлемнің осындай ақ жүрек адамдардың арқасында аман тұрғанына шүбә келтірмейсің.

Аталарымыз ұрпақтарының ең алдымен адамгершілік пен патриоттық тәрбие алуына мән берген. Сондықтан қазақ қоғамында қылмыс өте аз болып, түрменің маңызы болмаған. Қазақ туысқаншыл халық. Жеті атаға дейін қыз алыспай туысқандығын сақтаумен қатар, олардың алтауыз ала болмай, тату-тәтті болуына көп күш салған. Туысқанын өкпеге қиса да, өлімге қимайтын мәрттігі, атасының құны болса да алдына келсе айыбын кешіретін кеңдігі, адуынды болса да аталы сөзден аспайтын білгірлігі, өз мүдессінен ел мүддесін артық қоятын отансүйгіштігі осы адамгершілік тәрбиенің озық үлгісі емес пе?! Тіптен, әскери жүйесі де осы туысқандық қатынаспен тығыз байланысты еді. Сондықтан кез-келген қазақ ұланының санасындағы  отан түсінігі туысқандық сезімімен астасып жататын. Отанын қорғау туысқанын қорғау екенін де жете түсінетін. Осы сезім мен парыздың арқасында ел шетіне жау келгенде бүгінгідей «Отан үшін! Ел үшін! Халық үшін!» деген жалаң ұранмен емес, «қара қазан, сары баланың қамы үшін» деп аттанатын. Бұлда туысқандық пен отан ұғымын қатар көретін адамгершілік қасиет екені даусыз. Сол себепті ата-ана, сүйген жары мен бала-шағасын жаратқанға тапсырып, туған жерінің тұтамдай жерін жауға бастырмау үшін өлуге бейіл еді.

Бүгінде адамзат ұстазы болып саналатын ежелгі гректерден де, шығыстың қос алыбы әрі ежелгі мәдениет орталықтары Қытай мен Үндістаннан да аталарымыз құрған қоғамның кейбір гуманистік белгілерін кездестіре алмайтынымыз да шындық. Бергі Ресейдің қазақ жерін зерттеген талай мүйізі қарағайдай ғалымдары да қазақ қоғамының ішкі үндестігіне таң қалып, талай жазба да қалдырған. Адамгершілік қағидаларына немқұрйды қарау  қашанда жақсылыққа апармағаны заңдылық. Өзіңіз жақсы білетін атақты «Үш жүз Спартандық» оқиғасы осының айқын дәлелі. Адам тағдырын дене мүшелерінің мінсіздігіне қарап анықтайтын спартандық архонтттардың (қарт жауынгерлерден құралған кеңес) бір қателігі ешкімге бас имеген батыр спартандықтарды парсының Ксеркс патшасына бодан қылған жоқ па?! Олардың жеңілісіне Эфиальттың сатқындығы себеп болды десек те, сол «сатқынның» шығуына ең алдымен спарта қоғамы кінәлі болатын. Яғни елдің аман болып, ұрпақтың отанға адал болуы адамгершілік тәрбиенің жемісі екені хақ.                                                                                                                                                                                                                                                                   

 

Адамгершілік тәрбиені қалай береміз?

 

«Егер сен алдыңа бір жылдық мақсат қойсаң – егін ек, он жылдық мақсат қойсаң – ағаш отырғыз, ғасырларға мақсат қойсаң – ұрпақ тәрбиесімен айналыс» дейді шығыс даналығы. Біздің де мемлекетіміз мәңгілік тұғырында тұру үшін ұрпақ тәрбиесімен айналысу мемлекеттің мәңгілік мұраты болуы шарт. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «жастар саясатын іске асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу, ұлттық сәйкестікті қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады» делінген. Демек бүгінде еліміздің жастарға баса назар аударуын мемлекетіміздің болашағын қамтамасыз етуден туындағанын аңғарамыз.

Әрине, ұрпақ тәрбиелеу айтқанға ғана оңай шаруа. Әр нәрсенің бастау алар басқышы болатыны секілді тәрбиенің де өзіндік басқышы бар. Яғни, тәрбиенің басқышы – қамқорлық. Ал адмгершілік тәрбие беруде қамқорлықтың алар орны тым жоғары. Егер келер ұрпаққа ең алдымен қамқорлық көрсетілмесе олардың арасынан талай Эфиальттың шығары анық. Мейірімділік пен қамқорлық бір-бірімен толық қабысқанда ғана адамгершілік тәрбиенің есігі ашылмақ.

Тәрбиенің келесі сатысы  – ұлттық тәрбие. Өз ұлтының құндылықтарымен сусындамаған адам ешқашан толыққанды адам болмайтынын тарих талай дәлелдеген. Өйткені қай ұлттың тәрбиесін көріп, сол тілде білім алған адам сол ұлттың сойылын соғатынына куә болып жүрміз.

 Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра отырып, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдаланғанда педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін және тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

 

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Дүйсенбі, 12 Тамыз 2019 17:36

Жетісудың «Жетіқазынасы»

Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Сол себепті, біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ісімізден санамыз озып жүру керектігі тайға таңба басқандай анық айтылған. Біздің ендігі мақсатымыз – тарихи ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңарып жатқан жаңа дүниенің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, дамыған 30 елдің қатарына ену.

Сөгеті ауылдық округінде орналасқан «Жетіқазына» құсбегілік мұражайы  қазақ халқының тарихын сонау тереңінен шолатын мұражайлардың бірі. Қазақта «Тарихсыз халық жоқ, тарихын білген халықтың болашағы айқын» дейді. Міне, осы «Жетіқазына» құсбегілер мұражайы қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қазақи дәстүрін, тарихын болашақ ұрпаққа насихаттап жалғауда.

Алматыдан 150  шақырым қашықтығы бар бұрынғы Сөгеті савхозының қазіргі атауы Нұра. «Жетіқазына» мұражай қасынан құсбегілер клубын ашып,  клубтың басын біріктіріп, ұлттық дәстүріміз бен салтымыздың айғағы болып саналатын жетіқазынамызды насихаттап, сары алтындай сақтап отырған иесі Динара Серікбаева. Қыран баптау екінің бірінің қолынан келе бермейтін кәсіп. Оны ерік-жігері мықты, құсты баласынан артық көре бабын білетін,  баптай, мәпелей алатын жүректі адам ғана тәрбиелей алады. «Жетіқазына» құсбегілер мұражайының өзге мұражайлардан басты ерекшелігі өлі экспонаттар мен тірі экспонатты қатар алып келеді. Мысалы, келгендер биялай мен тұғырыны, томаға мен аяқбауды, далбай мен балдақты көзімен көріп, қолымен ұстаса, оны қалай пайдалану керектігін бүркітке кигізіп те көрсететін мүмкіндік бар. Мұражай орналасқан ауыл тоғыз жолдың торабында. Шарын шатқалы мен Хантәңірінің, көрікті Көлсай мен Шоған сайды көргісі келген адамдардың бәрі біздің ауылды басып өтеді. Жол үстіндегі «Жетіқазына» мұражайы деген сөзді оқыған, бойында қазақтың қаны, жүрегінде иманы, ұлттық намысы бар кез-келген адам бұған немқұрайлы қарай қоймас. Көзі шалған, жолы түскеннің бәрі қызықтап кіріп шығады. Бір келген адамның екінші рет айналып соғатыны анық. Өйткені, бұл мұражайдан қазақтың таза тұқымды тазысы мен төбетін, қыран бүркіт пен ителгіні, қаршығаны өз көздерімен көре алады. Бұдан бөлек «Саятшылар саябағы» аталған үлкен бау-бақша бар. «Қырықтың бірі қыдыр» дегендей, келемін, көремін дегендерге үлкен есігі әрқашан ашық. Мұражай көптеген  республикалық, облыстық, аудандық, тіпті шетелдік байқаулардан жүлделі орындар еншілеген. Атап айтсақ, ҚХР, Қырғызстан, Монғолия, Англия, Венгрия, Германия елдерінде дәстүрімізді дәріптей алды. Ал, Ұлыбритания, Франция, Венгрия, Польша, Америка елшіліктерінен туристер жыл сайын келіп, қонақ болып қайтады.

Рухани жаңғырудың маңызы мен мақсаты – санасы сау, тарихын танитын, революциялық емес эволюциялық дамуды қолдайтын, прагматизмді сақтайтын заманауи талаптарды жатсынбайтын, әмбебап бола алатын жаңалыққа құштар, білімдар қоғам қалыптастыру. Осы жолда аянбай еңбек ете білейік!

 

 

 Ертай Құрманбаев,

Сөгеті ауылдық округі әкімі

аппаратының бас  маманы.

Далекий теперь 1997-й… В разгаре эпоха приватизации и практически полной остановки промышленных предприятий, реорганизованных в АО и ТОО. Оборудование идет на металлолом, рабочие и служащие  отправлены  в бессрочные отпуска. Здания цехов превратились в заброшенные «коробки», разбираемые на кирпичи. На территории в лучшем случае имеется сторож, скорее символически, так как беречь там уже нечего… Та же участь постигла бы и крупнейший в Енбекшиказахском районе КСМК-3 (комбинат строительно-монтажных конструкций) треста «Алматысельстрой №7» в с.Толе би Коктобинского сельского округа. Комбинат был остановлен, большинство из 300 его работников оказались за воротами. Судьба предприятия так и завершилась бы по заданному сценарию, если бы не дерзкий вызов, который бросили всеобщей разрухе главный инженер предприятия Сейтхан КЫРКЫНБАЕВ и группа его соратников – специалистов КСМК, которых насчитывалось всего около тридцати человек. Именно они, с предельным напряжением сил, реализовали сумасшедшую в тот период идею – вернуть комбинат к жизни. Так, летом 1997-го, начиналась история производственного комбината «Альтаир», руководство и работники которого в год провозглашения Ельбасы Нурсултаном Назарбаевым Стратегии «Казахстан-2030» были пионерами в реализации программы возрождения республики и восстановления ее экономической мощи. Сегодня ПК «Альтаир», флагман строительной индустрии нашего района, является региональным лидером в производстве стройматериалов и выполнении строительно-монтажных работ  в Алматинской области.

История и современность

ПК «Альтаир», образованный на месте прежнего КСМК-3  –   мощный многопрофильный комбинат, который способен качественно и своевременно выполнять строительные заказы любой сложности: с фундамента возводить  многоэтажки, школы, самостоятельно вести сантехнические, электромонтажные, столярные работы, прокладывать водопроводы, асфальтировать территорию. Получены лицензии и сертификаты соответствия на все виды строительно-монтажных работ, что дает возможность возводить стройобъекты не- зависимо от субподрядчиков.

После того как удалось наладить производство высококачественного кирпича и других стройматериалов, в 2001 году предприятие получило лицензию на осуществление строительно-монтажных работ.

С этого момента ПК «Альтаир» постоянно участвует и  признан победителем многих крупных тендеров по строительству социальных объектов и инфраструктуры.

В числе  выполненных государственных заказов: строительство и капитальный ремонт десятков объектов образования, здравоохранения, инженерно-коммуникационной инфраструктуры городов и сел, промышленных объектов Енбекшиказахского и других районов Алматинской области.

Первыми значительными объектами  был микрорайон для ветеранов войны в г.Есике, капитальный ремонт школьных зданий. Одновременно со строительными работами в ПК «Альтаир»  стали интенсивно создавать участки малой механизации, открыли арматурный, электромонтажный, сварочный цеха, построили бетонный узел, закупили  грузовой транспорт, строительную технику.

Благодаря наличию собственной промбазы ПК «Альтаир» в 2008 году выиграл тендер на строительство своего первого  крупного объекта: СШ имени Райымбека батыра  на 650 мест в г.Есике, сметной стоимостью свыше миллиарда тенге. Ее возведение  было  серьезнейшим экзаменом: сложный рельеф местности,  необходимость демонтировать на стройплощадке старые сооружения заставили выкладываться по максимуму, но в течение полугода почти круглосуточной работы школа была сдана до начала учебного года. Зато специалисты приобрели  бесценный опыт в решении профессиональных задач и организации работ, который позволил сделать следующий шаг – осваивать новейшие строительные технологии. К примеру,  жилые многоэтажки, сданные в эксплуатацию в г.Есике, возведены современному по методу из бетонных монолитных конструкций, заливка которых шла непосредственно на стройплощадке.

Производственная база ПК «Альтаир» представлена солидным «набором» цехов: арматурный, деревообрабатывающий, вентиляционных изделий,  пластиковых окон, автотранспортный; работают кирпичный завод мощностью 600 тыс. штук в месяц, полигон  железобетонных изделий, выпускающий лотки, кольца, бордюры, фундаментные блоки. Имеется вся необходимая техника и автотранспорт, полный комплект оборудования для строительно-монтажных работ.

Гордость предприятия – суперсовременный, компьютеризированный бетонно-смесительный узел мощностью 80 кубометров жидкого бетона в час. Новый БСУ полностью обеспечивает не только потребности ПК «Альтаир», но и в любом количестве поставляет бетон заказчикам. В с.Толе би для населения открыт автосервисный центр с полным набором услуг.

В соответствии с международными требованиями, в 2010 году  на предприятии  полностью реорганизована система управления по системе менеджмента качества МС ИСО 9001:2001.

Помимо решения производственных задач, руководство ПК «Альтаир» ведет активную кадровую работу, ежегодно направляя работников на повышение квалификации и получение новых специальностей, большое внимание уделяется  активному сотрудничеству с районным центром занятости, профтехколледжами, студенты которых проходят здесь практику. 

В постоянном штате предприятия состоит более 130 специалистов высокого уровня квалификации. Костяк  составляет опытный контингент рабочих и  инженеров, которые обеспечивают своевременную сдачу в эксплуатацию объектов с высоким качеством выполненных работ. Работоспособность, профессионализм и сплоченность  коллектива служат генератором развития производства и социальной сферы предприятия.

Большинство сотрудников работают на нем не один год, многие стояли у истоков его создания, и для них  высокий уровень производства и качества является делом чести. В нынешнее время в ПК «Альтаир» также формируется команда молодых креативных управленцев и специалистов-строителей, которые  успешно поддерживают имидж  ПК «Альтаир» как  современного и перспективного предприятия с большим потенциалом.

 Предприятие не имеет задолженностей перед бюджетом, своевременно выплачивает заработную плату, занимается благотворительной д е я т е л ь н о с т ь ю.

А ежегодно, 6 июля, в «день рождения» ПК «Альтаир», его коллектив в праздничный день подводит итоги, передовые работники удостаиваются поощрений. В 2019 году, в честь 22-летия, такой праздник состоялся в Тургенском ущелье, в отеле «Ройял Фиш». На него были приглашены ветераны предприятия, его партнеры, руководство района, лучшие специалисты получили грамоты акима района.  

 

.

 

 

Цифры и факты

 

ПК «Альтаир» выполнил государственные заказы по строительству крупных объектов социального назначения и жилья:

 

2008 год:  СШ на 600 мест имени Райымбека в г.Есике.

 

2010 год: инфекционное, патологоанатомическое отделения, прачечную с дезинфекционным отделением центральной районной больницы; CШ на 300 мест в с.Рахат.

 

2011 год: два 20-ти квартирных жилых дома в г.Есике.

 

2012 год: СВА  на 50 посещений в смену в с. Каракемер.

 

2013 год:  детский сад на 280 мест в с.Кегень Райымбекского района; 64-х квартирный арендный жилой дом в п. Отеген Батыр Илийского района Алматинской области.

 

2014 год: СВА на 150 посещений в смену в селе Тургень; СШ на 300 мест в с. Достык.

 

2015 год:  СШ на 600 мест в селе Бесагаш Талгарского района Алматинской области.

 

2017 год: СШ на 600 мест в селе Шелек; инженерно-коммуникационные сети под ИЖС в с.Хоргос Панфиловского района        Алматинской области.

 

2018 год: 60-квартирный арендный жилой дом в г.Есике; СВА в с.Ащысай.

 

За хорошие показатели и благотворительную деятельность ПК «Альтаир» неоднократно награждался от имени руководства Енбекшиказахского района и Алматинской области

Основатель, руководитель, благотворитель

Вот уже 22 года, с первых дней существования  ПК «Альтаир», его  возглавляет Сейтхан КЫРКЫНБАЕВ. Сейтхан Есенбаевич  местный старожил,  родился 1 ноября 1956 г., окончил СШ имени Ораза Жандосова  с. Коктобе, получил образование по специальности  «электрификация сельского хозяйства» в Талгарском техникуме, затем  окончил Казахский сельскохозяйственный институт по специальности «электрификация и автоматизация сельского хозяйства». Ветеран КСМК-3, там он  начал трудиться после армейской службы: сначала электриком, затем мастером БСУ, «дорос» до главного энергетика, а с 1991 году был назначен главным инженером КСМК.  В 1997 году Сейтхан Кыркынбаев основал и возглавил  ПК «Альтаир», неоднократно  избирался депутатом     районного маслихата.

 За вклад в строительство в 2014 году он был  удостоен звания «Қазақстанның құрметті  құрылысшысы», многих почетных грамот руководства района и области. ПК «Альтаир» побеждает в тендерах и получает солидные госзаказы, создает в строительный сезон дополнительно сотни рабочих мест, смело берет на себя ответственность   перед государством за  выполнение самых сложных работ.

В районе Сейтхана Есенбаевича  знают как большого мецената и благотворителя. С  единомышленниками, при непосредственном участии нынешнего секретаря районного маслихата  Бекета АХМЕТОВА, тогда заместителя акима района,  С. Кыркынбаев в конце «нулевых» создал  федерацию «Союз футбола района», возродившую чемпионаты района по футболу, спонсировал начинающих футболистов школы имени Абылайхана. Помимо поддержки спорта он построил  мечеть в с.Алмалы Коктобинского округа,  оказал большую финансовую и материальную  помощь жителям с.Кызылагаш,  спонсировал возведение памятника погибшим в Великой Отечественной войне в с.Коктобе, за половину стоимости построил спортзал для СШ имени Майлина в с.Красный Восток (теперь с.Орикты), приобрел для него спортинвентарь.   Сейтхан Есенбаевич оказал финансовую поддержку общественно значимым мероприятиям и проектам,   школам Коктобинского сельского округа, СШ имени  Ж.Каипова Казахстанского округа, военной части №6654 в с.Каракемер, материально помогает малоимущим и многодетным семьям. Он лично просматривает письма, заявления жителей Коктобинского сельского округа, выдает своим рабочим по заниженной цене материалы, помогает в трудных финансовых ситуациях, старается помочь каждому работнику организации. За вклад в социально-экономическое развитие региона  неоднократно награждался почетными грамотами от имени руководства Енбекшиказахского района и Алматинской области, удостоен золотого знака «Жомарт Жүрек». Благодаря таким командирам производства, которые сохранили и сделали конкурентноспособной местную стройиндустрию, наладили импортозамещение, страна снижает зависимость от зарубежных поставщиков и производителей стройматериалов.

На фото: новый БСУ – гордость предприятия, выпускает бетонную смесь, 80кубов в час; С.Кыркынбаев (в центре) принимает поздравления в день 22-летия ПК «Альтаир», ему вручили Почетную грамоту и приветственный адрес акима района и одели на него чапан (слева направо): аким Коктобинского округа Б.Жасыбаев, секретарь раймаслихата Б.Ахметов, начальник районного отдела строительства А.Смагулов; 

 

И.Туранин.

Қазіргі таңда ірі мегаполистерде қоғамдық көлік мәселесі жөнге келтіріліп, жолаушы тасымалына үлкен көңіл бөлінуде. Алып қаланың іргесінде орналасқан ауданымыз үшін де осы мәселеге назар аударып, жолаушы тасымалындағы қызметтің сапасын арттыратын күн жеткен секілді. Осы орайда, аудан аумағындағы түрлі бағыттағы маршруттардың қызмет сапасын арттыру мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда? Тоқтап қалған маршруттар қайта іске қосылады ма? Ескірген аялдамалар мәселесі қашан шешіледі? Тұрғындардың көкейінде жүрген осы сұрақтарды аудандық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Искаков Бейбіт Құлжамбайұлына қойған болатынбыз.

– Бүгінде ауданымыздағы қоғамдық көлік мәселесі бір жүйеге келмей, салдарынан қарапайым халық зардап шегуде. Айталық, Есіктен Алматыға қатынайтын автобус биыл сиреп кетті. Оған не себеп?

– Аудан орталығынан Алматыға жүретін №420 автобустың азаюына бірнеше себеп бар. Біріншіден, жолаушыларға Мегаполистегі «Саяхат» автобекетіне кіру қиындап кетті. Бұл жайтты аталған автобекеттің басшылығымен талқылаған болатынбыз. Сонымен қатар, Райымбек пен Пушкин көшесінің қиылысындағы жеке микроавтобус пен такси жүргізушілері №420 автобустың жолаушыларын алып кетіп, жұмыс жасауға мүмкіндік бермейді. «Шелек–Тұлпар» ЖШС-нің тарапынан жүргізілген тексеріс нәтижесінде автобустар дизель отыны мен жүргізуші, кондуктордың шығынын ақтамайтындығы анықталған. Сондықтан, сыйымдылығы үлкен қоғамдық көліктерді алып тастауға тура келді. Ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан бастап орнына шағын автобустар жолаушы тасымалымен айналыса бастады. Бүгінгі таңда №420 бағытта 15 шағын және 2 үлкен автобус жолаушы тасымалымен айналысады. Сондай-ақ, 18 адамдық отандық 4 автобус лизингқа сатып алынды. Жолаушы тасымалындағы қызмет сапасын арттыру мақсатында осындай отандық автокөліктерді сатып алу жоспарлануда. Айта кетерлік жайт, жоғарыда аталған мәселелерге қарамастан, №420 бағыттағы қоғамдық көліктердің бағасы көтерілген емес. Себебі, тұтынушылардың басым көпшілігі – зейнеткерлер мен студенттер.

– Былтырғы жылы Бөлек пен Есік қаласының жоғарғы жағына жолаушыларды тасымалдайтын №2 маршруттық автобусы қайта жаңғырып, қуантып еді. Қазіргі уақытта тасымалдаушылар бірде жүйелі жұмыс істесе, кейде болмай қалады. Бұған кім жауап береді?

– Жасыратыны жоқ, қаладағы заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын такси жүргізушілерінің кесірінен Есіктегі №2 маршрутының тұтынушылары азайып кеткен. Өзіңізге мәлім, орталықтағы бірнеше жерде такси жүргізушілері қаумалап тұрады. Біздің комиссия арнайы тексеруге шыққанда олардың бірін де ұстай алмай қаламыз. Сондықтан, қазіргі таңда аталған бағыттағы маршруттың жұмысын тұрақтандыру мүмкін болмай тұр. Шыны керек, осы мақсатта аудан аумағында атқарылатын жұмыстар шаш етектен. Осы орайда, аудан әкімінің тапсырмасымен өз шығынын ақтамайтын маршрут шығындарының бір бөлігін мемлекет тарапынан субсидиялау көзделуде.

– Аудандағы, аудан орталығындағы аялдамалардың да жайы мәз емес. Қаланың шеті былай тұрсын, орталықтағы автобус аялдамаларының өзі кеңестік кезеңнің естелігі. Жауын-шашын мен боранды күндері жолаушыларға пана бола алмайды. Осыны ескеріп, жаңа аялдамалар жасау жоспарда бар ма?

– Оныңыз рас, аудандағы аялдамалардың басым бөлігі кеңес үкіметі тұсында бой көтеріп, қазіргі таңда ескірген. Жарамсыз күйге түскен осындай аялдамаларды арнайы комиссияның шешімімен жою жұмыстары басталып кетті. Бүгінде аудан орталығындағы орталық аурухана мен қаланың кіре-берісіндегі (Автошкола) аялдама жаңартылды. Алдағы уақытта да кәсіпкерлердің демеушілігімен автобус аялдамалары жаңа типке ауыстырылады.

– Шелек өңірінде де қоғамдық көліктің проблемасы әлі күнге шешілмей тұр. Ауыларалық автобустардың жоқтығынан такси бағасы шарықтап кеткен. Олқылықтың орнын толтыру жоспарда бар ма?

Шелек ауылында орналасқан автобекетте күнделікті №364  Шелек –Алматы және  №201 Шелек – Есік рейстерін жөнелтіп отыратын  диспетчер жұмыс істейді. Күніне 4 рет  Шелек – Алматы  және Алматы – Шелек (бір рет Ащыбұлақ ауылы арқылы өтеді) бағытында 30 орындық автобус және де 18 орындық шағын автобустар  қатынайды. Жол ақысы бір адамға 500 теңге. Осы уақытқа дейін  №364 Шелек – Алматы маршруты күніне  12 рейске   дейін қатынайтын болған. Қазіргі  таңда жеке микроавтобустар мен жеңіл автокөліктердің көп болуына байланысты аталған маршруттарда қатынайтын адам саны 90 пайызға дейін азайған. Салдарынан, №364 бағыттағы машруттардың шығындары көбейіп, рейс саны қысқартылды. Оның үстіне, автобустардың  техникалық жөндеу жұмыстары қомақты қаражатты талап етеді, ал жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаржы жол жүру шығындарын да ақтамайды.

Бүгінде аудан әкімдігі аталған мәселелердің шешу жолдарын қарастыруда. Әкімдік тарапынан жоғарыда аталған әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарының бір бөлігін бюджет есебінен субсидиялау бойынша арнайы комиссия құрылып, қажетті қаражат көлемі анықталып, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қаражат бөлу мақсатында бюджеттік өтінім тапсырылды. Қазіргі таңда қаражат қарастырылу үстінде. Бұл өз кезегінде кейбір ауылдарда тоқтап қалған автобус маршруттарын жандандыруға және қазір жұмыс істеп тұрған маршруттарды тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде, жол ақысын өсірмеуде үлкен септігін тигізетіні анық. Сіз көтеріп отырған мәселе аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болады.

– Сұхбатыңызға рахмет.

Тілдескен Сардарбек НҰРАДИН.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 02, 2024

️Жастар АЭС мәселесі бойынша…

Шелек медициналық колледж студенттерімен кездесу өтті. Кездесудің басты тақырыбы –…
Қаз 02, 2024

БҮГІН АЭС ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ…

Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, ұстаздар АЭС құрылысына қатысты пікірлері…
Қаз 02, 2024

️ Халықтық штаб Қаражота ауылының…

Нарынқол ауылының мектебінде өткен кездесуде Халықтық штаб өкілдері АЭС салудың…
Қаз 02, 2024

Референдум – это шанс для каждого…

Недавно я говорил с приятелем, который настаивал, что участие в референдумах – это пустая…
Қаз 02, 2024

Халықтық штаб өкілдері Келес…

Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және…
Қаз 02, 2024

АЭС салудағы ең маңызды мәселе –…

Аудандық штаб өкілдері АЭС салудың өзектілігін және де бұл мәселеде әрбір азаматтың…
Қаз 02, 2024

Опыт Китая в атомной энергетике:…

В преддверии референдума по строительству атомной электростанции в Казахстане вопрос…
Қаз 02, 2024

Экономический референдум:…

Уже на этой неделе состоится первый экономический референдум. Важно отметить, что данный…
Қаз 02, 2024

Атомная энергетика: Чем опыт Венгрии…

Председатель правления венгерской АЭС "Пакш" Гергей Якли рассказал, что Венгрия довольна…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет