Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ел басқарған хандарымыз, ту ұстаған батырларымыз, сөз бастаған шешендеріміз, ел бірлігі үшін тер төккен бабаларымыздың барлығы да құрметті. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде қаншама аталар аруағы қайта тірілді, ұлтымыздың мерейі асқақтады. Еліміздің белгісі,ерлік дәстүрімізді, ежелгі тегімізді танып,бой көтеруге бет алғанымыздың айғағы екені рас. Әлбетте, өткен тарихымызды зерделеу зерттеу ісі, тек ғана тарихшыларымыздың жұмысы десек қатты қателесеміз. Отанын сүйетін өзінің туып өскен жерін,ата-мекенін, ата-қонысының тарихын, шежіресін білетін кез-келген адамның азаматтық борышы болмақ.
Осындай жетісулық тұлғалардың бірі Қосқұлақ Қалдауұлы, шамамен 1685 -1785 жылдар аралығында ғұмыр кешіп, 104 жасқа келген деседі. Шыққан тегі Ұлы жүз құрамындағы Албан тайпасының Қожбанбет тармағынан тарайды.
Қосқұлақ атануы да тегін емес екен. Нәресте туған кезде құлағының арт жағында қосымша құлақ тәрізді айнала түймелері болған,соған орай ырымдап балаға Қосқұлақ есімі беріліпті. Әкесі Қалдау кейін екінші баласы туғанда «Ұлдың атын ұйқас,қыздың атын қиғаш қой» дейтін аталы сөзді ескеріп,үлкені Қосқұлаққа ұйқастырып оның атын Бесбұлақ қойыпты. Біржағы бұл жайлаудағы бес бұлақ суының тоғысқан жерінде туған екен дегенді айтады. Осы екі кісіден өніп-өскен Қосқұлақтың ұрпақтары киіз үйінің маңдайшасын,ал Бесбұлақтан өрбіген ұрпақтар, бабаларының бас киімін күні бүгінге дейін көздерінің қарашығындай сақтап отыр.Бесбұлақтың бала кезінде жасаған ерлігіне орай Батырша атанған. Күллі Қосқұлақтың қара шаңырағы Қытай жеріндегі Іле-қазақ автономиялы облысы,Текес ауданына қарасты Ақши қыстағында тұратын Абиырұлы Шайықтың үйінде. Ал Батыршаның бас киімі Алматы облысының Ұйғыр ауданына қарасты Ақтам ауылындағы Рахымбайдың үйінде сақтаулы.
Бабамыздың туған жері туралы да екі мәлімет айтылады, бірінде Семейдің Аякөз маңы деп айтылса, екінші бір деректерде Албан,Суан тайпалары көшіп-қонып жүретін Жетісу өңірінде делінеді. Ал өмірден қайтқан кезінде Алтынемел мен Қоңырөлең төңірегінде жасаған екен. Бұдан шығатын қорытынды жоңғар шапқыншылығы заманның алмағайып кезеңімен тұспа-тұс екендігінен хабар беріп тұр.
Қосқұлақ атаның кіндігінен 8 ұл өскен. Үлкен әйелі Сұқсыр бәйбішіден: Бәйімбет, Тұңғатар, Бұқар, Қаржау, Бөрте болса, кіші шешемізден: Алжан, Қалжан және Тілеу атты балалары өрбиді. Бәйімбеттен басқалары өніп-өскен белді аталар шоғырын құрайды.Бұлардың ішінде өз дәуірінде асып туған айбынды Қаржау батыр кісі болыпты. Жоңғар соғысында Қанкелді, Сатай, Бөлек, Өтеген, Нау-рызбай, Райымбек, Сәмен т.б. батырлармен иық тіресіп, Жетісу жерін жау қолынан тазартқан белгілі баһадүр батырлардың бірі. Сондықтан заманында «Қаһарлы Қаржау» атаныпты. Бұл туралы «Қожбанбет руы» кітабында және мерзімдік басылымдар «Президент және Халық»,«Айқын»,«Жетісу» газеті, «Мұқағали» журналдарына шыққан зерделі зерттеулерде және 2007 жылы арнайы Алматы облысы Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылында өткен, республикалық дәрежеде ғылыми-практикалық конференцияда толық қамтылған болатын.
Қосқұлақ ата бай да, кедей де болған емес, орта дәулеті, өзіндік тірлігі бар әрі бес уақыт намазын қаза қылмаған, өте тахуа таза адам болыпты.Сондықтан ел-жұртына қадірі мол қазыналы қария атанады.
Ел аузындағы бұрын-соңғы деректерді саралай келе Қосқұлақ атамыздың жамбасы тиіп мәңгілік жайғасқан жері Жамбыл облысының аумағындағы осы Қордай асуы. Дәлірек айтсақ, Алматы-Бішкек күре жолының 185 шақырымында, оңтүстік сәл өкпе тұсында мүрдесі жатыр.
Ал енді Қосқұлақ атаның ұрпақтары жайында сөз қозғасақ, кіндігінен тараған балаларының ішінде Қаржаудың ұрпақтары басқа балаларына қарағанда саны жағынан және ел ісіне араласқан тұлғалар көптеп шыққан ата. Қаржаудың өзін айтпаған күннің өзінде жоңғарлармен болған үздік-создық жүз жылдан асқан соғыста Қасабай, Шыңқожа, Айтақ, Күдері атты ұрпақтары да жерімізді азат етуге атсалысқан батырлар. Ал орыс империя-сы Ұлы жүз қазақтарының қоныстанған Жетісу өңірін игере бастағанда, Қаржау батырдың Сүгірбай атты баласы орыс мемлекетінің бодандығына қарсы болған Албан,Суан тайпасының аға сұлтаны Тезек төремен де айқасып, кейін төренің тікелей қысымымен амал жоқ Қытай жеріне ауған.(Тезек полковник шенін алған орыстың шенді офицері екені мәлім). Бұл оқиға туралы Ж.Айдарханұлының «Қара түлкінің ғаламаты» атты мақаласы бар. («Қожбанбет руы» 279 бетте).
Ал Тұңғатар ұрпағы болып келетін Әбдірасыл Ниязұлы 1942 жылы Құлжадағы екі жылдық мектепте оқыған.1944 жылы «Үш аймақ төңкерісі» кезінде әскер қатарына алынып, одан кейін Үрімжіде әскери қызметте қалып 1952 жылға дейін сонда болады.Кейін Текес ауданына келіп сақшы (милиция)мекемесінде өзінің іскер адал партия қызметкері екенін көрсетеді.
1957 жылы Бежиндегі жоғарғы партия мектебінде оқып, білімін тереңдете түседі.1959 жылы Текес аудандық сақшы мекемесінің бастығы дәрежесіне дейін көтеріліп, паспорт столында істейді.Орысша білетіндіктен осындағы Совет елшісі Зайковтың қарамағында астыртын ұйымға мүше болады да,елдің Қазақстанға көшуіне жағдай жасап «Совет азаматы» деген документ алу жағына белсенді түрде көмектескен.
1962 жылы 29 мамыр ұйғырлардың бүлігі басталады. Осы уақытта елге заңсыз артық құжат беру құпиясына байланысты Әбдірасыл сейвінен көптеген совет паспорты тәркіленіп, негізгі он шақты адам ұсталады. Зайковты босатып советке өткізіп береді де,9 адамды (оның ішінде 4 қазақ,3 ұйғыр,1 қырғыз,бір татар бар) «Совет агенті» деген айып тағылады. Әбдірасылды 19 жыл Үрімжі түрмесіне отырғызады. Алғашқы 4 жылы екі аяқ,екі қолы кісендеулі болған, арнайы почтамен газеттер алып отырған, кейін өзінің адал екенін Москва арқылы дәлелдеп,онан соң ғана түрмеден босатылады. Елге 1989 жылы оралып, 2006 жылы 82 жасында қайтыс болды.
Бозай ауылының ақсақалы Жабықбайдың (2013 жылы 83 жасында өмірден өтті ) айтуынша, 1865 жылдары қосқұлақтар Қытай жеріне барған,олар шахантай ұрпақтары екен. Алғаш Верный уезіне қарасты Талғар өзенінің төменгі ағысында Шоғандармен қатарлас отырған,келімсектер (қарашекпенділер) жер үшін болған жиі-жиі қақтығыстардан кейін, шығысқа қарай жылжи-жылжи Қарқара жайлауы арқылы Қырғызға аспақ болған,бірақ себебі белгісіз, көштің басын Нарынқол өңіріндегі Байынқол өзенінің жағасына 60 үй Шахантайлар жүгін түсірген. Осы жерде екіге бөлінген, көзі тірі Мамытханов Нүктебек пен Наурызбеков Бағашар қарттардың айтуынша Верный, Қарақолдан келе жатқан казак-орыс әскерлерімен Сырт жайлауының бір сіле-мінде Сатай мен Бексейіт бастаған топ атысып, ақыры Шахантайдың Смайыл әулеті шығынға ұшырап, Қытай жеріне өтеді. Екінші, Қаумен ұрпақтары 1872 жылы «Алайғыр-Сайқал» арқылы Бәйсе-йіт, Тоқсейіт, Бәзілбек, Батырбек, Жансейіт бастаған топ өтеді. Қазіргі «Алайғыр-Сайқалдың» ең ұшар басындағы асу «Жансейіт асқан» деп аталады.Бұл уақыттарда Тянь-Шань отрядын Ждан-Пушкин басқарып тұрғаны белгілі. Бексейіт пен Сатайдың бүгінгі көзі тірі ұрпағы Еркінбек шал мен Бағашардың айтуынша, 32 адамнан тұратын казак-орыстарды бастап келе жатқан топтың командирін 3 солдатымен атқанын, олардың шегініс жасап кері қайтқанына дейінгі оқиғаны, Сатайдың көзі тірі 78 жастағы немересі Бағашар айтады. Бұл, Саурықты қолға түсіргелі келе жатқан Ушаковтың отряды болатын.
