Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек.

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.

Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті, әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты.

Соның арқасында бүкіл Қазақстан Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты. Бұл – Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Абай жырларын оқу челленджі биыл, ақын мерейтойы тұсында жаңаша жанданады деп сенемін.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтты. Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз.

Осы орайда Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады.

Сондықтан ұлтымызды жаңғырту ісінде оның еңбектерін басшылыққа алып, ұтымды пайдалану жайын тағы бір мәрте ой елегінен өткізген жөн.

Мен бұл мақалада Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, ақын шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендігі жөнінде жұртшылықпен ой бөліскім келеді.

Ұлттық болмыстың үлгісі

Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес.

Шын мәнінде, бұл – ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі, ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған.

Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі.

Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.

Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал, ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет.

Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі, ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз.

Ал, біздің міндетіміз – осы ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алу.

Ол үшін, ең алдымен, білім беру саласын заманға сай дамытуымыз керек. Сол мақсатта ауқымды жұмыстар атқарылғанымен, отандық білім беру ісінде әлі де олқы тұстар бар. Оны жетілдіру жолдарын сайлау алдындағы бағдарламамда және өткен жылғы тамыз конференциясында нақты атап көрсеттім.

«Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы – осы бағыттағы игі бастамалардың бірі. Бұл – сапалы білім беру ісін жетілдіруге арналған қадам. Жалпы, кез-келген қоғамда ұстаздың орны бөлек. Мұғалімдер білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса маңызды рөл атқарады. Ұстазға құрмет көрсетіп, қадірлеу – бәріміздің міндетіміз. Сондықтан мемлекет мұғалім мамандығының мәртебесін көтеріп, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек.

Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену. Ақын жиырма бесінші қара сөзінде өзге тілдің адамға не беретініне тоқталып: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды», – дейді. Демек, өзімізден озық тұрған жұртпен деңгейлес болу үшін де оның тілін меңгерудің маңызы зор.

Ал қазіргідей жаңа тарихи жағдайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек. Сонымен қатар, ағылшын тілін үйренуге де басымдық беру қажет. Жастарымыз неғұрлым көп тілді меңгерсе, соғұрлым мүмкіндігі кеңейеді. Бірақ олардың ана тілін білуіне баса мән берген жөн. Өскелең ұрпақ, Абай айтқандай, ғылымды толық игерсе, өз тілін құрметтесе әрі шын мәнінде полиглот болса, ұлтымызға тек игілік әкелері сөзсіз.

Қазір әлем күн сайын емес, сағат сайын өзгеруде. Барлық салада жаңа міндеттер мен тың талаптар қойылуда. Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-оймен ғана озатын кезең келді. Заман көшіне ілесіп, ілгері жылжу үшін біз сананың ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл қадам өркениеттің озық тұстарын ұлттық мүддемен үйлестіре білуді талап етеді. Мұндай кезде өзіміздің таптаурын, жадағай әдеттерімізден бас тартуымыз қажет.

Абайдың кейбір қарекеттерге көңілі толмай, «Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап» деп үнемі сыни көзбен қарауының себебі осында.

Ақын ел-жұртын түрлі өнерді игеруге үгіттеді. Соның бәрі уақыттың талабы екенін ол анық аңғарып, ұлтына ертерек үн қатты. Тіпті қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді.

Сондықтан Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет.

Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан, азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн.

Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты.

Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі.

Мемлекет ісінің мүдделесі

Біз егемен ел ретінде өсіп-өркендеуіміз үшін мемлекеттілігімізді нығайтуымыз керек.

Заң үстемдігін және қоғамдық тәртіпті сақтау баршаға ортақ міндет екенін ұғынған жөн. Халықтың билікке деген құрметі болмаса – елдігімізге сын. Сондықтан азаматтарға, әсіресе, жастарға мемлекетті сыйлаудың мән-маңызын түсіндіру қажет. Осы ретте тағы да Абайдың мұрасына зейін қойған абзал.

Ұлы ақын өзінің шығармаларында елдік мұратты асқақтатып, ұлт бірлігін биіктетті.

Ол әділетті қоғам құру идеясын көтерген. Демек, Абайдың көзқарастары ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамы және оның береке-бірлігі үшін аса құнды. Хакім Абайдың ұстанымдары өркениетті мемлекет қағидаларымен үндеседі. Заң үстемдігі, биліктің ашықтығы мен халық алдында есеп беруі жоғары деңгейде болып, мемлекет ісіне азаматтық қоғам өкілдері белсене араласқан жағдайда ғана әділеттілік берік орнығады.

Менің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамам дәл осы әділетті қоғам идеясын дамыту мақсатымен ұсынылды. Билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалог мемлекетке деген сенімді нығайта түседі. Үкімет мүшелері, соның ішінде министрлер мен әкімдер мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар мәселелерге қатысты шешім қабылдаған кезде азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін ескеруі керек. Мұны Абай меңзеген әділетті қоғам қалыптастырудың бірден-бір шарты деп білемін.

Ұлы ақын «Келелі кеңес жоғалды, Ел сыбырды қолға алды» дегенді бекер айтқан жоқ. Елге билік жүргізетіндерге жұрттың көңілі толмайтынын да аңғартады.

«Сыбырдан басқа сыры жоқ, Шаруаға қыры жоқ» замандастарымыз көбеймес үшін билік халыққа әрдайым құлақ түріп отырғаны жөн. Мемлекет пен қоғам өкілдері түйткілді мәселелерді бірге талқылап, шешімін табу мақсатында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрдық. Кеңес формальды сипат алып кетпеуі үшін оның мүшелерімен арнайы кездесіп, жұмысын жіті қадағалап отырмын.

Абай шығармаларында меритократия мәселесіне де айрықша мән берілген. Ол адамды мәртебесіне қарай емес, талабы мен еңбегіне қарап бағалаған. Ұлы ақын қазақ жастарына жөн-жоба көрсетіп, бағыт-бағдар берген.

Қазір Қазақстанда саяси жаңғыру үдерісі жүріп жатыр. Елбасының қолдауымен билікке басшылардың жаңа буыны келе бастады. Соған қарамастан, елімізде түбегейлі саяси өзгеріс керек деген ойлар да жиі айтылып жатады. Бірақ бұл мәселе бойынша ұлттық мәмілеге келудің, мемлекет мүмкіндіктерін шынайы бағалаудың және жүктелген міндетке жауапкершілікпен қараудың маңызы зор.

Өзгеріс деп байбалам салатындар еліміздің болашағын байыптамайды, жай ғана популистік идеяларға табан тірейді.

Популизм теріс тенденция ретінде дүниежүзілік сипат алды. Әлемнің түкпір-түкпірінде нақты стратегиясы жоқ, тек жалаң ұрандар арқылы билікке жеткісі келетін топтардың дауысы жиі естілуде. Осындай даңғазаға құмар адамдар туралы Абай: «Қу тілменен құтыртып, Кетер бір күн отыртып», – дейді. Расында, бұл – кез-келген елдің дамуын кенже қалдыратын, ұлттың бірегейлігін әлсірететін қауіпті үрдіс.

