Артына өшпес мұрасын қалдырып, халқының мұң-мұқтажын шығармашылығына арқау еткен дара тұлға Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады келер жылы. Айтулы күнді ұлықтау мақсатында ақынның бір өлеңін жатқа оқып, 9 жасар Елордалық Ләйлім атты қыз бастап, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қостаған, бүкіл Қазақстандықтар, тіпті, шетелдіктер де жалғастырған, қазіргі тілмен айтқанда, челендж ретінде тарады. Сондай іс-шараның бір көрінісі Бөлек ауылындағы М.Горький орта мектебінде ұжымның ұйымдастыруымен конференция өтті.
Шараға аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, аудандық кітапхананың директоры Гүлнәр Жандосова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Балауса Шарғынова, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Үш тұғырлы тіл саясатын қолдаған ұстаздар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақын өмірін, шығармашылығын таныстырып, баяндама оқып, бейнеролик көрсетті. Шара соңында қонақтар өз пікірлерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
Жансая ЫСҚАҚ
Жастар бойына патриоттық сезімді қалып-тастыру, ел дегенде еміре-ніп, жұрт дегенде жұмыла кірісетін өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Айбын» әскери-патриоттық, спорттық ойындары өтті жақында. Қаракемер 6654 әскери бөлімінің алаңында Мемлекеттік Тудың жалауы желбіреген салтанатты шараға қолдау білдірген аудандық ішкі саясат бөлімі және 6654 әскери бөлім. Ұйытқы болған – «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қоры және аудандық жастар ресурстық орталығы.
Биылғы жылы байқауға 6 команда қатысты. Олар өзара автоматты уақытқа жинау, белтемірге тартылу, гір тасын көтеру, әскери эстафета, арқан тарту, және швед эстафетасынан сынға түсті. Жастық жігер мен намысты қолдан бермеу жолында жанын салған жастарымыз әр сайыс сайын шыңдала түсті. Тіпті, жүлдені кім алады екен деген сұрақ жанкүйерлердің көкейінде сайрады. Үш сағатқа созылған қызу бәсеке нәтижесінде 3 орын Ават ауылдық округінің жастарына бұйырса, жүлделі екінші орынды Есік құрамасы еншіледі. Ал Қаракемер ауылдық округінің жастары қанжығалары үздік деп танылып, біріншіліктің биігіне көтерілді.
Жеңімпаздарды аталмыш қор төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Қайнар Жұмағожа және аудандық жастар ресурс-тық орталығының маманы Мади Бердибаев марапаттады. Жеңімпаздарға арнайы диплом және сыйлықтар үлестірілді.
Өз тілшіміз.
С 1 января 2019 года в Республике Казахстан будут действовать новые подходы к выплате государственной адресной социальной помощи (ГАСП). Это денежная помощь государства именно малообеспеченным семьям с низкими доходами. В том числе помощь в социальной адаптации, направленная на повышение доходов семьи через трудоустройство, содействие в организации своего бизнеса и других форм занятости. В частности, с 2020 года многодетным семьям, которые имеют 4 и более несовершеннолетних детей будет предоставлено гарантированное пособие вне зависимости от их материального положения и социального статуса. Размер данного пособия будет дифференцирован в зависимости от количества детей, в среднем по 10-11 тысяч тенге на каждого ребенка, и будет в 4-7 раз больше размеров аналогичных пособий, назначенных до 2018 года. Это дополнительная поддержка для многодетных семей. Государственное пособие многодетным семьям со следующего года будет назначено в следующем порядке: за 4-детей – 42500 тенге, 5-детей – 53 125 тенге, 6-детей – 63 750 тенге, 7-детей – 73 375 тенге.
Б.ИМАНБАЕВ, директор районного центра занятости.
Жақында аудандық полиция басқармасында ішкі істер саласында ұзақ жылдар қызмет етіп, аудан тәртібінің сақшысы болған Сембай Оразбековты еске алуға арналған волейболдан турнир өтті. Шараға полиция ардагерлер кеңесінің төрағасы, полиция генерал-майоры Сағынжан Асыл-Кеней, полиция генерал-майоры Асқар Оспанов, Сембай Оразбековтың ұлы, Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Ержан Оразбеков, аудан прокурорының орынбасары Расул Көпбаев, марқұмның үзеңгілес достары мен жақындары қатысты.
Спорттық шараға келген қонақтар Даңқ аллеясына гүл шоқтарын қойып, қаза болған полиция қызметкерлерінің рухына тағзым жасады.
– Сембай марқұм 1972 жылы қызметке келді. Еңбегін адал атқарған асыл азамат еді. Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарының жасы мен кәрісі Сембай Оразбекұлын сыйлап құрмет тұтатын еді. Себебі, оның халқына, еліне деген сүйіспеншілігі, қызметіне деген адалдығы шексіз болды – деп әріптесін еске алды Сағынжан Асыл-Кеней. Асқар Шуашұлы да өтпелі кезеңде тәртіптің сақшысы болған марқұмның ерлігі жастарға үлгі болу керектігін жеткізді. Әке жолын қуған Ержан Оразбеков әкесінің жүріп өткен жолынан сыр шертіп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Тоғызбай Нұрсейітов арнау өлеңін көпшілік назарына ұсынды. Ашылу салтанатының соңында бас төреші Бекжан Балтешов жарысқа қатысушыларды ойын ережесімен таныс-тырып, сәттілік тіледі.
Турнирге аудан аумағынан бес команда қатысып, бақтарын сынады. Аудандық полиция басқармасының құрамасы қазақ-түрік лицейінен құрылған «КТЛ», «Шелек», Бірлес», «Есік» командалары өнер көрсетіп, жанкүйерлерге тамаша көңіл-күй сыйлады.
Нәтижесінде, жүлделі І орын аудандық полиция басқармасының волейболшыларына бұйырды. ІІ орынға «Шелек» командасы жайғасты. «КТЛ» ІІІ орынға табан тіреді. Жеңімпаздар Алғыс хаттармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
С.НҰРАДИН.
«Есік» қорық-музейінің ғы-лыми кітапханасы арнайы ғы-лыми және оқу-әдістемелік әдебиеттерден құралған ақпа-раттық орталық. Ғылыми кітапхананың негізгі міндеттері музейдің айрықша ғылыми-зерттеу және мәдени білім беру қызметтерімен тығыз байланыс-ты. Кітапхана 2010 жылы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі құрылғаннан бастап жұмыс істеп келеді. Бастапқыда қорық-музейдің кітапхана қоры қызметкерлер өткізген кітаптар негізінде жабдықталды. Негізгі қор 3000-ға жуық кітаптан тұрады. Кітап қоры көп болмағанымен бірнеше салалы. Олар ғылыми, салалық, анықтамалық, көркем әдебиеттер. Қазіргі заманғы салалық әдебиеттер негізінен өнер теориясы мен тарихы, музей ісі, сәндік-қолданбалы, бейнелеу өнері, фольклор, мәдениеттану, тарихи пәндер: антропология, археология, этнография, деректану, нумизматика, дінтану, философия және өлкетану бойынша басылымдар бар. Сондай-ақ кітапханада археолог Б.Нұрмұханбетовтың 40 жыл бойы жинаған құнды, сирек кездесетін кітаптары бар. Атап айтқанда 1966-1986 жж. жыл сайынғы басылымнан шыққан «Археологические открытия», ежелгі тас дәуірінен орта ғасырға дейінгі аралықты қамтитын, археологиялық ескерткіштер туралы құнды ақпараттарды қамтитын «Археология СССР», 12 томнан тұратын 1972-1978 жылдары басылған «Қазақ Совет энциклопедиясы», «Советская историческая энциклопедия», «Казахстан в XV- XVII веках», «Труды института истории археологии и этнографии», «Археологические исследования на северных склонах Каратау», 1957-1961 жылдар аралығындағы «Полевые исследовании Хорезмской экспедиции», осы экспедиция барысында 1967 жылы жарыққа шыққан «Қой қырылған қала», дүниежүзі тарихына арналған бірнеше том кітаптар карталарымен бірге кітапхана қорына тапсырылған.
Археология саласы бойын-ша К.Ақышев, Х.А.Алпыс-баев, К.М.Байпақов, Б.А.Бай-танаев, А.З.Бейсенов, В.В.Варфоломеев, В.Ф.Зайберт, З.Самашев, Е.А.Смағұлов, Ж.Қ.Таймағамбетов сынды археолог ғалымдардың палеолит дәуірінен бастап этнографиялық уақытқа дейінгі аралықты қам-титын, қазақ халқының бай тарихынан хабардар ететін далалық зерттеулердің, лабораториялық-сараптамалық жұмыстардың нәтижелерінен мәлімет беретін еңбектері топтастырылған. Сонымен қатар, бұл тізімге «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық ескерткіштерді зерттеу қоры-тындыларын жатқызуға болады. Кітапхана қорын 2016 жылы толықтырған, қорық-музейдің алғашқы директоры Г.Р.Мұхтарованың жетекшілігімен бірге, бірнеше жылғы ғылыми зерттеулердің нәтижесінде жарық көрген «Тайна золотого человека» жинағын ерекше атап өтуге болады. Жинақта әйгілі «Алтын адамға» қатысты осы уақытқа дейін құпия болып келген көптеген мәліметтер зерттеліп, нақты көрсетілген. Кітапхана қоры музей қабырғасында
жүзеге асырылып отырған ғылыми-қолданбалы жобалар нәтижесіндегі ғылыми конференциялар, іс-сапарлар мен археологиялық экспедициялар барысында Қазақстан тарихы, археологиясы мен этнографиясына байланысты және шетел әдебиеттерімен үнемі толықтырылып отырады. Бұл ретте ғылыми-зерттеу жобалары, сондай-ақ «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында белсенді жұмыс атқарып отырған музейдің ғылыми қызметкерлері маңызды рөл атқарады.
Кітапхана сөрелерінен Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі көшпелілердің мәдениетін, тіршілігін әр қырынан бейнелейтін археологиялық коллекциялар мен сыйға берілген еліміздегі және шетелдердегі музей каталогтарын көруге болады. Музейіміздің негізгі жәдігері «Алтын адамның» қайта жаңғыртпасын жасаған реставратор Қ.Алтынбековтың музейге сыйға тапсырған Қазақстандағы археологиялық олжаларға байланысты бірнеше еңбегі кітапхана қорына берілген. Кітапхана сөресінен орын алған республикалық деңгейдегі мерзімді басылымдар, музей мамандарына жұмыс барысында қажетті газеттер мен журналдар: Отан тарихы, Тарих мәселелері, Музей, Еуразия археологиясы, этнографиясы және антропологиясы журналдары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы, ҚР Ғылым Академиясы хабаршысы, Мәскеу университеті хабаршысы, «Тамыр», Еуразия хабаршысы, «Кентавр», Археологиялық жинақ, «Президент және халық», «Алаш айнасы», «Егемен Қазақстан», «Қала мен дала», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Жетісу», «Еңбекшіқазақ» га-зеттері.
Қорық-музейдің кітапхана қорынан 2017 жылы ШЖҚ МКК «Алматы облыстық меди-циналық-әлеуметтік оңалту және психотерапия орталығына» Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп КММ-не Ж.Жабаев, С.Сейфуллин, І.Есенберлин, М.Әуезов, Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов, Т.Молдағалиев, С.Торайғыров, Ш.Сариев, Т.Ахтанов, Ч.Айтматов, А.С.Пушкин, И.С.Тургенев, М.Горкий, Л.Толстой, Н.В.Гоголь, М.Ю.Лермонтов, А.П.Чехов, С.Есенин, В.Достоевский, И.А.Крылов, В.Д.Маяковский И.В.Гете, В.Шекспир, Р.Гамзатов, Т.Драйзер, Д.Дефо, Гомер сынды ғұлама тұлғалардың 230 дан астам шығармалары тұрақты пайдалануға яғни сыйға берілді.
Кітап қорларын дәлелді түрде жинақтау мен каталогтарды уақытында толтырып отыру кітапхананың ғылыми қор құрылымының негізі болып табылады. Ғылыми кітапханаға кітаптар мен басқа да материалдардың жылдық түсімі бірнеше бірлікті құрайды. Оған қоса тағы мемлекеттік тілде мерзімдік басылымдар бар. Оқырмандарға қызмет көрсетудің маңызды міндеті кітапхана жүйесіндегі құжат қорын жасап оны сақтауда ғана емес, оны қолданушыларға ұсынуында. Музей кітапханасының алдыңғы қатарлы оқырмандары музей мамандары мен ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ ұқсас мекемелер және тәжірибе алмасуға, біліктілігін арттыруға келген әріптестерімізге де қызмет көрсетіледі. Ғылымның барлық саласы мен түрлі тақырыптар бойынша әдебиеттерді беру алдын-ала тапсырыс жасау арқылы жүзеге асады. Оқырмандарға барлық ақпараттық сұраныс-тарды қанағаттандыруға мүмкін-дік беретін энциклопедиялар, анықтамалар, салалық ғылыми әдебиеттерді тақырыптық сөрелерден алып оқуға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта кітапханада қызмет көрсету, қорды сақтау, жинақтау, ғылыми және техникалық әдебиеттерді өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Э.Айтқұлова,
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени
қорық-музейнің ғылыми қызметкері.
Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау»
Жан Жак Руссо
Дүниеде мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім күллі мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін, мейірімді абзал жан. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» десек қателеспейміз, өйткені, тілінен бал тамған ақын-жазушылар да, ел қорғаған батырлар да, тіпті қарапайым еңбек адамдары да ұстаздан тәлім-тәрбие алады. Ұстаз білімі әр шәкіртке жол сілтер шамшырақ секілді.
Сол шамшырақтың бірі де бірегейі, еңбек тәжірибесі 30 жылдан астам, жоғарғы санатты ұстаз, ұзақ жылдар ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Айжан Тоғанбайқызы жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады. Қазіргі таңда ол аудандық білім бөлімінде қызмет етуде. Еңбекшіқазақ ауданындағы 85 мектептің директорлары мен орынбасарлары, тіпті мектеп ұжымы да бұл кісінің қызметіне дән риза. Ауданымыздағы қай мектепке бармасын, жаңартылған білім берудің тиімділігі мен ерекшеліктерін саралап, әртүрлі семинар мен коучингтер өткізіп, ақыл-кеңесімен бөлісіп отырады. «Рухани жаңғырудың ең бас-ты шарты – білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу» деп жиі айтады және оны іс жүзінде қолға алып, ұстаздарымызға оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалануды, білім беруді ақпараттандырып, оқытуда сауатты да сапалы білімді жүзеге асыруға, мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді. Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ін жіті қадағалау нәтижесінде, білім грантын иеленушілер саны да жылдап өсуде. Осындай орасан нәтиже көрсетуімізде ауданымыздағы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Айжан Тоғанбайқызының еңбегі өлшеусіз. «Жақсының жақсы-лығын айт, нұры тасысын» демекші, Айжан Тоғанбайқызы аудандық, облыстық, респуб-ликалық дәрежедегі құрмет грамоталарымен марапатталған, «Ы.Алтынсарин атындағы» төс-белгі иегері.
1964 жылы Кеген ауданы, Бөлексаз ауылында дүниеге келген Айжан Тоғанбайқызы Тортаева 1971 жылы мектеп табалдырығын аттап, 8-сыныпқа дейін Бөлексаз орта мектебінде оқып, 9-сыныптан бастап Алматыдағы №4 мектепті ойдағыдай аяқтады. 1986 жылы үлкен арманын арқалаған жас талапкер Арқалық педагогикалық университетін үздік бітіріп, еңбек жолын Ақши орта мектебінде математика пәні мұғалімі ретінде бастады. Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы оны өзгелерден ерекшелендірді. Оның қайсар мінезі, қазақы ақжарқындығы мен қызметіне деген адалдығы, еңбекқорлығы мен терең білімінің арқасында Абылайхан атындағы және О.Жандосов атындағы мектептерінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Іскерлік қабілетінің арқасында аудандық білім бөліміне қызметке шақырылды. Аталмыш салада жүргеніне де 20 жылға жуықтады. Жұмысына адал, ұжымға сыйлы тәжірибесі мол, ұлағатты ұстаз отбасында 2 қыз тәрбиелеп, өмірлік жолдасы екеуі қыздарын қияға қондырып, 5 немере сүйіп отырған бақытты отбасы. Жолдасы Бауыржан Тортаев – кәсіпкер. Айжан Тоғанбайқызының жетекшілігімен ауданымыздың оқушылары облыстық, респу-бликалық өребәйгелерде, бай-қауларда ауданымыздың намысын қорғап, өз білімдерін айқын дәлелдеп келеді. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған аяулы жан Айжан Тоғанбайқызы биыл мерейлі 55 жасқа толып отыр. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын аяулы ұстазды туған күнімен, мерейлі төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Зульфия Бавдунова,
«Азия бүгін» газетінің тілшісі. Қорам орта мектебінің мұғалімі.
1 октября в Есикском ущелье произошло малозаметное для широкой публики, но весьма знаменательное событие – вошла в строй последняя ГЭС-1 мощностью 5 мегаватт, расположенная чуть ниже плотины озера Есик. Вводом в эксплуатацию ГЭС-1 завершен длившийся более 10 лет проект ТОО «Энерго Әлем» по возведению Есикского каскада. Проект по внедрению «малой энергетики», в который ТОО «Энерго Әлем» инвестировало около 4 млрд тенге (11 млн долларов США), обернется огромной пользой. Каскад в который теперь входят четыре ГЭС, рассчитан на суммарную мощность 11 мегаватт, которых с избытком может хватить для энергоснабжения Есика и близлежащих сельских округов. Действующие на сегодня объекты ВИЭ в Есикском и в Шелекском регионах рассчитаны на проектную мощность 19 мегаватт.
Ввод пятой ГЭС означает, что мощности малой энергетики теперь почти равны объемам электроэнергии в 25 мегаватт, потребляемой в данное время районом. С учетом того, что потребность в электроэнергии растет не то что с каждым годом – с каждым месяцем: строятся такие крупные промышленные объекты, как арматурный завод в с.Тургень, Бугутинский вольфрамовый комбинат в Шелекском регионе, это серьезная «подпитка», позволяющая устранить угрозу дефицита в энергоснабжении.
Выступая на открытии новой гидроэлектростанции, заместитель акима района Даулет Нургисанов отметил, что необходимость использования возобновляемых источников энергии (ВИЭ) прописана в таких государственных документах, как Концепция по переходу РК к «зеленой экономике», заложена в программе Казахстана по международному партнерству «Зеленый мост». Даулет Нургисанов от имени акима района Бинали Ыскака выразил благодарность инвесторам и строителям, генеральному директору ТОО «Энерго Әлем» Кенжемурату Дукенбаеву за вклад в энергетическое обеспечение экономики района.
В ответ Кенжемурат Дукенбаев сказал сердечное спасибо руководству района за создание благоприятного инвестиционного климата, постоянное содействие в решении организационных вопросов, что позволило построить и запустить ГЭС-1 без бюрократических проволочек. Также Кенжемурат Дукенбаевич поблагодарил соинвестора ТОО «Энергомост», вложившего в строительство ГЭС-1 половину инвестиций. Он выразил признательность за добросовестное партнерство строителям ТОО «Инком Энерго», наладчикам системы учета электроэнергии компании «I net», инженерам-наладчикам систем управления из немецких компаний, руководителю Есикских распределительных сетей АО «Алатау жарық компаниясы» Едиге Жарыкбасову и всему коллективу ЕПЭС, руководству Иле-Алатауского национального государственного парка, на территории которого построена ГЭС-1.
Право перерезать ленточку у входа в ГЭС-1, построенной в трех уровнях, со смотровой террасой для туристов, было предоставлено почетным гостям: заместителю акима района Даулету Нургисанову, гендиректору ТОО «Энерго Әлем» Кенжемурату Дукенбаеву, руководителю компании-соинвестора «Энергомост» Кайрату Оразбекову.
Участники презентации ГЭС-1 осмотрели ее помещения и оборудование, ознакомились с историей возведения и запуска Есикского каскада. А в диспетчерской произошло еще одно торжественное событие: Кенжемурат Дукенбаев нажал на «священную кнопку» пуска, и на турбины электростанции хлынул водный поток.
Подробно о перспективах малой энергетики, строительстве ГЭС-1 и других станций Есикского каскада, их значимости для экологии и водоснабжения района мы расскажем в ближайших номерах.
И.ТУРАНИН.
Тескенсу ауылының 90 жылдық мерейтойы аталып өтті. Бұл той тек Тескенсу ауылы тұрғындарының ғана емес, жалпы аудан үшін айтулы мереке болғаны анық. Аудан әкімінің өзі қатысып, алыс-жақындағы талай ағайынның басын қосқан дүбірлі тойдың қызығын елмен бірге көріп қайтқан болатынбыз.
Тескенсу ауылы 90 жылдық тарихы небір сырлар мен сындарға толы шежіре секілді. Осы бір ұзақ тарихында сұрапыл соғыс жылдарын да, қуғын-сүргін мен ашаршылықты да, мұңға толы тауқыметті де, түрлі машақатты да басынан өткерді. Бүгінде соның бірін көрмегендей бар сырын ішіне бүгіп үнсіз ғана мызғып тұрғандай көрінеді кейде. Иә, Тескенсудың тарихы – еліміздің тарихы. Өйткені тарихтың үлкен-кішісі болмайтыны заң-дылық. Сондықтан аталған той бар қазақ баласы үшін де үлкен маңызға ие.
Дүбірлі тойға жиналған халықтың да қарасы қалың. Әйтеуір бәрінің жүзінен қуа-ныш пен таңданыстың белгісі менмұндалап тұрғанынан-ақ бұл тойға үлкен бір дайын-дықпен келгенін байқайсың. Ашық аспан астына бірнеше қазақ үй тігіліп, арнайы сахна да құрылған. Әуелеген ән, күмбірлеген күй ойнап үнсіз далаға жан бітіп, жаңа бір кейіпке енгендей. Осы бір қуанышты тұрғындармен бөліскен аудан әкімі Б.Ысқақ барша тойға жиналғандарды мерекесімен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Тескенсу ауылының 90 жылдық тарихында осындағы еңбек адамдарының көрсеткен қажыр-қайраты мен еткен еңбектерінің маңызын тілге тиек етіп, ауылдың аудан экономикасының дамуына қосып отырған үлесінің зор екенін атап өтті. Осы тойдың барысында спорттық шаралар мен бәйге, кокпар секілді ұлттық ойындар да өткізіліп, тойдың салтанатын асыра түсті. Жалпы аталған той ауыл тұрғындарының жиі еске алып тұратын әдемі естелігіне айналғаны анық.
Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.
Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Қалитқызы Адамовамен сұхбатымызды мұғалімдер күніне орайластырып ұсынып отырмыз.
– Құрметті Гүлмира Қалитқызы! Ең әуелгі әңгімемізді өзіңіздің өскен ортаңыз бен қызмет жолыңыздан бастасақ...
Мен 1961 жылы 8 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қазақстан ауылында дүниеге келдім. Осында М.Горький атындағы орта мектепте білім алып, оны үздік бағамен бітірдім. Ал 1980-83 жылдары Алматы қаласындағы педагогикалық училищеде оқып, оны бітіргеннен кейін С.Көбеев атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болдым. Қызымет атқара жүріп, білімімді одан әрі жалғастыру үшін әрбір жанға арман болған Алматыға қайта оралдым. Осылайша қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ-дің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін тәмамдадым. 1992 жылы жолдама бойынша осы Шелек ауылындағы Т.Кенжебаев атындағы орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналастым. Осылайша Шелек ауылының тұрғыны болып шыға келдім. Ал 1993-1998 жылдары арасында Шелек өз алдына аудан болып тұрған кезінде аудандық білім бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері болып қызмет атқардым. Осында жұмыс істей жүріп сол кездегі білім бөлімінің басшысы болған М.Кенжебаева, әдіскерлер Г.Рәкешқызы мен А.Владимировналардан көп нәрсе үйрендім. Қазірге дейін сол үйренгендерім керекке жарап келеді. Шелек ауданының Еңбекшіқазақ ауданына бірігуіне байланысты 1998 жылдан бас-тап Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебіне өз салам бойынша ауысып, әлі күнге осы мектепте ұстаздық қызметімді жалғастырудамын. Ал 2010-2015 жылдар аралығында мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болдым. 2015 жылы өз өтінішім бойынша аталған міндеттен босап, содан бері қарапайым мұғалім болып, шәкірт тәрбиелеп келемін.
Жолдасым Сейілхан екеуміз отыз алты жылдан бері бақытты ғұмыр кешіп келеміз. Арман, Ақжол атты екі ұлым бар.
Біздің мектептің тарихы жетістіктерге толы. Сондықтан халық арасындағы беделі де жоғары. Бұған мектеп ұстаздарының біліктілігімен бірге, басшылардың да атқаратын рөлі ерекше. Менде осындай терең тарихы бар үздік мектепте ұстаздық ететінімді мақтанышпен айта аламын.
– «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейтін мақал бар. Сондықтан ұс-таздың беделі мен еткен еңбегі шәкірттерінің жетістігінен көрінеді. Сіздің де мерейіңізді тасытып, үмітіңізді ақтаған әрі мақтанышпен айтатын үздік шәкірттеріңіз бен жетістіктеріңіз бар ма?
Енді мен өз шәкірттерім туралы айтсам әңгімем ұзаққа созылады. Өйткені, мен тәрбиелеген үздік шәкірттер өте көп. Сондықтан олардың бастыларын ғана атап өтейін. Мәселен, М.Мақатаевқа арналған облыстық, республикалық мүшайраларда А.Тыштыбаева мен Н.Рушанова бірінші және екінші орындарды иеленді. Сол мүшайрада бірінші орын алған Н.Рушанова бүгінде «Хабар» телеарнасында қызмет етіп жүр.
Облыстық ғылыми жобалар жарысында Г.Ералы, Н.Ербосынова жүлделі екінші орынға ие болса, Ж.Жабаевтың мерейтойына байланысты аудандық және облыстық айтыста 5-сынып оқушысы Д.Әлібекова екінші орын алды. Кіші ғылым академиясының республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында А.Қадырова, А.Тақабаева, А.Сыбанбекова, О.Сәкенова, М.Шабинярова, А.Бағдат, М.Айдарбекова, Ж.Рақымханова секілді шәкірттерім қатысып өз ғылыми жобаларын қорғап, бірінші және екінші орындарды қанжығаларына байлап қайтты. Одан бөлек, республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олипиадасының «Жазушылар конкурсы» бойынша Р.Хаззакова екінші орынды алса, «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты оқушылар арасында өткен облыстық шығармалар байқауында Б.Бағашарова үшінші орынды, Ж.Қырықбай екінші орынды жеңіп алды.М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы мен Ұлы Жеңіс тойына байланысты «Отты жылдар шежіресі» тақырыбында мен дайындаған оқушылардан құралған театрландырған сахналық қойылым ауданнан өтіп, облыстың сахналарын да бағындырды.Мен өзім сынып жетекшісі болғанда А.Шәкен «Алтын белгі» иегері болса, Б.Сеитов пен Ә.Тақабаева «Үздік атестат» иегері атанды. Ал 9-сынып бойынша Р.Хаззакова, А.Сейілханұлы, Т.Мұсабекова, А.Шәкен «Үздік аттестат» алып шықты.
Ал енді өз жетістіктеріме келсем, 1999 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен және «ЮНЕСКО» шығармалар жарысында мақтау қағазымен марапатталдым. Сонымен бірге, 2010 жылы ҚР «Білім және ғылым министрлігінің» алғыс хатының және 2018 жылы «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісінің иегері атандым. Өзімнің ерекше жетістігім ретінде айтарым 2011 жылы «Қ.Бітібаеваның Халықаралық мерейтойында (қазақ-американ) Конференциясында» баяндама жасадым. Кейін ол баяндамам кітап болып басылып шықты. Мүмкін, бір баяндама жасағанда не тұр деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ бұл жетістігімнің мен үшін орны бөлек. Өйткені Қ.Бітібаеваны өзім бала кезден үлгі тұтып өстім. Кейін осы кісінің шәкірті болдым. Өз мерейтойында қадірлі ұстазым мені арнайы шақырған болатын. Ал бұл шақыртуы мен үшін қандай мақтаулар мен ордендерден әлдеқайда артық. Тағы бір жетістігім жыл сайын ҰБТ-ға дайындаған оқушыларым 100% көрсеткішке ие болып, жоғары сапа көрсетіп келемін. Тіптен 2012 жылы Ұлттық Бірыңғай тестілеуде жоғары көрсеткішке жеткенім үшін мақтау қағазымен де марапатталдым. Авторлық бағдарламалар арқылы жеткен жетістіктерім де бар. Бірнеше рет аудан әкімінің марапаттарына да ие болдым. «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында» қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданған әдіс-тәсілдерім мен мақалаларым журналдарда жиі жарияланып тұрады.
– Қызметте жетістікке же-тіп, жұмысыңыздың алға басуына айналаңыздағы әріптестеріңіздің де тигізер әсері мол болмақ...
Әрине, әріптестерім туралы айтарым көп. Мен жақсы әріптестерден кенде адам емеспін. Атап айтар болсам, маған жол көрсетіп ақылшым болған үлкен ағаларым мен әпкелерім болды. Олардың қатарында А.Қырықбай, Б.Сағымбаева, Қ.Абдуқайымова, Г.Нұрмағанбетова, Р.Разиева, М.Құрманова, Г.Атабаева, Н.Жоламанова, А.Есбергенова, Р.Көжек-баева, К.Қыдырманова, Б.Саитова, А.Садировтар бар. Осы кісілердің арқасында білмегенімді үйреніп, талай кедергілерден қиналмай өткенімді жасырмаймын.
Бүгінгі мектеп әкімшілігінің құрамы да білікті, білімді жандар.
– Соңғы кездері ұстаздардың беделін көтеру туралы жиі айтылып жатыр.
Б.Момышұлының «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» деген аталы сөзі бар. Әрине, кез-келген мамандық иесі ұстаздың алдынан өтетіні рас. Ұстаздардың беделін көтеру деген сөздің өзі құлаққа түрпідей тиетіні шындық. Өйткені, ұстаз былайда беделді болуы тиіс. Егер ел болып, еңсе көтереміз десек, ең алдымен, ұстаздар беделінің зор болуы шарт.
– Әңгімелескеніңізге рахмет!
Сұхбаттасқан
Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.
В целях повышения статуса религиозных объединений и тесного сотрудничества с ними, Центр анализа и прогнозирования подписал меморандум с общественным фондом «Ізгілікті істер». Меморандум был подписан на площадке «Jetisy media» в ходе пресс- конференций.
Как поделились спикеры брифинга, в настоящее время в Алматинской области работает «Горячая линия-114», которая предоставляет онлайн-консультации гражданам касаемо религиозных вопросов. Реализуется данный проект при поддержке Министерства общественного развития.
Проект может оказать профессиональную и своевременную помощь гражданам по вопросам религии. Специалисты по телефону, в онлайн режиме отвечают на вопросы населения, касающиеся религии, оказывают психологическую поддержку пострадавшим от деструктивных религиозных течений. Консультация ведется на казахском и русском языках абсолютно бесплатно. В работе проекта задействована группа квалифицированных специалистов теологов, религиоведов и психологов, которые оказывают все необходимые консультационные услуги в сфере религии. Также при необходимости оказывается психологическая поддержка в реабилитации. Все консультации – конфиденциальны.
Стоит отметить, что основной целью подписания меморандума является установление тесной связи Центра анализа и прогнозирования с общественным фондом «Ізгілікті істер».
«Мы хотим быть уверенными, что наша проделываемая работа в религиозной сфере эффективна, знать насколько она необходима в наше время. Подписание меморандумов о сотрудничестве – это новый и важный для нашей организации опыт, который, по моему представлению, позволит вывести на системный уровень вопросы взаимодействия с регионом», - специалист по работе с общественностью Общественного фонда «Ізгілікті істер» Жандос Супабеков.
«Талдау және болжау» орталығы діни бірлестіктердің ынтымақтастықтарын арттыру мақсатында “Ізгілікті істер” қоғамдық қоры орталығымен меморандумға қол қойды. Бұл туралы «Zhetysu media» алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Қазіргі таңда Алматы облысында азаматтарға діни мәселелер бойынша онлайн-кеңес беретін «Қауырт желі 114» орталығы жұмыс істеуде.
Орталық «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тарапынан ұсынылған.
«Қауырт желі 114» Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен діндерді зерттеу орталығы қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Жоба азаматтарға діни мәселелер бойынша кәсіби және уақытылы көмек көрсете алады. Мамандар телефон арқылыжәнесайттың онлайн режиміндетұрғындардыңдінгеқатыстысауалдарынажауапберіп, деструктивтікдіниағымдарданзардапшеккендергепсихологиялыққолдаукөрсетеді. Консультациялықкеңесқазақжәнеорыстілдеріндежүреді.
Бүгінде«Қауырт желі 114» Қазақстанда ғана емес, ТМД кеңістігінде жүзеге асырылып отырған бірегей бастама саналады.
Орталықта заңгер, теологтар мен дінтанушылар, психологтар жұмыс істейді.Кеңес беру тәулік бойы және құпия, жасырын түрде жүргізіледі. Қоңыраулар Қазақстанның кез-келген нүктесінен тегін қабылданады.
Меморандумға қол қоюдың басты себебі, “Ізгілікті істер” қоғамдық қорының «Талдау және болжау» орталығымен кері байланыс орнату.
«Қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстарымыздың азаматтар үшін қаншалықты тиімділгін, орталықтың деңгейін сауалнама арқылы білу. Орталықтың алдағы уақытта қандай бағытта жұмыс істеу қажеттілігін анықтау. Сондай-ақ, азаматтарға әзірленген сауалнамалардың дұрыстығын, методикалық әдістерге сай жасалынғандығын арнайы сарапшылардың бақылауына алу мақсатында меморандумға қол қойып отырмыз»,- деді “Ізгілікті істер” қоғамдық қорының қоғаммен жұмыс істеу маманы Жандос Анарбекұлы.
Ақпараттық технологиялар қолға алынбаған ескі замандарда шығыс пен батысты байланыстырып, алысты жақын еткен пошта қызметі әлі күнге өзінің өзектілігін жойған емес. Қаншама ғасыр бойы адамзат игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан пошта қазіргі уақытта заман ағымына қарай ығысып, тұтынушылар үшін барлық жағдай жасауда. Дүниежүзілік пош-та күні қарсаңында аудандық пошта байланыс торабының басшысы Диас Қосыбаевпен сұхбат жасап, пошта қызметінің жаңалықтарымен бөлісіп, өзекті мәселелерді көтерген болатынбыз.
– Құрметті Диас Талғатұлы, күннен-күнге поштаның көрсететін қызметтері ұлғайып келеді. Әсіресе, қаржылық операциялар көптеп жасалады. Осы тұста пошта торабы банк бөлімшелерімен бәсекелесуге қауқарлы ма?
– Иә, бүгінгі таңда пошта торабы екінші деңгейлі банктердің қызметін атқарады. Әрине, банктер секілді кредит бермейміз. Десек те, Хоум Банк Кредит, Альфа банк, Евразия банкі, Азия Кредит Банк және АТФ банктарымен серіктестік қызметтер атқарамыз. Яғни, ауданымыздың кез-келген тұрғыны аудандық пошта торабына келіп, аталған банктердің кез-келгенінен несие рәсімдей алады. Бұл – біріншіден банктер арасындағы бәсекелестікті арттырады. Барлығы бір мекемеде отырған соң, пайыздық үстемақыларын төмендетіп, тұтынушыларға жағдай жасайды. Сонымен қатар, арнайы карта рәсімдеп, түрлі коммуналдық қызметтерді, салық пен айыппұлдарды сайтқа тіркелу арқылы төлеуге болады. Әрбір төлемге 1 пайыздық бонус беріледі.
Соңғы 3 жылда 2537 тұтынушымыз карта рәсімдеген.
Жәрдемақы алуда екінші деңгейлі банк-терден қарағанда біздің ерекшелігіміз бар. Айталық, мемлекеттік жәрдемақы тұтынушының банктегі есеп-шотына аударылады. Ол адамның төленбеген несиесі немесе басқа да қарыздары болса, қаражаттың жартысы ұсталынады немесе шоты бұғатталады. Ал поштада жәрдемақы алушыларға арнайы РР шоты қызмет көрсетеді. Мұны ешқандай банк немесе сот орындаушы, коллекторлар бұғаттай алмайды. Яғни, бізге түскен жәрдемақыға ешкімнің қол сұғуға құқығы жоқ. Сондықтан, атаулы әлеуметтік көмек немесе басқа да жәрдемақыларды тұрғындарға беру үшін Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісім-шарт жасалған.
– Жасыратыны жоқ, зейнетақы мен жәрдемақы алатын кезде поштада ұзын-сонар кезек пайда болады. Мұндай қаржыларды картаға аударып, банкоматтар санын көбейтуге болмайды ма?
– Оныңыз рас, зейнетақы мен жәрдемақы алушылар саны күн санап өсіп келеді. Өткен айдың өзінде 7505 адам пош-тадан зейнетақысын алған. 3181 адамға жәдемақы төленген. Айлық жалақыларын алған тұтынушыларымыз да бар. Олар 716 адам. Бұл тұста біз де кезек мәселесінің шешімін табуға тырысып жатырмыз. Әрине, қаржыны картаға аударуға болады. Ол үшін зейнеткерлеріміз бен жәрдемақы алушылар карта рәсімдеуі керек. Оларға жағдай жасау мақсатында Есік қаласындағы пошта торабында екінші банкомат іске қосылды. Қайназар ауылына да тағы бір банкомат қойылды. Алайда, зейнеткерлеріміз ескінің адамы ғой. Олар осында келіп, касса арқылы зейнетақыларын алғанды құп көреді. Оған қоса, пошта торабында таныстарын жолықтырып, әңгіме дүкен құрады. Соның өзінде тамыз айында 500 зейнеткерімізді карта жүйесіне ауыстырдық. Олар зейнетақыларын банкоматтан жане касса пост терминалы арқылы ала алады.
Зейнеткерлеріміздің ақшасын қандай жолмен алса да өз еркінде. Осы орайда, қазынамыз болған қарттарға құрмет көрсетіп, 3 айда 1 рет оларға дастархан жаюды дәстүрге айналдырдық. Оған қоса, бізге сенім артқан қарттарымызға әрдайым Алғыс хаттар табыстап отырамыз. Сондай-ақ, қарттар күніне орай осы айдағы зейнетақыда қарияларымызға сый жасап, дәстүрімізді қайталайтын боламыз.
– Сіздердің ежелгі қызметтеріңіздің бірі – баспасөзге жазу. Ақпараттық технология дамыған заманда тұрғындардың газет оқуға деген қызығушылығы бәсеңдегені сезіледі ме?
– Әрине, бүкіл әлем ақпараттық технологияға бет бұрған заманда баспасөзге жазылу бәсеңдегені жасырын емес. Бірақ, газет-журналдар әлі күнге өзінің өзектілігін жойып, халық құлағы, көзі, тілі болуын тоқтатқан емес. Әлемнің дамыған мемлекеттерінің өзінде газет әлі күнге дейін басылады әрі үлкен сұранысқа ие. Сол секілді дамуға бет бұрған біздің елімізде де баспасөздің алар орны ерекше. Әсіресе, орта буын мен зейнеткерлеріміз міндетті түрде газет-журналдарға жазылып, асыға күтіп отарыды.
– Ауылдар мен қала іргесінде орналасқан саяжай тұрғындары бізге шағымданып жатады. Саяжайға хаттар мен газет журналдар жеткізілмейтін көрінеді.
– Қазіргі уақытта осы проблеманы шешу жолдарын қарастырып жатырмыз. Әсіресе, Рахат, Бөлек, Бәйтерек ауылдық округтеріне қарасты саяжайлар мәселесі үлкен қиындықтар туғызып отыр. Өзіңіз білесіз, саяжайлар – ауылшаруашылығы жерлеріне кіреді. Сондықтан саяжайларға инфрақұрылым жасауға мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Сол секілді поштаның картасында саяжайлар жоқ, тек ауылдық елді мекендер ғана белгіленген. Сондықтан, ол жерлерге пошта бөлімшелерін ашу керек, қосымша пошташыларды жұмысқа алуымыз керек. Алдағы уақытта, аталған проблеманы басшылыққа жеткізіп, шешу жолдарын қарастыратын боламыз.
– Іс-сапармен ауылдарға барғанда ескірген пошта ғимараттарын көріп жүрміз. Жаңа ғимарат салу немесе күрделі жөндеуден өткізу жоспарда бар ма?
– Соңғы жылдары ауылдардағы ескірген пошта ғимараттарын жөндеуден өткізіп, жаңа нысандар салуға көңіл бөліп жатырмыз. Бізде 8 ауылда жаңа типтік ғимарат тұрғындар игілігі үшін қызмет етуде. Алайда, Екпінді, Еңбек, Рахат, Өрікті, Ават ауылдарында ғимараттар жалға алынады. Ескі нысандар да бар. Оларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе жаңа ғимарат салу үшін сұраныс жіберіп қойдық.
– Басқа да жаңалықтарыңыз болса...
– Биылғы жылдың негізгі жаңалықтарының бірі – «Супермаркет» қызметі. Пошта арқылы келген сәлемдемені азаматтарымыз өздері барып арнайы ұяшықтан алып кетеді. Яғни, сәлемдеменің жергілікті пошта торабына жеткендігі, қай ұяшықта тұрғандығы туралы СМС-хабарлама келеді алдымен. Сол хабарлама арқылы өзінің сәлемдемесін алып, шыға-берісте операторға көрсетеді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта кез-келген тұтынушымыз өзінің сәлемдемесінің қайда келе жатқандығы тікелей бақылай алады. Ол үшін post.kz сайтына кіріп, тіркеледі. Өзінің сәлемдеме нөмірі арқылы тауарының қай жерде, тіпті, қай мемлекетте келе жатқандығын көре алады.
– Сұхбатыңызға рахмет.
Тілдескен С.НҰРАДИН.
Начиная с 2016 года по области проводится активная информационно-разъяснительная работа по внедрению ОСМС среди всех целевых групп населения.
Обучены спикеры, неоднократно проводились обучающие семинары среди медицинских работников, постоянно публикуются статьи по правилам получения медицинской помощи в рамках ОСМС, обновлены билборды и баннеры на тему ОСМС, организовано несколько брифингов, на телеканале «Жетысу» транслировались телепередачи о внедрении обязательного социального медицинского страхования.
Ежегодно с 2016 года информационно-разъяснительной работой охватывает более 1 миллиона человек.
В 2019 году в соответствии с утвержденным графиком проведены выезды мобильных рабочих групп по разъяснению внесенных изменений в Закон Республики Казахстан об ОСМС
По системе ОСМС за этот период проведено 4 180 встреч с населением с охватом 1 145 100 человек (76%).
Организованные при медицинских организациях мобильные группы - «Пятерочки» провели 10 250 консультаций в медицинских организациях.
Медицинскими работниками в республиканских и региональных средствах массовой информации опубликовано 142 статьи.
Проведены 4 пресс-мероприятия, 4 блог-тура с привлечением блоггеров, 117 PR-мероприятий.
Для информационно-разъяснительной работы активно привлекается наружная реклама, размещена на 440 объектах (объекты ротации видео/аудиороликов, билборды, баннеры, инфостенды).
Распространено 489 000 экземпляров рекламно-информационных материалов (листовок, буклетов).
На сайтах и в социальных сетях опубликовано 626 информационных материалов, статей, постов (включая репосты).
Объявление касающиеся ОСМС размещены в популярных социальных сетях (Facebook, twitter, Instagram, vk, youtube), всего 585 объявлений.
Ежедневно в медицинских организациях транслируются ауди и видеоролики на тему «Обязательном социальном медицинском страховании».
По поручению МЗ РК в сентябре текущего года ТОО «APEX Consult» проведен социологический опрос по системе обязательного социального медицинского страхования, охвачено опросом 500 респондентов, из которых 320 жители города и 180 из числа сельского населения.
По результатам данного опроса в целом по стране сократилась доля населения, кто вообще ни чего не знает об ОСМС с 37,3% до 19,6%. По Алматинской области 20,8% - ответили что знают о внедрении ОСМС, 47,1% - что-то слышали и 32,1% впервые услышали об этом.
По данным мониторинга Алматинская и Мангистауская области, города Шымкент и Алматы отнесены к числу регионов низким уровнем информированности населения.
В рамках проводимого мониторинга установлено, что основным источником информации о Системе обязательного социального медицинского страхования являются СМИ – газеты, телевидение, интернет-издания.
Необходимо отметить, что ключевыми агентами информирования и разъяснения системы ОСМС являются работники медицинских учреждений. Каждый третий респондент отметил, что при обращении в поликлинику, получал разъяснения по участию в ОСМС от медперсонала.
На сегодняшний день необходимо активизировать работу не только по информированности населения, но и по вопросам «Кто, сколько и как» будут проводиться отчисления и взносы в Фонд медицинского страхования. 51,7% опрошенных отметили, что впервые слышат о Едином социальном платеже в который входят отчисления на обязательное медицинское страхование.
Согласно выводам и рекомендациям ТОО «APEX Consult» необходимо максимально использовать для информационно-разъяснительной работы телевидение, социальные сети, месседжеры в телефонах
Проблемным вопрос на сегодняшний день, является, граждане которые не определились с медицинской организацией, где будут получать медицинскую помощь.
По данным агентства по статистике численность населения Алматинской области составляет 2 043 700 человек, из которых на 01 марта текущего года не были прикреплены медицинской организации более 150 тыс. человек.
С марта месяца текущего года обработаны данные по 59 902 гражданам или 37%. Выявлено выехавших за пределы РК – 16 609 человек, умерших - 15 281, в медицинские организации прикреплено - 22 965 человек. На сегодняшний день не обработаны данные по 95 734 гражданам, Премьер-Министр 18 июня 2019 года на заседании правительства РК поручил до 01 октября завершить прикрепление населения к организациям первичной медико-санитарной помощи и обеспечить техническую готовность поставщиков медицинских услуг.
По предоставляемой информации от медицинских организаций, обработка данных по гражданам затруднена из-за фактического отсутствия граждан по месту прописки, есть так же граждане выехавшие за пределы, как области так и страны, умершие до 2008 года и др.
В информационных системах Республиканским центром электронного здравоохранения создаются файлы «Умершие по данным подворовых обходов», «Умершие по данным МО (при наличии медицинского свидетельства о смерти)», «Выехавшие в ПМЖ по данным МО», «Не проживающие», данное обновление позволит, завершить работу по прикреплению к указанному сроку.
Управлением внутренней политики во всех районах и городах проведено анкетирования среди населения по определению уровня осведомленности по обязательному социальному медицинскому страхованию, результаты анкетирования позволят оценить проводимую информационно-разъяснительную работу среди жителей Алматинской области.
Жақында Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде тіл айлығына орай «Тіл тірегім – соғып тұрған жүрегім» атты іс-шара болып өтті.
Аталған шараны мектептің қазақ тілі қоғамының мүшесі Д.Амирова мен қазақ тілі пәнінің оқытушылары ұйымдастырған болатын. Сонымен бірге, орыс тілі пәнінің мұғалімдері де шараның ойдағыдай өтуіне атсалысып, өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында мектеп директоры М.Ахметжанова қазақ тілініің мемлекеттік тіл ретінде болашағы зор екенін, ана тілін құрметтеу кез келген азаматтың борышы мен парызы екенін айтып, шәкірттерге игі тілегін білдірді. Одан әрі шәкірттердің өнерімен жалғасқан игі шара өз мәресіне жетті.
С.ҚАЙЫПБАЕВА,
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.