Ал Қаржау батырдың ұрпақтарының, орыстарға қарсылығы Жетісу өлкесіне табандары тигеннен басталады.
Алматы облысының Ұйғыр ауданына қарасты Ақтам елді-мекенінің шығысындағы Сүтемгеннің етегін Ақбейіт деп атайды. Ауылдан 17 км қашық жерде ескі қорым зираттар бар екені мәлім.Онда 4 күмбез тұр; бірі Кәрібай бабаныкі,қалған үшеуі балалары Темірбек,Қырғыз (болыс) және қызы Айшаныкі. Соншама уақыт өтсе де, әлі бұзыла қоймаған қалпында. Оның мықты, сапалы болуы кезінде Жаркенттегі Уәлібай мешіт-медресесін жасаған шеберлердің қолынан шығыпты.
Қосқұлақтың Бөрте атасынан шыққан Кәтіп Айтуарұлы әнші сазгер,ағартушы мұғалім және Тілеуқабыл Өтейбойдақтың «Шипагерлік баян» еңбегін соңғы рет көшірген адам. Бұл кісі күйшілігі туралы (Б.Мүптеке, С.Медеубекұлы «Жетісу күйлері»,184 бет.Алматы «Өнер» 1998ж) кітапта көрсетілген.
Текес бойындағы Қожбанбет елінің көп сандысы Қосқұлақтар екені белгілі. Шахатайдың бір тармағы Бірдене байдың балалары Әбділдә,Нүсіп дегендер ауқатты бай ауыл екен. Бір кездегі табиғи апаттан бірталай шығынға батқан кездері болыпты. 1991 жылы Қапсалаң өзені тасып алапат сел тасқыны жүрген шақта жағалауда отырған үйлер мен көптеген малдарды қоса ағызып жайпап өткен. Айтушылардың мәліметіне қарағанда, байлауда желіде тұрған құлын-биелер болып 60-тай жылқы,400-дей қой,30-дан астам сиыр,он шақты киіз үй түгелімен селге кетеді. Осы сел тасқында Шахантай ауылдары аяусыз апатқа ұшыраған деседі.
Қожбанбет руындағы Ағымсарылар мен деңгейлес Қосқұлақтардың басым бөлігі қытай жерінде. Бұрын осында (Қазақстанда)әр жерде қалғаны болмаса көпшілігі қытай жерінде.Ол жақтағы олардың дәл қанша екенін дөп басып айту қиын. Ал Қазақстан аумағында шоғырланған аймақтары мына жерлер;
Ең алыс Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев және аудан орталықтарында жас жанұялармен қосқанда 100-ден астам тұрады. Алматы облысы Жамбыл ауданында Мәтібұлақ ауылында сол шамалас,яғни 50 үйдей отбасы бар. Аққайнар (Прудкии)ауылында 20 үй, Еңбекшіқазақ ауданындағы Жаңа-Тұрмыс елді-мекенінде 15 үй, сол сияқты Райымбек ауданының орталығы Кегенде 80 үй, Шалкөде өңірінде 35 отбасы тұрып жатыр. Енді ежелгі ата-қоныстары болған Ұйғыр ауданының Ақтам ауылында 100 үй, Аббатта 10 үй, оның сыртында Тиірмен, Қырғызсай, Шонжы т.б. Алматы қаласында 100-ден аса үй Қосқұлақ бар екенін анықтадық. Бұл әр өңірде шашырап жүргендерді қоспағандағы мәлімет
«Қожбанбет руы» кітабының 28 бетінде мынадай деректер баршылық; Қосқұлақ елінен аузын айға білеген,небір мықты са-йып-қыран саңлақтар шығыпты. Айталық: Қаһарлы Қаржау, Сасбақ, Күдері, Сатай, Бексейіт батырлар, көрнекті би болыстардан: Иманбектің Бақайы, Әскенің Баубегі, Кәрібайдың Қырғызы, 1200 жылқы біткен Түкебай бай, Оразбай бай, Атағожа бай, кезінде Бәйсейіт байдың «Жеті қасқыры» атанған ағайынды Жолай, Жонай, Қонай, Малай, Қапсалаң, Жайсаң, Шәбден. Тезек төренің жасқанбай жылқысын шапқан жүректі ер Сүгірбай, Тұрап би және Дедек қажыны ауыз толтырып айтуға болады. Солармен қоса Қытай Қосқұлақтарынан: 25 жыл ел басқарған Меди ақалақшы, оның әкесі Жансейіт ақалақшы, Түбекбай ақалақшы, Бейсембек қазы, Байқұрман манфаң (ақалақшыдан кейінгі лауазым аты), Мұқан зәңгі, өнерлі сері жігіт атанып, соңында мерт болған есіл азамат Шәмпи(бұл жөнінде Шарғын ақынның «Ақсұлу» атты көлемді дастаны бар), әсіресе, би-шешендер тарихынан өз орнын алмай келе жатқан, аруақты Байбағыс шешенді атап өтуге болады. Жұмабек Диханбайұлының «Қосқұлақ баба ұраным» атты дастаны бар.
Осы елдің қызы айтыскер әйел Дәрия (әкесі-Тұрысбек, барған жері-Жарты), бұның сыртында бүгінгі көзі тірі Шыңжаң өлкесіндегі қазақ балалар әдебиетінің атасы атанған, ақын Жүнісхан Бақай, жазушы, әрі ақын, әнші-сазгер Барат Тасыбеков, айтыскер халық ақыны Сүлеймен Әлібекұлы, композиторлар: Тұрсынжан Бәзілханұлы, Айтмұрат Төреғалиұлы, т.б. бар.
2016 жылы, Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына орай Жамбыл облысының Қордай ауданының аумағына қарасты «Мұзбел» асуында Қосқұлақ атаның жамбасы тиген жерде ұрпақтары кесене тұрғызды. Ашылуына Қазақстан Тарихшылар қауымдастығы, Қазақстан Жазушылар Одағы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің зерттеуші – тарихшылары мен қалам-герлер қауымы, Қордай ауданында «Ел мен Жердің өткені: өңір тарихы және оның жеке тұлғаларының тағдыры» атты ғылыми-практикалық конференция өтіп, Қалдауұлы Қосқұлаққа орнатылған құлыптасты ашты. Бұл ескерткіштің өмірге келуіне осы атаның тікелей ұрпақтары болып келетін Т.Бердіқожаев, Т. Иманбеков,Т.Ботабеков, Н.Тепеев, Б.Толымбеков т.б азаматтар тер төкті.
Бүгінгі Бәйтерек ауылындағы қайта ашылғалы тұрған мешіт 2007 жылы тұрғызылған болатын. Алғаш Нұрлан Тепеевтің өз қаржысымен бастан аяқ тұрғызған. 2018 жылы Қосқұлақ атаның ұрпақтары ұйымдасып, күрделі жөндеуден қайта өткізіп, ел-жұрттың пайдалануына берілгелі отыр. Соңғы жөндеу жұмыстарына, тағы да аптал азамат Нұрланның көп күш салуының арқасында жүзеге асты.
Міне осындай бір рулы елдің түп қазығы өз заманында ел мен жердің тұтастығы үшін жан беріп жан алысқан тұлға Қосқұлақ Қалдаулының өмірі мен оның артынан өскен ұрпақтарының қысқаша тарихы осы.
Дүйсенбай СЫҒАЕВ, тарихшы.
ТОО «Будан», оригинатор семян гибридной кукурузы казахстанских сортов, районированных для всех климатических зон страны, отметил свое 20-летие. Это хозяйство было создано «с нуля» уже в независимом Казахстане, в 1999 году, и соответствует всем требованиям современной, рыночной формации экономики. ТОО «Будан» обеспечивает потребности семенного рынка кукурузы Казахстана, сотрудничает с партнерами из ближнего зарубежья. В хозяйстве разработана и внедрена региональная система земледелия и семеноводства, благодаря которой хозяйства всех регионов Казахстана получили возможность сеять высокоурожайные гибриды кукурузы. Калибровочный завод является крупнейшим в Центральной Азии агропредприятием, на котором идет калибровка и обработка семян кукурузы и сои. Хозяйство имеет 3 тыс. га посевных площадей в восьми сельских округах района, на которых, кроме семенной, выращивает и товарную кукурузу, сою. В 2012 году были созданы собственный научный селекционный центр и лаборатория качества элитных семян. ТОО «Будан» успешно демонстрирует достижения казахстанской селекции, является номинантом и дипломантом престижных республиканских и международных сельскохозяйственных выставок.
27 сентября на территории ККЗ в с.Балтабай и селекционных участках кукурузы состоялся юбилейный День поля, который ежегодно осенью проводит ТОО «Будан». На праздник были приглашены представители областного и районного акиматов, агрофирм, отечественных и зарубежных селекционных компаний, фермеры кукурузоводческих регионов Алматинской области, ученые-аграрии казахстанских НИИ и сербского НИИ «Земун поле», с которыми ТОО «Будан» связывает многолетнее сотрудничество.
Открывая День поля, генеральный директор ТОО «Будан» Еркен Шакеев рассказал о сложнейшем периоде становления предприятия в кризисные 90-е. Во многом благодаря частной инициативе и инвестициям учредителя ТОО «Будан» Марата Сарсенова была продолжена реализация государственной программы развития селекции и семеноводства Казахстана. Когда в 1999 году Марат Сарсенов выкупил простаивавший в с.Балтабай кукурузо-калибровочный завод, ранее построенный югославскими специалистами, перед ТОО «Будан» была поставлена конкретная задача – создать инновационный кластер семенного зерна кукурузы, включающий науку, сельскохозяйственное и промышленное производство. До того основой для выращивания семян гибридной кукурузы были привозные родительские формы. ТОО «Будан» совместно с НИИ «Земун поле» был запущен уникальный научный проект по созданию казахстанских родительских форм для производства семенной гибридной кукурузы на основе югославских сортов. С первых дней данный проект ведут со стороны НИИ «Земун поле» доктор Лазар Коич, а со стороны ТОО «Будан» его ученица, ныне известный казахстанский селекционер Диляра Айгозина. Они являются авторами 24 гибридов кукурузы всех групп спелости. Уже к 2005 году селекционная группа полностью обеспечила семенами родительских форм участки гибридизации ТОО «Будан» и заложила основу для производства семян гибридных сортов казахстанской селекции, таких как Каз-ЗП-200, Алтай-319, Марко-419,Тулпар-539, Скиф-619, ЗПСК-704, Алтын-739, Сункар-779, широко применяемых для выращивания товарной кукурузы в Казахстане и за рубежом.
Выражение признательности учредителю Марату Сарсенову, селекционерам доктору Лазару Коичу, Диляре Айгозиной Еркен Шакеев дополнил ценными подарками и памятными медалями в честь 20-летия предприятия.
Немало теплых слов было сказано в адрес лучших работников ТОО «Будан»: главного агронома Алтая Ниязбекова, главного инженера Жаната Жанхадамова, главного технолога Ришата Анарбаева, главного инженера ККЗ Сергея Склярова и завпроизводством Зухры Смяковой, участка по доработке семян Светланы Чуйко, службе безопасности в лице Берикбека Максутова и Айткали Мырзабекова, финансового департамента во главе с Динарой Сейитовой и Мереке Искаковой, специалистов предприятия Ермека Ускенбаева, Орынтая Бизакова, Мадина Азизова, Аюпжана Арзиева, Оскена Мынбаева, Калтая Нуракова, Уали Сайдагумарова.
Особо Еркен Шакеев отметил вклад первопроходцев, стоявших у истоков ТОО «Будан»: Карима Худайбердиева, Елеусиза Султангазиева, Улана Сулейменова, Салина Канаева, Бейсембая Салавата, которым он вручил юбилейные медали ТОО «Будан», грамоты и памятные подарки. Труд отличившихся руководителей отделов и специалистов, агрономов отделений, полевых рабочих также был отмечен грамотами, почетными знаками, юбилейными медалями и подарками.
Большую поддержку ТОО «Будан» в вопросах инновационного развития постоянно оказывают аким Алматинской области Амандык Баталов и аким Енбекшиказахского района Бинали Ыскак, привлекающие к сотрудничеству с нашими семеноводами Казахский национальный университет и другие ведущие аграрные вузы республики. Еркен Шакеев попросил присутствующих на празднике представителей областного и районного акиматов передать руководителям области и района искренние слова благодарности и юбилейные медали.
Заместитель руководителя сельхоздепартамента Алматинской области Коюмчан Омаров вручил Еркену Кокеновичу за заслуги в организации семеноводства кукурузы картину и поздравление руководства области с 20-летием успешной деятельности ТОО «Будан». В ответ Е.Шакеев надел на почетного гостя шапан. Коюмчану Омарову и руководителю отдела семеноводства Аманбеку Касымову также были вручены юбилейные медали.
Из Сербии поздравить «будановцев» приехали ученые НИИ «Земун поле»: директор отдела семеноводства НИИ Горан Тодорович и его коллега Небойша Радославлевич. Они сделали Еркену Кокеновичу подарок и приветствие от имени «Земун поле» за многолетнее партнерство. В знак уважения на ученых-кукурузоводов, работающих в тесном контакте с ТОО «Будан» в сфере семеноводства и селекции, надели почетные шапаны, сделали им памятные подарки.
На научно-практическом семинаре, посвященном влиянию климатических изменений на посевы гибридной кукурузы и сои, были заслушаны выступления доктора Лазара Коича, глав крестьянских хозяйств и кооперативов, ученых-аграриев. В работе семинара такжа принял участие руководитель районного сельхозотдела Ермек Жакеев. В завершение Дня поля было организовано посещение демонстрационного участка, на котором Еркен Шакеев и д-р Лазар Коич ознакомили гостей с достижениями селекции семенной кукурузы и сои в ТОО «Будан».
И.ТУРАНИН.
Садоводство, особенно, «яблочное», наряду с кукурузоводством является приоритетной сельхозотраслью в нашем районе. С каждым годом площади яблоневых садов растут в геометрической прогрессии. Если в 2012 году они занимали 3271 га, то в в 2018-м – 9868 га, а в 2019-м – свыше 10 тысяч гектаров. Инвесторы делают упор на интенсивное садоводство, которое на сегодня считается наиболее технологически продвинутым, внедряют в основном импортные сорта на карликовых подвоях, с минимальным сроком наступления периода плодоношения уже на третий год.
Но нельзя игнорировать и «традиционное» садоводство. Его потенциал для модернизации и товарного производства далеко не исчерпан. Доказательство тому – научно-практический проект по освоению непригодных для сельского хозяйства предгорных земель юго-востока Казахстана за счет использования адаптационного и ресурсного потенциала яблони Сиверса, автор которого доктор сельскохозяйственных наук, Почетный работник образования РК Амангельды АПУШЕВ.
К этому проекту Амангельды Каирбекович шел давно. Еще будучи профессором кафедры агротехнологии Казахского национального агроуниверситета он вел программы по изучению растительного генофонда РК и интродуцентов (завозных культур) в нашем Дендрарии, тогда АО «Лесной питомник». Несколько лет назад, придя на должность руководителя АО «Лесной питомник», А. Апушев добился возвращения Дендрарию статуса государственного учреждения «Есикский дендрологический парк». Появилась перспектива вернуть дендропарку славу ведущей лесоводческой базы Казахстана, восстановить собранную со всех континентов Земли еще в советское время коллекцию Арборетума – уникального дендрологического заповедника интродуцентов со всех континентов Земли. При А.Апушеве ГУ «Есикский дендрологический парк» работал по четырем научным проектам международного значения, построил тепличное хозяйство по южнокорейской технологии, дендрологический парк стал научно-исследовательским центром лесного хозяйства Казахстана.
Сейчас, самостоятельно занимаясь научными исследованиями, А.Апушев продолжает тесное сотрудничество с Дендропарком. Ведь в основе нового проекта – закладка яблоневых садов на подвое яблони Сиверса, которая уже почти не встречается в «чистом» виде в дикой природе из-за антропогенного фактора, перекрестного опыления. Но в Дендропарке благодаря ученому с мировым именем, ныне покойному академику А.Жангалиеву, яблоня Сиверса сохранилась в специально созданном маточнике. Коллекция яблони насчитывает 25 форм, которые и служат для выращивания подвоя. Это процесс трудоемкий. Первичный материал – семечки диких яблок, собираются поштучно, затем высеваются и бережно проращиваются в тепличных условиях. И только затем на саженцы-подвои прививаются культурные сорта.
В чем новизна идеи Амангельды Апушева? Использование в качестве подвоя для культурных сортов яблони Сиверса известно давно. Ноу-хау проекта – отработка методики высаживания саженцев на таком подвое в гористой безводной местности, в условиях засухи и «ветродуя», что позволит ввести в оборот тысячи и тысячи гектаров неплодородных земель южных областей и превратить их в садовый пояс Жетысу.
Другая цель, поставленная в проекте – сохранение и восстановление генофонда казахстанских плодовых культур, повышение их устойчивости к изменениям климата, вредителям и болезням, широкое использование видов ландшафтного земледелия и новых схем посадки деревьев, внедрение агротехнологий, которые включают наноагромелиоративные приемы.Эти меры позволят успешно выращивать обычные сады наряду с интенсивными, а по таким показателям, как приживаемость саженцев, сопротивляемость болезням и вредителям, адаптация к климату, почвам и ландшафтам даже превосходить их. Как говорит Амангельды Каирбекович, конкурентоспособность отечественных сортов яблок снижается из-за занесенных с импортной сельхозпродукцией новых видов вредителей и карантинных болезней, подводит и низкое качество саженцев. Получение качественного, устойчивого к болезням, засухе и холоду посадочного материала на подвое Сиверса в большей степени способно разрешить эту проблему. Огромное преимущество дает мощная корневая система яблони Сиверса, которая миллионы лет произрастала в предгорьях Тянь-Шаня и максимально приспособлена к резко континентальному климату и неплодородным почвам.
Базой проекта, расчитанного на трехлетний срок, выбрано крестьянское хозяйство Ивана Хижкова в Ташкенсазском округе. Здесь на 30 га неудобиц высажены 12 сортов отечественных яблок на подвое Сиверса, еще 30 га такого же сада в качестве внедрения высадило само крестьянское хозяйство. Основное финансирование взяло на себя АО «Фонд науки» Комитета науки Министерства образования и науки РК, которое вложило в проект 221 млн тенге, дополнительно свыше 10 млн тенге инвестировал глава КХ И.Хижков. На эти средства установлена система капельного орошения, смонтирована насосная станция, приобретено дополнительное оборудование и материалы: лаборатория, холодильные установки для плодохранилища, даже квадрокоптеры.
В ходе проекта активно применяются инновационные агротехнологии: при посадке корни саженцев обрабатываются гидрогелем с питательными веществами (в просторечии болтушкой), через фертикационный узел насосной станции вместе с водой к саженцам подаются органо-минеральные комплексы. Чтобы сформировать деревья с невысокой разветвленной кроной, высотой не более трех метров, применяется технология сдавливания почек и побегов. Химобработка производится квадрокоптерами. Грамотно использованы природные возможности – к примеру, искусственное водохранилище для орошения пополняется грунтовыми водами. А по окончании летнего сезона осушенный водоем будет служить плодохранилищем. Уникальность эксперимента и в том, что планировку посадок и систему капельного орошения пришлось «привязывать» к холмистому ландшафту, испещренному оврагами. Но выход был найден – деревья на склонах холмов расположили вкруговую, обеспечив тем самым беспрепятственную подачу по шлангам воды.
Непосредственным реализатором старт-апа является ТОО «Алмалы сай», учредителями которого выступили А.Апушев, как научный руководитель проекта, и предприниматель И.Хижков – ученик Амангельды Каирбековича, который лет пять лет тому занялся садоводством в Ташкенсазском округе. Членами проектной группы являются давние сподвижники А.Апушева – ветераны Дендропарка, садоводы с бесценным опытом Саркыт Аргынбаев и Виктор Горохов.
На второй год реализации проекта успешно пройден первый этап – выживаемость саженцев на подвое Сиверса почти стопроцентна, они устойчивы к болезням, даже таким, как главный бич наших садов – бактериальный ожог, и к погодным капризам. Планируемая урожайность экспериментального сада – от 20 до 40 тонн яблок с гектара. По завершении проекта в 2020 году еще три года будут «контрольными», а затем сады, возможно, перейдут в собственность крестьянского хозяйства. Этим будет достигнута еще одна цель проекта – коммерциализация научных разработок, чтобы они не «повисали в воздухе», а повышали продуктивность сельхозпроизводства. По завершении проекта при хозяйстве Ивана Хижкова планируется открыть научно-исследовательский центр для проведения постоянного семинара.
Буквально на днях сад посетила делегация ученых-лесоводов – участников международной конференции, организованной Каспийским университетом, и посвященной проблемам сохранения яблони Сиверса – прародительницы яблонь планеты, природного достояния Казахстана и всего мира. В составе делегации были сотрудники Корнуэлского университета США под началом председателя конференции Олдвинкла Харта, представители Минсельхоза США, ректор Каспийского университета Жолдасбек Нусенов. Они высоко оценили исследовательскую работу А.Апушева по применению яблони Сиверса для освоения неплодородных земель.
Контакты с агроинститутами, Дендропарком, КазНАУ, внедрение научных достижений казахстанских специалистов плюс агрономический опыт наших садоводов послужат возрождению садового пояса Жетысу. Проект Амангельды Каирбековича, в совокупности с грамотной агротехникой, качественным семенным и посадочным материалом принесет добрые плоды – лучшие по качеству яблоки, которые растут только в предгорье Алатау и даст стимул повсеместному культивированию садов.
И.ТУРАНИН.
На фото: Амангельды Апушев знакомит зарубежных коллег с экспериментальным садом.
Кез-келген қазақы ортада өскен бала үшін асықтың орны ерекше. Асық сан ғасырлық тарихпен жасасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасының бірі. Оның ел-жұрт жадында көмескі болса да көрініс беріп келуі ұлттық құндылық тұрғысынан қарауды да қажет етеді. Оған себеп асық барлық түркі-монғол халықтарда кездесетін сүйек ойыны екендігі белгілі. Орта Азияның кең даласында қола, ерте темір және түркі дәуірі ескерткіштеріне археологиялық қазба жүргізу барысында қабірден адам мәйітімен бірге асықтар да жиі табылып отырған.
«Есік» қорық-музей қызмет-керлері 2017 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат сайына жүргізілген кешенді археологиялық қазба жұмысы барысында қабірден бала мүрдесімен бірге жерленген он екі асықты тапты. Табылған асықтардың ішінде біреуінің ортасында тесігі бар, тесік өте ұқыпты ойылған. Демек, кезінде тұмар ретінде қолданылуы мүмкін деген болжам бар. Аталмыш асықтар бала қабірінен табылды. Кейбір зерттеулерге сүйенсек, асықтардың қабірден табылуы ғұрыптық, дүниетанымдық мәнінің бол-ғандығын айғақтайды екен. Сондай-ақ Е.В.Купрянова, С.С.Марков, А.М.Сагалев, С.В.Сотникова сынды Ресей зерттеушілердің асықтың қабір-де кездесу семантикасына байланысты пікірлері бір арнаға тоғысады. Ал С.В.Сотникова өз зерттеулерінде асықпен жерлеуді балалардың жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөліп қарастырған. Бірінші 5-6 жастағы балалар аз асықтармен жерленген, екінші 7-11 жастағы балалармен жерленген асықтардың санының көп болуы яғни өздерінің асық ойнау барысында ұтқан асықтары болуы мүмкін деген жорамал айтқан екен. [1. 256]. Ал біздің археологтар асықтардың неліктен мүрдемен бірге жерленгенінің сырын әлі аша қойған жоқ. Сондай-ақ асық ересек адамның қабірінен де табылып жататыны да кездеседі. Алайда, зерттеушілер тарапынан әлі ересек адамдардың қабірлерінде кездесетін асықтар туралы толық түсінік берген ешкім жоқ. Ол болашақтың еншісіне қалып отыр.
Өзім де бала кезімде көрші балалармен асық ойнағанды жақсы көрдім, сол кезде асық ойынының ерекшеліктері мен алты қырының атауын білу және ойнай білу кез келген қазақы ортада өскен бала үшін үлкен абырой еді. Ойнау әдісін меңгергеннен кейін ойында жеңімпаз болу мен үшін үлкен мақсат болатын. Әрине, бұл ерекше ептілік пен ұқыптылықты қажет етеді. Сондықтан асық ойынын ойнаған кезде өзімнің асық ойнаудағы шеберлігім мен икемділігімді көрсеткім келіп тұратын және өз қатарластарымнан үнемі басым болуды мақсат етіп қоятынмын. Асық ойыны балалардың ойлау қабілетін жетілдірсе, асық ату дәлдікке, мергендікке икемдейді. Жалпы балалардың асықты біріге ойнауы тәртіп пен талапқа бағына білуге итермелейді. Жазушы, батыр Бауыржан Момыш-ұлының асық туралы айтқан «Асық – үлкен халықтық тәрбие» деген сөзін осы арада еске ала кетсек артық болмас.
Асық ойындарының әр ортада түрлі атауы кездеседі. Өзім ойнаған ортадағы асық атаула-рының бірнешеуіне тоқтала кететін болсам, асық ойынына көбінесе қойдың асығы алынады, ешкінікі «өкіршік» деп аталады. Ал сиыр, жылқы, түйенікі сақа деп аталады. Асықтың қырынан тұрған ойыстау беті – алшы, жазықтау келген қыры – тәйке, ішкі ойыс жағы – шіге (шік), дөңес бетін – бүге (бүк) десе, сондай-ақ асықтың жілікпен ұстасып тұрған қобылы қырын – омпа (оңқы), ал толарсақ пен топай сүйектерімен байланысып тұрған доғал басы – шомпа (шоңқы) деп аталады. Оң жақ жіліктің асығы оңқай, сол жақ жіліктігі солақай. Алайда адамдардың басым көпшілігі оңқай болып келгендіктен, иіруге, қағуға, атуға ыңғайлы оңқай асықтарды алады, ондай асықтар алшысынан түсуге де бейім болады. Демек, қазақтың «асығың алшысынан түссін» деген тілегі «ісің оңынан болып, алға қойған арман-мақсаттарың орындалсын» деген ізгі ниеттен туындаса керек.
Қазақта асық қасиетті саналады. Мәселен, дәстүрлі қазақы ортада келіні құрсақ көтергенде, ата-енесі ырымдап асық жинай бастаған, онысы ұл тілегені. Сондай-ақ баласы ұл болса, бесіктің басына сақа ілген, бәле-жала аулақ болып, шымыр қайратты болсын дегені. Қыз бала болса еліктің асығын ілген, сұлу, әдемі болсын деп.
Қорыта келе, қазіргі таңда асық ойнаушылар саны да азайып барады, сонау ерте дәуірден бері жалғасып келе жатқан асық ойыны мен оның ғұрыптық танымдылығын жетілдіре түсу керектігін уақыт көрсетіп отыр. Сондықтан осы үрдісті қайта жаңғыртып, қолға алса нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен қатар археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында табылған құнды жәдігерлерді жинақтап, зерттей келе ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртуға үлес қосу болып табылады. Демек, қабірден табылған асықтарды алдағы уақытта отандық зерттеушілер мен ғалымдар жан-жақты зерттей, зерделей келе, құпиясын ашады деп ойлаймыз.
Әдебиеттер:
Гүлмира Жұмай,
«Есік» мемлекеттік
тарихи-мәдени қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері.
Кітапхана – дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Осы салада үздіксіз 40 жыл еңбек еткен, бүгінде зейнет жасқа келіп, бейнетінің рахатын көріп отырған, «Үздік кітапханашы» төсбелгісінің иегері Абылай хан атындағы орта мектептің кітапханашысы Ажаркүл Қартбаевадан ұлы қызмет саласының қыр-сырын сұрап, сұхбаттасқан едік.
Ажаркүл Байғабылқызы, алдымен мереке қарсаңында келіп жеткен зейнеткерлік жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Әуелі отбасыңыз, қызмет жолыңыз туралы баяндап берсеңіз.
– Мен 1960 жылы Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сазды ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келгенмін. Әкем мал дәрігері, анам – совхозда сауыншы болып жұмыс істеді. Ата-анамыз жастайымыздан үй шаруасына да, дала жұмыстарына да шыңдап өсірді. Мектеп бітіргеннен кейін алғашқы жылы облыс орталығы Қызылорда қаласына оқуға тапсыруға бардым. Ол кезде тамыр-таныстың кезеңі, түсе алмай үйге қайттым. Үйде бос жатпайын деп, ауылдағы мектеп-интернатқа тәрбиеші болып орналастым. Келесі жылы қайта бағымды сынап бардым. Тағы құладым. Бұл жолы келсем, ауылдағы кітапханашының орны босапты. Кітапқа бала кезден құмар болып өскен, жарықсыз, май шамның сәулесімен оқитын мен үшін үлкен қуаныш-тын. Себебі, ол кезеңде кітап өте аз, оқырман көп. Таласып-тармасып, кезекке тұрып оқитынбыз. Қуана-қуана қызметіме кірісіп кеттім. Дегенмен, жоғары білім, диплом керек болды. Қайта бардым құжаттарымды арқалап. Тағы өтпедім. Келер жылы әділеттілікті сол кездегі астанамыздан іздеп, қайтпас қайсарлығыммен арман қала Алматыда мақсатым орындалды. Қыздар педогогикалық институтына оқуға түстім. Осылайша дипломы бар «Кітапханашы» атандым. Ауылымда тек кітапханашылық емес, қоғамдық жұмыстарға да белсене араластым. Партияға мүше болып, комсомол хатшысы қызметін атқардым. Бір қызығы, өмірімде екі-ақ жерде жұмыс істеппін. Отбасылы болғанша, ауыл кітапханасында, 1995 жылы тұрмысқа шығып, Есік қаласына көшіп келдік. Сол жылы Абылай хан атындағы орта мектепке жұмысқа орналастым. Содан бері табаны күректей 40 жыл бір салада үздіксіз қызмет етудемін. Жолдасым да білім саласынан алшақ емес. Ұстаздық қызмет атқарған. Алла берген бір қызымыз бар.
Адам өмірде екі таң-даудан қателеспеуі керек дейді. Таңдауыңыз неліктен осы салаға түсті?
– Аллаға шүкір, екі таңдаудан да қателеспедім. Күйеуім түсінігі мол, жанымды ұғатын, әрдайым қолдау білдіретін азамат. Тіпті, бізде мектепке жаңа оқулықтар келетін науқан кезінде ауыр-ауыр кітаптарды көтеру нәзік жандылар үшін қиын. Сол кездерде жолдасым көмек көрсетеді. Бала кезден кітапты жастанып оқып, әр шығарманың кейіпкерімен бірге күн кешіп, қуанса қуанып, мұңайған сәтте кей кезде жылап алатын кездерім болатын. Жоғарыда айтып кеткендей кітап аз кезең. Өзім қалаған шығарманы еркін оқып, қалауымша парақтағым келіп, осы саланы таңдадым. Кәсібімді сүйіп, тынымсыз тіршілігімді, ерен еңбегімді ескеріп, былтыр Республикалық «Үздік кітапханашы» төс-белгісімен марапатталдым. Атқарған қызметімнің, еткен еңбегімнің жемісі деп білемін бұл атақты.
Осы ретте қазір жастар кітап оқиды ма деген сұрақтың тууы заңды сияқты. Әдеби кітаптарға деген сұраныс қан-шалықты?
– Сұрағыңыз орынды. Қазіргі серігіміз смартфон болған заманда кітап арқалап жүрген жастарды көру сирек құбылыс. Дегенмен, оқитын балалар да жоқ емес. Оған кітапхананың қосқан үлесі көп десем артық емес. Біз оқырманға тек керегін тауып берумен шектелмейміз. Әр мемлекеттік мерекелерді, ақын-жазушылардың туған күндерін, айтулы даталарда мәдени іс-шаралар ұйымдастырамыз. Қа-ламгерлердің ғұмырнамасымен таныстырып қана қоймай, шығар-маларын насихаттаймыз. Сондай сәттерде оқушылардың кітапқа оқуға деген қызығушылығы оянып, құштарлығы ашылады. Біз тек білім беріп қана қоймай, жас өрендерді ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейміз. Айына бір рет сыныптарды аралап, кітаптың тазалығын, түгелдігін тексеріп, жыртылған, бүлінген жерлеріне ескерту жасап отырамыз.
Ғаламторды оңай көре-тін оқырман іздегенін интернеттен түгендейді де, кітапханаға келуін доғарады деген пікірлер де бар...
Дұрыс айтасыз, қазіргі ақпарат қолжетімді заманда керегіңді ғаламтордан іздеу оңай әрі жылдам. Десе де, ондағы мәліметтердің дұрыс-бұрыстығын ешкім тексермейді, біріншіден. Екіншіден, ультра-күлгінді сәулелер бәрібір адам денсаулығына әсер етпей қоймайды. Сондықтан көзбен көріп, қолмен ұстап оқығандай болмайтыны анық. Әрі кітаптағы ақпараттар шынайы. Егер жалған болса, авторына шағымдана аласыз. Дамыған мемлекеттер неге әлі күнге дейін бас тартпай отыр газет-журнал, кітаптардан. Әйтпесе, оларда мүмкіндік те, жағдай да жетеді ғой. Себебі біледі қағаздың құны ешқашан жоғалмайтындығын. Демек, кітапханаға келушілер азаймайды. Мектепте мұғалімдер оқушыларға интернеттен емес, кітаптан тауып оқып келіңдер деп тапсырма береді көбінесе. Біз өз тарапымыздан олардың қажеттіліктерін өтеуге әзірміз. Осылайша шәкірттеріміздің толыққанды білім алуына ықпал етудеміз.
Елбасы Н.Назарбаев биылғы жылды жастарға арнады. Сіздер өз тараптары-ңыздан шәкірттеріңізге қан-дай тағылымды шаралар өткіздіңіздер?
– Оқырмандарымыздың басым көпшілігі оқушылар болған-дықтан тек биыл емес, әр шарамыз жастардың тәрбиесіне арналады. Мектеп ұстаздарымен де, ата-аналармен бірлесе түрлі мерекелік шаралар, жарыстар, тәрбие сағаттарын, елімізге еңбегі сіңген тарихи тұлғалардың, қаламгер-жазушыларымыздың өмірі мен шығармашылығына арнап әдеби кештер ұйымдастырамыз. Еліміздегі болып жатқан түрлі тарихи, саяси оқиғаларға және жас тарды толғантатын мәселелерге байланысты тақырыптарға да тоқталамыз. Кітапханада өткізілген әрбір мәдени шараның мазмұндылығына, тәрбиелік мәніне назар аударып, оқырмандар конференциясы, пікір алмасулар, дебаттар жүргізіледі. Мысалы, «Әкем, анам және мен, отбасымыз оқырман» атты сайысымыз оқушылар жадында ұзақ сақталды. «Мен таңдаған мамандық» атты тәрбие сағатында шәкірттеріміздің болашақ саласын таңдауына ықпал етіп, бағыт-бағдар бердік. Ұлы ақындарымызға арналған поэзия кештерінде өнерпаздарымыз өнерлерін ортаға салып, өздерін барынша жан-жақты көрстетуде. Жас өрендеріміздің бойы на білім нәрін сеуіп, ел болашағын тәрбиелеп шығару әрқайсымыздың міндетіміз деп ойлаймын.
Кәсіби шыңдалған кітапханашы деген кім? Ол қандай қасиеттерге ие болуы керек?
– Кітапханашы – кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір іспеттес. Кітапсүйер қауымға керегін тауып беріп қана қоймай, соның мазмұнын, мән-мағынасын түсіндіріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауда еңбегі ұшан-теңіз. Оқырманды баурап алар жылы шырайымен қарсы алып, оқу-білімге деген қызығушылығын арттыруда кітапханашының рөлі зор. Осынау жауапты саланың маманы болуы үшін оқырман талабын қанағаттандырып, сан сауалына жауап тауып бере алатын білімді болуы шарт. Кәсіби біліктілікпен қоса, жоғары этика талап етіледі. Оқырманына әдебімен, жүріс-тұрысымен үлгі болуы тиіс. Сонда ғана кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, киелі орны болмақ.
Әріптесеріңізге тілегіңіз.
– Әр таңын білімнің қайнар көзі кітаппен ашатын, сол кітаптағы асыл мұраларды оқырмандарға жеткізетін кітап-ханашы мамандығы қарапайым мамандық болып көрінгенімен, асқан жауапкершілікті талап ететін рухани қазына ордасының қызметкерлерін келіп жеткен төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Оқырмандарыңыз озат білімді, ел тұтқасын ұстар азаматтар болсын. Еңбектеріңізге жеміс, толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық тілеймін.
Әдемі әңгімеңізге рақмет. Сізге де бар жақсылықты тілейміз.
Сұхбаттасқан Ж.БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.
Жуырда Шелек ауылдық округінің әкімдігінде округ әкімі Е.Есенхановтың бас-тамасымен жергілікті қоғамдастық мүшелері-нің жиналысы өтті. Оған қоғамдастық мүшелері мен кәсіпкерлер, заң қызметкерлері қатысып, округ аумағында болып жатқан күрделі мәселелерді талқылады.
Талқыланған ең басты мәселе жастар арасын-дағы тәртіпсіздікті тыю. Соңғы кездері көше бойында орналасқан жол белгілері мен бағдаршамдарды қирату белең алуда. Бір сөзбен айтқанда вандализмнің белгілері көрініс табуда. Сонымен бірге, түнгі уақыттарда жастардың жиналып ішімдік ішуі мен тәртіп бұзулары да кездесіп жүр. Ал мұндай әрекеттердің соңы қайғылы жағдайлармен аяқталуы әбден мүмкін. Осылардың алдын алу үшін Шелек ауылындағы кіре-беріс жолдар мен адам көп шоғырланатын жиырмадай орынға бейнекамералар орнатылуы керек. Бұл үшін жергілікті бюджеттен бір жарым миллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Бірақ аталған қаржы әлі жеткіліксіз. Сондықтан жеке кәсіпкерлердің көмегі қажет болатыны айтылды. Одан бөлек, ауылдың тазалығына мән беру турасында да сөз болды. Бұл жерде тұрғындардың да жіберетін ағаттықтары көп. Яғни, кез-келген жерге қоқыс тастау, өздеріне жауапкершілік артпау, тіптен жаяу жүргіншілердің қоқыс тастауына арналған урналардың өзін қирату секілді әрекеттер ауылдың тазалығына үлкен залал келтіріп отыр. Сондықтан тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек. Әсіресе, мектептерде бұл турасында жиі айтылуы тиіс.Жалпы қоғамдастық жиналысында әкімдік пен заң қызметкерлері, мектептер мен ауыл тұрғындары өзара біріге отырып аталған мәселелермен күресу жолдарын шешуге уәделесіп тарқасты.
М.БЕКТАСОВ,
Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары.
Жақында Есік гуманитарлық-экономикалық, Қаракемер кәсіптік және Шелек политехникалық колледждерінің жатақханаларына «Нұр Отан» партиясы рейд жұмыстарын жүргізді.
Аудандық партия филиалының консультанты Б.Рахимов, облыстық мәслихат депутаты Д.Касенова, аудандық мәслихат депутаты, жастар ресурстық орталығының жетекшісі А.Ілебаев, аудандық мәслихат депутаты Ж.Абдыкадырова, «Еңбекшіқазақ» газетінің тілшісі, аудандық партия филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық комиссия мүшесі С.Нұрадин, «Қаракемер» БПҰ төрағасының орынбасары Қ.Асқарұлы, партия белсендісі, «Шелек» ауылдық округінің қоғамдық кеңес мүшесі Е.Омаров студенттер жатақханасын аралап, білім алушыларға жасалған жағдаймен танысты.
А.Ілебаевтың ұйымдастыруымен студенттер арасында оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін және студенттердің сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасын анықтау мақсатында анонимді түрде сауалнама жүргізіліп, сауалнама қорытындысы бойынша студент пен оқытушы арасында пара алуға жол берілмегендігі және әлімжетік мәселесі болмағандығы анықталды.
Есік қаласындағы ЕГЭК жатақханасында 374 студент тұрады. Бір студенттің мүмкіндігі шектеулі. Алайда, ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалмаған. Колледж директоры А.Жылқыбековтың айтуынша, қосымша 200 орындық жатақхана салуға сұраныс берілген. 5 қабатты ғимаратқа жер телімі де белгіленген. Жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатқан жатақхана ғимаратында мүгедек жандарға барлық жағдай жасалатын болады.
Қаракемердегі кәсіптік колледждің жатақханасы жаңа, сондықтан, барлық талаптарға сай келеді. Рейд барысында ешқандай кемшіліктер анықталмады. Шелек политехникалық колледж жатақханасынан да өрескел кемшіліктер көрінген жоқ. Алайда, ғимарат ескі. Колледж басшылығы облыстық білім басқармасына күрделі жөндеуден өткізу үшін сұраныс жіберген.
Құндыз ДАРБАЕВА,
партия филиалының
консультанты.
Памятник Карасай батыру воздвигнут в области на средства меценатов
11-метровый памятник Карасай батыру был открыт сегодня в городе Каскелен Карасайского района в рамках празднования 90-летия района. Памятник был воздвигнут при поддержке местных меценатов и предпринимателей. В церемонии открытия принял участие аким области Амандык Баталов.
Обращаясь к жителям и гостям района, аким области сказал:
- В рамках программной статьи Елбасы «Модернизация сознания: взгляд в будущее» в области проводится большая работа по сохранению исторического наследия, популяризации наших великих предков. И сегодня в рамках 90-летия Карасайского района мы торжественно открываем памятник известному батыру, чьё имя стало легендой. Это существенный вклад в патриотическое воспитание молодого поколения, - отметил А.Баталов.
С поздравительной речью выступили олимпийский чемпион, обладатель почетного звания «ҚазақстанныңЕңбекЕрі» ЖаксылыкУшкемпиров и другие жители и гости района, которые, поздравив присутствующих с 90-летием райна, отметили существенный вклад меценатов в социально-экономическое и культурное развитие Карасайского района.
После традиционных слов бата памятник был торжественно открыт, церемония продолжилась возложением цветов.
Стоит отметить, что автором памятника является НуркенДаукенов. Памятник выполнен из бронзы и расположен на центральной площади г.Каскелен. Общая высота памятника – 11 метров.
Пресс-служба акима Алматинской области
Алматы облысының «Талдау және болжау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қыркүйек айында Алматы облысындағы қарт адамдардың жағдайын анықтау үшін онлайн, телефон сауалнама жүргізді.
Мемлекетіміздің саясаты халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын: көп балалы отбасылар, қарт адамдар, зейнеткерлер, әйелдер мен жастарға жағдай жасауға бағытталғаны белгілі.
Соның ішінде, әрбір азаматтың қарттық шағын лайықты етіп қамтамасыз ету, қарт адамдар өмірінің сапасы мен әлеуметтік стандарттарын үнемі жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.
Сауалнама нәтижесінде «Біздің қоғамымыз да қарт кісілерге құрметпен қарай ма, әлде сыйламай ма? Деген сауалға жауап берген респонденттердің 53% құрап, сенімділіктің жоқтығын білдіргендей «құрметпен шығар» деген жауапты таңдаған.
Қазіргі кезде қоғамымыз да қарт кісілерге жеткілікті көңіл бөленетіндегіне 44% респонденттер жеткілікті шығар деп күмәнмен жауап берсе, 31% жеткіліксіз сияқты дейді. Ал, қарттардың құқықтары сақталып жатыр ма деген сұрағына да респонденттердің 58% тағы да күмәнді жауап қайтарды. «Әрине, жеткілікті» деп, нақты жауап бергендердің үлесі тек 15% ғана.
Соңғы сұрақтың нәтижесі бойынша, көпшіліктің мазалайтыны денсаулықтарының нашарлауы, ауруларының өршуі (24%) және кедейшілік пен төмен зейнетақы (18%) проблемасы екен. Ал, өмірге деген қызығушылық пен белсенділіктің жоқтығы, дәрменсіздік, балаларына деген тәуелділік, отбасындағы қажетсіздікті сезінуі, жастар тарапынан құрметтің жоқтығы, келешекке үрей сияқты көрсеткіштердің аз пайыз алғаны жақсылықтың нышанын білдіреді. Демек, қарттарға ең қажеті олардың күтімдерін қамтамасыз етіп, көңіл бөлу және қаражат мәселесі екен.
Зерттеу нәтижелерін қорыта келе, облыс тұрғындарының пікірінде, еліміздегі қарттардың жағдайына қатысты бір жақты теріс немесе оң көзқарас байқалмағанын айта аламыз.
Қорытындысында 4 негізгі проблема анықталды: денсаулықтың нашарлауы, аурулардың өршуі (24%), кедейшілік, төмензейнетақы (18%), жалғыздық (16%) және қоғамға қажетсізбін деп сезіну (15%).
Қарттық мүгедектіктің немесе аурудың баламасы емес. Кезінде кейінгілер үшін терін төгіп, еңбегін сіңірген қарттарымыз өз қоғамына нақты пайдасын тигізіп, рухани және экономикалық тұрғыда қозғаушы күш бола алады. Қоғамда қарттар үлесінің артуының басты себебі ретінде олардың ұзақ жасауын көлденең тарту жөнсіз. Бұл үрдіске демографиялық қарқынды өсімге қолжеткізе алмау мәселесі әсер етіп отырғанын қаперден шығармау керек.
Қарттардың көп болуы-ел дамуының көрсеткіші. Құрметтей білсең, қарттардың қоғамдағы белсенділігі арта береді.
Қазақ «Қарты бар ел – қазыналы ел» дейді. Олай болса, қазыналы елімізде қарттарды қолдауды қайырымдылық іс қана емес, олардың сапалы өмір сүру құқығын қамтамасыз ету шарасы деп те қарастырғанымыз абзал.
C 4 по 6 октября в физкультурно-оздоровительном комплексе (ФОК) г.Есика состоялся районный чемпионат по боксу среди юниоров. В составе 12 команд Есикского и Шелекского регионов 51 боксер оспаривал право на участие в областном чемпионате, который с 15 по 20 октября пройдет в новом спорткомплексе «Алмалы» г.Талгара.
Боксеров на открытии чемпионата приветствовал руководитель районного отдела физкультуры и спорта Ерболат Сарабеков, который пожелал рыцарям кожаной перчатки упорства и мужества на пути к победе.
В весовой категории 44 кг чемпионом стал Айдарбек Тайыров (с.Тургень), в категории 46 кг – Жуман Диас (ФОК), в категории 48 кг – Кудайберген Бекдаулет (Шелек), в категории 50 кг – Кабылда Рамазан (ФОК), в категории 52 кг – Кызырулы Нурбакыт (ФОК), в категории 54 кг – Ахметжан Газизов (с.Балтабай), в категории 57 кг – Бакытнур Олжас (с.Шелек), в категории 60 кг – Мирас Пирманов (Жеты Тарлан), в категории 63 кг – Айтнур Ельмурат (Шелек), в категории 66 кг – Тельман Мамедов (Есик), в категории 80 кг – Рус-тем Азизов (Есик).
Командное первенство и Кубок чемпионата завоевала сборная ФОКа. Звание лучшего тренера было присуждено Аркену Даутову (Шелек). Лучшим боксером турнира назван Кабылда Рамазан, воспитанник тренера Аманжола Чюлембаева, а приз «За волю к победе» отдан Динмухаммеду Абзатову из с.Ащыбулак.
Звание лучшего арбитра единодушно было отдано Полю Тузиндэ, судье из Уганды. По словам главного судьи отборочного чемпионата Тлека Манапа, этот профессиональный арбитр MTK Global по версиям WBC, WBO подписал контракт с казахстанским промоутером «Азия промоушн» и будет судить боксерские бои в Казахстане.
Стоит добавить, что сам Тлек Манап не только судья международной категории АIВА, но и талантливый тренер. В Енбекшиказахском районе он фактически положил начало развитию женского бокса. Его ученица Макпал Ерболат в составе сборной Казахстана выступает в чемпионате Азии, который сейчас проходит в г.Эль-Фуджейра Арабских Эмиратов. Другая его ученица Меруерт Конысбай является мастером спорта РК, чемпионкой Универсиады 2019 года.
Благодарность за предоставление кубков и грамот Тлек Манап выражает Е.Сарабекову. Спонсорами отборочного чемпионата выступили предприниматель из Есика Нургали Момбеков и председатель общественного фонда «Qaz sport development» Арман Абильдаев. Поддержка общественными и бизнес-структурами юношеского спорта создает благоприятную перспективу.
И.ВИКТОРОВ.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи құжатқа айналған «Бола-шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да: «...Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» – деп туған жердің қасиетіне ерекше тоқталады. Яғни туған жерге туыңды тігіп, қызмет ету тек жеке бастың емес, мемлекеттік маңызы бар мәселе. Сондықтан рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Туған жер» бағдарламасы іске асырылған болатын. Мақсаты – ел азаматтарының өз туған жеріне қызмет етіп, көмек қолын созуына, сол арқылы ол жердің дамыған елді мекенге айналуына жол ашу. Әрине, оның бәрі туған жерге деген ыстық махаббаты жүрегіне орын тепкен жомарт азаматардың ғана қолынан келетіні шындық. Ондай ақ жүректі азаматтар арамыздан табылатыны қуантады. Сондай жомарт та ақпейіл азаматтардың бірі – Нұрбеков Болатжан Саймасайұлы.
Б.Нұрбеков 1972 жылы Еңбекшіқазақ ауданы, Қ.Ұлтарақов ауылында дүниеге келген. Жастайынан туған жеріне деген махаббаты мен сүйіспеншілігі терең болған ағамыз бүгінде өз ауылының дамуы мен көркеюіне барынша атсалысып келе жатқан азамат. 2007 жылдан бері «Бақай строй» және «Ескене Н-С» ЖШС-нің директоры қызметін атқаруда. Қазір аталған орын жүзге тарта адамға жұмыс беріп, олардың нәпақасын табуына жағдай жасап келеді. Бұдан бөлек бір жарым гектар болатын жылыжай мен 450 орынға арналған «Шашу» мейрамханасы арқылы да мемлекетке түсім түсіріп, жұмыссыздықтың қысқаруына себеп болуда. Әрине, барлығын атап көрсетіп отырғанымыз байлығын санау емес, керісінше іскерлігі мен қаржылық жағынан ұйымдастырушылық қабілетінің зор екенін әйгілеу. Өйткені осы іскерлігінің арқасында мемлекетке 35 миллион теңге көлемінде салық төлеп отырған жайы бар. Ал салық дегеніміз мемлекет пен халықтың қазынасы екені айтпаса да түсінікті жайт.
Б.Нұрбеков тек капиталды жинап қана қоймай, оны ауылдастарының игілігі үшін жұмсауды да қағыс қалдырмаған. Жыл сайын бірнеше оқушыны түгелдей қамтамасыз етеді. Яғни, олардың киім-кешегі, оқуына керек құрал-жабдықтары мен басқа да қажетті бұйымдарын алып беріп отырады. Сонымен бірге, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік, көмір алып беруді де өз мойнына алған. Қ.Ұлтарақов ауылында орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған орынның да түгелдей жаңаруы осы кісінің қаржысымен іске асырылған. Аудан көлемінде өтетін спорттық додаларда да тұрақты түрде демеушілік көрсетеді. Бұл аталғандар ағамыздың жасап жүрген қайырымды істерінің тек бір бөлігі ғана. Бүгінде халықаралық жолдардың бойында орналасқан ауданымыздың экономикасына өрлеу әкелетін жол үсті қызметін дамыту үшін Б.Нұрбеков бір миллиард теңге көлемінде инвестиция тарту арқылы еліміздің әл-ауқатын көтеруге де өз үлесін қосуда. Мұның бәрі ел болашағы үшін игілікті іс болатыны анық. 2015 жылдан бері «Ауыл» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы болып отырған ағамыз өз ауылын да назарынан тыс қалдырған емес. Сонымен қатар аудандық мәслихаттың депутаты мандатын да абыроймен атқаруда.
«Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» дегендей елі үшін атқарған адал қызметі үшін алған мақтау мен марапаттан кенде емес. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай аудан әкімінің мақтау грамотасымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медалімен, 2017 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлықпен «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Ең бастысы, туған жеріне көрсеткен көмегі мен жомарттығы атаусыз қалмай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «25 сауапты іс» номинациясы бойынша облыс әкімі дипломының да иесі атанды.
Жомарттық екінің бірінің қолынан келмейтін сауапты іс. Әрине, байлық жинау, оны ұстап тұру да ең қиын шаруа. Ол үшін адамның бойынан елгезектік пен пысықтық, еңбекқорлық пен ұйымдастырушылық, қабілет пен қарым табыла білуі тиіс. Бірақ оның бәрі жомарт бола алмайтыны тағы бар. Ал жомарт болу үшін ақ пейіл мен кең жүрек керек. Десе де, аталған нығметтердің кез-келген жанға бұйыра қоймайтыны түсінікті. Сондықтан асыл дінімізде де: «Адам өлген соң оның үш амалынан басқасы тоқтатылады. Олар жүріп тұратын садақасы (жол, мектеп, мешіт, көпір салу) пайдалы білім және өзіне дұға ететін салиқалы ұрпақ», – деген хадиске қарап-ақ жомарттыққа үлкен мән берілетінін байқаймыз. Демек, жомарттықтың жолы жеңіл емес. Осындай ұлы жолда сүрінбей, ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген Нұрбеков Болатжан Саймасайұлына тек табыс тілейміз.
Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.
Жаңашар ауылдық округінде жылдағы дәстүр бойынша қарттар күні округіміздегі Мәдениет үйінде аталып өтілді.
Әр жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл мерекеге округіміздің тыл еңбеккерлері және ауылымыздың дамуына ерекше еңбектері сіңген ата-апаларымыз шақырылды. Мерекелік іс-шараны округ әкімінің орынбасары С.Жакежанов құттықтау сөзімен ашты. Сонымен қатар қарияларымызды «Адал» компаниясының директоры Медетхан Игіліков құттықтады. Қарттарға арналған мерекелік концертте мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.
Г.Лавьяева,
Жаңашар ауылдық округінің
жастар ісі жөніндегі
әдіскер-нұсқаушысы.
***
Ақтоған орта мектебінде «Қарттарым – алтын қазынам!» атты мағыналы шара өтті. Ауылымыздың қарттары Байсултан ата Бөденбаев пен жан-жары Гулжамал апа Бөденбаева қонақ ретінде шақырылды.
Оқушылар дайындаған концерттік бағдарламадан кейін тәрбиелік мәні бар видеороликтер көрсетіліп, оқушылардың қарттар жайлы жазған эсселері тыңдалды. Қарияларымыз өмір жолында кездесетін түрлі қиындықтар, оларға төзіп, сынбаған адамның ғана бағы жанатыны жайлы балаларға терең түсіндірді. Соңында Байсұлтан атаның батасы мен тілектерін тыңдап, марқайып тарқасты шараға қатысушылар.
Гузель Мансурова, Ақтоған орта мектебі.
«Қарттарым – асыл қазынам» атты кеш ұйымдастырылды Талдыбұлақ орта мектебінде. Оған ауыл ақсақалдары, әжелер, ардагер ұстаздар, ауыл тұрғындары қатысты. Оқушылар ән салып, өлең оқып, мың бұрала би билеп көрерменнің көңілінен шықты. Қаракемер мәдениет үйінің қызметкерлері Ұ.Қали мен Ж.Баракбаев қарттар мен ұстаздарды құттықтап, әннен шашу шашты. Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Әукен ата батасын беріп, ардагер ұстаз, алтын құрсақты ана Жұпаркүл апай оқушыларға шынайы ризашылығын білдіріп, өмірде үлкен табыс тіледі.
А.Сабаншиева,
Талдыбұлақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Қырбалтабай мәдениет үйінде «Қарты бар үй – қазынасы бар үй» атты ауылымыздың қазыналы, өнегелі қарттарымен кездесу кеші өтті. Қарттардың құрметіне мәдениет үйінің өнерпаздары ән салып, арнауларын айтып, көңілдерін аулады. Ауылымыздың қариялары жастарға өнегелі өсиетін айтып, батасын берді.
Ұлан Оразбайұлы,
Қырбалтабай мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.
***
Х.Абдулин атындағы орта мектебінде де «Қарттарым – асыл қазынам» атты кездесу мерекесі өтті. Бұл мерекеге Ташкенсаз ауылының 62 қариясы шақырылды. Ташкенсаз селолық округінің әкімі Эльвира Масутова қарияларымызға денсаулық тілеп, арамызда аман жүрулерін тіледі. Сонымен қатар, мектеп директоры Салтанат Темірбекова келген қонақтарға жылы лебізін білдірді. Қарттар атынан сөз алған Усупжан Таипов атамыз мектеп ұжымына және ауыл әкімшілігіне қарттардың ризашылығын білдіріп, жас жеткіншектерге батасын берді. Мереке соңында қазыналы қарттарымызға ауыл тұрғындары және әкімдікпен қоса мектеп ұжымынан арнайы сый-сияпаттар таратылды.
С.Кошиева.
«Өзін ғана ойлаған, жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған, Адамдықтың белгісі...». Шағырай шешеннің осынау өлең жолдарын басшылыққа алған ауданның имамдары жұмылып жұдырық болып, игілікті істің басын қайырды. Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының қайырымдылық бағыты бойын-ша, Алматы өңірінің өкілі Қуаныш Наржановтың бастамасымен, ауданның бас имамы Сапархан Төреқұловтың және аудандағы барша ауыл имамдарының қолдауымен Қаракемер ауылынан алты баланың жалғызбасты анасы Айжарқын Алданазароваға бес бөлмелі жаңа үй салынып берілді. Былтырғы жылғы Рамазан айында алғашқы кірпіші қаланған үйдің кілті жуырда тапсырылды.
Пайғамбарымыз: «Садақа беру ешқашан байлықты кемітпейді», – деп айтқан екен. Олай болса, «Жақсылықта жарысайық, ағайын!» деп ұрандаған имамдар мен мешіт жамағаттарының қайырымдылығы өздеріне екі еселеніп қайтпақ. «Осындай игі іске араласудың өзі – адам жанына тыныштық сыйлайтыны сөзсіз. Бұл жерде біздің имамдардың асып-тасып бара жатқан ештеңесі жоқ, әрине. Тек, халықты, жамағатты жақсылыққа шақыру. Қайырымдылық арқылы қатқан жүректерді жібіту. Осы көпбалалы ананың пәтерден пәтерге көшіп, баспанасыз, бүлдіршіндердің күйсіз жүргеніне көз жұма қарай алмадық. Бұлардың әрқайсысы Қазақстанның ертеңгі болашағы ғой. Жұма намаздарында жамағатқа үндеу тастап, әркімнің қолынан келгенінше көмек беруін де сұрадық. Солайша, көппен көрген ұлы той. Міне, бүгін барлық ішкі-сыртқы жұмыстарына дейін бітіріп, отын-суларын түгендеп, жаңа шаңырақтарына кіргізіп отырмыз балаларды анасымен», – дейді аудан имамы Сапархан Төреқұлов. Расында, табалдырықтан енгеннен кең әрі жарық, барлық жағдайы жасалған үйдің ерекше аурасын сезінеді екенсің. Көпшіліктің тілеуі мен көмегінің ұшқыны бұл үйге өзгеше жарық беріп тұрғаны сөзсіз. Айта кету керек, үйдің ішіндегі жылу жүйесін түгелдей дерлік «Альтаир» өндірістік кооперативінің директоры Сейітхан Қырқынбаев өз мойнына алып, орнатып берген.
Алты баласы да Қаракемердегі Қ.Орымбетов атындағы орта мектепте білім алып жатқан кең құрсақты ананың қуанышында шек жоқ. «Балаларымның арманы орындалды. «Мама, шіркін, өз үйіміз болса ғой» дейтін еді. Оған мен түнімен көз жасымды сығымдағаннан басқа не істей аламын. Алладан сұраушы едім. Шүкір, бүгін, міне Алланың қалауымен, жақсы адамдардың көмегімен баспаналы болып отырмыз. Түсім сияқты. Қайырымды адамдарға мың рахмет», – дейді Айжарқын Алданазарова көңілі босап.
Алмагүл НҰҒМАН.
«Ұлттың ұлағаты – мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты – оқу мен әдебиетте» –деп алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы атап өткендей, қай заманда, қай қоғамда болмасын, баланы оқыту, оған тəрбие беру, мәденитетті қылып өсіру – ең ұлы мұрат, ұлағатты іс саналған. Осы ұлағатты іспен айналысуда ұстаздар қауымы аянбай тер төгуде. Еңбектері де елеусіз қалған емес. Ұлағат иелерінің төл мерекесі қарсаңында өткен аптада Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Оған аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалқ университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов және аталған оқу орнының оқытушылары, ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар қатысты.
Қонақтар алдымен №1 Шелек орта мектебінің оқушыларынан құралған «Атамұра» аспаптық оркестрінің өнерін тамашалады. Кейіннен, аудандағы білім ошақтарының жетістіктерінен сыр шертетін көрмені аралады. Мерекелік шараның шымылдығы аудан өнерпаздарының орындауындағы «Ұстазым» әнімен түрілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы педагогикалық қоғамдастыққа білім саласы қызметкерлерінің қазіргі қоғамдағы, жалпы ел дамуындағы рөлін ескеріп, тынымсыз еңбек иелерінің алатын еңбекақысы да талапқа сай болу керектігін айтқан еді. Нәтижесінде ұстаздар жалақысы төрт жылда екі есеге көтерілетін болды. Салтанатты мерекенің ашылу салтанатында осыны айтқан Бинәлі Әбдіқапасұлы аудан аумағында да педагог мәртебесін арттыру мақсатында түрлі шаралар жасалып жатқандығын жеткізді.
– Осы орайда мұғалімдердің сапалы біліммен тәрбие беруіне қолайлы жағдай туғызу үшін жаңа үлгідегі мектеп, балабақша салуға, мектептерді жаңартуға, күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге, білім мекемелерін заманауи құрылғылармен жабдықтау шараларына жергілікті бюджеттің жалпы шығыс бөлігінің 16 млрд теңгесі жұмсалды. Бұл қаржы былтырғы жылмен салыстырғанда 3 млрд теңгеге артып отыр. Ал соңғы үш жылда білім саласына бөлініп отырған қаржы 6 млрд теңгеге өсті. Өздеріңізге белгілі, соңғы 5 жылда 9 мектеп, 2 балабақша ғимараты және 2 мектеп жанынан 300 орындық қосалқы ғимарат салынып, 12 ғимарат күрделі жаңарудан өтіп, оған 15 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Биылғы жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектепке 499 млн 185 мың теңге, Асысаға ауылындағы мектептің бос тұрған бөлігіне реконструкция жасап балабақша ашуға 168 млн 329 мың теңге ақша бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде – деген аудан басшысы басқа да тозығы жеткен оқу орындарының қашан жөндеуден өтетіндігін айтты. Сөзіне сүйенсек, 2020-2025 жылдары бейімделген ғимараттарда орналасқан 10 мектептің (Қайыпов, Шорманов, Екпінді, Төле би, Сарбұлақ, Ақтоған, Қайрат, Казатком, Өрнек, Базаргелді) орнына жаңа мектеп ғимаратын салып, білім мекемелерінің түйткілді мәселелері де шешімін табатын болады. Сондай-ақ халықтың оң демографиялық өсуіне байланысты туындаған үш ауысымдық мектептерді жою мақсатында Рахат ауылдық округ саяжай маңынан 900 орындық, Терешкова атындағы орта мектебінің жанынан 600 орындық мектеп салуға, Абдуллин атындағы және Қайыпов атындағы орта мектептерінің жанына 300 орындық жапсаржай салу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Бинәлі Әбдіқапасұлы өз сөзінде «Дипломмен – ауылға!», «Нәтижелі еңбек» бағдарламалары жас мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізіп отырғандығын алға тартты. Оған қоса, бірнеше педогогикалық университеттермен меморандум жасалып, ұстаздарымыз біліктілігін арттыруда.
Білім саласындағы жетістіктерге тоқталып, ұстаздарды мерекемен құттықтаған аудан басшысы білім беру саласына сүбелі үлес қосқан бірқатар мұғалімдерді Алғыс хатпен марапаттап, гүл шоқтарын ұсынды.
Ұлттық университет рекорының атынан ұлағат иелеріне ақ тілегін жеткізген Мақтағали Әбдімажитұлы оқу орнының 90 жылдығына орай мерекелік медалімен білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова мен білім бөліміндегі әдіскерлік кабинетінің меңгерушісі Айжан Тортаеваны марапаттап, басқа да азаматтарға Алғыс хаттар табыстады. Мерекелік құттықтаулар легін ұлағатты ұстаз Кулбаран Адамова қорытындылады.
Салтанатты шараның екінші бөлімі аудан өнерпаздары мен ҚР эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласты. Абай Бегей, Ақбота Керімбекова, Мирас пен Құралай, «Диета KZ» тобы әуелете ән шырқап, мың бұралған «Салтанат» би ансамблінің қыздары мереке иелерінің көңілін көтерді.
Сардарбек НҰРАДИН.