Бізге, Абай айтқандай, артық мақтанға салыну, өзгені қор, өзімізді зор санау, дау қуу әсте жараспайды. Әр қадамымызды анық басып, әлемде және елімізде болып жатқан оқиғаларды байыппен сараптай білуіміз қажет. Тұрақтылық пен дамуымыздың кепілі болған татулық пен бірлікті бәрінен жоғары қойған абзал. Мемлекет мүддесін көздесек, әуелі сабақтастық сақталып, төгілген тер мен атқарған еңбектің далаға кетпеуін ойлайық.

Осындай саясат жүргізген кезде ғана барлық стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткізіп, Қазақстанды озық дамыған мемлекеттердің қатарына қоса аламыз.

Жаңа қоғамның жанашыры

Жаңа Қазақстанның өзегін жаңа қоғам құрайтыны анық. Бұл ретте, ең алдымен, ұлтымыздың қадір-қасиетін арттырып, халқымыздың бәсекеге қабілеттілігін жетілдіруге баса мән беруіміз керек. Сондай-ақ, қоғамның дамуына кедергі келтіретін, береке-бірлігімізге іріткі салатын жағымсыз қасиеттерден арылу қажет.

Бүгінде дүние жүзінің бірқатар интеллектуалдары классикалық капитализм дағдарысқа тап болғанын ескертіп, оның болашағына күмәнмен қарайды.

Себебі әлемде бай мен кедейдің, білімді мен білімсіздің, қала мен ауылдың арасы алшақтап кетті. Бұл үдерістің қарқыны барған сайын күшейіп келеді. Бизнес тек пайда көздесе, білімділер бөлек орта қалыптастырды, әрқайсысы өздері үшін ғана жауапкершілік арқалайтын болды.

Қалалар тез өсіп-өркендеп, шағын елді мекендердің дамуы тұралады.

Ғалымдар мұның барлығы әлеуметтік жауапкершіліктің әлсірегенінен деп есептейді.

Әлеуметтік жауапкершілік қайткенде орнына келеді? Әрине, бұл – оңай шаруа емес. Осы күрделі мәселенің шешімін Абайдың «Толық адам» формуласынан іздеген жөн. «Толық адам» деген сөз ағылшын тіліндегі «A man of integrity» түсінігіне сай келеді. Бұл – тек өте ілкімді, өзіне сенімді, ізгілік пен жақсылыққа ұмтылатын адамдарға ғана тән сипаттама. Қазір тарап жатқан осы ұғымды Абай сонау он тоғызыншы ғасырдың өзінде-ақ түсіндіріп айтты.

Адам өмірі тұтасымен түрлі қарым-қатынастардан құралады. Онсыз адам қоғамнан бөлініп қалмақ. Ал қарым-қатынас міндетті түрде өзара жауапкершілікті туғызады. Бұл жауапкершілік қара басының қамын биік қоятын өзімшілдік араласқан кезде бұзылады. Сондықтан Абай: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек», – деп адамға нұрлы ақыл мен ыстық қайраттан бөлек жылы жүрек керек екенін айтады.

Осы үш ұғымды ол үнемі бірлікте қарастырады, бірақ алдыңғы екеуі жүрекке бағынуы керек деп есептейді. Бұл – қазақ халқының өмірлік философиясы.

Осындай таным-түсінікпен өмір сүрген халқымыз өзі қиын жағдайда отырып, өзге ұлттарды бауырына басқан. Өзі асқа жарымай қиналса да, бір тілім нанын бөлісіп жеуді парыз санаған. Үнемі үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, сүрінгенге сүйеу, жығылғанға демеу бола білген. Осы құндылықтарды дәріптеп, бүгінге жеткізу арқылы халқымыз өзінің ұлт ретінде сақталуы үшін барын салған.

Біз Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепциясы, шындап келгенде, өміріміздің кез-келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін.

Абай шығармашылығына арқау болған тақырыптың бірі – масылдықпен күрес. Ақын үнемі уайымсыз салғырттыққа, ойын-күлкіге салынбай, сергек болуға үндейді. Оны ұдайы еңбек арқылы шыңдап отыруды құп көреді. Сонымен қатар, орынды әрекеттің уайым-қайғыны жеңетінін дәлелдеп, масылдықпен күрестің психологиялық қырларына терең бойлайды. Қазір біз көп айтып жүрген эмоционалды интеллектіге де сол тұста назар аударды. Мақтан мен масылдық психологиядан арылып, қайраттанып еңбек етуді, талаптанып білім іздеуді насихаттаған.

Абай өлеңдеріндегі «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей», «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын», «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» – деген қазыналы ойлар бәрімізге жақсы таныс. Әр адам осы түйінді тұжырымдарды санасына берік тоқып, өзінің тынымсыз, адал еңбегімен айналасына үлгі болуы керек.

Халқымыз еңбектің қадірін біледі. Біз ата-аналарымыздың тылдағы ауыр еңбегі жеңіске жетелеген орасан күшке айналғанын ұмытқан жоқпыз. Қазір де қарапайым еңбек адамдарының үлгілі істері жетерлік. Жақында солардың біразы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Ең бастысы, бүгінгідей бейбіт кезеңде әр азамат өзінің еселі еңбегі еліміздің экономикасын ілгерілетуге тікелей ықпал ететінін түсінуі қажет.

Абайды өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы, еңбекқорлықтың мотиваторы деуге болады. Ұлы ойшыл шығармаларында кәсіптен нәсіп тапқандарды, шаруақорлыққа үйрену дағдыларын үлгі етеді. Ол тұрмыс сапасын жақсарту үшін еңбек етудің жаңа тәсілдерін меңгеруге шақырады. Сонымен қатар ақын бастамашылдықты, кәсіптегі адалдықты жоғары қояды. Мысалы, өзінің оныншы қара сөзінде «Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды?», – деп тұжырым жасайды.

Абайдың ойынша, табыс табу үшін қолөнер үйрену керек. Себебі «мал жұтайды, өнер жұтамайды» (отыз үшінші қара сөз). Ұлы ақынның бұл ойлары бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін де өзекті деп санаймын. Сондықтан біз бүгінгі таңда шикізатқа тәуелділік психологиясынан арылуды, шағын және орта бизнесті барынша өркендетуді негізгі басымдықтың бірі ретінде белгілеп отырмыз.

Әлемдік мәдениеттің тұлғасы

Қазіргі өркениетті мемлекеттердің барлығы дерлік шоқтығы биік тарихи тұлғаларымен мақтана алады. Олардың қатарында саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қолбасшылар, ақын-жазушылар, өнер және мәдениет майталмандары бар. Қазақ жұрты да біртуар перзенттерден кенде емес. Солардың ішінде Абайдың орны ерекше. Бірақ біз ұлы ойшылымызды жаһан жұртына лайықты деңгейде таныта алмай келеміз.

Мен көп жылғы дипломатиялық қызметімде басқа елдердің саясаткерлерімен, түрлі сала мамандарымен жиі кездестім. Шетелдіктермен адамзатқа ортақ көптеген түйткілді мәселелер туралы пікір алмасып, ой бөлістім. Жалпы, олар Қазақстанның саяси және экономикалық жетістіктері жөнінде жақсы біледі. Ал, рухани және мәдени құндылықтарымызбен жете таныс емес. Осы орайда «Неге қазақтың бітім-болмысын, мәдениетін Абай арқылы танытпаймыз?», – деген сұрақ туындайды.

Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады.

Абайдың ақындық қуатының терең тамырына үңілген зерттеушілеріміз оның қазақ фольклорынан, Шығыс пен Батыстың сөз өнерінен, орыс әдебиетінен, тарихи еңбектерден сарқылмас нәр алғанын айтады.

Абайдың асқан ойшылдығы оның діни талғам-танымынан да айқын көрінеді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас», – дейді ол. Бұл ой-тұжырымға ол Шығыс пен Батыс философтарының еңбектерін терең біліп, зерттеп, зерделеп барып жеткені анық. Ол отыз сегізінші қара сөзінде Аллаға деген көзқарасын толық білдіреді.

Абайдың рухани өресіне баға берген дінтанушы философ ғалымдар оның «кәміл мұсылман» ұғымына ерекше назар аударады. «Кәміл мұсылман» ұғымы тек қазаққа ғана емес, бүкіл мұсылман әлеміне қатысты айтылса керек. Міне, біздің ойшыл Абай, хакім Абай – әлемдік деңгейде осы діни көзқарасы арқылы да биіктей беретін тұлға.

Елордада барлық діннің басын қосып, дәстүрлі жиын өткізіп келе жатқанымызды білесіздер. Мұндай іс-шаралардың мақсаты мен ұлы Абай ұстанымының арасында өзара үйлесімділік бар.

Ақынның барша адамзат баласының жан дүниесінің тазалығын сақтауға деген ниеті бәрімізге ой салады.

М.Әуезовтің «Абай жолы» романы арқылы Абай бейнесі көркем образ ретінде әлем әдебиетінде жоғары бағаланғаны белгілі. Бірақ бұл – Абайды танудың бір қыры ғана. Нағыз Абайды, ақын Абайды тану үшін оның өлеңдері мен қарасөздерінде айтылған ой-тұжырымдардың мән-маңызы ашылуы керек. Ол әлемнің кең таралған негізгі тілдеріне барлық бояуын сақтай отырып аударылуға тиіс. Бұған біз толық қол жеткізе алдық деп айту қиын. Нағыз ұлт ақындарын өзге тілдерге аудару – оңай шаруа емес. Аудармашы да сол ойшылдың деңгейіндегі талант болуы керек. Біздің абайтанушы ғалымдарымыз, тіл мамандары мен жанашыр азаматтар осы мәселеге ерекше мән бергені жөн.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Абай – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер.

Абай – әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға» – деген болатын. Шынында да, дана ақын шығармалары тек қазақтың ғана емес, бүкіл адамзат баласының рухани өмірін жан-жақты байыта алады. Өйткені Абай туындыларының мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтарға толы. Оның қара сөздері – әлем халықтарының ортақ қазынасы. Бұл – классикалық үлгідегі өнегелі ойлар шоғыры. Нақыл сөз, ғибратты сөз, ғақлия сөздер деп әрқилы аталғанымен, бұл – ерекше жанр.

Абай өзінің қара сөздерінде адамзат баласына ортақ мұраларды дәріптей отырып, рухани биікке құлаш сермеп, алысқа қанат қаққанын көрсетеді. Оның қара сөздерінің арқауы – кісілік, мәдениет, ізгілік. Хакім Абайдың қара сөздеріне балама еңбек іздесек, француз ойшылы Монтеньнің жазбалары ойға оралады. Десек те, Монтень өз болмысы мен адам тұлғасы жөнінде көбірек ой толғаса, Абай қара сөздерінің басты миссиясы – ойлану, өзгеге ой салу, мақсатты ұстанымға айналдыру. Демек, ұлы ойшылдың қара сөздері – аса құнды еңбек.

Әлемдік мәдениетте Абайды қаншалықты жоғары дәрежеде таныта алсақ, ұлтымыздың да мерейін соншалықты асқақтата түсеміз. Бүгінгі жаһандану дәуірінде, ақпараттық технологиялар заманында Абай сөзі баршаға ой салуға тиіс.

Дүние жүзінде ғылым мен білімнің түрлі салаларын дамытуға зор үлес қосып, бүкіл адамзатқа ортақ ойшыл ретінде танылған тұлғалар баршылық. Мысалы, Қытай дегенде Лао-цзы мен Конфуций, Ресей дегенде Достоевский мен Толстой, Франция дегенде Вольтер мен Руссо бірден ойға келеді. Сол сияқты шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек. Өзге жұрт «Қазақ халқы – Абайдың халқы» деп, бізге ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық.

Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Өйткені ақынның мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы.

Қазақ елі барда Абай есімі асқақтай береді. Оның асыл сөздерін рухани байлығымыз ретінде жоғары ұстасақ, туған еліміздің әлем алдындағы абыройы арта берері сөзсіз.

Ең алдымен, Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық. Сондықтан, Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл – бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы.

Торқалы тойдың тағылымы

Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек, Абайдың шығармаларын мұқият оқуымыз керек. Оның қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы.

Әр қазақтың төрінде домбыра тұрсын деген ұғым қалыптасқанын бәріміз жақсы білеміз. Сол сияқты әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы тұруы керек деп санаймын.

Келер ұрпақ Абайдың сара жолын жалғауға тиіс. Бұл – ұлы ақын арманының орындалуы. Сондықтан біз Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіспіз.

Биыл Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Тамыз айында Семей қаласында ЮНЕСКО-мен бірлесіп өткізілетін «Абай мұрасы және әлемдік руханият» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ең басты шараға айналады. Сондай-ақ, қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында «Абай және рухани жаңғыру мәселелері» деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді. Бұл жиындарда Абайдың тұлғасы мен мұрасы жан-жақты зерделеніп, оның шығармашылығын ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанның игілігіне пайдалануға жол ашылады.

Маңызды жобаның бірі – ұлы ақынның шығармаларын он тілге аударып, басып шығару. Атап айтқанда, Абай еңбектері ағылшын, араб, жапон, испан, итальян, қытай, неміс, орыс, түрік, француз тілдеріне тәржімаланады. Ақынның өмірі, мұрасы, қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі туралы бірнеше деректі фильм және «Абай» телесериалы түсіріледі.

Ақын тойынан өнер саласы да тыс қалмайды. Республикалық және халықаралық деңгейде театр және музыка фестивальдері өтеді. Биылғы бәйгелер Абай шығармашылығына арналады. Әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп аталатын болады.

Абайдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау шетелдерде де жалғасады. Ресейдегі, Франциядағы, Ұлыбританиядағы және басқа да мемлекеттердегі Қазақстанның елшіліктері жанынан «Абай орталықтарын» құру жоспарланып отыр. Бұл мәдени іс-шараларды ысырапшылдыққа жол бермей ұйымдастыру қажет.

Шығыс Қазақстан облысының Ақшоқы елді мекеніндегі Құнанбай Өскенбайұлы әулетінің қорымы абаттандырылады.

Сонымен қатар, Абай тұлғасын жоғары дәрежеде дәріптеу үшін Үкімет мынадай шараларды қолға алуы керек деп есептеймін.

Семей өңірі – қазақ тарихындағы киелі өлкенің бірі. Сондықтан, елдің рухани дамуында ерекше орны бар Семей қаласын тарихи орталық ретінде белгілеген жөн. Ұлы Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған өңір айрықша құрметке лайық. Осыған орай, шаһарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді түрде дамытып, ондағы тарихи-мәдени нысандарды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз. Үкіметке бұл мәселеге байланысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын.

Мерейтой жылы аясында Абайдың қастерлі мекені – әйгілі Жидебайды абаттандырып, ұлы ақынның рухына тағзым етуге келетін жұртшылыққа қолайлы жағдай жасау қажет.

Сонымен қатар, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне ерекше көңіл бөліп, ғылыми-танымдық жұмыстармен айналысатын орталыққа айналдыру керек.

Жидебайда музейге арнайы лайықталған «Абай мұрасы» атты жаңа ғимарат салу қажет.

1918 жылы Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов негізін қалаған, 1992 жылдан бері қайта шыға бастаған «Абай» журналына мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек.

Осы және басқа да ауқымды шаралар Ұлы Абайдың рухына тағзым етіп, оның мол мұрасын дәріптеу үшін өткізілмек. Ендеше, бүкіл Қазақстан халқын осы игі бастамаға белсене атсалысуға шақырамын.

* * *

Біз Абайдың 175 жылдық мерейтойына қоғамдық сананы жаңғыртатын, бір ел, тұтас ұлт болып дамуымызға серпін беретін іс-шара ретінде зор мән беріп отырмыз.

Бұл тойдың тұсындағы басты мақсатымыз – бүкіл халықтың ұлт ұстазы алдындағы өзіндік бір есеп беруі іспеттес болуға тиіс деп білемін. Абай сыны – ауыр сын, сындарлы сын.

Елбасы бастап, ел қостап, биік белестерді бағындырдық. Озық елулікке кіреміз деп мақсат қойдық, ол мақсатқа мерзімінен бұрын жеттік.

Озық отыздыққа қосылуды межеледік. Ол межеге де жетеміз. Сол межеге жетуге де бізге Абай мұрасы көмек бере алады. Ендігі мәселе – біз сол Абайдың көмегін түсіне алдық па, зерделей аламыз ба?

Ұлылықтың тойы ұлт алдындағы ұлы міндеттің үдесінен шығудың жолын іздеуге ұмтылдыруға тиіс. Әр азамат осы тойдың алдында еліміз, елдігіміз жөнінде терең ойланса дейміз. Абай бізге нені аманаттады? Абай бізден нені талап етті? Абай бізден нені күтіп еді? Абай елдің қай ісіне сүйініп еді? Сол сүйінген ісінен үйрене алдық па? Абай қазақтың қай ісіне күйініп еді? Сол күйінген ісінен жирене алдық па? Басқасын былай қойғанда, ақын айтқан бес асыл істі жүзеге асырып, бес дұшпанды бойдан қашырып жатырмыз ба деген ойдың төңірегінде толғансақ та талай жайға қаныға аламыз.

Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық.

Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз.

Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді.

ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram-дағы парақшасында қандай санаттағы азаматтар жеңілдікпен баспана ала алатындығын түсіндіріп жазды.

«Белгілі бір санаттағы азаматтарға жеңілдікпен баспана беру бүгінгі күні Қазақстандағы ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Осыған қарай Өтініштерді бақылау бөлімі «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдаралмасының 2020-2025 жылдарға ұзартылғандығын хабарлайды. «Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру» бірінші міндеті аясында баспана қолжетімділігі сатысы енгізіліп, онда айқындушы фактор халықтың кірісі болады», - делінген таратылған ақпаратта.

Өтініштерді бақылау бөлімінің мәліметінше, отбасы мүшесіне бір күнкөріс минимумына (29,7 мың теңге) дейін табысы бар кезекте тұрған азаматтарға (жетім балаларға, 1, 2-топтағы мүгедектерге, зейнеткерлерге және басқаларына) сатып алуға болмайтын жалдамалы баспана беріледі. «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы отбасы мүшесіне екі күнкөріс минимумына (59,4 мың теңге) дейін табысы бар азаматтар (көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасылар) пәтер алуына мүмкіндігі бар. Отбасы мүшесіне 3,1 күнкөріс минимумына (92 мың теңге) дейін табысы бар кезекте тұрғандар (әскери қызметшілер, бюджет және мемлекеттік қызметкерлер) «5-20-25» бағдарламасымен әкімдіктердің кредиттік баспанасына үміткер бола алады. Табысы 3,1 күнкөріс минимумынан жоғары азаматтар «7-20-25» бағдарламасына қатыса алады. Ал табысы 5 күнкөріс минимумынан (148,5 мың теңге) жоғары азаматтар «Баспана-хит», «Орда» ҚИК, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің «Өз үйім» нарықтық өнімдері арқылы бастапқы және қайталама пәтер сатып алуына мүмкіндік жасалған. «Баспана алу ашықтығын қамтамасыз ету және бірыңғай жүйелі есепке алу үшін Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың бірыңғай республикалық базасы енгізіледі. Аталған база кезекке тұрғандарға баспананың қолжетімділігін айқындау үшін қолданылады. Бұл мемлекеттік қолдаудың атаулығын және мемлекет қаражатын кәдеге жарату тиімділігін қамтамасыз етеді», - деп атап өтті ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауы.


Дереккөз: https://www.inform.kz

Соңғы күндері Қытайда анықталмаған этиологиядағы пневмонияның өршуі байқалғаны баршаңызға белгілі. Осыған орай, пневмония дегеніміз не және бұл аурудың алдын алу шаралары туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің маманы Нұрбала Бахтиярқызы әңгімелеп берді.

«Пневмония — негізінен альвеолдарды зақымдайтын өкпе тіндерінің қабынуы. Пневмонияның басты себептерінің бірі — пневмококк инфекциясы, ал оның қоздырғышы – пневмококк. Ауру дене қызуының жоғарылауымен, кеуде тұсының ауыруымен, қақырық мол бөлінетін жөтел сияқты белгілермен басталады. Диагностиканың негізгі әдісі флюорография - өкпенің рентгенографиясында қара жарықтар, сондай ақ қақырық дақтары болуы мүмкін», - дейді Нұрбала Бақтиярқызы. Маманның айтуынша, пневмонияның алдын алу үшін:

- тұрғын үй-жайды үнемі желдетіп отыру және таза ұстау;

- қозғалыс режимін сақтау: таза ауада серуенмен бірге қалыпты дене жүктемелері аурудың ықтималдығын төмендетеді;

- жалпы нығайтатын іс-шараларды жүргізу: профилактикалық массаж, шынығу, су процедуралары;

- салауатты өмір салтын ұстану: зиянды әдеттерден бас тарту, қалыпты дене жүктемелерімен толыққанды демалысты ауыстыру;

- тоңазудан аулақ болу;

- тыныс алу органдарының созылмалы ауруларын емдеу курсынан уақытында өту.

Маман Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мәліметтеріне сүйене отырып, соңғы 20 жылда пневмониямен күрес және алдын алу шараларының тиімділігі туралы нақты деректер жинақталғанын атап өтті. Төмендегі шаралар пневмониядан болатын өлім-жітімді азайту ісінде табыс әкелетіні көрсетілді:

- вакцинациялау, соның ішінде steptoccuspneumoniae және Haemophilusinfluenzae типті инфекцияға қарсы вакциналарды пайдалану;

- баланы алғашқы алты айында тек қана емшек сүтімен емізу;

- туылған кезде дене салмағының төмендігін алдын алу және тамақтануды жақсарту;

- үй-жайлардағы ауаның ластануына қарсы күрес және салауатты ортаны қамтамасыз ету;

-АИТВ инфекциясының алдын алу және жүргізу.

Сонымен қатар, Нұрбала Бақтиярқызы пневмония – бүкіл әлемдегі балалар өлімінің басты себебі болатын ауру екенін атап өтті. Егер тиімді шаралар кең ауқымда қолданылса және халықтың неғұрлым осал топтарын қамтыса, бес жасқа дейінгі балалардың қайтыс болу жағдайларының көпшілігінің алдын алуға болар еді. «Қазақстанда вакцинацияның бірегей күнтізбесі бар, онда кең таралған ауруларға қарсы барлық белгілі вакциналар бар. Соның ішінде ең озық 13 – валентті пневмококкты инфекцияға қарсы вакцина бар, ол 13 аса патогенді серотиптерді, яғни пневмококкты қамтиды. Әр елдің өзінің бекітілген профилактикалық егу күнтізбесі болады. Еліміздің өмір сүру деңгейі жоғары болған сайын, егу жүргізілетін жұқпалы аурулардың тізімі кеңірек болады», - дейді маман.

Нұрбала Бақтиярқызы, Қазақстан Республикасының алдын алу екпелерінің Ұлттық күнтізбесі ДДҰ ұсыныстарына сәйкес келетінін, көптеген дамыған елдердің, соның ішінде батыс елдерінің (Австрия, Израиль, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Жапония) иммундау кестесіне ұқсас келетіндігін атап өтті. «Иммунитетті нығайту, вакцинация, ЖРВИ-дың алғашқы белгілері кезінде дәрігерге уақытылы қаралу, сондай-ақ ағзаны қорғаудың қосымша шаралары жөнінде емдеуші дәрігерден медициналық кеңес алу қажет. Азаматтардың денсаулығы тек 10%–ға ғана денсаулық сақтау жүйесіне, ал 50% - өмір салты мен адамдардың өз денсаулығына деген қамқорлығына байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн. Пневмониямен және де кез келген аурумен күресудің ең тиіміді әдісі – алдын-алу шаралары екенін ұмытпаңыз»,- деп түйіндеді сөзін Нұрбала Бақтиярқызы.



Алматы әкімдігінде «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер беру» бағыты бойынша құжат қабылдау басталды. 

«2020 жылдың 5 қаңтарынан 20 қаңтарына дейін Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында 29 жасқа дейінгі жұмыс жасайтын жастар арасында «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер беру» бағыты бойынша құжат қабылданады», - деді басқармадан. Өтінімді мына сайт арқылы https://almaty-jastary.kz  беруге болады. Жалға берілетін пәтерлер Алматы аймағында 5 жылға мерзімге беріледі. Бүгінде Алатау ауданында 255 пәтер берілуге дайын. Бағдарламаға қатысу шарттарымен бағдарламаның ресми сайтында танысуға болады.



Жексенбі, 05 Қаңтар 2020 15:33

Жаңа жыл жайлы өтсін десеңіз...

Жаңа жыл қарасаңы қарбаласқа толы науқан  болары сөзсіз. Осы орайда көбісі жеке басының қауіпсіздігі мен денсаулығына төнген қатерді байқамайды. Түрлі отшашулар мен жаңа жыл кезеңінде дайындалатын тағамдардан денсаулыққа қауіп төнуі ғажап емес.

Алматы облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өткізген өнімнің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелеріне сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің 90 пайызы таңбаланудың бұзылуына байланысты екенін  көрсетті.

Мереке кезінде ауруханаға түсіп қалмау үшін, азық-түлік сатып алу кезінде келесі ережелерді ұстану керек:

-өнімді дайындаушының толық атауы мен ЕАС белгісі міндетті түрде көрсетілуі тиіс;

- бүлінген жалбыз, ластанған орамадағы өнімді сатып алмау;

- жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және жылы жерде сақталынған өнімді сатып алмаңыз. Мұндай өнім жұқпалы аурулар мен тамақтан улануға әкеп соғуы мүмкін.

Ал, от шашуларға келетін болсақ, пиротехникалық бұйымдарды дұрыс таңдау және үй жағдайында пайдалану ережелері туралы ескертпелерді қатаң сақтаған абзал.

Пиротехникалық бұйымдарды сатып алған кезде, таңбалауға назар аударыңыз!

Бұйымда міндетті түрде көрсетілуі тиіс:

-пиротехникалық бұйымның атауы;

-қауіптілік туралы ескерту;

-өндіруішінің атауы, орналасқан жері;

-жарамдылық мерзімінің аяқталу күні т.б.;

Егер сіз отшашуға арналған заттарды таңдау, оларды сақтау, пайдалану кезіндегі барлық талаптарды орындайтын болсаңыз жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірін сақтап қаласыз.

 

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық сақтандырудың екі пакеті енгізілетін болады. Бұл жаңа модельдегі тегін медициналық көмек көрсету (ТМКК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттері»,- деп «Jetisy Media» алаңында Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Бауыржан Ысқақтарқатып айтты.

 Басқарма басшысы Бауыржан Ербозымұлының айтуынша, қазіргі таңда МӘМС жүйесін енгізу үшін келесі нормативті құқықты актілерге қажетті өзгерістер енгізілген: жоспарлау, тарифтік саясат, медициналық қызмет көрсетуді сатып алу мен төлеу.

2017 жылдан бастап жиналған жарналарды ескере отырып2020 жылға бюджет жоспарланған. Нәтижесінде, облыс кескініндеТМКК және МӘМС бойынша қаржыландыру көлемі 2020 жылы105 млрд.теңгені құрап, соның ішінде 73 млрд.теңге үлесіне тиіп отыр. Ал, МӘМС жүйесі бойынша 32млрд.теңгеге қаржыландырылады.Қаржыландыру өсімі 2019 жылмен салыстырғанда 37% құрайды.

Келер жылдың 1-ші қаңтарына орай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негіздері мен міндеттері бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсініктеме жұмысы атқарылуда.

Ақпараттандыру жұмысы аймақтық «Жол картасы» негізінде жүзеге асырылуда.

МӘМС жүйесі бойынша ағымдағы жылы 4 210 кездесу өткізіліп, бір миллионнан астам адамды қамтып үлгерген. Апта сайын облыстық, аудандық газеттерде МӘМС тақырыбына мақалалар шығарылады, ағымдағы жылдың басынан бастап 618 мақала жарияланды.

Блогерлерді тарта отырып, 7 баспасөз-іс-шара, 7 блог-тур 175 PR-іс-шара өткізілген. Медициналық объектілерде 84 билборд, 426 баннер, инфостендтер орналастырылған.

Облыс бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық шеңберінде нақты жұмыстар жүргізілді. 

«Жергілікті бюджет қаржысынан 112,0 млн.теңге сомаға 952 компьютер сатып алынды, медициналық мекемелер де өз қаржысы есебінен компьютерлер сатып алды, бұл жұмыс орындарын компьютерлік техникамен жабдықтауды 100%-ке дейін жеткізуге мүмкіндік берді»,- деп сөзін қысқа қайырды Бауыржан  Ысқақ

 

Об этом на брифинге на площадке КГУ «Jetisy media»рассказал руководитель Департамента контроля качества и безопасности товаров и услуг Алматинской области, Кайрат Баймухамбетов.

Приближаются длительные зимние праздники, и все с радостью запасаются большим количеством блюд. Но, ни в коем случае нельзя исключать факт пищевого отравления. Необходимо заранее предостеречь себя и своих близких и избежать опасности.

Чтобы праздничный стол не превратился в больничную койку, рекомендуется при покупке продуктов питания воздержаться от:

- приобретения продукции с неясной и не полной маркировкой. Маркировка должна содержать информацию о наименовании, составе, количестве, дате изготовления, сроке годности, условиях хранения продукции, показателях пищевой ценности, а также рекомендации и (или) ограничения по использованию продукции. Обязательно должно быть указано полное наименование и место нахождения изготовителя продукции, знак ЕАС.

- приобретения продукции в поврежденной, мятой, загрязненной упаковке;

- приобретения продукции, в случае, если на ваше законное требование, продавец не предоставил документ, подтверждающий соответствие продукции (декларация о соответствии, свидетельство о государственной регистрации);

- не приобретайте продукцию с истекшим сроком годности и хранящуюся без наличия холода (особое внимание обращайте на скоропортящиеся продукты - торты, пирожные, салаты заправленные майонезом, холодные закуски и т.п.). Такая продукция может стать причиной инфекционных заболеваний и пищевых отравлений.

Стоит отметить, что результаты мониторинга безопасности продукции, проводимого Департаментом контроля качества и безопасности товаров и услуг Алматинской области, показали, что 90% несоответствующей пищевой продукции приходятся на нарушение маркировки.

«За 11 месяцев 2019 года зарегистрировано три случая пищевого отравления в быту – ботулизм. В Балхашском районе, городах Талдыкорган и Текели. Всего пять пострадавших, два летальных исхода. Все случаи связаны с употреблением консервированных продуктов приготовленных в домашних условиях. Доля того, чтобы избежать трагических случаев, остерегайтесь покупать домашние консервы, а также «самодельные» мясные и рыбные продукты «с рук» на улицах и рынках. По всем фактам приобретения

некачественных продуктов питания вы можете лично в письменном виде обратиться в Департамент контроля качества и безопасности товаров и услуг Алматинской области по адресу город Талдыкорган, улица Сланова, 85 «А», или электронный адрес: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. , или в его территориальные управления», - подытожил Кайрат Баймухамбетов.

Обязательное медицинское страхование стала одним из главных внедрений в Казахстане. Если ранее медицинское страхование на протяжении многих лет действовало в категории как добровольное, то внедрение обязательного медицинского страхования в Казахстане несет в себе колоссальные изменения.По области в рамках подготовки к внедрению обязательного социального страхования проведена определенная работа и можно с уверенностью заявить, что Алматинская область готова к внедрению обязательного медицинского страхованию.

«Из средств местного бюджета закуплено 952 компьютера на сумму 112 миллиона тенге.Технику закупили и медицинские организации, что позволило довести оснащенность компьютерной техникой рабочих мест до 100%. На уровне областных, районных центров доступ к сети интернет обеспечен на 100%, решен вопрос с доступом к сети интернет 100 медицинских пунктов, где будут до конца года установлена спутниковая связь Astel.Еженедельно проводится мониторинг технической готовности МИС к внедрению ОСМС с заполнением чек-листов. На 17 декабря 2019 года техническая готовность составила почти 96% МИС «Даму Мед», аМИС «Жетысу» 100%.С марта 2019 года ведется работа по прикреплению населения к медицинским организациям первичной медико-санитарной помощи»,- поделился Руководитель управления здравоохранения Алматинской области Бауыржан Ыскак.

По данным Фонда медицинского страхования по Алматинской области, пакет медицинских услуг в системе ОСМС составит 32 миллиарда тенге. По сравнению с 2019 годом рост финансирования - 37%

В целях оптимизации процессов и повышения прозрачности процедуры закупа, минимизации коррупционных рисков и административных барьеров, проведение закупа медицинских услуг на 2020 года будет проведен через веб-портал в цифровом формате с использованием ЭЦП.

«С внедрением ОСМС постепенно будет увеличена в 1,8 раз численность врачей общей практики, что позволит снизить нагрузку на одного врача до 1500 человек (сейчас 2140 человек на 1 врача ОП) и соответственно избавиться от очередей и повысить качество приема и лечения больного.Вместе с тем, в рамках ОСМС с 2020 года на консультативно-диагностические услуги будутвыделяться равномерные средства на каждого человека всех территориальных уровней. Социальные группы имеют преимущественное право на получение таких дорогостоящих медицинских обследований, как КТ, МРТ, ПЭТ, ангиография, ПЦР, медико-генетические исследования. Все профилактические, стоматологические осмотры будут входить в рамках ОСМС. Высокоспециализированные операции будут проводиться на бесплатной основе для застрахованных лиц. Любая экстренная помощь будет проводиться бесплатно», - отметил директор филиала НАО «Фонд социального медицинского страхования» по Алматинской области Нурлан Отаргалиев.

Кроме того, ОСМС позволит снизить показатели смертности и инвалидизации населения от основных хронических неинфекционных заболеваний, снизится необоснованная госпитализация в круглосуточный стационар, не имеющие показания к госпитализации пациенты будут переходить на амбулаторный уровень и на уровень приемных отделений.

Дүйсенбі, 30 Желтоқсан 2019 09:48

2020 – жаңалыққа толы

Өтіп бара жатқан доңыз жылы еліміз үшін елеулі оқиғаларымен есте қалды. Биыл жаңа Президентімізді сайлап, әлеуметтік-экономикалық салаларда оң өзгерістер орын алды. Жаңа тарих бетін ашқалы отырған қазақ халқы үшін тышқан жылы да табысты, жаңалықтарға мол жыл болмақ. Сонымен, 2020 жылы қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтпек? Тарқатып көрейік.

Алдымен 2019 жылы күн тәртібінен түспеген көпбалалы аналардың жәрдемақысына тоқталсақ. 2020 жылдың басты жағымды жаңалығы көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы болмақ. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бас-тап еліміздегі барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Ай сайынғы  жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт және одан көп немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға беріледі. Мемлекеттік жәрдемақы бала санына қарай сараланады. Айталық, төрт баласы бар отбасыларға –  42 496 теңге, бес балаға – 53 127 теңге. Ал алты бала тәрбиелеп отырған отбасына – 63 757 теңге, жеті және одан да көп балаларға – 74 388 теңге төленеді. Айта кетейік, мемлекет аталған жәрдемақыны төлеуде отбасы мүшелерінің табысына қарамайды.

Сонымен қатар, жаңа жылдан бас-тап атаулы әлеуметтік көмекті төлеу жүйесі өзгереді. Атаулы әлеуметтік көмек бұрынғыдай алты немесе он екі айға емес, тоқсан сайын тағайындалады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек бүкіл отбасыға тоқтатылады. Бұған қоса, атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі. Яғни, мектеп жасына дейінгі балалар азық-түлік және гигиеналық құралдармен қамтылса, мектеп жасындағыларына тегін ыстық тамақ, мектеп формасы мен оқу құралдары беріледі, күнделікті мектепке барып-келуге жұмсалатын жол шығыны өтеледі. Осылайша, мемлекет алаяқтық жолмен, табысын жасырып атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасыларға тосқауыл қоймақ. Атаулы әлеуметтік көмек тек шынайы мұқтаж жандарға беріледі.

Тышқан жылы жалақыны өсіру де жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы тамыз кеңесінде алдағы төрт жылда ұстаздардың жалақысын екі есеге арттыруды тапсырған еді. Яғни, ұлағат иелерінің еңбек ақысы жыл сайын 25 пайызға артады.

Ал Қазақстанның еңбек заңнамасы бойынша, елімізде тек ең төменгі жалақының мөлшері ғана реттеледі. Қалғаны – жұмыс берушінің қалауына қарай. 2019 жылдың басынан бері әлеуметтік жауапкершілік аясында 203 мың кәсіпорын 1,2 миллион жұмысшының жалақысын 32 пайызға, 46 мың теңгеден 61 мың теңгеге дейін көтерді. Келер жылы мәдениет саласында қызмет етіп жүрген азаматтардың жалақысы 35-50 пайызға артпақ. Бұл турасында Қ.Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде. Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруі тиіс» – деп нақты тапсырмалар берген болатын. Сонымен қатар, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы да 30-60 пайызға дейін көтеріледі деп жоспарлануда.

2020 жылы ең төменгі базалық зейнетақы 800 теңгеге ұлғайып, 16 839 теңгені құрайды. Биыл ең төменгі зейнетақының мөлшері 36 108 теңге болса, келесі жылы 38 636 теңгеге жетеді. 2020 жылдың басынан қазақстандықтардың зейнетақысы инфляция деңгейіне қарай өседі.

Жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өсіп отыруына байланысты (2020 жылы 2 651 теңге), мемлекеттен балаларға, мүгедектерге, асыраушысынан айырылу бойынша, аса зиянды және ауыр жұмыстарда еңбек ететін адамдарға төленетін әлеуметтік жәрдемақылар да көбейеді.

Елбасы Н.Назарбаев жариялаған жас-тар жылының жабылу салтанатында ел Президенті студенттер үшін жағымды жаңалықты жеткізді. Қ.Тоқаев 2020 жылдың 1 қаңтарынан студенттердің шәкіртақысын 25 пайызға ұлғайтуды тапсырды. Келер жылдан бастап бакалаврда оқитын студенттер 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге дейін, магистранттар 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге дейін шәкіртақы алатын болады. Ал докторантурада оқитындардың стипендиясы 81 998 теңге мен 102 498 теңгенің аралығында болады.

2020 жылдан бастап елімізде пациенттерді қабылдау мен емдеу жаңаша форматта жүргізіледі. Оған себеп, Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшкелі жатыр. МӘМЖ аясында мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды.

Доңыз жылының үлкен жаңалықтарының бірі – мемлекет несие алып, оны төлей алмай жүрген жандардың банк алдындағы борышының бір бөлігін өтеп берген еді. Жаңа жылдан бастап кірісі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға кепілсіз кредит берілмейді. 2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңгеге тең болады. Сонымен қатар, жұмыссыздар да несие ала алмайды. Өйткені банктен қарыз алу үшін соңғы 3-12 айдағы ресми табысты көрсету қажет. Айта кетерлігі, банктерге азаматтардың кредит бойын-ша берешегі 90 күннен асып кеткен жағдайда, комиссия есептеуге тыйым салынды.

Тышқан жылы кәсіпкерлер үшін де табысты болмақ. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдың басынан бастап арнайы салық режимін қолданатын микро және шағын бизнес субъектілері табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылады. Алайда бұл өзгеріс жер қойнауын пайдаланушылар, акциздік өнім өндірушілер, ойын бизнесі, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына қатысы жоқ. Бұдан бөлек, шағын және орта бизнес-ке үш жылға тексеріс жүргізуге мораторий жарияланды. Алайда, тексеріс жұмыстары мүлдем тоқтап қалмайды. Кедендік тексеріс, кезікпе салық тексерісі, қылмыстық іс аясында және салық төлеушінің өтініші бойынша өз қызметіне қатысты жүргізіліп жатқан тексерістер қала береді.

Жаңа жыл автокөлік жүргізушілері үшін жағымсыз болмақ. Себебі, келер жылы жанармай бағасы көтеріледі деп күтілуде. 1 қаңтардан бастап бензин акцизі екі есеге дейін көтеріледі. Тоннасына 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге дейін. Бұл өзгеріс өз кезегінде бензин бағасына әсер етеді. Бензин бағасы литріне 10 теңгеге өседі. Яғни, бір литр үшін акциз 8 теңгеден 18 теңгеге дейін ұлғаяды.

Осымен, еліміз жаңалықтарға толы тағы бір табысты кезеңді артқа тастап, жаңа жылға қадам басты. Келер жыл қазақстандықтар үшін жақсылыққа толы болмақ. Әсіресе, әлеуметтік салада болатын оң өзгерістер жұртшылықтың көңіліне қуаныш ұялатты. Қашанда жаңа жылдан тек жақсылық күтетін қазақ халқының сенімі ақталмақ. Лайым солай болғай.

 

Дайындаған С.НҰРАДИН

Дүйсенбі, 30 Желтоқсан 2019 09:43

Қош келдің, Жыл басы!

Жыл қайыру жайында

Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу өте ежелгі кезден басталған және ешқандай діни қағидамен байланысты емес. Ғалымдардың пайымдауынша, олай жыл қайыру табиғат құбылыстарының қайталама заңдылығына негізделген. Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау алады. Одан ары қарай кезекпен сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз келіп отырады. Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар. Аңыз бойынша осы он екі жануар жыл атына ие болуға таласқан. Сонда тышқан тұрып: «Дауласатын дәнеңе жоқ, таңертең бәріміз шығып келе жатқан күнді аңдимыз. Сонда күннің көтеріліп келе жатқанын кім бірінші көрсе, сол – бірінші жылдың, одан кейін  көргеніміз екінші жылдың атын аламыз. Осылай өз кезегімізбен барлық жылды бөліп аламыз», – деп ұсыныс жасаған. Бұған келіскен жануарлар демалып жатқанда тышқан түйенің басына шығып алады. Осылайша ол күнді бәрінен бұрын көріп, жыл басы атанған. Ал түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты деседі. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды. Талай жылдың тауқыметін, қызығын басынан өткізген тəжірибесі бай, ұғымды халық əр жылға тиісті баға беріп һəм соған сай күтініп те отырған.

 

Тышқан жылы қандай болады?

Қазақтар тышқан жылын береке, ырыс, татулық пен тыныштықтың жылы деп санаған. Халықтың бұл сенімі көп жағдайда дәл келген. Шынында да тышқан жылында қиыншылық, жаугершілік, аштық көп болмады. Тышқан жылының мыңдаған жылдық тарихына назар аударсақ, оның көп жылы аштықсыз, жаугершіліксіз, қиындықсыз, молшылықта өткен. Жыл санау туралы деректер VIII ғасырдағы «Күлтегін» ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқаридың еңбектерінде кездеседі. Ал осыдан 5 ғасыр бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының  «Шипагерлік баян» кітабында мүшел жыл белгілерінің ерекшеліктеріне қарай адам мінезі сипатталған.

 

Астрологтардың айтуынша...

Астролог мамандардың мінездемесіне сәйкес, тышқан жылы туғандардың мінезі тік, алғыр, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін мол жауапкершілікке ие. Ал жаман қасиеттері – қызғаншақ, сатқын, кейде шыдамсыз, қырсықтау.

«Әділ, кең пейілді, жомарт жүректі және өз-өзін басқара біледі. Әркіммен тіл табыса алатын қасиетінің арқасында таныстары жетерлік. Бірақ нағыз досқа мұқтаж. Ақыл-ой жағынан алып бара жатқан ерекшелігі болмағанымен, алға қойған мақсатына жетпей тынбайтынына көпшілік тәнті. Үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш. Олардан жақсы саудагер, жазушы, сыншы және публицист шығуы мүмкін», – дейді мамандар.

 

Нумеролог не дейді?

Белгілі нумеролог Құралай Бақытқызы келер жылға болжам жасап, қазақстандықтарды қандай тосынсый күтіп тұрғанын айтты. Нумеролог 2020 жыл, жалпы алғанда, позитивті болады деп отыр. Келер жылдың басты саны – 4 екен. «Төрт – төзімділікке, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа жауап беретін сан. Адамдар өз денсаулығына мән беріп, оны жақсартуға ұмтылады. Сауықтыру орталықтары, медициналық мекемелер көптеп салынуы мүмкін. Бұдан бөлек, тұрмысы төмен азаматтардың баспана мәселесі шешіледі. Әлеуметтік жағдайы төмен халыққа тұрғын үй бағдарламалары ұсынылып, шетелдік инвестор-лар көп үй тұрғызады», – деді Құралай Бақытқызы. Қазақстандықтардың еңбекке деген құлшынысы оянады. Бірнеше жұмысты қатар істеуі мүмкін. Халықтың табысы қатты өспегенімен, әр адам өзі тырмысып, еңбектенеді. Бұдан бөлек, маманның айтуынша, адамдар рухани жағынан баюға көбірек мән береді. Біліктілігін арттыратын түрлі курстарға жазылады. Тіл үйреніп, саламатты өмір салтына бет бұрады. «Төрт – тұрақтылық саны. Сол себепті 2020 жылы отау құратын жастардың шаңырағы берік болады. Десе де, келесі жылы адамдар карьера жағын көбірек ойлайды», – деп болжады Құралай Бақытқызы. Маман, 4 –  спортшылар мен журналистердің саны екенін айтты.

 

Әр айдан не күтеміз?

Қаңтар – тазалық пен медицина айы. Жылдың алғашқы айында жол-көлік оқиғасы, әуе апаты жиі болуы мүмкін. Сондықтан осы айда саяхатқа шығуға кеңес бермейміз. Қауіпті!

Ақпан – салық және кеденмен байланысты ай. Осы салада қандай да бір өзгерістер орын алуы мүмкін. Әділетті ай деуге болады. Яғни, ақпан айында саясатта әділетті шешімдер көп болады.

Наурыз – әдемілік, сәулет және сән айы. Жаңа тұрғын үй бағдарламалары әзірленіп, құрылыс қарқын алады.

Сәуір – сыншыл ай. Шенеуніктер халықтан көп сын естиді. Саясатта Конституция, заңнамамен байланысты өзгерістер болуы мүмкін.

Мамыр – денсаулық айы. Медицинада кейбір аурулардың емі табылады. Бұдан басқа, латын әліпбиіне қатысты жаңалық болады.

Маусым – ІТ мен спорт айы. Ғарышкерлер, программис-тер мен спортшылардың айы оңынан туады. Тың идеялар мен жаңа жобалар қолға алынады.

Шілде  – отбасын құратын ай. Жастар неке қиып, саяхатқа шығады. Жұмыста адамдардың қызметі жоғарылайды.

Тамыз – сауда-саттық айы. Бірақ, алаяқтық жиілеуі ғажап емес. Алдап-арбау, сатқындық көбейеді. Сондықтан абай болған жөн. Сонымен қатар, жаздың үшінші айы – ана атанғысы келетіндер үшін таптырмас кезең. 

Қыркүйек – мансап қуғандар айы. Бұл айда адамдардың мансабы өсіп, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Кез келген бизнес жоба сәтті басталады. Сондай-ақ, хирургтер үшін табысты ай болмақ.

Қазан – дау-жанжал, арандатушылық айы. Адамдардың көбі жұмысында басшылығымен, әріптестерімен сөзге келіп қалады.

Қараша – мәдениет айы. Бұл кезеңде көрмелерге, музей мен театрларға жиі барған дұрыс. Адамдар өнерге, сәнге, мәдени шараларға мән береді. Археологияда жағымды жаңалықтар күтіледі.

Желтоқсан – кез келген істі аяқтау айы. Туризммен байланысты уақыт. Ел экономикасында экспорт пен импорт артады.

 

ТҮЙІН: Жылдың басы жаңа бастамалардың, жаңа өмірдің, жақсылықтар мен игіліктердің бастауы болатынына сенім мол. Қуанышты күндеріңіз қап-қап болып, бақыттарыңыз бастарыңызға сап-сап «төгілсін».

 

Баспаға әзірлеген Алмагүл НҰҒМАН

Соңғы жаңалықтар

Қаз 02, 2024

️Жастар АЭС мәселесі бойынша…

Шелек медициналық колледж студенттерімен кездесу өтті. Кездесудің басты тақырыбы –…
Қаз 02, 2024

БҮГІН АЭС ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ…

Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, ұстаздар АЭС құрылысына қатысты пікірлері…
Қаз 02, 2024

️ Халықтық штаб Қаражота ауылының…

Нарынқол ауылының мектебінде өткен кездесуде Халықтық штаб өкілдері АЭС салудың…
Қаз 02, 2024

Референдум – это шанс для каждого…

Недавно я говорил с приятелем, который настаивал, что участие в референдумах – это пустая…
Қаз 02, 2024

Халықтық штаб өкілдері Келес…

Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және…
Қаз 02, 2024

АЭС салудағы ең маңызды мәселе –…

Аудандық штаб өкілдері АЭС салудың өзектілігін және де бұл мәселеде әрбір азаматтың…
Қаз 02, 2024

Опыт Китая в атомной энергетике:…

В преддверии референдума по строительству атомной электростанции в Казахстане вопрос…
Қаз 02, 2024

Экономический референдум:…

Уже на этой неделе состоится первый экономический референдум. Важно отметить, что данный…
Қаз 02, 2024

Атомная энергетика: Чем опыт Венгрии…

Председатель правления венгерской АЭС "Пакш" Гергей Якли рассказал, что Венгрия довольна…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет